Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Каз ОПиОЗ 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
353 Кб
Скачать
☆
  1. Экономикалық міндеттер.

  2. Техникалық міндеттер.

  3. Ұйымдық міндеттер. Жобалауға тапсырма.

Дәріс №2.

Зауыттарды жобалаудың жалпы принціптері. Жобалаудың сатылары

Жоспар:

  1. Зауыттарды жобалаудың жалпы принціптері.

  2. Жобалаудың сатылары.

  3. Зауыт құрылысы үшін алаңды таңдау.

Объектіні немесе оның бөлігін (цехты, бөлімшені және т.б.) жобалау, жобаның барлық құрамдас бөліктерін – технологиялық, құрылыстық, энергетикалық, көліктік, санитарлы-техникалық және экономикалық - өзара үйлестіру кезінде орындалады.

Жобалаудың (жобалық тапсырма) бірінші сатысы берілген жерде және көзделген мерзімде, жүргізілген экономикалық және техникалық зерттеулер негізінде, техникалық мүмкіндікті және көзделген өнімділікті ұйғарылған объектінің құрылыстың экономикалық тиімділігін орнату керек.

Жобалық тапсырманы құрастыруы бойынша, жұмыс кешеніне қажетті зерттеулерді және іздеулерді орындау, алаңды таңдау кіреді. Жобалық тапсырмада алаңды, шикізат базаларын, электрэнергиясымен, отынмен және сумен жабдықтау көздерін таңдау дұрыстығы дәйектелген болуы керек, сонымен қатар зауыттың бас жоспары жүргізілуі керек.

Жобалық тапсырмадағы үлкейтілген өлшеуіштер бойынша есептеулер негізінде объект құрылысының өзіндік құны және оның негізгі техника-экономикалық көрсеткішетрі анықталады.

Өңделген жобалық тапсырма салалық басқармамен қарастырылады, және де бұл кезде белгілі бір маман-эксперттер ортасы тартылады. Қажет болса жобалау тапсырмасына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

Жобалау тапсырмасын қарастырған кезде, құрылыстың құнын анықтайтын (еген жобалау екі сатыда жүргізілетін болса), бекітілген сметті-қаржылық есеп негізгі құжат болып табылады. Оның негізінде объект құрылысын қаржыландыру жүргізіледі.

Жобалау үш сатыда жүргізілетін жағдайда, жобаланатын объектінің жобалау тапсырмасында бекітілген негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері екінші саты, техникалық жоба, үшін бақылаушы болып табылады.

Техникалық жоба бекітілген жобалау тапсырмасының негізінде, сонымен қатар технологиялық үдерістердің жеге бөліктерін айқындайтын қосымша ізденіс және зерттеу жұмыстары негізінде жүзеге асырылады. Жобалаудың бұл сатысы жобаның технологиялық, құрылыстық, энергетикалық, санитарлы-техникалық, көліктік, экономикалық және ұйымды-техникалық бөліктері бойынша болған сұрақтарға толық кешенді жауап бере алады.

Техникалық жобаның құрамына негізгі және қосымша цехтардың өндірістік үдерістерінің барлық есептеу бөлігі кіреді. Оның негізінде қондырғыны таңдау, оның мөлшерін анықтау және оның дайындалуына тапсырыс берілуі үшін спецификация құрастыру жүргізіледі. Жобада өндірістік цехтарды, негізгі қондырғыларды жоспарлар мен қиықтарға енгізу арқылы, жоспарлау жүргізіледі. Ол жоспарланған технологиялық үдеріс пен таңдап алынған қондырғының техникалық сипаттамасы жайлы толық мағлұмат береді. Арнайы мақсатқа жасалынған (энергетикалық, сантехникалық және т.б.) қосымша өндірістік жайлар, осы өндірістік жайларға арналған негізгі қондырғыларға тапсырыс бере алатын көлемде жүзеге асырылады

Техникалық жоба, оның негізінде жоспарланған кәсіп орын құрылысының басты баға сметасы құрылатын және оның соңғы техника-экономикалық көрсеткіштері анықталатын құжат болып табылады.

Жұмыстық сызбалар жобалаудың соңғы сатысы болып табылады және бекітілген жобалау тапсырмасының немесе техникалық жобаның негізінде жүзеге асырылады. Оның құрамына біржолғы және бөлікті сызбалар мен есептеулер кіреді, оның негізінде зауыт құрылысы жүргізіледі. Оған жататындар:

1) жалпы құрылыстық сызбалар, қондырғыларды орнату үшін арнайы өндірістік жайлардың сызбасы (фундаменттер, каналдар, үңгірлер, арнайы қазықтар, жұмыс көрсететің алаңдар және т.б.), қондырғыларды орнатылу сызбалары, стандартты емес қондырғылардың сызбалары, жер асты коммуникациялардың сызбалары, конструкциялардың сызбалары және ғимараттардың (бункерлердің, резервуарлардың, бу құбырлардың, пеш камераларының және т.б.) жеке түйіндерінің сызбалары;

2) энергетикалық, санитарлы-техникалық, технологиялық құбыр және т.б. торларын құрастыру үшін сызбалар; біржола жүзеге асырылған кәсіп орынның негізгі бас жоспары және кәсіп орыннан бөлек орналасқан арнайы өндірістік жайларды орналастыру үшін бас жоспары; өртке қарсы және қауіпсіз техникасы бойынша шаралар анығырақ өңделген сызбалар.

Жобалаудың әр сатысында жобалау материалдардың көлемі мен құрамы арнайы нұсқаулармен белгіленген.

Кәсіпорынды кешенді жобалау кезінде жобаның техникалық бөлігін орындайтыны жүргізуші жобалау ұйымы болып табылады, өйткені кез келген жобалау сатысының негізі технологиялық үдерістер болып табылады. Соңғылары қондырғының түрі мен мөлшерін, қажетті материалдардың, отындардың, энергиялардың барлық түрлерінің мөлшерін, жұмыскерлердің санын, керекті аудандар, ғимараттардың түрлері мен өлшемдерін, арнайы өндірістік жайлардың сипаты мен мөлшерін анықтауға мүмкіндік беретіндей толық жүзеге асырылуы керек.

Әдебиеттер: 1 нег. [13-53б]; 1 қос. [201-209б].

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазіргі уақыттағы өнеркәсіптік өндірістің құрылымы мен құрамы.

  2. Зауытты жобалау кезіндегі шешілетін міндеттер және бұл міндеттерді шешу үшін қажет сатылар.

  3. Жобаны жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер, жобалаудың сатылары

  4. техникалық жобаның құрамы.

  5. Өнеркәсіптік алаңды таңдау алдыңдағы жұмыстар.

  6. Құрылыс үшін алаңды таңдау кезіндегі ескерілетін жағдайлар.

Дәріс №3.