- •Қазақтың ұлттық тілінің сипаттамасы, оның тармақтары.
- •13. Сын есім: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері.
- •А.Байтұрсыновтың қазақ тілі грамматикасына қатысты ұсынған терминдері, оның әдеби тілде алатын орны.
- •Зат есім: мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.
- •6. Қазақ тілі әдістемесі: зерттеу нысаны мен міндеттері.
- •7. Тілдің дыбыстық жүйесі және фонетикалық заңдылықтар.
- •8. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. Сөз мағыналарының дамуы.
- •9. Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаттығу жұмыстарының тиімділігі.
- •17. Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары.
- •19. Лексикология: зерттеу нысаны, мақсаты, салалары.
- •20. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері.Ерекше тұлғалық түрлері
- •22. Сөздердің морфологиялық құрылымы мен мағыналық бөлшектері (морфемалар).
- •23. 29. Сөз тіркесінің түрлері. Есімді тіркестер, олардың құрамы, мағынасы түрлері.
- •24. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері.
- •25. Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •28. Шылау сөздер туралы түсінік, түрлері. Септеулік шылаулар, түрлері, қызметі.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •30. Модульдік техн-я, мақсаты, міндеті, ерекшелігі
- •31. Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
- •32. Сөйлем мүшесі, оған тән белгілер, қызметіне, қолданысына қарай түрлері.
- •34. Одағай: басқа сөз таптарынан айырмашылығы, лексика-семантикалық топтары, қызметі.
- •35. Тұрақты тіркес: белгілері, оларды жіктеу туралы көзқарастар.
- •36. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рөлдік ойындар кешенінің маңызы.
- •38. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі, оның басқа тәсілдерден
- •39. Бағалау және оның ұстанымдары.
- •41. Айқындауыш және оның түрлері, қызметіне қарай ерекшелігі.
- •42. Сабақ жоспары: құрылымы, маңызы.
- •44. Күрделі етістіктер мен құранды етістіктердің жасалуы, айырмашылығы.
- •46. Етістіктің есімше және көсемше категориялары.
- •47. Сөйлемнің айтылу мақсатына, модальділігіне қарай түрлері.
- •48. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық ойындар.
- •50. Жай сөйлемнің құрылымына қарай түрлері, жеке сипаттама.
- •54. 57. Қатысымдық әдіс, оның ерекшелігі.
- •58. Екпін және оның түрлері.Қазақ тіліне тән екпін.
- •61. Зат есім сөзжасамы. Синтетикалық тәсіл.
- •62. Синтаксистік қатынас: предикаттық, айқындауыштық, анықтауыштық, адвербиалдық.
- •63. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу жолдары.
- •64. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Қазақ тіліне тән үндестік заңы, оның көріністері.
- •65. Толымды және толымсыз, жалаң және жайылма сөйлемдер.
- •66. Қазақ тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізудің әдіс-тәсілдері.
- •67. Көп компонентті құрмаластың түрлері.
- •68. Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері
- •70. Сөзжасамдық тарам мен сатының белгілері, ерекшеліктері.
- •71. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
- •72. Бақылау диктанты, жүргізу ерекшеліктері.
- •73. Ұлттық әдеби тіл, сипаты, тармақтары.
- •81. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары.
- •82.89. Түркі тілдерінің қалыптасу және даму кезеңдері (н.А.Баскаков жіктемесі).
- •83. 32. Сөйлем мүшелері. Тұрлаусыз мүше: белгілері, түрлері , жасалу жолдары.
- •85. Сабақтас құрмалас сөйлем, белгілері, жасалу жолдары, түрлері.
- •87. А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы.
- •88. Етістіктің шақ категориясы. Келе шақ түрлері, жасалуы.
48. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық ойындар.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.
Ойын – оқушы білімін берік меңгерту құралы. Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас жеткіншектердің білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады. Ойынды оқушылар сабақта шаршаған кездерде сергіту мақсатында емес, оларға берілген ұғым, түсініктерді берік меңгеру мақсатында да жүргізіледі.
Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің қолдану тиімділігі:
- жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге болады;
- сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;
- шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;
- өзіне деген сенімділік пайда болады;
- логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Мақсаты: Сабақ үрдісінде ойын түрлерін қолдану барысында оқушылардың бағдарламалық материалды жүйелі меңгеруіне ат салыса отырып, оқушылардың логикалық, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыта түсу.
