Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап ГОС тілден.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183 Кб
Скачать
☆

66. Қазақ тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізудің әдіс-тәсілдері.

Сабақтан тыс жұмыстарға пәндік үйірмелер, факультатив, спорт секциялары, кештер және пән аптплықтары жатады. Сыныптан тыс жұмыстардың басты мақсаттар мынадай: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; Бағдарлама материалын жан жақты терең білу; Оқушыларды өзіндік және ғылыми зерттеу жұмыстарының ең қарапайым дағдыларына бағындыру. Ары қарай өздерің айтыңдар, бар табылған материал осы. Еш ренжу болмасын.

67. Көп компонентті құрмаластың түрлері.

Негізінен үш және одан да көп сөйлемнен тұрып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді көп компонентті сөйлемдер деп атайды. Оның негізгі үш түрі бар:

1. Көп компонентті салалас құрмалас;

2. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас;

3. Аралас құрмалас.

Ал мұндай сөйлемдерді бір-бірімен мағыналық қатынастарына қарай атау мүмкін емес. Өйткені ондағы компоненттердің бір-бірімен мағыналық қатынастары әр түрлі болып келеді.

Біз көп компонентті құрмаластың ішінде аралас құрмалас туралы сөз қозғалып кеткендіктен, тек алғашқы екі түріне ғана тоқталмақпыз.

Көп компонентті салалас

Бұл сөйлем құрамындағы компоненттердің баяндауыштары тең дәрежеде, тиянақты болып келеді. Алғашқы компонент пен келесі тұрған компонент мезгілдік қатынасты білдірсе, соңғы сөйлемі мен алдыңғы сөйлемі қарсылық мағына беруі мүмкін. Сондықтан оны мағыналық қатынастарына қарай жіктеу мүмкін емес.

Бұл жөнінде 1997 жылы К.Садирова «Қазіргі қазақ тіліндегі көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер» деген тақырыпта диссертация қорғаса, 1999 жылы С.Айтжанова осы тақырыпқа қатысты зерттеу еңбек жазды ( 3,26 ).

Сонымен бірге көп компонентті салалас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді.

Жұмыс көп, қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп /Ғ.Мұстафин/.

Көп бағыныңқылы сабақтас

Құрамында үш не одан да көп бағыныңқы сөйлемі бар құрмаластың түрі көп бағыныңқылы деп аталады. Құрамындағы алдыңғы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақсыз келеді де, соңғы сөйлемінің баяндауыштары тиянақты болып келеді. Бұлар да бірде жалғаулықты, бірде жалғаулықсыз келеді. Көп бағыныңқылы сабақтас жөнінде 1972 жылы О.Төлегеновтың мақаласы жарық көрді (61).

Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем екі түрлі жолмен байланысады. Біріншісі - жарыспалы байланысу. Бұл сөйлем құрамындағы әрбір жай сөйлем басыңқы сыңарға жарысып, тікелей байланысады. Мысалы: Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгел орындалып болған-ды /М.Әуезов/.

Екінші байланысу түрі - сатылай байланысу. Мұнда алдыңғы сөйлем келесі сөйлемге, ол сөйлем соңғы сөйлемге біртіндеп сатылай байланысады. Олар қыстан қоңсыз шыққан арық-тұрық мал жайын ойлап, күннің қабағына қарап, қай ауыл бастап көшер екен деп, біріне-бірі қарайлап отырғанда, ұсақ мал төлдеп қалды /Ә.Нұрпейісов/.

68. Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері

Түркі тілдеріндегі септік жалғауларын грамматикалық септік (негізгі, ілік, барыс-бағыттық, табыс) және көлемдік септік (барыс-бағыттық, жатыс, шығыс) тобына бөледі. Септік категориясын грамматикалық және көлемдік деп екі топқа бөлуге негіз болатын сипаты олардың білдіретін мағынасы, атқаратын қызметі, шығу, даму тарихымен бірге септік тұлғаларының сөздерді бір бірімен байланыстырып, сөз тіркесінің типін құрау мәнінінің ерекшелігінен де көрінеді. Атап айтқанда грамматикалық септіктің (атау, ілік, табыс) тұлғаларын өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзге бағындырып, бағыныңқы сөзді басқымен байланыстырып қана қоймайды, ол екінші сөздің де белгілі грамматикалық тұлғада я категориялық тұлғада болуын талап етіп, екінші жағынан басыңқы сөздер бағыныңқымен байланысқа түсіріп тұрады. Ал мұндай қасиет көлемдік септік тұлғаларында байқалмайды. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің тұлғалары(жалғаулары) өзі жалғанған сөзді екінші сөзбен (көбіне етістікпен, кейде есіммен де, мысалы: малға бай, үйден үлкен, үйде бала, түзде дана, құрбымен әзіл т.б.) семантикасына сәйкес сабақтаса байланыстырады. Бірақ өзі сөз тіркесінің басыңқы компонентінің грамматикалық тұлғасына не семантикасына әсер етпейді, оның формалық сипатына бейтарап болады, яғни бұл септік формасында тұрған сөз тіркесінің екінші сөзіне оның қандай тұлғада тұруына қарамай ақ меңгеріле береді де, ол сөздердің арасындағы бір жақты ғана байланыстың көрсеткіші болады.