- •Зауыттарды жобалау. Жобалаудың әдістемесі
- •Экономикалық міндеттер.
- •Техникалық міндеттер.
- •Зауыттарды жобалаудың жалпы принціптері. Жобалаудың сатылары
- •Химиялық кәсіпорындардың бас жоспары. Ситуациялық және бас жоспарлардың сызбанұсқасы. Желдің соғу бағытын анықтап «Жел розасы» сызбасын тұрғызу әдісі
- •Өндірістің аппараттық-технологиялық сызбанұсқасы. Өндірістің шикізаттық ақпараты. Өндірістің материалдық және жылулық есептеулері. Қондырғыны таңдау
- •Жобаның арнайы бөліктерін жобалау. Өндірістік негізгі ғимараттар және өндірістік жайлар
- •Өндірістік қосалқы ғимараттар мен өндірістік жайлар
- •Цех ішіндегі машиналар мен тасымалдаушы қондырғылар
- •Жобалауды автоматтандыру. Жобалауды автоматтандыру жүйесін (жаж) құру принциптері.
- •Химия өңдірісінің құрал-жабдықтарының жіктелуі
- •Қатты материалдарды ұсақтауға арналған қондырғылар
- •Реакцияларды жүргізуге және араластыруды арналған қондырғылар
- •Шаңды ұстау, газдарды тазалау қондырғылары
- •Сұйық-қатты жүйелерін ажыратуға арналған қондырғылар
- •Суспензияны сұйық және қатты фазаға ажырату аппаратурасы.
- •Жылуалмасу және массаалмасу үдерістері мен қондырғылары
- •Химиялық өнеркәсіптерді дипломдық жобалаудың негізі
Шаңды ұстау, газдарды тазалау қондырғылары
Жоспар:
Шаңды ұстау, газдарды тазалау қондырғылары
Шаңды ұстау қондырғылары
Газдарды тазалау қондырғылары
Аппаратуралы-технологиялық сұлбаларды жүзеге асыру кезінде, «Өнеркәсіп кәсіп орынды жобалаудың тазалық нормалары» талаптарыына сәйкес, шаңды ұстау мен газдарды тазалау жолдары мен әдістерін анықтайды.
Шаңды тазалау және газ тәрізді компоненттерден тастандыларды тазалау үдерістерін қарастырайық.
Шаңды ұстау, шаңдарды олардың жиналу және бөліну орындарында тартпалы ауаны айдау жүйелерінің жергілікті сорғыштар көмегімен, шаңұстағыш-аппарттарда шаңдатылған ауаны (газды) кезекті тазалауымен, ұстау операциясы.
Қазіргі уақыттағы ауаны (газды) шаңсыздандыру аппаратын төрт топқа бөлуге болады:
механикалық шаңсыздандыру құрылғылары, мұнда шаң ауырлық күші, инерция немесе центрден тепкіш күштері әсерінен бөлініп алынады;
дымқыл немесе гидравликалық аппарат, мұнда қатты бөлшектер сұйықпен ұсталады;
кеуекті сүзгіштер, оған шаң бөлшектері тұнады;
электросүзгіштер, мұнда бөлшектер жоғарғы қуатты біртекті емес электр өрісіне тұнады.
Шаңды ұстау әдісі, әсерлесу тәсілі бойынша, қондырғларды келесідей ажыратады:
Шаңтұндырғыш камералар, мұнда құрғақ механикалық шаң ұстау жүзеге асырылады, яғни баяу қозғалатын ауа (газ) ағынындағы шаң бөлшектері Жердің гравитациялық өрісі әсерінін тұнады.
Инерциялы жалюзды шаңұстағыштар, шаң ұстаудың құрғақ механикалық әдісі, ауа ағынының органикалық бөлігінде инерция күші әсерінен қозғалатын шаң бөлшектері құрылымының әсерінен орындалады.
Центрден тепкіш шаңұстағыш (қарапайым және батареялы циклондар), құрғақ механикалық шаң ұстау, айналмалы қозғалатын ауа ағынындағы шаң бөлшектері центрден тепкіш күш әсерінен тұну арқылы жүзеге асады.
Дымқыл циклондары және шайғыш – циклондар. Центрден тепкіш скрубберлер, қабықшалы шаңұстағыштар, насадкалы скрубберлер. Дымқыл механикалық шаңұстау, шаң бөлшектерін сумен дымқылдау және олардың ауалы ағыннан тұнумен жүзеге асырылады.