Міндеттері:
- оқушылардың ойынға деген қызығушылығын оята білу;
- ойынды қажетті бағытта дұрыс қолдана білу;
- оқушылардың өздеріне деген сенімдігін сезіндіру
49. Грамматикалық мағынаның түрлері: берілу тәсілдері мен жолдары. Грамматикалық мағына сөздің түрленуі арқылы да, сөйлемдегі басқы сөздермен қарым-қатынастары арқылы да айтылады». Ең алдымен грамматикалық мағына – лексикалық мағынамен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін мағына емес, сөздің сол лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы туатын жалпы мағынасы. Лексикалық мағынаға қарағанда грамматикалық мағына одан кейін пайда болады. Атап айтқанда, грамматикалық мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болып, содан кейін сөйлеу процесінде сөздің жұмсалу мақсатына қарай оған әр түрлі тұлғалардың қосылуы арқылы немесе сөйлемде басқа сөздермен әр қилы қарым-қатынасқа түсуі арқылы үстеледі, демек, осының нәтижесінде екінші қатардағы мағына болып табылады. Сондай-ақ лексикалық мағынаның мәні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір-бірінен саралап, бөлуге негіз болса, грамматикалық мағына жалпы болады, жеке сөздерге ( формаға) ғана емес, солардың белгілі топтарына тән болатындықтан, сөздерді грамматикалық сипаты жағынан, жоғарыда көрсетілгендей, топтауға негіз болады. Оның үстіне сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе, грамматикалық мағына сөйлемдегі сөзде әдетте бірнешеу болады. Екіншіден, грамматикалық мағына, дұрыс көрсетіліп жүргендей, сөйлеу процесінде сөздің әр түрлі грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуінен де туады, көрінеді. Үшіншіден, грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздердің басқа сөздермен әр қилы қарым-қатынасынан да пайда болады. Бұлардың барлығы да грамматикалық мағына деп танылғанымен, олардың әрқайсысының мәні, сипаты, грамматикалық категория ұғымына қатысы, сөздің белгілі топтарға бөлініп, олардың грамматикалық сипатын айқындаудағы ролі бірдей емес. Сондықтан да грамматикалық мағына атаулыны жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына және қатыстық грамматикалық мағына деп үш түрге бөлуге болады. Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағынаны жалпы грамматикалық мағына деп атайды. Қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атайды. Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация , т.б. аналитикалы, қатыстық тәсілдер арқылы да беріле береді. Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атайды.
Грамматикалық тәсілдер
Грамматикалық мағыналар, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл-тілде түрлі-түрлі грамматикалық құралдар, амал-тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады.
Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері деген ұғым белгілі бір мағына типтерінің ( түрлерінің) не арқылы және қалай берілуінің тілдік қабат негізіндегі жиынтығы, тобы болып табылады да, ол өз ішінде жекелеген түрлерден тұрады. Міне грамматикалық мағынаның белгілі бір берілу тәсілінің бірнеше түрлері болуы мүмкін. Сол түрлер ол тәсілдің немесе мағына берілудің жолдары деп аталады.
Грамматикалық мағынаны білдірудің ең бірінші тәсілі – семантикалық тәсіл. Ол – сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып, жалпылануы арқылы іске асады. Сөйтіп, жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Екінші – синтетикалық тәсіл. Грамматикалық мағынаның синтетикалық тәсіл арқылы берілуінің тіл білімінде бірнеше жолы бар. Олар: қосымша қосылу жолы, яғни грамматикалық тұлғалардың ( формалардың) үстелуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс ( пристафка ) қосылу арқылы грамматикалық мағынаның берілуі ; ішкі флексия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алмасуы, қосылуы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; екпін арқылы, яғни екпіннің өзгеруімен грамматикалық мағынаның берілуі, супплетивті жол, яғни грамматикалық мағынаның жеке-жеке сөздер арқылы берілуі. Үшінші аналитикалық тәсіл. Аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі , жолы бар. Олар: негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі ( мысалы , алтын сағат, темір күрек, ағаш үй, шәкірт бала сияқты тіркестерде алғашқы зат атаулары алтын, темір, ағаш, шәкірт екінші зат атауын білдіретін сөздермен тіркесу арқылы заттық мағынада емес, қатыстық-сындық мәнде қолданылған ) негізгі сөз бен көмекші сөздің ( көмекші етістік, шылау, т.б) тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің қосарлануы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің орын тәртібі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, дауыс ырғағы, интонация арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Сондай-ақ аралас тәсілдер де болуы мүмкін яғни грамматикалық мағынаның берілуінде бір емес, бірнеше тәсілдің элементі болуы мүмкін.
грамматическое значение — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарғатән жинакты, дерексіз тілдік мағына. Морфология саласында сөз таптарынын жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлгалары мен сөздердін жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялардәрежесін сактай отырып, бір-бірінен езгеше болып келеді. Синтаксис саласында Грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-ак сөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінін әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді. Мысалы: семантикалық субъект пен объектінін мағынасы, құрмалас сәйлемдердін шылау аркылы байланысы т. б. Грамматикалық мағынаға сөз таптарында қалыптаскан жалпы сөзжасамдық мағыналарда жатады. Грамматикалық мағына сөздерге немесе сөздердін белгілі топтарына ғана тән, дерексіздігі әлсіз лексикалык мағыналардан өзгеше. Грамматикалық мағыналар жүйесі болмыстағы заггар мен құбылыстардын және олардын өзара байланыстары мен қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуі аркылы қалыптасады. Мысалы, қимыл ұғымы етістіктін жалпы мағынасымен бірге неғұрлым шағын категориялық мағыналарынын (шақ, жақ, етіс) дерексізденуінен туады.[1]Грамматикалық мағына референциялық (синтаксистік емес) және Реляциялық (синтаксистік) болып бөлінеді. Референциялық мағына тілден тыс болмыстағы заттар мен кұбылыстардың касиеттерін білдіреді, мысалы, көлемдік, мөлшерлік, қимыл-әрекеттік сиякты мағыналар. Ал реляциялық мағына сөз тіркесі мен сөйлем құрамындағы байланысты білдіреді.[2]
