Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
upr_uchet_gotovy.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

31. «Шығын – өнім көлемі – пайда» талдауын жүргізудегі жіберулер (қағидалар)

"Шығын - көлем - пайда" талдауы - бұл негізінде шығынның, түсімнің (табыстың), өндіріс көлемінің және пайданың; баскарушылық жоспарлаудың аспабы мен бақылаудың өзара байланысы жататын шығын мінез-кұлқының талдауы болып табылады

«Шығын – өнім көлемі – пайда» талдауы операциондық жалда зиянсыздық талдау (нүктесі) дегеніміз – белгілі бір өндіріс немесе сату көлемінің деңгейі өзгерген кезде қаржылық нәтиже қандай болатынын көрсететін талдау.

“Шығын-өнім көлемі-пайда” талдауы кезіндегі жол берулер:

  • Релевантты аймақтың шегіне байланысты табыстар мен шығыстардың тізбекті өзгерісі.

  • Шығындар нақты түрде тұрақты және айнымалы болып бөлінеді.

  • Шығындар шығынсыздық нүктесін есептеуге әсер етпейді,яғни өндірілген өнім көлемі сатылған өнімнің көлеміне тең болады.

  • Ақша бірлігі инфляцияға ұшырамайды.

Зиянсыздық талдауы белгілі бір анықтайтын кезеңде (қысқа мерзімде ) сату, сатудан түскен табыс, шығын және пайда арасындағы тәуелділікке негізделген зиянсыздықты талдау кезінде төмендегідей жағдайларды ескеру қажет:

  • Бір бірлікке кететін айнымалы шығындар мен сату бағасы (маржиналды табыс ) өндіріс көлеміне тәуелсіз тұрақты шама болып қалады.

  • Бір бірлікке кететін тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланысты өзгереді.

Бір бірлігіне пайда көлемі де өзгеріп отырады, сол себепті зиянсыздық талдауы өнім бірлігіне кететін пайдаға емес маржиналдық табысқа негізделеді. Зиянсыздық немесе қауіпті нүкте (қатерлі) дегеніміз – өндіріс немесе сату деңгейінің сатылуынан түсетін табыстың шығындар жиынтығына тең болатын нүктесі яғни пайда дажоқ зиянда жоқ .

Залалсыздықты талдаудағы мақсат - ұйымның өндірістік қызмет деңгейі (іскерлік белсенділігі) -өзгергенде қаржылық нәтижесінің қандай күйде болатынын белгілеу.

32.Зиянсыздық нүктесін есептеу. Маржиналды табыс әдісі, графикалық әдіс.

Зиянсыздық нүктені бұйымдардың өзіндік құнын және үлестірудің болжамды бағасын есептеу негізінде анықтаймыз. Тұрақты шығындарды жабуы қажетті өндіріс көлемін есептегеннен кейін зиянсыздықмаржасының қажетті шамасын анықтаймыз. Бұл болжамды шама, фирма жұмысын атқарып жатқан сыртқы ортаның тұрақсыздығына байланысты. Егер сыртқы орта тұрақты болмаса, онда зиянсыздық маржаның мөлшері үлкен болуы керек. Зиянсыздық маржаны анықтағаннан кейін, зиянсыздық маржаның талап еткен деңгейіне жету үшін қажетті, өнімнің үлестіру және шығару көлемін есептейміз. Маржиналды табыс әдісі.Залалсыздықты талдаудағы мақсат - ұйымның өндірістік қызмет деңгейі (іскерлік белсенділігі) -өзгергенде қаржылық нәтижесінің қандай күйде болатынын белгілеу.

Залалсыздык нүктесі - бұл кәсіпорын шығынның орнын (ай, тоқсан, жыл) толтыратын жеке уақыт аралығындағы міндеттелген бағамен сатудың физикалык көлем деңгейі; яғни залалсыздық нүктесі - өзін-өзі өтеушілік (самоокупаемость) элементі.

Кәсіпорынның табысы залалсыздық нүктесінің шегінде сатудан пайда болады. Бұл - өзін-өзі қаржыландыру элементі

Маржиналдық табыс әдісі математикалық әдіске балама болып табылады. Маржиналдық табыстың құрамына пайда мен тұракты шығын кіреді. Кәсіпорын өз өнімін - маржиналдық табысты түрақты шығын сомасына теңестіріп, өткізуі керек. Осы арада тепе-тендік нүктесіне қол жеткізіледі

Өндіріс көлемі = Тұрақты шығындар

Маржиналдық табыс бұл өнім өткізуден түскен түсім мен өзгермелі шығын арасындағы айырмашылық (егер есеп өткізілген өнімнің барлық көлемінде жүргізілетін болса) немесе өнім бірлігінің сату бағасы мен өнім бірлігіне келетін өзгермелі шығынның арасындағы айырмашылық.

Егер маржиналдық табыстан тұрақты шығынды шегеріп тастасақ, онда пайданың шамасын аламыз.

Пайда= Маржиналдық табыс-Тұрақты шьғын.

Маржиналдық тәсілдемені ішкі фирмалык жоспарлау мен шешім кабылдаудың аспабы ретінде карастыруға болады. Ол "шыгын - көлем - пайда" талдауын жүргізу үшін керек. Шығын, шаруашылық қызметтің көлемі және пайданың арасындағы өзара байланысты қарастыруды пайдалылыктың табалдырығы деген анықтаумен жиі аталады (өндіріс көлемінің қиын шегі) немесе залалсыздык нүктесі.

Графикалық әдіс залалсыздық моделінің графикасын құрау негізінде өндіріс көлемінен болатын пайда мен шығынның, өткізуден түсетін жиынтық табыстың теориялық байланысын анықтап береді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]