Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап ГОС тілден.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183 Кб
Скачать
☆

41. Айқындауыш және оның түрлері, қызметіне қарай ерекшелігі.

Айқындауыш жайлы қазақ тіл білімінде алғаш сөз қозғағандардың бірі –С.Аманжолов. Ол өз еңбегінде: “Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да мүшелер болады... Осы бастауышты я баяндауышты айқындау үшін тұрған сөздерді айқындауыш дейміз”,- (2,144) деп анықтама береді. С.Исаев “Қазақ тілі” оқулығында: “Сөйлемде кейде бір сөзді я сөздер тізбегін басқа бір сөз я сөздер тізбегі айқындап, дәлдеп, түсіндіріп тұрады”,-(29,135) десе, М.Қараев: “Сөйлемде бір мүшені айырықша назармен бөліп атау үшін немесе оның мағынасын дәлелдей түсу керек болғанда, ол мүшенің қажетті белгісін көрсете алатын түсіндірмелі сөздер беріледі. Айқындауыштар, негізінен, анықтауыш мүшеге ұқсас. Дегенмен төмендегідей айырмашылықтары бар: а) Анықтауыш сын есімнен жасалып, заттың сынын, сапасын анықтаса, айқындауыш зат пен затты өзара қатыстылығы, ұқсастығы жағынан салыстыра айқындайды.

ә) Анықтауыш пен анықталушы сөз сабақтаса байланысса, айқындауыш пен айқындалатын сөз салаласа байланысады.

б) Орны жағынан да әр түрлі болады. Анықтауыштар тек қана анықтайтын сөзінің алдында тұратын болса, айқындауыштар, керісінше, айқындайтын сөзінің соңынан тұрады.

Айқындауыш сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан, соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Кей жағдайда айқындауыш мүшелерде баяндауыштық реңк басым болса, алдынан сызықша қойылып, соңы үтірмен бөлінеді.

Қазіргі қазақ тілінде айқындауыштың негізгі үш түрі бар. Олар: оңашаланған айқындауыш, қосалқы айқындауыш және қосарлы айқындауыш.

Оңашаланған айқындауыш – айқындайтын сөзінен соң тұрып, оқшауланып айтылып, сол сөзді әр жағынан айқындайтын сөздер немесе сөз тіркесі. Күздің бір әдемі кешінде, жиырма тоғызыншы қазанда, олар ақыры кездесті (Қазақ әдеб.).

С.Аманжолов оңашаланған айқындауышқа тоқтала отырып, оның екі түрін береді. Біріншісі – сөйлемнің ішінде басқа мүшемен қиыспай, дара тұратын оңашаланған сөз. Екіншісі - өзінің айқындайтын сөзімен көбінесе жалғау арқылы қиысып тұратын оңашаланған сөз (2,158).

Қосалқы айқындауыш деп екі зат есімнің тіркесуінен жасалып, алдыңғы сөздің мағынасын заттың заттық сапасы ретінде айқындайды. Ал Барақ сұлтан болса, Әбілқайыр айтқандай, хан ордасынан әжептәуір ұзап барып, ымырт үйіріле Церен-Доржи тобынан өзінің сенімді екі жігітін бөліп алып, кейін қайтқан (І.Есенберлин.).

Қосарлы айқындауыш деп мағыналас, мәндес сөздер тіркесіп, күрделі атау жасайтын сөздерді айтады. Университет бітірген жас мамандар экономист-менеджер мамандығын алып шығады.Айқындауыш — айқындайтын сөзінің жетегінде қосарлана айтылып, оның мазмұнын ашып тұратын сөз не сөздер тобы.Оңашаланған айқындауыштар, қосарлы айқындауыштар және қосалқы айқындауыштар болып бөлінеді.Оңашаланған айқындауыш айқындайтын сөзінің соңынан келіп, оны ерекшелеп көрсетеді. Мысалы, Үйде, Абайдың қасында, бұл ауылдың адамдарынан бөтен түсті үш кісі отыр (М.Әуезов).Қосалқы және қосарлы айқындауыштар айқындайтын сөзімен мағыналық және интонациялық бір бүтін құрап тұрады. Қосалқы айқындауыштар айқындайтын сөзін әлеуметтік, туыстық, кәсіптік, жас мөлшерлік т.б. белгілері жағынан ерекше атап көрсетсе (Әсет ағай, Айжан қыз, Наурызбай батыр т.б.), қосарлы айқындауыштар айқындайтын сөзінің ерекше белгісін қосарлап айтып, онымен мәндес қатар құрап тұрады (батыр-ұшқыш, әйел-ана, қызметші-малай).