Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
upr_uchet_gotovy.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

51. Күрделі салымдардың сметасын құрастыру үрдісі және мақсаты

Капитал салымдарының сметасын құрудың мақсаттары мен үрдістері.

Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау - компания басшылығының алдында тұрған аса маңызды да қиын міндет. Көптеген компаниялар алдағы кезендегі қызметті бес, он, тіпті одан да көп жылға алдын ала анықтап ұзақ мерзімді жоспар әзірлейді. Ал, күрделі қаржы шығыны осы ұзақ мерзімді жоспарға кіріктірген бір бөлігі болып табылады.

Сол себепті ұйым ең алдымен күрделі каржы жүмсалымы туралы үсыныстың экономикалық тиімділігін бағалап, кәсіпорындағы ақшалай қаражаттың айтарлықтай артық бөлігін (үлесін) қажет ететін процесс туралы әлдеқайда нақты болжам жасауға тырысады. Әдетте күрделі каржы шығын көзіне карыз қаражаты жатады, сондықтан да кәсіпорын мүндай жұмсалымның мақсатқа лайықты екеніне инвестордың көзін жеткізіп, оның өтелуін мұқият есептеуі керек.

Ұзақ мерзімді капиталға - кұрылысқа, жылжымайтын мүлікке, жабдыққа және т.б. қаржы жұмсау тән. Бүгінгі танда жүзеге асырылып отырған материалдық қаражатқа күрделі қаржы жұмсаумен байланысты инвестициялық шешім белгілі бір дәрежеде фирманың техникалық және технологиялық деңгейін, оның алдағы кезеңдегі жемісті жұмысының ойдағыдай болуын анықтайды.

Инвесторлар бағдар ретінде үстанатын мақсаттардың екі негізгі тобын бөліп қарастыруға болады:

1. Ақша түрінде көрініс табатын мақсаттар - пайданы немесе тауар айналымын арттыру, шығындар мен инвестициялық шығыстарды кеміту.

2. Ақша түрінде көрініс таппайтын мақсаттар - әйгілі болуға, мәртебелі орынға ұмтылу, тиісті нарық сигментін жаулап алу, тәуелсіздік немесе қандай да бір әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру.

Бірінші топтағы мақсатты қарастырайық. Оны жетістікке жеткізу үшін сандық әдісті қолдануға болады. Белгілі бір сандық мақсатқа қатысы бойынша оңтайлы инвестициялық шешімді қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын сандық әдіс инвестициялық есептер деп аталады.

Инвестициялық есептің статистикалық әдісі мынадай жағдайларда: инвестициялық шығын кезең басында жүзеге асырылып, оның пайда түсіретін нәтижесі кезең аяғында болатын тек бір кезеңі қарастырылғанда; сонымен бірге бірқатар ұзақ мерзімді жоба орташа жылдық көрсеткіштерді аса қиындықсыз сипаттағанда қолданылады.

Инвестициялық есептің динамикалық әдісі мынадай жағдайда, егер жоба ұзақ мерзімді сипатта болып, ал инвестордың табысы мен шығыны бұл кезең ішінде елеулі өзгеретін болса; оның үстіне, жыл бойынша жобаны жүзеге асыру кезінде табыстар мен шығындардың уақыт ішінде өзгеруін сипаттайтын ұзақ мерзімді жобаларда қолданылады.

Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдаушы-бухгалтердің объективті бағалауына мүмкіндік беретін әр түрлі әдістер мен тәсілдер бар, осылардың негізінде басшылыққа ұзақ мерзімді іргелі басқарушылық шешім қабылдауы үшін көмек көрсетіледі. Олар бір-бірінен оқшау, әр түрлі тәсілдемеде қолданылады.

Капиталды жұмсаудың тиімділігін бағалау үшін мына көрсеткіштер пайдаланылады:

• күрделі қаржы жұмсалымы және пайда мөлшері бойынша жүктелген шығындар;

• таза дисконттау және күрделі қаржы жұмсалымы өтелуінің ішкі коэффициенті бойынша күрделі қаржы жұмсалымын бағалау әдістері;

• күрделі қаржы жұмсалымының өтелу кезеңі;

• өтелудің есептік коэффициенті және пайда индексі.

Олардың әрбіреуіне жеке тоқталайық.

Күрделі қаржы жұмсалымы және пайда нормасы бойынша жүктелген шығындар. Күрделі қаржы жұмсалымы бағдарламасына тартылған ақшалай қаражат арқылы қандай да бір басқадай жолмен пайда алуға ендігі жерде пайдаланылмайды, яғни жарамсыз болып табылады, осыған орай кәсіпорынның жіберіп алған пайдасы немесе жүктелген шығындар туралы айтылады.

Сондықтан да инвестиция бойынша пайданың болжалды нормасына күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдаудың тиімділігін бағалау үшін инвестиция бойынша пайда нормасын қаржы нарығындағы құнды қағаздармен салыстырады.

Күрделі қаржы жұмсалымын кәсіпорынға жүктелген шығын сомасынан жоғары пайда әкелетін бағдарламаға жұмсау керек. Немесе: инвестициялық жоба бойынша пайда нормасы өтімділігі жоғары құнды қағаздардағы пайда нормасынан кем болмауы қажет.

Сонымен, инвестициялық жобаның тәуекелділігі неғұрлым жоғары болса, күрделі қаржы жұмсалымынан талап етілетін пайда нормасы соғұрлым үлкен және болжалды таза табыстың деңгейі одан да жоғары болуы керек.

Ең аз шамадағы пайда нормасы деп, есептік мөлшерлеме шамасын немесе қаржы нарығында қүнды кағаздарды тәуекелмен айналысқа енгізуден немесе жүктелген шығын мөлшері бойынша эквиваленттен алынатын проценттік мөлшерлемені ұғуға болады. Мұндай құнды қағаздардан түсетін табысты жүктелген шығын, яғни құнды қағаздарға қажетті пайда нормасы бойынша баға береді. Әр түрлі компаниялардың әдеттегі акцияларынан күтілетін табыс жұмсаудың тәуекелділік деңгейіне қарай түрлендіріледі. Салымшылар мемлекеттік қағаздардан болатын табысты кәсіпорын акциясынан немесе күрделі қаржы жұмсалымынан түсетін болжалды табыстармен салыстырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]