- •Басқару есебінің объектісі мен әдістері, оның ұйымды басқарудағы рөлі.
- •Басқару есебі ақпараттарының қалыптасуы. Басқару есебіндегі ақпараттар түрлері мен қолданылатын көрсеткіштері.
- •4.Басқару және қаржы есебінің өзара байланысы мен айырмашылықтары.
- •5. Шешімдерді қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: релевантты және релевантты емес шығындар.
- •6. Шешімдерді қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: өспелі, инкрементті және маржыналды көрсеткіштер.
- •7. Шешімдерді қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: релевантты, альтернативті шығындар.
- •11. Негізгі өндіріс шығындарының элементтері:
- •12 Көмекші өндіріс шығындары есебінің тәртібі
- •Негізгі материалдарды сатып алу, сақтау және босату есебінің тәртібі.
- •14 Өндіріске босатылған материалдар құнын бағалау
- •15 Тікелей және жанама еңбек есебі
- •16 Еңбек ақы шығындарының есебі. Тоқтап қалу, үстеме ақы және сыйақы есебі
- •Үстеме шығындардың есебі. Қызмет көрсететін бөлімшелердің шығындарын анықтау әдісі.
- •Үстеме шығындардың есебі. Кем және артық таратылған шығындар есебі.
- •Өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі. Тапсырыстық калькуляциялай әдісінің ерекшелігі (спецификасы)
- •Өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі. Өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісінің есеп процедурасы.
- •Өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі. Жартылай аяқталған келісім шарттан алынатын пайданы есептеу.
- •Өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі. Қалдық, ақаулы өнімді жөндеу және жою шығындарының есебін қосқандағы тікелей және жанама шығындарынң есебі.
- •25. Өнімнің өзіндік құнды калькуляциялаудың үрдіспе-үрдіс әдісінің ерекшелігі.
- •26. Үрдіспе-үрдіс калькуляциясы: бірліктің өзіндік құны.(эквиваленттік бірлік)
- •27 Үрдіспе-үрдіс калькуляциясы: Алдыңғы үрдістегі өнімнің өзіндік құны.
- •31. «Шығын – өнім көлемі – пайда» талдауын жүргізудегі жіберулер (қағидалар)
- •32.Зиянсыздық нүктесін есептеу. Маржиналды табыс әдісі, графикалық әдіс.
- •33.Операциондық тұтқа: мәні, маңызы, есептеу тәртібі
- •34 Шығын өнім көлемі – пайда талдауы Қауіпсіздік маржасын есептеу
- •35 Шығынды толық таратудың өзіндік құны калькуляциясы және айнымалы шығындардың ерекшеліктері мен кемшіліктерінің жүйесінің мәні.
- •36 Директ-костинг» жүйесі басқару шешімдерін қабылдаудың негізі ретінде.
- •37 «Стандарт-костинг» пен нормативтік әдіс шығындарды жоспарлаудың, бақылаудың және есебінің құралы ретінде.
- •38 Сметаларды құрастыру кезеңдері
- •39.Бюджеттік жүйелерді дайындау және енгізу.Бюджеттік жүйелер түрлері.Жоспарлау үрдісінің кезеңдері.
- •40.Бюджеттік бақылау.Функционалды смета құрудың мысалдары.
- •41.Бюджетті бақылау.Негізгі бюджетті құрудағы мысалдар
- •42. Бюджеттік бақылау. Икемді сметаны құру.
- •43. Нормативті шығындардың өзіндік құнды калькуляциялаудың мақсаттары.
- •44. Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау кезіндегі нақты шығындардың нормативтен ауытқуын талдау әдістемесі.
- •45.Ауытқу түрлері, материалдар, еңбекақы және үстеме шығындар бойынша ауытқуды есептеу тәртібі.
- •47. Баға қалыптастыру бойынша шешім қабылдау (шығындар қосу) баға қалыптасуы
- •48. Баға қалыптастыру бойынша шешім қабылдау, мақсаттық баға қалыптасуы
- •49.Баға қалыптастыру бойынша шешімдер қабылдау:арнайы тапсырыстың бағасын қалыптастыру.
- •51. Күрделі салымдардың сметасын құрастыру үрдісі және мақсаты
- •52.Инвестицияларды бағалаудың дисконттық емес әдістері
- •53. Инвестицияларды бағалаудың дисконттық әдістері
- •54. Шығындарды бағалау: ең кіші квадраттар әдісі
- •56 Өндірістегі жоғалтулар есебі.
- •60 Трансферттік баға қалыптасу ?
