Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Каз ОПиОЗ 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
353 Кб
Скачать
☆

Өндірістік қосалқы ғимараттар мен өндірістік жайлар

Жоспар:

  1. Өндірістік қосалқы ғимараттар мен өндірістік жайлар.

  2. Жылытылатын және жылытылмайтын ғимараттар.

  3. Энергетикалық мақсаттағы объектілер.

  4. Әкімшіл және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер.

Жылытылатын және жылытылмайтын ғимараттар. Өндірістік арналуына байланысты жылытылатын және жылытылмайтын ғимараттар жобаланады. Жылытылмайтын ғимараттардың жабу конструкцялары жай жапқыштар жиынтығынан, ал жылыталатын ғимараттардыкі – жылу сақтайтын жапқыштардан жасалынады.

Жылытылмайтын ғимараттар ретінде ұсақтау бөлімдері, шикізат материалдарын сақтауға арналған қоймалар, сонымен қатар, қосалқы бөлшектерді сақатайтын қоймалар, кесек материалдарды тасымалдауға және орауға араналған бөлімдер жобаланады.

Жылытылмайтын ғимараттарда алдын ала жұмыс істейтін адамдар үшін жылы жайлар қарастырылады. Және де, жылдың суық мезгілінде жылытылмайтын ғимараттардағы қондырғыларды жылыту үшін (таспалы тасымалдағыштар, аспирационды қондырғылар және т.б.) жылыту қондырғылары орнатылады (материалдардың таспалы тасымалдағышқа қатып қалмасы үшін ыстық суы бар құбырлар, майларды қыздыру үшін электрлік калориферлер және т.б.).

Арнайы өндірістік жайлар (түтіндік құбырлар, тоннелдер, көпірлер, су тегеуріндік колонналар), сонымен қатар, ортақ мақсаттағы көмекші ғимараттар мен бөлімдер, алдын ала мамандандырылған ұйымдар жасаған тектеск жобалармен жүзеге асырылады. Мұндай өндірістік жайларға арналған фундаменттер жергілікті жерқа сәйкес жобаланады.

Жөндеу-механикалық шеберханалардың және басқа да ерекшеліктері бар кейбір көмекші жұмыстарға арналған қоймалардың жобалары, өндірістік цехтар жобалары сияқты жасалынады.

Ғимараттардың құрылыстық конструкциясына жататындар: колонналар, олардың астына қойылатын және қондырғы астына қойылатын фундаменттер, сонымен қатар, балкалар, ригель, фермдар және т.б. Жабу конструкцияларына жататындар: қабырғалар, шатырлар, аралық бөлгіштер және т.б. Олар негізінен желдің, қардың және ауа райының әсерлерін қайтарады, сонымен қатар, өзінің салмағын және жеке жағдайларда оларға ілінген ауыр қондырғыларды, мысалы құбырлар және т.б., болатын салмақтарды ұстайды.

Өндірістік ғимараттардың қабырғалары ішіне қабырғалық темірбетондық панельдер немесе кірпіштер толтырылған темірбетондық колонналардан тұратын каркас түрінде жобаланады. Орташа биіктікті және қабырғаларының периметрі орташа бірқабатты ғимараттар кірпіштен тұрғызылады.

Құбылмалы ауа райынан, жауын-шашыннан сақтану үшін ғимараттар мен өндірістік жайларды жеткілікті мықты жерде (қалыпты жер 2,0-2,5 кг/см2 күшті ұстайды) орналастырады, мүмкіндігінше жер құрғақ болған кезде. Жер сулары жердің көтеру мүмкіншілігін әлсірістейді, сонымен қатар ғимараттың жер асты бөлігін салған кезде гидроизолизациялық арнайы шараларды жүргізуге мәжбүрлейді. Ең жақсысы жартасты жер болып табылады, оның мүмкіншілік қысымы 8-50 кг/см2.

Жайлар пен ғимараттардың жер асты бөлігі олардың фундаменттері болып табылады, олар барлық құрылыстық конструкциялардың салмағын жерге таратады. Ғимараттардың қабырғалары мен колонна астындағы фундаменттерді орнату тереңдігі мәнгі үсіну тереңдігінен төмен болу тиіс. Колонна астындағы фундамент жинақталған темірбетоннан орындалады.

Аталған жайлар мен объектілердің жобалары технологиялық тапсырма негізінде жүзеге асырылады және технологиялық үдерісті орындауға қажетті талаптарыға сәйкес болады.