Шаңды сулы және көбікті сүзгіштер, дымқыл механикалық шаң ұстау, шаңдатылған ауаны су және көбікті қабаттан сүзу арқылы орындалады.
Егер тазартылатын газды ылғалдатуға және суытуға мүмкін және бөлінетін қатты немесе сұйық түйіршіктердің құндылығы аз болса, газдарды сұйық тазалау өте тиімді. Газды оның ішінде сұйық буларының температурасынан төмен конденсациялау шаңдар салмағының үлкеюіне мүмкіндік туғызады, олар конденсация орталығы ролін атқарып, шаңның газдан бөлінуін жеңілдетеді. Егер тазартылатын түйіршіктер жоғары дисперлі күйде суға нашар жұғатын болса, суға жұғуын жақсарту үшін және тазарту дәрежесін өсіру үшін тазартылатын сұйыққа бетті-активті заттарды қосады.
Газдарды сұйық тазалау аппараттарының ең қарапайымы- қуыс және насадкалы скрубберлер. Шаңды газ скрубберлердің астынан қарай 0,8-1,5 м/сек көп емес жылдамдықпен жоғары айдайды, үстінен аппараттың бойы бойынша орнатылған форсункалар арқылы су шашылады.
Насадка ретінде скруберлер үшін әдетте хордалы немесе сақиналы насадкалар, кесекті кокс, кварц пайдаланады.
Сұйық тазалау үдерісін қарқындату үшін ортадан тепкіш скрубберлер қолданады, оларда шаңды газдар тангенциалды жіберіліп, айналмалы қозғалыс туындатады.
Жоғары дисперсті шаңдары таза тазалау үшін ағын турбулентті газ жуғыштар-Вентури скрубберлері қолданылады, оларға газ конфузор арқылы жіберіледі, газдың жылдамдығы 60-150 м/сек жетеді.
Өте шаңдалған газдарды тазалау үшін барботажды шаң ұстағыштар пайдаланылады. Мұндай аппараттарда газбен әрекеттесетін сұйық қозғалыстағы көбік күйге келтіріледі, бұл газ бен сұйықтың жанасу бетінің көбеюін және осыған сәйкес газдың шаңнан тазаруының дәрежесін қамтамасыз етеді.
Электростатикалық шаңтұндырғыштар (электросүзгіштер), электрлік шаң ұстау, шаң бөлшектерінің теріс электрлі зарядаталуымен және олардың оң зарядаталған электродтарда тұнуымен орындалады.
Зарядталған бөлшектердің қозғалысының жылдамдығы электр өрісінің кернеулігімен анықталады. Электродтар арасындағы потенциалдар айырмасын бірнеше он мың вольтқа дейін өсірсек, онда иондар мен электрондардың кинетикалық энергиясы соншалықты көбейеді, олар өз жолында кездескен газдың бейтарап молекулаларымен соқтығысып, оларда оң иондар мен бос электрондарға ыдыратып жібереді. Жаңа пайда болған зарядтар да өз қозғалыс жолында газды иондайды. Осының нәтижесінде иондар пайда болуы көшкін тәрізді өтіп, газ толық иондалады.
Газ толық иондалғанда электродтар арасында электрлік разрядқа жағдай туады. Электр өрісінің кернеулігі әрі қарай өсе берсе, ұшқындар өтіп кетуі, одан кейін электрлік тесіліс және электродтарды қысқа жабысуы мүмкін. Мұны болдырмау үшін электродтарды параллельді пластиналар арасында тартылған сым ретінде жасап біртекті емес электр өрісін тудырады. Демек, мұндай жағдайда күш сызықтарының қалыңдығы сымның бойында ең көп болады да, пластинаға жақындаған сайын азаяды.
Әдебиеттер: 2 нег.[153-179]; 9 нег. [4], 12 қос.
Бақылау сұрақтары:
Шаңды ұстау, ауаны шаңсыздандырудың қазіргі уақыттағы 4 тобы.
Шаңұстағыш аппараттардың түрлері, шаңды ұстау әдістері.
Газ тәрізді қоспалардан ауаны тазарту.
Газдарды тазалауға арналған аппараттардың түрлері.
Сұйық-қатты жүйелерін ажырату, қолданылатын қондырғылар.
Дәріс №13.
