Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап ГОС тілден.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183 Кб
Скачать
☆

83. 32. Сөйлем мүшелері. Тұрлаусыз мүше: белгілері, түрлері , жасалу жолдары.

Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мұшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді:

1. тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш);

2. тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш).

Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізгі арқауы саналады, предикативтік қатынас негізінде ең кіші сөйлем ретінде жұмсалып, олардың негізінде тема, рема, тіпті есімді, етістікті сөз тіркестері айқындалады.[1]

• Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі, ол нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғаларда есімдіктен, есім сөз таптарынан, ал баяндауыш бастауыштың негізгі қасиеттерін нақтылай келе етістіктен, т.б. сөз таптарынан жасалады. Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышқа тікелей қатысты болып, сөйлемде айтылуға тиісті ойды толықтырып, айқындап тұрады.

• Толықтауыш септелген сөздердің заттық қасиетін көрсетеді де, тура және жанама түрлерге бөлінеді.

• Анықтауыш заттың, субстантивтенген сөз таптарының, септік жалғаулы пысықтауыштарды айқындайды, оның сапалық, меншікті түрлері бар.

• Пысықтауыш көбіне қимылға, кейде есімдерге де қатысты жұмсалады. Сөйлем мүшелері негізінен дербес мағыналы сөз таптарынан жасалады, олардың жасалуына көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздер де қатынасады, дербес мағыналы сөздердің семантикасын осы көмекші сөздер айқындайды. Сөйлем мүшелері дара, күрделі, үйірлі, кейде құрама болады.

85. Сабақтас құрмалас сөйлем, белгілері, жасалу жолдары, түрлері.

Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемніңбаяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді.[1]

Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай түрі

Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай төмендегіше бөлінеді:

1.            Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады.

2.            Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл)

3.            Себеп бағыныңқылы сабақтас;

•              Мысалы, Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді. (М.Әуезов)

1.            Мезгіл бағыныңқы сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған ойдың мезгілін,

2.            мақсат сабақтас құрмалас сөйлем мақсатын,

3.            қимыл-сын бағыныңқы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын білдіреді.

4.            Салыстырма бағыныңқылы сөйлемде оқиға бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле беріледі. Мысалы, Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанған еді (Ә.Әбішев).

Сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқылы түрі

Сабақтас құрмалас сөйлемның көп бағыныңқылы түрі де кездеседі, олар басыңқыға екі жағдайда қатысты болады:

1.            Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы көп бағыныңқылар бірыңғай келіп, бәрі өз бетімен бір басыңқыға бағынады (бірыңғай бағыныңқылы сабақтас);

2.            Бағыныңқылар бір-біріне қатысты тізбектеледі де, бәрі жиналып бір басыңқыға бағынады (сатылы бағыныңқылы сабақтас).

Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары төмендегідей:

1. Бағыныңқының баяндауышы көсемше тұлғалы етістіктен болады. Мысалы:Аудан орталығына қоныс аударғалы, тұрмыстары недәуір түзеліп қалып еді.

2. Бағыныңқының баяндауышы шартты райлы етістік болады. Мысалы: Біреуге жақсылық жасасаң, ол ешқашан жерде қалмайды.

3. Бағыныңқының баяндауышы -ша/ше, -дай/дей жұрнақтары мен жатыс, көмектес септікті есімшеден және -дықтан/діктен қосымшалы есімшеден болады. Мысалы: Жолаушылардың қарасы үзілгенше, қорықшы жота басында қарап тұрды. Баласынын келген бір жапырақ қағаз көңілге демеуболғандай, ана жұмысқа құлшына кірісті. Күн райы бұзылыптұрғандықтан, жас төлдерді өріске шығармады. Таң құланиектеніп атабергенде, ауыл үстін айқай-шу басып кетті. Жұмысшылар ертежиналғанымен, жұмыс бірден басталып кетпеді.

4. Есімшеден кейін сайын, соң, бері, шейін, бұрын шылаулары және кезде, шақта, уақытта деген көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы:Қыстаудан жайлауға көшкен соң, ауыл-ауыл бір-бірін ерулікке шақырыса бастайды. Отырғандар қопарыла сыртқа шыққан кезде, Қуаныш пен Анар да жеке серуендеуге беттеді.