- •Қазақтың ұлттық тілінің сипаттамасы, оның тармақтары.
- •13. Сын есім: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері.
- •А.Байтұрсыновтың қазақ тілі грамматикасына қатысты ұсынған терминдері, оның әдеби тілде алатын орны.
- •Зат есім: мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.
- •6. Қазақ тілі әдістемесі: зерттеу нысаны мен міндеттері.
- •7. Тілдің дыбыстық жүйесі және фонетикалық заңдылықтар.
- •8. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. Сөз мағыналарының дамуы.
- •9. Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаттығу жұмыстарының тиімділігі.
- •17. Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары.
- •19. Лексикология: зерттеу нысаны, мақсаты, салалары.
- •20. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері.Ерекше тұлғалық түрлері
- •22. Сөздердің морфологиялық құрылымы мен мағыналық бөлшектері (морфемалар).
- •23. 29. Сөз тіркесінің түрлері. Есімді тіркестер, олардың құрамы, мағынасы түрлері.
- •24. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері.
- •25. Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •28. Шылау сөздер туралы түсінік, түрлері. Септеулік шылаулар, түрлері, қызметі.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •30. Модульдік техн-я, мақсаты, міндеті, ерекшелігі
- •31. Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
- •32. Сөйлем мүшесі, оған тән белгілер, қызметіне, қолданысына қарай түрлері.
- •34. Одағай: басқа сөз таптарынан айырмашылығы, лексика-семантикалық топтары, қызметі.
- •35. Тұрақты тіркес: белгілері, оларды жіктеу туралы көзқарастар.
- •36. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рөлдік ойындар кешенінің маңызы.
- •38. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі, оның басқа тәсілдерден
- •39. Бағалау және оның ұстанымдары.
- •41. Айқындауыш және оның түрлері, қызметіне қарай ерекшелігі.
- •42. Сабақ жоспары: құрылымы, маңызы.
- •44. Күрделі етістіктер мен құранды етістіктердің жасалуы, айырмашылығы.
- •46. Етістіктің есімше және көсемше категориялары.
- •47. Сөйлемнің айтылу мақсатына, модальділігіне қарай түрлері.
- •48. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық ойындар.
- •50. Жай сөйлемнің құрылымына қарай түрлері, жеке сипаттама.
- •54. 57. Қатысымдық әдіс, оның ерекшелігі.
- •58. Екпін және оның түрлері.Қазақ тіліне тән екпін.
- •61. Зат есім сөзжасамы. Синтетикалық тәсіл.
- •62. Синтаксистік қатынас: предикаттық, айқындауыштық, анықтауыштық, адвербиалдық.
- •63. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу жолдары.
- •64. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Қазақ тіліне тән үндестік заңы, оның көріністері.
- •65. Толымды және толымсыз, жалаң және жайылма сөйлемдер.
- •66. Қазақ тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізудің әдіс-тәсілдері.
- •67. Көп компонентті құрмаластың түрлері.
- •68. Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері
- •70. Сөзжасамдық тарам мен сатының белгілері, ерекшеліктері.
- •71. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
- •72. Бақылау диктанты, жүргізу ерекшеліктері.
- •73. Ұлттық әдеби тіл, сипаты, тармақтары.
- •81. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары.
- •82.89. Түркі тілдерінің қалыптасу және даму кезеңдері (н.А.Баскаков жіктемесі).
- •83. 32. Сөйлем мүшелері. Тұрлаусыз мүше: белгілері, түрлері , жасалу жолдары.
- •85. Сабақтас құрмалас сөйлем, белгілері, жасалу жолдары, түрлері.
- •87. А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы.
- •88. Етістіктің шақ категориясы. Келе шақ түрлері, жасалуы.
50. Жай сөйлемнің құрылымына қарай түрлері, жеке сипаттама.
