- •Қазақтың ұлттық тілінің сипаттамасы, оның тармақтары.
- •13. Сын есім: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері.
- •А.Байтұрсыновтың қазақ тілі грамматикасына қатысты ұсынған терминдері, оның әдеби тілде алатын орны.
- •Зат есім: мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.
- •6. Қазақ тілі әдістемесі: зерттеу нысаны мен міндеттері.
- •7. Тілдің дыбыстық жүйесі және фонетикалық заңдылықтар.
- •8. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. Сөз мағыналарының дамуы.
- •9. Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаттығу жұмыстарының тиімділігі.
- •17. Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары.
- •19. Лексикология: зерттеу нысаны, мақсаты, салалары.
- •20. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері.Ерекше тұлғалық түрлері
- •22. Сөздердің морфологиялық құрылымы мен мағыналық бөлшектері (морфемалар).
- •23. 29. Сөз тіркесінің түрлері. Есімді тіркестер, олардың құрамы, мағынасы түрлері.
- •24. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері.
- •25. Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •28. Шылау сөздер туралы түсінік, түрлері. Септеулік шылаулар, түрлері, қызметі.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •30. Модульдік техн-я, мақсаты, міндеті, ерекшелігі
- •31. Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
- •32. Сөйлем мүшесі, оған тән белгілер, қызметіне, қолданысына қарай түрлері.
- •34. Одағай: басқа сөз таптарынан айырмашылығы, лексика-семантикалық топтары, қызметі.
- •35. Тұрақты тіркес: белгілері, оларды жіктеу туралы көзқарастар.
- •36. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рөлдік ойындар кешенінің маңызы.
- •38. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі, оның басқа тәсілдерден
- •39. Бағалау және оның ұстанымдары.
- •41. Айқындауыш және оның түрлері, қызметіне қарай ерекшелігі.
- •42. Сабақ жоспары: құрылымы, маңызы.
- •44. Күрделі етістіктер мен құранды етістіктердің жасалуы, айырмашылығы.
- •46. Етістіктің есімше және көсемше категориялары.
- •47. Сөйлемнің айтылу мақсатына, модальділігіне қарай түрлері.
- •48. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық ойындар.
- •50. Жай сөйлемнің құрылымына қарай түрлері, жеке сипаттама.
- •54. 57. Қатысымдық әдіс, оның ерекшелігі.
- •58. Екпін және оның түрлері.Қазақ тіліне тән екпін.
- •61. Зат есім сөзжасамы. Синтетикалық тәсіл.
- •62. Синтаксистік қатынас: предикаттық, айқындауыштық, анықтауыштық, адвербиалдық.
- •63. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу жолдары.
- •64. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Қазақ тіліне тән үндестік заңы, оның көріністері.
- •65. Толымды және толымсыз, жалаң және жайылма сөйлемдер.
- •66. Қазақ тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізудің әдіс-тәсілдері.
- •67. Көп компонентті құрмаластың түрлері.
- •68. Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері
- •70. Сөзжасамдық тарам мен сатының белгілері, ерекшеліктері.
- •71. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
- •72. Бақылау диктанты, жүргізу ерекшеліктері.
- •73. Ұлттық әдеби тіл, сипаты, тармақтары.
- •81. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары.
- •82.89. Түркі тілдерінің қалыптасу және даму кезеңдері (н.А.Баскаков жіктемесі).
- •83. 32. Сөйлем мүшелері. Тұрлаусыз мүше: белгілері, түрлері , жасалу жолдары.
- •85. Сабақтас құрмалас сөйлем, белгілері, жасалу жолдары, түрлері.
- •87. А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы.
- •88. Етістіктің шақ категориясы. Келе шақ түрлері, жасалуы.
9. Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаттығу жұмыстарының тиімділігі.
Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады.
10. – 53. – 56. Сөйлем. Оның негізгі грамматикалық белгілері, анықтамасы, ол туралы көзқарастар.