Энергетикалық мақсаттағы объектілер. Көрсетілген объектілерді жобалау технологиялық үдерістерді қажетті энергиялармен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі, оларға жататындар: электрэнергиясы, сығылған ауа, бу немесе ыстық су.

Химиялық зауыттарды энергиямен қамтамасыз ету негізінен аудандық электр магистралдары есебінен жүзеге асады.

Жобаның электрэнергиялық бөлігін жобалаудың негізі ретінде, технологиялық үдерістерде қатысатын негізгі және қосымша қондырғылардың барлық түрлері бойынша ток қабылдауды жүзеге асыратын тапсырмалар алынады. Бұл тапсырмаларда керекті электр қозғалтқыштардың саны, олардың қуаттылығы, айналу саны, жұмыс істеу кезеңі және оларды орнату орны анықталады. Бір мезгілде бақылау-өлшегіш қондырғыларын орнатуға тапсырма беріледі, оған технологиялық параметрлерінің өлшемдері, технологиялық параметрлерді алу орны және жеке технологиялық тізбектердің блоктық тәулділіктері жатады. Зауыттың электрмен жабдықтау объектісі болып табылатындар: зауыттың өндіріс алаңының сыртында орналасқан өндірістік және көмекші цехтардың ғимараттары (карьерлер, ұсақтағыш қондырғылар, айдау стациялары, тұрғылықты ауылдар, шеттік тұтынушылар және т.б.).

Зауыттың жүктемелік есептеулері электрқозғалтқыштардың саны мен қуаты туралы технологиялық мәліметтер негізінде анықталады. Зауыттың бөлімдерінің электрқабылдағыштары жұмыс сипатының біртектілігі бойынша топтарға бөлінеді және әр топ үшін орнатылған қуаттылық ∑Рорн есептелінеді. Сосын әр топ электрқабылдағыштары үшін орнатылған қуаттылық пен сұраныс коэффициенті Rс бойынша активтілік қуаттылық Ра анықталады.

Ра = Rс∑Рорн.

Зауыттың кейбір қондырғылар түрлеріне сұраныс коэффициентінің орташа өлшемдері төменде келтірілген.

Тұтынушы топтардың атауы Сұраныс коэффициенті

Шикізатты үгіту диірмені .............................0,8

Айналмалы пеш......................................................0,7

Пештердің түтін сорғышы.....................................0,8

Клинкерді үгіту үшін диірмен...............................0,85

Балғалы ұсақтағыш.................................................0,8

Таспалы конвейерлер..............................................0,8

Көпірлі кран..............................................................0,4

Цех үшін жылдық электрэнергияның шығыны квт - пен және трансформатордағы активті шығындарды ескеру арқылы алынатын электрқабылдағыштардың активті қуаттылығы мен қондырғы жұмысының жылдық фонды мерзімімен анықталады.

W = ∑РорнFmη3,

Мұндағы ∑Рорн – трансформатордағы активті шығындарды ескеру арқылы алынатын барлық электрқабылдағыштардың активті қуаттылығының қосындысы;

F – бір смена үшін қондырғы жұмысының жылдық фонды мерзімі, сағ ;

т – қондырғының жұмыстық сменасының саны;

η3 – уақыт бойынша қондырғыны толтыру коэффициенті, ол энергияны жылдық пайдалану графигінің толық еместігін ескереді, орташа 0,7 болады.

Есептік жүктемелілерге және олардың сипаттамасына байланысты зауыттағы подстанциялардың түрі мен сандық мөлшері анықталады.

Әдебиеттер: 1 нег. [322-419]; 2, 4, 5 [110-140]; 1, 2, 3, 4, 5. қос.

Бақылау сұрақтары:

  1. Өндірістік және қосымша цехтар ғимараттарының негізгі түрлері.

  2. Өндірістік құрылыс пен ғимараттардың құрылыстық конструкциялары.

  3. Ғимарат кубаторларын кішірейту әдістері.

  4. Ғимарат пен құрылысты жобалауға тапсырманың құрамы.

  5. Құрылыстық бөлікті жобалаудың нормативті құжаттамасы.

  6. Жылытылатын және жылытылмайтын бөлімшелер.

  7. Жобаның энергетикалық бөлігін және элктрмен жабдықтау объектілерін орындауға арналған негіз.

  8. Зауыттың әкімшіл, мәдени-тұрмыстық ғимараттары мен өндірістік жайлардың құрамы.

Дәріс №7.