Жай сөйлем - бір немесе бірнеше сөз бе сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Негізгі ерекшелігі – құрамындағы сөздер өзара бір-біріме семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы,сөздердің орын тәртібі сақталады. Мысалы: таң атып келеді. Семантикалық жағынан жай сөйлем толық мағыналы сөздерден құралып, сөйлемнің мазмұнын айқындап тұруы керек. Жай сөйлем бірнеше түрге бөлінеді: Жақты, жақсыз, толымды, толымсыз, жалаң, жайылма, атаулы. Жақты сөйлем грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау септігінің сұрақтарын қою арылы білуге болатын сөйлемді айтамыз. олардың баяндауышы бастауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларында не жалғаулықсыз жақтық мағынада айтылады. Мысалы:Жақсыз сөйлем– бастауышы жоқ оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-әрекет баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлемдерді айтамыз. Жақсы сөйлемнің түрлері. Жақсыз сөйлемдердің түр-түрі олардың баяндауыштарына қарай айырылады. 1. –у, -мақ, тұйық райлы тұлғалы қимыл есімі мен керексөздерінен құралған баяндауышы бар сөйлемдер көбінесе жақсыз сөйлем болады. Мысалы: қол қусырып босқа отырмау керек. 2. барыс септікті тұйық райлы етістікке, есімше,көсемше тұлғалы етістікке бол етістігі көмекші болу арқылы жақсыз сөйлем жасалады. Мысалы: Тұқымды құрғатпай ақ себе беруге болады.3. Күрделі баяндауыш құрамында барыс септікті тұйық рай тұлғалы етістіктен кейін тура келукөмекшісі айтылу арқылы жақсыз сөйлем жасалады. Мысалы: Саған аздап досыңның желігін басуға тура келіп тұр. 4. Барыс септіктегі тұйық рай тұлғалы етістіктен болған күрделібаяндауыштың құрамында мүмкін (мүмкін емес) сөзі айтылу арқылы да сөйлем жақсыз болады. Мысалы: Сан жүздеген адамнан көшеде аяқ алып жүруге мүмкін емес. 5. Бірдеңені арман ете алмайтын күрделі баяндауышты сөйлемнің негізгі сөзі келер шақтық есімше (-р, -ар, -ер,) болып одан кейін сұраулы –ма, -ме, шылау мен көмекші –е етістігі айтылып та жақсыз сөйлем болады. Мысалы: Ана көк шөпке бауырыңды төсеп жатар ма едің! Толымды және толымсыз сөйлемдер. Ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем толымды болады да, ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған олқы сөйлемдер толымсыз сөйлем деп аталады. Атаулы сөйлембірқатар сөйлемдер сараланған бастауыг пен баяндауыштан құралмай, тек бастауыш ыңғайындағы сөзден, сөз тіркестерінен құралады: ТҮН. КЛУБ ТОЛЫ АДАМ. МУЗЫКА. Атаулы сөйлемдер осылай жеке сөзді не сөз тіркесін айрықша сөйлемдік интонациямен айту арқылы жасалады. Атаулы сөйлемдердің мазмұны осы шақтағы болмыстағы, құбылысты білдірумен байланысты болады. көбінесе көркем әдебиетте, табиғаттың суреті ретінде қолданылады. мысалы: Айдала, Көлдің биік қабағы. Әлсіз жел.
53.- 56. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Сөз мағынасын ауыстырудың жолдары.
Сөз мағынасы дамып, жетіліп отыратын тілдік құбылыс. Сөздің бастапқы атауыш немесе тура мағынасы сөздің басқа мағыналарына негіз болады. Сөздің затты, құбылысты тікелей атаудан туындайтын мағынасы атауыш (номинативті) мағына деп аталады. Ол мағына затты, құбылысты тікелей атап көрсететіндіктен кейде сөздің тура мағынасы деп те аталады. Тура мағынада қолданылатын сөздердің басқа сөздермен байланысы, ара - қатынасы сол өздері белгілейтін ақиқат болмыстағы заттар мен құбылыстар арасындағы байланысқа сәйкес келеді және олардың қолданыс аясы өте ауқымды, әрі еркін болады. Мысалы, келу етістігі Мен ауылдан кеше көлік жалдап келдім деген сөйлемдегі әр сөзбен тіркесіп жұмсала береді. Сол сияқты табу деген сөз жоғалған нәрсені (малды, затты, бұйымды) табу, жұмбақтың шешімін табу сияқты еркін тіркес жасауға актив қатысады.