Сөйлем – синтаксис ғылымының басты зерттеу нысаны. Қазақ тіл білімінде синтаксистің объектісі сөз тіркесі мен сөйлем деп берілгенмен, сөйлемнің орны қай жағынан болса да ерекше. Біріншіден, адам ойын жарыққа шығарады, екіншіден, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады және тілдік жүйедегі негізгі мақсаттарды орындайтын бірден-бір тілдік бірлік болып табылады. Тек сөйлем арқылы ғана біз ойымызды екінші біреуге жеткізіп, өзара пікірлесе аламыз. Қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев т.б. еңбектерінде синтаксистің нысаны сөйлем деп қарастырса, профессор М.Балақаев оған сөз тіркесін қосады. Сонымен синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем деп танылып келгенімен профессор Қ.Есенов оған күрделенген сөйлемдерді, Б.Шалабай мәтін мәселесін қосуды ұсынады. А.Ж.Жақыпов синтаксистің объектісі сөз тіркесінен басталып, сөйлеммен шектелмеуі тиіс деп, синтаксистің нысаны – сөз формаларынан басталуы тиіс дейді [29;111]. Сөйлем қарым-қатынас құралы бола отырып, өзіндік белгілерімен нақтыланады, атап айтқанда: предикативтілік, коммуникативтілік, модальділік және иннотация. Бірақ бұл белгілер бірден қалыптасқан жоқ. Іргелі дамыған орыс тілінің өзінде В.В.Виноградов сөйлемнің негізгі белгілері ретінде тек предикативтілік пен иннотацияны ғана жатқызып келді. Кейін оған модальділік пен коммуникативтілік те қосылып, аясы ұлғая бастады. Сөйлемнің негізгі белгісі туралы профессор Т.Сайранбаев: «Сөйлемнің негізгі белгісі ретінде предикативтілік, модальділік және интонация – үшеуін бірдей жатқызу орынды деп санаймыз. Предикативтілікке көбінесе тек жақ, шақ мәселесі ғана негіз болады. Осы екеуі арқылы предикативтілік жүзеге аса алады»- дейді [42;6]. Ал модальділік белгісі ретінде – рай категориясы, модаль сөздер мен демеуліктер және интонацияны көрсетеді. Профессор Р.С.Әміров «Жай сөйлемдер синтаксисі» деген еңбегінде: «Бастауыш-баяндауыштың қатынасы – предикативтілік қатынас деп аталады. Тілде осы предикативтілік қатынасқа үзбей ілесіп жүретін грамматикалық формалар болады. Олар бірнешеу және бәрі де көбінесе баяндауыш мүшенің құрамынан орын алады. [10;56], - деп шақтық формасы мен жақтық формасына қоса рай формасын да көрсеткен. Предикативтіліктің сөйлемге тән басты белгі екенін көрсетеді.
Предикативтілік. Сөйлемді сөйлем ретінде танытатын белгінің бірі ретінде предикативтілік аталады. Сөйлемнің предикативтілік қасиеті туралы зерттеулер қай тілде болмасын аз емес. Тілші-ғалымдар сөйлем атаулының қандай түрі болмасын предикативтілік қасиетке ие және бұл оның басты белгісі болып саналады деп есептейді. «Предикативтілік – синтаксистің негізгі единицасы болып табылатын сөйлемнің функционалдық ерекшелігін танытатын синтаксистік категориясы; хабарды шындыққа қатысты етіп, сол арқылы сөйлемді единица ретінде қалыптастыратын сөйлемнің ең басты, шешуші белгісі, синтаксистің құзырына енетін барлық единицаларға сөйлемді қарама-қарсы қойып зерттеуге арналған категория» [37;392].
Предикативтілік сөйлемді формальдық, құрылымдық (структуралық) тұрғыдан қарайтындар үшін – бастауыш пен баяндауыштың немесе синтаксистік бас мүшелердің қатынасы, сөйлемді семантикалық құрылым тұрғысынан қарайтындар үшін – логикалық бас мүшелер деп есептелетін субъект пен предикаттың қатынасы, ал сөйлемді коммуникативтік құрылым ыңғайында зерттеушілер үшін – тема мен реманың (актуалдық мүшелердің) қатынасы ретінде танылады.
Модальділік. Сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа қатынасы модальділік болып табылады. Яғни сөйлеуші ақиқат шындыққа қалай қарайды, оған қандай сипаттама береді, оны қалай түсінеді – модальдық қатынастың мәні, міне осында. Модальділік, ең алдымен, сөйлемде көрінеді. Сөйлемнің модальділік қасиеті иннотация арқылы, етістіктің рай, шақ көрсеткіштері, түрлі етістік жұрнақтары, түрлі демеулік, тіпті сөздердің орны тәртібі, сондай-ақ қыстырма мүшелер арқылы да беріледі.
Коммуникативтілік. Сөйлемді қатынас құралы болу тұрғысынан сипаттау. Адам бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды. Тіл бірліктерін коммуникативтілік аспектіде, контекст, ситуация және сөйлеудің даилогтік формасында қарастыру қолға алынып жатыр.
Сөз тіркесі, сөйлем мүшесі сөйлемді құрайтын құрылымдық компоненттер болғанымен, бұлар пікір алысу дәрежесіне көтеріле алмайды. Адамдар арасындағы қарым-қатынас сөйлемдер арқылы жүзеге асады. Тіл сөйлем ғана қарым-қатынастың (коммуникативтілік) негіз болып табылады. Сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің коммуникативтік дербестігі жоқ, бірақ құрылымдық дербестігі бар. Бұлар дара жұмсала алмайды, тек коммуникативтік дербестігі бар тұлғалардың (жай сөйлем, құрмалас сөйлем, синтаксистік шалым, текст) құрылымдық компоненті ретінде ғана танылады.
