- •Қазақтың ұлттық тілінің сипаттамасы, оның тармақтары.
- •13. Сын есім: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері.
- •А.Байтұрсыновтың қазақ тілі грамматикасына қатысты ұсынған терминдері, оның әдеби тілде алатын орны.
- •Зат есім: мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.
- •6. Қазақ тілі әдістемесі: зерттеу нысаны мен міндеттері.
- •7. Тілдің дыбыстық жүйесі және фонетикалық заңдылықтар.
- •8. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. Сөз мағыналарының дамуы.
- •9. Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаттығу жұмыстарының тиімділігі.
- •17. Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары.
- •19. Лексикология: зерттеу нысаны, мақсаты, салалары.
- •20. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері.Ерекше тұлғалық түрлері
- •22. Сөздердің морфологиялық құрылымы мен мағыналық бөлшектері (морфемалар).
- •23. 29. Сөз тіркесінің түрлері. Есімді тіркестер, олардың құрамы, мағынасы түрлері.
- •24. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері.
- •25. Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •28. Шылау сөздер туралы түсінік, түрлері. Септеулік шылаулар, түрлері, қызметі.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •30. Модульдік техн-я, мақсаты, міндеті, ерекшелігі
- •31. Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
- •32. Сөйлем мүшесі, оған тән белгілер, қызметіне, қолданысына қарай түрлері.
- •34. Одағай: басқа сөз таптарынан айырмашылығы, лексика-семантикалық топтары, қызметі.
- •35. Тұрақты тіркес: белгілері, оларды жіктеу туралы көзқарастар.
- •36. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рөлдік ойындар кешенінің маңызы.
- •38. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі, оның басқа тәсілдерден
- •39. Бағалау және оның ұстанымдары.
- •41. Айқындауыш және оның түрлері, қызметіне қарай ерекшелігі.
- •42. Сабақ жоспары: құрылымы, маңызы.
- •44. Күрделі етістіктер мен құранды етістіктердің жасалуы, айырмашылығы.
- •46. Етістіктің есімше және көсемше категориялары.
- •47. Сөйлемнің айтылу мақсатына, модальділігіне қарай түрлері.
- •48. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық ойындар.
- •50. Жай сөйлемнің құрылымына қарай түрлері, жеке сипаттама.
- •54. 57. Қатысымдық әдіс, оның ерекшелігі.
- •58. Екпін және оның түрлері.Қазақ тіліне тән екпін.
- •61. Зат есім сөзжасамы. Синтетикалық тәсіл.
- •62. Синтаксистік қатынас: предикаттық, айқындауыштық, анықтауыштық, адвербиалдық.
- •63. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу жолдары.
- •64. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Қазақ тіліне тән үндестік заңы, оның көріністері.
- •65. Толымды және толымсыз, жалаң және жайылма сөйлемдер.
- •66. Қазақ тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізудің әдіс-тәсілдері.
- •67. Көп компонентті құрмаластың түрлері.
- •68. Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері
- •70. Сөзжасамдық тарам мен сатының белгілері, ерекшеліктері.
- •71. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
- •72. Бақылау диктанты, жүргізу ерекшеліктері.
- •73. Ұлттық әдеби тіл, сипаты, тармақтары.
- •81. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары.
- •82.89. Түркі тілдерінің қалыптасу және даму кезеңдері (н.А.Баскаков жіктемесі).
- •83. 32. Сөйлем мүшелері. Тұрлаусыз мүше: белгілері, түрлері , жасалу жолдары.
- •85. Сабақтас құрмалас сөйлем, белгілері, жасалу жолдары, түрлері.
- •87. А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы.
- •88. Етістіктің шақ категориясы. Келе шақ түрлері, жасалуы.
73. Ұлттық әдеби тіл, сипаты, тармақтары.
Ұлттық әдеби тілдің тармақтары.