Атауыштық тура мағынадағы сөздер басқа сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсіп отыратындықтан, сөздің жеке тұрып беретін мағынасы еркін мағына болып та табылады. Мысалы, ай, күн, тау, жел, ағаш, орман сөздерінің әрқайсысында заттық ұғымдарды білдіретін денотаттық тура атауыш мағына да, еркін тіркесімділік сипатқа ие еркін мағына да бар. Сөздің жеке тұрып білдіретін, тілдің қазіргі деңгейінде тіл иесіне түсінікті тура, атауыштық, денотаттық мағынасы сөздің тұрақты негізгі мағынасы болып танылады.
Сөздің ақықат болмыспен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып жататын мағынасын тіл білімінде денотаттық мағына деп атайды. Денотаттық мағына айналадағы заттың, құбылыстың адамның сезім мүшелеріне әсер етуіне негізделетін, көрнекті нақты ойлауға қатысты қабылдаудан туындайтын ұғым негізінде қалыптасқан ақиқат дүниенің обьективті бейнесі. Мәселен, лақты ешкі дегенде тыңдаушыға өзі көзімен көрген, сезіміне әсер еткен егіз лақ ерткен қара ешкінің, ақ лақты тоқал ешкінің, көк лақты ақ ешкінің, сұр лақ ерткен желіні жер сызған бөрте ешкінің т.б. бейнесі елестейді. Мұндағы ешкі, лақ деген жалпылама атаулар әр тыңдаушының көрнекі, бейнелі ойлауына байланысты ешкі, лақтың нақты бейнесін беретін белгі, нышандармен (тоқал, ақ, қара, бөрте, желінді т.б.) айқындалады, нақтылық сипат алады.
Денотат дегеніміз белгілі бір сөзді айтқанда, ойымызға оралатын зат (құбылыс) немесе оның ерекше белгілері. Денотат көбінесе сөздің тура (атауыштық) мағынасында сақталады.
Сөздің тура атауыш мағынасының негізінде туып өрбіген ауыс, нақты, абстракті мағыналары сөздің лексикалық мағыналарының түрлері болып табылады және олар туынды атауыштық сипатқа ие.
Сөздің атауыштық негізгі мағынасын басқа бір затқа, құбылысқа атау етіп ауыстырып қолданудан туындағын мағынаны сөздің ауыс мағынасы деп атайды. Мысалы, көз деген сөздің адам мен жан-жануарлардың дене мүшесінің бірін білдіретін мағынасы тұрақты, негізгі, бастапқы, тура, денотаттық, еркін мағына. Ал күннің көзі, бұлақтың көзі, көз жауын алады (жайнап тұр) дегендердегі көз сөзінің білдіретін мағыналары бастапқы тура мағына негізінде өрбіген ауыспалы мағыналар.
Тура мағынадан келесі бір ұғымды беру үшін ауысқан мағына біртіндеп солғындағанда, білдіретін ұғымда да азды-көпті реңкілік өзгерістер орын ала бастайды. Мысалы, Шалкиіздің:
Батыр жігіт жау бастар,
Аға жігіт қол бастар - деп келетін жолдарда,
немесе Махамбет ақынның:
Исатай деген ағам бар,
Ақ кіреуке жағам бар- дегеніне,
немесе Доспамбет жыраудың:
Азаулының Аймәдет ер Доспамбет ағаның
Хан ұлынан несі кем?
Би ұлынан несі кем?
Азаулыда аға болған ерлер көп еді,- деген жыр жолдарына жүгіне отырып, Р.Сыздық қазақ тілінде аға сөзі “жасы үлкен ер адам” деген тура, негізгі мағынасымен қатар ертеректе “бас, басшы, ел (ру, тайпа, халық) басшысы, әскери басшы (қол басы)” деген ауыспалы мағынада жиі қолданылып, терминдік сипатта жұмсалғанын, бертін келе, XVIII-XIX ғасырларда, бұл сөздің “қолбасшы, әскери басшы” мағынасы солғындап, ол ауыспалы мәнде қолданылғанда “жасы үлкен, сыйлы, құрметті адам” деген ұғымда жұмсала бастағанын айтады [64.16-18].
