Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
upr_uchet_gotovy.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

68.Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі және ауытқуды талдау

Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.

Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады:

  • шаруашылықтағы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақытылы ескерту;

  • өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу.

Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық және ақша ресурстары шығынының есептік көлемін техникалық жағынан негіздеу жатады.

Нормативтік есеп әдісі операциялар, процестер, объектілер бойынша нормативтік шығынды өндіріс негізінде олардың ауытқуын шамалаумен алдын ала анықтауды ұйғарады.

Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады. Нормативтік есеп әдісінің негізгі принциптері мыналар:

Кәсіпорын қолданысындағы норма мен сметаның негізінде әр бұйым бойынша өзіндік құнның нормативтік калькуляциясын алдын ала жасау.

Бұл принцип бастапқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және әкімшілік құжаттары негізінде есептелетін нормативтік, сметалық (бюджеттік) көрсеткіштерін қамтитын нормативтік базасы бар кәсіпорында ғана жүзеге асырылуы және басқарудың әр түрлі қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін: өндірістік және коммерциялық процеске кететін шығынның нормативтік сомасын анықтау, өндірістегі және шаруашылық мақсаттарына материалдық, отын-энергия ресурстарын босатуды, еңбекақы қорының есеп айырысуын, қызметкерлердің санын, басқару аппаратының шығын сметасын, бағаны босату жобаларын және т.б. шектеу.

Нормадан ауытқуды құжат жүзінде көрсету тәсілі – материалдың бір түрін екіншісімен ауыстырғанда, пайда болған ауытқу кезінде, белгіленген нормадан тыс материалдарды босатқанда, оларға қайта шығын шығару кезінде, өнімдерде ақау пайда болғанда және т.б. жағдайларда қолданылады.

69.Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі.

Кешенді өндірістің және жанама өнімдер шығарудың ерекше сипаттамасына байланыстыбелгілі бір кезеңге дейін, өндіріс процесінің алдында өнімдер айырмасы жоқ немесе жеке түрлері бойынша бөлінбейтін болып табылады (барлық шығындар бір өнімді өндіруге бағытталады). Мысалы,сыр сүттен, бензин мұнайдан өндіріледі.

Бірге өндірілетін және жанама өнімдердегі ерекшелік, бір өнімді өндіретін салада міндетті түрде екіншісінің өндірілуіне алып келетін бірге өндірілетін және қосымша өнімдер есебіне негізделген.

Әртүрлі өнімдерді біруақытта өндіруде, олардың әрқайсысының өзінің сату бағасы болады. Бұл өнімдер бірге өндірілгендер деп аталады.

Басқа өнімдермен біруақытта өндірілетін, бірақ сату бағасы басқаларға қарағанда төмен болатын өнімдер жанама деп аталады.

Бөлу нүктесі – өндіріс процесіндегі өнімдерді бірге өндірілетіндерге және жанамаға бөлу кезеңі.

Бірге өндірілетін өнімдердің арасында кешенді шығындарды тарату әдістері:

  1. натуралды көрсеткіштерді пайдалану әдістері;

  2. бөлу нүктесіндегі сату құны негізіндегі әдіс;

  3. сатудың таза құндық әдісі;

  4. жиынтық пайдадағы тұрақты үлес әдісі.

Натуралды көрсеткіштерді пайдалану әдісі – әрбір өнім бірдей табыс әкелгенде, кешенді шығындар әрбір өнімнің жалпы өндіріс көлеміндегі үлесіне сәйкес пропорционалды есептелгенде қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]