Әдеби тіл. Қазақ тілі – рулық, ру-тайпалық одақ тілі, суперэтностық тіл дәуірлерін бастан кешіп, халықтық тіл деңгейіне көтерілген ертеден келе жатқан тіл. Ал қазіргі қазақ әдеби тілі жалпыхалықтық тілдің өмір сүру формалары ішінде доминанталық сипаты басым халық тілінің жоғарғы формасы. Әдеби тіл ғасыр бойы халық қазынасынан өз керегін сұрыптап, іріктеу нәтижесінде қалыптасты, оның негізгі нормалары шешендік сөз өнерінде, фольклор мен ауыз әдебиеті, публицистикалық сөз, ісқағаз тілі мен ғылыми әдебиет (оқулық, энциклопедия, монография, ғылыми-көпшілік басылымдар), әсіресе аса биік профессионалдық деңгейге көтерілген көркем әдебиет үлгілері арқылы қалыптасты. Осы үлгілер арқылы тілдік ұжымның санасында әдеби тілдік норма туралы таным-түсінік пайда болды.
Әрине, көркейген лексикамен кемелденген грамматикалық құрылысы бар, белгілі бір нормаға түсіп, жүйеленген әдеби тіліміз мыңдаған жылдардың жемісі және ол бір адамның немесе бір жазушының қолынан туа қалған жоқ, сол тілде сөйлейтін жалпы қазаққа ортақ халықтық тілдің негізінде жасалды. Тілді жасайтын халық. Кез келген тілдің лексикасының қалыптасуы сол тілде сөйлеуші халықтың әлеуметтік-экнономикалық, шаруашылық жағдайларына, тарихының біртіндеп даму ерекшелігіне, мәдениетінің өркендеу деңгейі және басқа халықтармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне байланысты.
Қай тілдің болмасын әдеби тілі өзінің ұлттық нормаларымен (белгілерімен) ажыратылады. Қазақ әдеби тілі өте ертеден келе жатқан аса бай ауызша тараған профессионалдық деңгейге көтерілген көркем сөз дәстүріне иек артып, ерекше орын алады.
Қазақтың әдеби тілі негізін жалпыхалықтық тілден, ұзақ дәстүрлі ауыз әдебиеті тілі мен ауызша дамыған ақын-жыраулар тілінен алады, бұлар бүгінгі қазақ жазба әдеби тілінің лексикалық қазынасы мен көріктеуіш құралдарының қайнар көзі. Осы үлгілер арқылы тілдік ұжымның сахнасында әдеби тілдік норма туралы таным-түсінік пайда болды. Ең алдымен, бұл үлгілер халық тіліндегі барды сұрыптау, таңдау, талғау арқылы әдебиет, мәдениет, ғылым, қоғам қайраткерлерінің шығармашылығында қолданынылып, әбден тұрақталғаннан кейін тілдік норма болып танылады.
14 - 74. Құрмалас сөйлем белгісі, байланысу тәсіліне қарай түрлері.
Құрмалас сөйлемдер құрамындағы предикатив сыңарларына қарай екі құрамды және көп құрамды болып жіктеледі. Екі құрамды құрмаластар салалас және сабақтас болып бөлінсе, көп құрамды құрмаластарды көп компонентті салалас, аралас және көп бағыныңқылы сабақтас деп бөлу дәстүрі бар.
Құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерге қарағанда күрделі ойды білдіретіндіктен, екі предикативтік орталыққа негізделеді. Бұл сөйлемдерде жай сөйлемдердегі сияқты тиянақталған интонация болмайды.
Құрмалас сөйлемдер кез келген жай сөйлемдердің тіркесе салуынан емес, бір-бірімен мағыналық, әрі құрылымдық тығыз байланыстағы жай сөйлемдердің бір-біріне үйлесе, бағына немесе тең дәрежеде байланысуынан құралады. Сондықтан олар бір бүтін тұлға ретінде саналады.
Бұл жөнінде Т.Қордабаев: “Егер әдеттегі жай сөйлемдер интонациялық жағынан тиянақты, белгілі шамада болса да, аяқталған ойды білдіретін, өз алдарына бір бүтін болып саналатын болса, құрмалас сөйлем компоненттері интонациялық жағынан тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайтын, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады. Ол бөлшек өзі сияқты басқа бір бөлшектермен байланыста тұрғанда ғана бір бүтін бола алады. Егер бұл бірліктері бұзылса-ақ, олар өздерінің алғашқы мәндерін жояды, құрмалас сөйлем құрамында тұрғанда ғана бір бүтін бола алады”, -дейді ( 11,195).
