- •Зауыттарды жобалау. Жобалаудың әдістемесі
- •Экономикалық міндеттер.
- •Техникалық міндеттер.
- •Зауыттарды жобалаудың жалпы принціптері. Жобалаудың сатылары
- •Химиялық кәсіпорындардың бас жоспары. Ситуациялық және бас жоспарлардың сызбанұсқасы. Желдің соғу бағытын анықтап «Жел розасы» сызбасын тұрғызу әдісі
- •Өндірістің аппараттық-технологиялық сызбанұсқасы. Өндірістің шикізаттық ақпараты. Өндірістің материалдық және жылулық есептеулері. Қондырғыны таңдау
- •Жобаның арнайы бөліктерін жобалау. Өндірістік негізгі ғимараттар және өндірістік жайлар
- •Өндірістік қосалқы ғимараттар мен өндірістік жайлар
- •Цех ішіндегі машиналар мен тасымалдаушы қондырғылар
- •Жобалауды автоматтандыру. Жобалауды автоматтандыру жүйесін (жаж) құру принциптері.
- •Химия өңдірісінің құрал-жабдықтарының жіктелуі
- •Қатты материалдарды ұсақтауға арналған қондырғылар
- •Реакцияларды жүргізуге және араластыруды арналған қондырғылар
- •Шаңды ұстау, газдарды тазалау қондырғылары
- •Сұйық-қатты жүйелерін ажыратуға арналған қондырғылар
- •Суспензияны сұйық және қатты фазаға ажырату аппаратурасы.
- •Жылуалмасу және массаалмасу үдерістері мен қондырғылары
- •Химиялық өнеркәсіптерді дипломдық жобалаудың негізі
Химиялық өнеркәсіптерді дипломдық жобалаудың негізі
Жоспар:
Дипломдық жобаның бөлімдері.
Есепті-түсініктемелі жазбаның мазмұны.
Жобамен жұмыс жүргізуді ұйымдастырылу.
Дипломдық жобамен жұмыс практика кезеңінде басталады. Студент дипломдық жобаның мазмұны мен көлеміне қойылатын талаптарыын шығару мақсатында, дипломдық жобаның бағдарламасымен мұқият танысуы керек. Төменде дипломдық жобалау бағдарламасының мысалы келтірілген.
Дипломдық жобаның көлемі. Дипломдық жоба екі бөліктен тұрады: есептік-түсініктемелік жазба және графикалық бөлік.
Есептік-түсініктемелік жазба 70 – 90 бет компьютерлік мәтіннен артық болмауы және келесі бөлімдерді қамтуы керек:
1) жобаланатын өндіріс құрылысының ауданы мен зауыт қуатының дәйектемесі;
2) технологиялық бөлік;
3) жылутехникалық бөлік;
4) өндірісті бақылауды автоматтандыру бөлімдері;
5) құрылыстық бөлік;
6) техникалық кауіпсіздік шаралары туралы бөлім;
7) экономикалық бөлім;
8) қолданылған әдебиеттердің тізімі.
Жобаның графикалық бөлігі қамтуы керек:
зауыттың бас жоспарының схемасы (масштаб 1:500 – 1:1000) – 1 парақ;
аппаратты-технологиялық сызба-нұсқа;
негізгі аппарат сызбасы;
өндірістік корпустардың жоспары, кейде цехтардың қабат бойынша жоспары (масштаб 1:200 – 1:800) – 1-2 парақ; көлденең қимасы; көлденең қиықтар 1 – 2 парақ;
цехтің біреуінің негізгі технологиялық агерегаттын автоматтандырудың сызба-нұсқасы;
Сызбалар стандартты өлшемді парақтарда А0 (576х814 мм) форматында орындалады.
Егер үлкен өлшемді парақтарды пайдалану қажеттігі туатын болса, онда сызбаларды МЕСТ 2301-68 – ге сәйкес ұзындықтарға үлкейту керек. Сызбалар әрекет ететін МЕСТ-та көрсетілген ережелер бойынша орындалады.
Сызбалардың саны 6-дан кем болмау керек.
Есепті-түсініктемелік жазбаның мазмұны. Технологиялық бөлім.
Шикізат кен орнының сипаттамасы. Шикізат материалдар кенінің орналасу жағдайлары, пайдалы қазбалардың қуаты, кеннің топографиялық және гидрогеологиялық жағдайлары, кендер пласт;
Шикізат материалдарының сипаттамасы. Физикалық қасиеті, минералдық құрам, химиялық құрамы, кеннің жайылуы және қалыңдыы бойынша тұрақтылық құрамы, қосындылары;
Таңдап алынған шикізат материалдардың технологиялық бағасы.
Жобада қабылданған өндіру әдісінің дәйектемесі.
Шикізат қоспасын есептеу. Есептеулер қасиеттері берілген өнімді алуды қамтамасыз етуі керек, ал шихта өндірістің қолайлы шарттарына жауап беруі керек.
Зауыттың материалдық балансы. Жеке цехтар мен зауыт бөлімдерінің жұмыс режимі, зауыттың материалдық балансын есептеу (жылдық), бөлімдердің материалдық балансы (тәуліктік, сағаттық);
Өндірістің технологиялық сызба-нұсқасы. Цех және зауыт ішіндегі көліктерді кіргізу арқылы, өндіріс сызба-нұсқасының толық суреттемесі. Қабылданған өндірістің сызба-нұсқасы, технологиялық және экономикалық жақтары, технологиялық қондырғының дәйектемесі.
Технологиялық және көліктік қондырғыны есептеу мен оны каталог бойынша таңдау. Берілген технологиялық операцияда қажетті өнімділікті қондырғыны материалдық баланс бойынша анықтау, қондырғыны каталог бойынша таңдау, бір түрдегі қондырғының санын анықтау. Қондырғының сипаттамасы және оның өнімділігін тексерістік есептеу. Қойманың сыйымдылығын есептеу және механизация сызба-нұсқасының дәйектемесі, сақтауға қажетті шикізаттың, отынның, қосындылардың мөлшерін есептеу. Қойманың түрін таңдау және оның өлшемдерін анықтау, қойма қондырғыларын таңдау және есептеу.
Әдебиеттер: 2 нег. [320-328]; 10, 11.
Бақылау сұрақтары:
Дипломдық жобаның көлемі.
Есепті-түсініктемелік жазбаның мазмұны.
Жобамен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру.
Дипломдық жобаның графикалық бөлімінің мазмұны.
Дипломдық жобаға тапсырма мазмұны.