- •61 Көмекші қызмет шығындарын өндірістік бөлімшелерге бөліп тарату ?
- •65.Инвестициялық бағалау әдістері
- •66. Басқару есебі үшін сызықтық бағдарламалау.
- •68.Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі және ауытқуды талдау
- •69.Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі.
- •70. Бірлесіп өндірілетін өнімдердің шығындарын тарату әдістері(бөліну нүктесінен кейін шығындар шығарылмайтын болса)
37 «Стандарт-костинг» пен нормативтік әдіс шығындарды жоспарлаудың, бақылаудың және есебінің құралы ретінде.
Кәсіпорынның басқарушы есебі, есептің бір бөлігі ретінде,жіктеумен, жазумен, таратумен, талдап қорытумен, ағымдағы және жорамалдаған шығындар бойынша есеп берумен байланысты жүргізіледі. Басқарушы есебі салаға, сала ішіндегі салаға, қызмет түрлеріне, кәсіпорынға лайықтап шығындарды есепке алудың және өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын есептеп шығарудың жүйеліәдістерін талдап енгізуді көздейді. Мұнда цехтар, функционалдық бөлімшелер, жауапты адмдар, қызмет түрлері, бұйымдар,кезеңдер және басқа да көрсеткіштер бойынша шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын алдын ала есептеп шығару жүзеге асырылады. Басқарушы есеп келесі кезеңдерге өнімнің өзіндік құнын, стандарттық немесе өзі қалайтын өзіндік құнды болжайды, түрлі кезеңдер ішіндкгі элементтер мен баптар бойнша өзіндік құнды салыстыруды жүзеге асырылады және түрлі жағдайдағы өнімнің өзіндік құн бойынша бар нұсқауларға талдау жасап кәсіпорынды басқару органдарына өзіндік құн туралы деректер береді, бұл деректер осы органдар үшін ағымдық және болашақ операцияларды бақылауды жүзеге асыру құралы болып табылады.
Кәсіпорынды басқарудың екі нұсқасын кездестіруге болады.
Бірінші нұсқада тек есептік функция орындалады: жауапкершілік орталығы бойынша өндіріске кеткен шығындарының есебін жүзеге асырады және өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялайды.
Ал екінші нұсқада таза есептік функциямен қатар өндіріске кеткен шығындардың сметасын жасауды, сондай-ақ, норматив пен норманы әзірлеуді жүзеге асырады, яғни кәсіпорынның барлық нормативтік шаруашылығын жүргізіп, жасалған шығындарды талдап, оларды стандартпен салыстырып, өнімнің өзіндік құнын болжайды. Бухгалтерия жұмысын осылайша ұйымдастыру кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Шетел кәсіпорында тап осындай нұсқа өте жие кездеседі және ол басқарушы есеп деп аталады.
Сөйтіп өндірістік есепқаржылық есебін кеңейтеді және ол негізінен фирманың ішкі операцияларын жүргізу кезінде қолданады. Бұл жерде қаржылық есеп іс жүзінде ондай тәртіппен белгіленбейді (регламенттелмейді). Халқаралық есептің тәжірибесі мыныны көрсетіп берді: кәсіпорынның әрбір саласында , сала ішіндегі саласында шығындарды есепке алуды ұйымдастырудың қалыптасқан ерекшеліктері, оның үстіне, көптеген кәсіпорындар мен фирмалардың капиталмен еркік маневр жасауына мүмкіндік беретін көрсалалы профилі бар екенін ескерген жөн, демекғ өндірістік есептің қатаң тәртібін белгілеу іс жүзінде өте қиын іс болып табылады.
Стандарт – кост жүесі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есепке алудың әдісі есептің басқа жүйесінен дербес, оқшаланған болып табылмайды. Шын мәнінде, ол бөлістік, тапсырыстық, бөлшектік (детальдық) жай (процесстік) және басқа да өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өнімнің өзіндік құнын шығару әдістерімен ұштастыруды табуды көздейді. Негізінен алғанда, стандарт-кост жүйесі машина жасау кәсіпорында қолдау үшін әзірлеген. Алайда бұл әдісті басқа салаларда да пайдалануға болады. Одан басқа, стандарт-кост өнімді сатудың, негізгі құралдың жөндеуіне кеткен шығынның, күрделі құрылыстың материалдық ресурстарды дайындаудың есебін ұйымдастыру кезінде пайдалануы мүмкін.