Сонымен құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бір-біріне байланысты екі немесе одан көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді айтамыз. Жай сөйлемдердің бір-бірімен баяндауыш формасының тиянақсыздығына қарай құрмаласуы - қазақ тілінде құрмалас сөйлем жасаудың ең өнімді тәсілі. Құрмалас сөйлемдер ішінде сабақтас құрмаластар аталмыш тәсіл арқылы жасалады. Бағыныңқы компонент баяндауышы төменгі формаларда тұрады:
1. Көсемше тұлғасынан;
2. Есімше;
3. Шартты рай және басқа етістік формалары.
1. Жай сөйлемнің көсемше арқылы құрмаласуы. Қимылдың өзін немесе іс-әрекеттің амалын білдіретін етістіктің ерекше түрі – көсемше. Ол сөйлемде пысықтауыштық және баяндауыштық қызмет атқарады. Көсемшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы басты қызметі оның бағыныңқы компоненттің баяндауышы болуынан көрінеді. Көсемше - етістіктің тиянақсыз түрі болғандықтан, құрмалас сөйлемнің баяндауышы болып келген бөлшегін екінші компонентке бағындыра байланыстырады да, ол бөлшектердің бірлікте, тұтастықта болуын қамтамасыз етеді. Көсемшелер тек етістік негіздерімен, олардан өрбіген етістік формаларымен ғана тіркесетіндіктен, ол морфологиялық жағынан түрленбейді. Яғни көптік, тәуелдік, септік қосымшалары қосылмайды, әрегідік жіктік жалғаулары ғана жалғанады. Сөйтіп құрмалас сөйлем компоненттері арасында дәнекерлік қызмет атқарады.
Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентінің баяндауышы есебінде ең жиі қолданылатын көсемшенің тұлғасы –ып,- іп,-п. Ол өзі баяндауыш болып келген компонентті тиянақты компонентпен қилы мағыналық қатынаста құрмаластырады. Сонымен қоса –ып, -іп, -п тұлғалы тиянақсыз компонент тиянақты сөйлемге тек тұлғалық жағынан өз дербестігін сақтап басыңқы сөйлемнің ешбір мүшесіне меңгерілмей, онымен жарыса, салаласа айтылады.
Жай сөйлемдерді құрмаластыруда -а, -е,-й жұрнақты көсемше де қатысады. Ал –ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемше өте сирек қолданылады.
Мысалы: Тап-тар тас қапаста отырғанын есіне салып, қара құлыптың кілті шақыр-шұқыр шиқылдап әрең ашылғандай болды /Ш.Мұртаза “Тамұқ”/. Немесе Олар өткендегі оқиғаны естеріне түсіре, бәрін ой елегінен өткізіп, ақылдаса келе, бір байламға тоқтасты /”Ана тілі” газеті/.
2. Жай сөйлемнің есімше арқылы құрмаласуы. Есімшелер де бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы функциясында қолданылады. Алайда есімше мен көсемшелердің жай сөйлемдерді құрмаластыру тәсілі бірдей емес. Бағыныңқы сөйлем баяндауышы құрамындағы көсемше ешқандай қосымша сөзсіз, дәнекерсіз немесе қосымша формасыз жай сөйлемдердің функциясын атқара беретін болса, есімшелер міндетті түрде көмекші сөздер не болмаса қосымша тәсілдерді қажет етеді.
Олар жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруда түрлі тұлғалық құбылыстарға ұшырап, тиянақсыз формада келеді. Оларды тиянақсыз дәрежеге жеткізетін, есімше тұлғалы сөзді басыңқы компонентке бағындыра байланыстыратын дәнекерлер – есімшеге жалғанатын түрлі қосымшалар және шылаулар. Мұндай қызметте ең жиі қолданылатыны –ған, -ген, -қан, -кен формалы есімшелер. Аталған тұлғалы есімшелер бағыныңқы компонент баяндауышы қызметінде төмендегідей тұлғаларда және мағыналық қатынастарда қолданылады:
1. Жатыс септік жалғаулы есімше.
а) Мезгілдік мағына: Досан Хакімнің халін білуге кеткенде, үйге жолаушылап бір адам келіпті /”Жас Алаш”/.
ә) Шартты мағына: Егер біраз уақыт кешіккенде, далаға шығып үлгермейді екенбіз /К.Әбдіков/.
2. Көмектес септік тұлғасындағы есімше.
а) Қарсылықты мағына білдіреді. Ертерек баратын жеріне асыққанымен, дәл уақытында жете алмады.
3. –Ша, -ше жұрнақты есімше.
