- •Зауыттарды жобалау. Жобалаудың әдістемесі
- •Экономикалық міндеттер.
- •Техникалық міндеттер.
- •Зауыттарды жобалаудың жалпы принціптері. Жобалаудың сатылары
- •Химиялық кәсіпорындардың бас жоспары. Ситуациялық және бас жоспарлардың сызбанұсқасы. Желдің соғу бағытын анықтап «Жел розасы» сызбасын тұрғызу әдісі
- •Өндірістің аппараттық-технологиялық сызбанұсқасы. Өндірістің шикізаттық ақпараты. Өндірістің материалдық және жылулық есептеулері. Қондырғыны таңдау
- •Жобаның арнайы бөліктерін жобалау. Өндірістік негізгі ғимараттар және өндірістік жайлар
- •Өндірістік қосалқы ғимараттар мен өндірістік жайлар
- •Цех ішіндегі машиналар мен тасымалдаушы қондырғылар
- •Жобалауды автоматтандыру. Жобалауды автоматтандыру жүйесін (жаж) құру принциптері.
- •Химия өңдірісінің құрал-жабдықтарының жіктелуі
- •Қатты материалдарды ұсақтауға арналған қондырғылар
- •Реакцияларды жүргізуге және араластыруды арналған қондырғылар
- •Шаңды ұстау, газдарды тазалау қондырғылары
- •Сұйық-қатты жүйелерін ажыратуға арналған қондырғылар
- •Суспензияны сұйық және қатты фазаға ажырату аппаратурасы.
- •Жылуалмасу және массаалмасу үдерістері мен қондырғылары
- •Химиялық өнеркәсіптерді дипломдық жобалаудың негізі
Өндірістің аппараттық-технологиялық сызбанұсқасы. Өндірістің шикізаттық ақпараты. Өндірістің материалдық және жылулық есептеулері. Қондырғыны таңдау
Жоспар:
Аппараттық-технологиялық сызбанұсқаны ойластыру.
Өндірістің әдісін таңдау негізі.
Өндірістің материалдық есептеулері (баланс).
Өндірістің жылулық есептеулері.
Қондырғыны таңдау.
Аппараттық-технологиялық сызбанұсқаны ойластыруды екі кезеңге бөлуге болады – технологиялық сызбанұсқаны ойластыру және аппараттық сызбанұсқаны ойластыру. Біріншісі өндірістегі технологиялық үдерістер мен операцияларды анықтайды. Екіншісі үдерісті аппараттармен жабдықтау сұрағын шешеді. Технологиялық және аппараттық сызбанұсқаларды ойластыру үдерістерінің тығыз байланыста болатындығынан, жобалау кезінде оларды біртұтас аппараттық-технологиялық сызбанұсқалар ретінде қарастыру қажеттілігі туады.
Аппараттық-технологиялық сызбанұсқаны ойластыру кезінде келесі негізгі міндеттер шешіледі:
1) керекті сападағы тауар өнімінің берілген шикізатын алу үшін қажетті технологиялық үдерістер мен операциялардың жиынтығын, сонымен қатар олардың өзара байланысын анықтайды;
2) негізгі өндіріс қалдығының барлық түрін утилизациялап залалсыздандыру үшін қажетті технологиялық үдерістердің жиынтығын, олардың өзара байланысын және негізгі технологиялық сызбанұсқамен байланысын анықтайды;
3) барлық технологиялық операцияларының аппараттық ұйымдастырылу принціптерін қабылдайды;
4) технологиялық үдеріс кезінде өндірілетін және өңделетін барлық өнімді тасымалдау сұрағы шешіледі;
5) үдерісті бақылау және басқару сұрақтары шешіледі.
Бұл міндеттер біріктіріліп, ортақ шешіледі.
Аппараттық-технологиялық сызбанұсқаны ойластыру төрт негізгі кезеңдерден тұрады:
Алдымен негізгі технологиялық бөліністерді анықтайды.
Сосын әр бөлініс бойынша операциялар жиынтығын анықтайды.
Әр операция үшін барлық келіп түсетін және шығатын өнімдерді анықтайды.
Жобаланатын өндірістің барлық бөлінулері мен операцияларын көлік ағындарымен байланыстыратын сызбанұсқаны құрастырады.
Сызбанұсқада өндірілетін материалдар ағынымен байланысты операциялардан басқа, қозғалмалы қондырғылармен байланысты операцялар болуы мүмкін. Осылай өзіндік технологиялық операцияны жүргізгеннен кейін аппарат қондырғыларға немесе тазалау, жуу, құрғату стендтеріне, герметикалыққа тексеріске (бұлар сызбанұсқаға жеке операциялар ретінде кіргізіледі) белгілі бір ретпен тасымалданады.
Технологиялық сызбанұсқаны ойластыруға кіретіндер:
нақты жағдайға байланысты өндірістің таңдап алынған әдісінің негізделуі және салыстырмалы талдануы;
негізгі және қосымша физика-химиялық үдерістерді анықтау және олардың реттілігі;
технологиялық үдерістердің аппараттық ұйымдастырылуы;
шикізатты қабылдау әдістері мен дайын өнімді беру туралы сұрақтарын шешу;
өндіріс қалдықтарын жоюдың әдістері мен жолдарын анықтау;
барлық үздіксіз және мерзімді үдерістердің механизациясы және автоматизациясы;
еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
өндірісті кеңейтудің болашақ жоспарларын құру;
технологиялық құбырлардың диаметрлерін анықтау және құбырларды таңдау;
Өндірістің технологиялық сызбанұсқасын ойластыру өндіріс әдістерінің анализі мен өндірістің таңдап алынған әдісін тұрақтаумен басталады. Қажетті мәліметтер ТЭО-да және жобалау тапсырмасында болады, бірақ кейбір жағдайларда жобалау кезінде ең тиімді таңдауға тұрақталу мақсатында бірнеше нұсқаны жүзеге асырады. Ол үшін жобалауда қабылданған шешімдердің сенімділігін қамтамасыз ететін толық ақпарат қажет.
Өндіріс әдісін таңдау кезінде болатын қиындықтың бірі - әдісті анықтайтын барлық факторларды бір мезетте өтетіндігін және олардың бірігіп әсерлесуін ескеру қажеттілігі.
Химия-технологиялық үдеріс шикізат пен аралық өнімдерден жаңа зат алу мақсатындағы химиялық және физикалық әдістерінің жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар бұл үдеріске тасымалдау, үю және т.б. сияқты қосалқы операциялар кіреді.
Сонымен, бір өнімді алудың әдістері бір-бірінен қолданатын шикізаттың түріне, оны өңдеу әдісіне немесе осының екеуімен де өзгешеленуі мүмкін. Сондықтан әр шикізат және оны өңдеудің әдісі туралы салыстырмалы әдістер бойынша ақпараттар қажет.
Әдебиеттер: 1 нег. [54-132б]; 2. [310-318б]; 3. [7-9б].
Бақылау сұрақтары:
Аппараттық-технологиялық сызбанұсқаларды ойластыру кезінде шешілетін міндеттер.
Аппараттық-технологиялық сызбанұсқаларды ойластырудың негізгі кезеңдері.
Аппараттық-технологиялық сызбанұсқаларды ойластыру кезіндегі қарастырылатын сұрақтар.
Өндіріс әдісін таңдау.
Бастапқы ақпараттағы шикізат туралы болатын мәліметтер.
Өндірісті материалдық және жылулық есептеу.
Қондырғыны таңдаудың тиімді критериі.
Дәріс №5.