Стондарт – кост жүйесінің негізгі ерекшелігі мынадай: өндіріске жұмсалатын барлық шығындар өндіріскте жұмсалмай тұрып есептелінеді. Шығындар стандартын есептеу үшін натуралдық және құндық көрсеткіштер пайдаланылады. Одан басқа, арнай шоттарды қолдана отырып, нақты жұмсалған шығындар мен стандарттық өзіндік құнның арасындағы айырманы көрсетеді. Сөйтіп, стандарт- кост жүйесі шығындарды нормалауға болатын стандарттар нормаларды әзірлеуді, бұйымдардың стандарттық калькуляциясын жасауды және стандарттардан ауытқуларды бөліп көрсетуді, өндірістегі іс жүзіндегі шығындарды есепке алуды көздейді. Стандарт-кост жүесі өндіріс шығындарын жедел бақылап отырудың басты құралы болып табылады.
Шетель фирмаларының тәжірибесі көрсеткендей, олардың басым көпшілігі стандарт-кост жүесін толық көлемінде пайдаланбайды: олар аяқталмаған өндірістің қалдығын бағалау үшін пайдаланбайды, бухгалтерлік есеп жүйесінде стандарттық құны бойынша калькуляция баптары (материалдар ,жалақы және т.б) калькуляцияланбайды. Көптеген фирмалар шығындар стандарттыры мен стандарттық калькуляцияны шығарылған өнімнің негізгі номенклатурасы үшін ғана әзірлейді. Соның өзінде, бұл стандарттар көбіне тек натуралдық өлшемдермен ғана белгіленеді.
Стандарт- кост жүйесінің жұмыс істеуі негізіне фирманың өзі белгілеген және өндіріс процесі барысында өзгеріп отыратын стандарттар (нормалар мен нормативтер) топтамасы жатады. Барлық стандартты үш топқа бөлуге болады:
- теориалық стандарттар –бұл кез келген фирманың ұмтылыс жасайтын идеалы немесе жетілдірілген стандарты;
- ағымдық стандарттар – стандарт белгілеген мерзіміне өндіріс шығындары мөлшерін көрсететін стандарттар;
- базистік (негіздік) стандарттар — өндіріс процесінде болған өзгерістерге дейін жылдан жылға өзгермейтін стандартттар.
Материалдарға, энергия тарифтеріне, қызметтерге жасалған баға өзгерістері базистік стандарты өзгертпейді, ол тек қана стандарттық өзіндік құнмен нақты құнның арасындағы ауытқуды анықтайды.
Шығыстарға жатқызылатын баптар бойынша фирманың келесі қызметі олардың стандартын әзірлейді: технологиялық қызметі материалдардың барлық түрлері бойынша стандартын белгілейді; жабдықтау қызметі – қызметтердің, жұмыстардың, материалдардың барлық түрлері бойынша стандарттық бағасын; өндірістік-өндірістік операциялар бойынша өнімділік стандартын ; қызметкерлерге еңбек ақы төлеу қызметі- процесстер, өндірістік операциялар, мамандықтар, қызметкерлер категориясы бойынша еңбек ақының бағасын қоюды және сағаттақ мөлшерлемені жасайды. Осындай жолмен әзірленген жеке -дара стандарттар өнімнің , жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнының карталарын жасауға және оларды шолып талдауға септігін тигізеді (төменде келтірілген карталарға қараңыздар). Бұымның картада анықталған стандарттық өзіндік құны технологиялық процессті, еңбек ақы мөлшерлемесін, қызмет пен жұмыстың, материалдардың нормасының өзгеруін, сондай- ақ өндіріс барысында жеткілікті деңгейде негізделмеген стандарттың орын алу мүмкіндігін де қарастырады. Жыл соңында әрекет етіп тұрған стандарттар толығымен қайта қаралып , қайта бекітіледі.
Нормалардың қатаң сақталуын бақылауды цех қызметкерлері жүзеге асырылады: мастер, техниктер, бақылаушылар. Бұл қызметкерлер өндіріс барысында ауытқулардың пайда болуын қалпына келтіреді және олардың пайда болуына жол бермейді. Нормалаудың шын мәнінде қатаң бақыланған жағдайында және бақылау жүйесі қажет керек- жарақпен қамтамасыз етілген жағдайда (счетчиктер, датчиктер, өлшем приборлары т.б) стандарт- кост жүйесі ойдағыдай нәтиже береді. Егер де кәсіпорын ауытқудың есебін құжатталған түрде жүргізетін болсып шешсе, онда бұл мақсат үщін арнай синтетикалық шоттар енгізеді.
Стандарт- кост жүйесі қолданатын жекелеген фирманың шеңберінде өнімнің өзіндік құнын жоспарлаумен тығыз байланысты, өйткені ол өндіріс барысындағы шығындарға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған.