а) Мезгілдік қатынасты білдіреді: Ол бірдеңе деп айтып болғанша, ұрылар үй айналып көрінбей кетті /М.Кәрімов/.
ә) Салыстыру мәнінде келеді: Көп істеп шала бітіргенше, аз істеп бабына келтір. Есімшенің басқа тұлғаларының бағыныңқы сөйлем баяндауышы қызметінде жұмсалуы тілде өте сирек кездеседі.
3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыруда шартты рай да белгілі роль атқарады. Негізінен жіктік жалғауы өзі жалғанған сөзге тиянақтылық беретін форма деп танылғанымен, шартты рай тұлғасына жалғанғанда бұл қасиеті сақталмайды. Сондықтан бағыныңқы жай сөйлемді басыңқы жай сөйлеммен құрмаластыру қызметін атқара береді. Мысалы: Сіз сүңгіп көрсеңіз, одан да көп асыл табарсыз. А.Байтұрсынов өз еңбегінде құрмалас сөйлемдерге: «Ішкі жақындық – мағына жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа қисын жақындығы бар сөйлемдер құрмалас деп аталады»,- деп анықтама бере келе, құрмалас сөйлемдер түрін сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп 2-ге бөледі (14,300-301).
1991 жылы С.Жиенбаевтың «Синтаксис мәселелері» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде құрмалас сөйлемді салалас, сабақтас деп екіге бөледі. 1935 жылғы «Сөйлемнің үйірлі мүшелері туралы» деген мақаласында үйірлі мүше құрмалас сөйлемнің үшінші түрін жасайды деген пікір білдіреді.
1939 жылы орталау және орта мектеп оқушыларына арналған қазақ тілі грамматикасы мен синтаксис бөлімі жарық көрді. Оқулық мектеп программасына негізделіп жазылғандықтан, құрмалас сөйлем жайындағы деректер кеңірек қамтылған.
Профессор Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген еңбегінде құрмалас сөйлемдерді салалас және сабақтас сөйлем деп кіге бөледі. Мұнда салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының 10 түрлі жолы көрсетіледі ( 31,201).
Қазақ тіл ғылымында құрмалас сөйлем синтаксисін ғылыми тұрғыда зерттеген профессор С.Аманжолов болды. Оның «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» атты зерттеу еңбегінде сабақтас құрмалас сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. «Құрмалас сөйлем дегеніміз- екі я бірнеше сөйлемдердің, яғни бірнеше субъектінің көрінісі болған сөздің, я сөздер тобының жиынтығы»,-деп автор анықтамасын береді ( 2 ,176).
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисіне ғылыми тұрғыдан зор үлес қосқан ғалымның бірі – Н.Сауранбаев. Ол «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем жүйесі» деген еңбегінде қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді үлкен үш топқа бөледі: іргелес, салалас және сабақтас құрмаластар. Іргелес құрмаласты автор жайылыңқы, қойылыңқы деп екіге бөледі. «Негізгі ойды сипаттау, толықтыру үшін бірнеше жай сөйлемдердің тең мағынада іргелескен тобы жайылыңқы іргелес болады. Жайылыңқы іргелеске енген жай сөйлемдер қысқартылмай толық күйінде айтылады». Ал қойылыңқы түріне мынадай іргелесті жатқызады: «Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез көрсетіледі», - дейді (58,32). Қойылыңқы іргелестің өзіндік белгісіне оның құрамына кірген жай сөйлемдердің ортақ баяндауышты болып келетіндігін айтқан. Бірақ автордың бұл пікірі қазақ тіл мамандарының тарапынан қолдау таппады. Қазақ тіл ғылымы Н.Сауранбаевтың «жайылыңқы іргелесін» жалғаулықсыз салалас деп, «қойылыңқы іргелесін» бірыңғай мүшелі жай сөйлем ретінде қарайды.
Құрмалас сөйлемді зерттеуде құнды пікір айтушы – Т.Қордабаев. Ол құрмалас сөйлем, оның түрлерін, құрылымына қарай жіктелуін, ішінара бөлінуін жан-жақты зерттеген. Ғалымның еңбегі бүгінгі күнде іргелі еңбектің бірі болып саналады (11,192).
Құрмалас сөйлем синтаксисі жайлы өз көзқарасын толық білдіріп, зерттеген ғалым Қ.Есенов болды. Автор өзінің «Құрмалас сөйлем синтаксисі», «Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы» атты еңбектерінде құрмалас сөйлемдердің жасалу табиғатына, жеке жай сөйлемдердің өзара бірігу заңдылықтарын ғылыми жағынан терең қарастырып, тіл білімінің синтаксис саласына зор үлес қосты ( 28 ,141). Ұ.Салиева да өз еңбегін құрмалас сөйлемнің құрылымдық түрлеріне арнады (53 ,25).
76-79. Көмекші сөздер: түрлері, айырмашылығы.
Көмекші сөздер деп нақтылы лексикалық мағыналары я әртүрлі дәрежеде солғындап, я бүтіндей жоғалып, сөйлегенде жеке дара тұлға есебінде қолданылмай, тек толық мағыналы сөздермен тіркесіп қана жұмсалып, оларға жәрдемші болып қызмет атқаратын сөздерді айтамыз. Көмекші сөздер көмекші есімдер және көмекші етістіктер болып екі салаға бөлінеді. Көмекші сөздер көмекші есімдер және көмекші етістіктер, шылау болып 3 түрге бөлінеді. Қазақ тілінде жеке тұрғанда толық мағынасы болмайтын, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайтыналдындағы есім сөзге көмекшілік қызмет атқаратын сөздер де кездеседі. Ондай сөздер көмекші есімдер деп аталады. көмекші есімдер зат есімнен ілік септігі арқылы байланысады. зат есім ілік септігінде тұрып көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді. Мысалы: Қаланың сырты, жердің үсті. Көмекші етістіктер е, екен, еді, де, т.б. арқылы жасалады. Көмекші сөздер грамматикалық дамудың нәтижемсінде лексикалық мағынасынан айырылып, гармматикалық қызметке көшкен. олар сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Дебес сөзден бөлек жазылғанымен, көмекші сөздер лексикалық мағынасы болмағандықтан, сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. көмекші сөздер толық мағыналы сөздерге тіркесіп, оларға грамматикалық мағына қосады. Грамммтикалық қызметі жағынан көмекші сөздер дербес сөздер құрамына кіріп, ондағы басқа грамматикалық көрсеткіштермен бірге сөзге түрлі грамматикалық категориялардың мағынасын қосып, сөзді түрлі грамматикалық тұлғаларға көшіреді, кейде туынды сөз жасайды. Мысалы, Қарабанов кенет мырс етіп, столдың астынақарады да, балалардың қатты күліп отырғанын көрді.
Жаңа бағдарламаның талаптарына сәйкес тіл дамыту жұмыстарының ең негізгі түрі болып табылатын мазмұндама мен шығарма жаздыруда оның қай түрі, қалай жаздыру керектігі мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларда көрсетіліп отырылған. Мұндай тапсырмалар мәтіндерге үлгі ретінде ғана берілген. Бұдан тіл дамыту жұмысын тіл сабақтарының тақырыбымен ұштастыра, байланыстыра жүргізілуі керек деген міндет туып отырғаны байқалады. Сондықтан да мұғалімдер жинақты пайдаланғанда, тіл тапсырмаларының берілген үлгісін басшылыққа алып, басқа мәтіндердің материалдарын да пайдаланғаны жөн. IV-XI сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту жұмысының төмендегідей түрлерін қамтиды:
а) ауызша әңгіме өткізу;
ә) берілген сұраққа ауызша, жазбаша жауаптар қайтару;
б) жай және күрделі жоспар жасау;
в) мәтіннің көркемдік ерекшелігін және шығарманың тіл, стиль ерекшелігін сақтай отырып, мәтінге жақындата ауызша және жазбаша мазмұндау;
г) мәтіннің формасын өзгерте мазмұндау, яғни I жақ, осы шақ формасындағы мәтінді III жақ, өткен шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;
д) қысқарта мазмұндау, яғни берілген мәтіннің тек түйінді негізгі мәселелерін ғана мазмұндау;
е) мәтіннен цитат және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;
ж) берілген мәтінге оқушы өз ой қорытындысын қоса мазмұндау;
з) шығарма жұмыстары;
и) сөздік жұмыстары.
Әр сыныпқа арналған жеке бөлімдерде хабарлау-баяндау, суреттеу және байымдау-мінездеу түріндегі шығармалардан тиісті үзінді беріледі.