Интонация. Сөйлем біршама аяқталған ойды білдіргендіктен, оның өзіндік иннотациясы болады. Ол қарым-қатынастың мақсатын білдіреді, яғни сөйлемнің хабарлы, сұраулы, бұйрықты әлде лепті мәнмен айтылатындығы сөйлем бойынан тұтастай көрінетін иннотациядан байқалады. Сондай-ақ сөйлемнің өн-бойынан ғана көрінетін мұндай иннотацияда сөйлеушінің көңіл-күйі, айтылған ойы және сыйластық, салқын сыпайылық, енжарлық, мысқыл, ризашылық, құрмет, күдік, күмән, сенімсіздік, үміт т.б. сияқты тыңдаушыға қатысы байқала алады.
Интонацияның бұл рөлі тілдегі модальдық категориясымен шектесіп жатыр.
Сөйлем қарым-қатынас құралы бола отырып, өзіндік белгілерімен басқа тілдік бірліктерден (сөз, сөз тіркесі) нақтыланады. Бұл белгілердің әрқайсысы жеке-жеке жұмсалмай, барлығы бірлікте келіп, сөйлемнің сөйлемдік қасиетін нақтылайды.
11. Тілдердің типологиялық классификациясы. Қазақ тілінің типологиялық белгісі. Салыстырмалы-тарихи зерттеу - өзара туыстас, төркіндес тілдер семьясын жеке-жеке зерттегені болмаса, әр семьяға жататын тілдерді бір-біріне салыстыра жинақтап қарау, сөйтіп, дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ типтік сипаттарды ашу ісінде дәрменсіз болды. Ал жалпы тіл білімі тек тілдер туыстастығын айқындауды ғана көздемейді, ол дүниежүзіндегі тілдердің жалпы адамзаттық сипаттарын, типтес белгілерін ашып, тіл атаулының барлығын да қамти алатын типологиялық классификация жасауды да қажет етеді. Осы мақсатты іске асыру үшін салыстырмалы-тарихи зерттеумен замандас салыстырудың екінші түрі, типологиялық салыстыру дүниеге келді. Тіл білімінде зерттеудің бұл түрі салыстырмалы әдіс, типологиялық әдіс, кейде типологиялық тіл білімі деп те аталады. Дүние жүзіндегі тілдердің типологиялық белгілерін айқындап, тілдерді сол белгілеріне қарай жіктеуді алғаш ұсынған неміс романтиктерінің көсемі Фридрих Шлегель. Ол 1809 жылы жарық көрген «Тіл және үнділердің даналығы» дейтін еңбегінде сөз тұлғасын түрлендіретін қосымшалардың бар-жоқтығына, сөздердің тұлғалық құбылысқа түсудегі сипатына қарай тілдерді флективті, агглютинативті деп екі топқа бөледі.
1.Даралаушы тип.қытай, тибет, бирма, батыс Аф. Кейбір тілдері. (Сөздер түрленебейді, негізгі тәсіл қабысу, қиысу кездеспейді, сөз тудыруда ең басты тәсіл біріктіру т-і) 2.Полисинтетикалық тип индеецтер, чукот. Басқа типте сөйлеммен берілетін ой бұл типте бір сөзбен берілуі мүмкін. 3.Агглютинативті тип. Түркі, моңғол, угро-фин. (аффикстердің әрқайсысы бір грамматикалық мағынаға ие болады да, бірінен кейін бірі жалғана береді. Жаз, жазу, жазушы. Сөздің морф\қ құрамы өзгергенімен сөз түбірінің құрамы өзгермейді. 4. Флективті тип. Орыс, неміс, араб, грек. (ішкі флексия(избегеть\избежат) мен қатара аффиксация(охотник,охотники) тәсілі де қолданылады. Агглю. Типте аффикстер бір грам. Мағына болса, бұнда бірнеше грам. Мағынаға ие. Охотники «и» әрі септік әрі көптік мағынасын білдіреді.
16. Ашық рай және шақ категориясы, осы шақтың түрлері, жасалу жолдары. Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады. Ашық рай –қимыл, іс-әрекет үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірін білдіретін рай түрі. Демек, ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі – қимыл іс-әрекеттің объективті шындыққа қатысты болу-болмауының сөйлеп тұрған сәтпен (шақпен) байланысты өтіп кеткенін, өтіп жатқанын, әлі өтпегенін, бірақ өтетін сипатын білдіру, сөйтіп, ашық рай, бір жағынан, етістіктің рай категориясының бір түрі болса, екінші жағынан, бір өзі етістіктің шақ категориясын құрайды. Осыған байланысты райдың басқа түрлерінен айырмашылығы тікелей ашық рай жасайтын арнайы қосымшалары жоқ болып келеді. Демек, шақ категориясы дегеніміз, екінші жағынан, ашық рай категориясы мен оның түрлерішеңберінде қарастырылады.
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын білдіреді.
Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері:
1) Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді.
2) Әр дайым қайталанып тұратын дағдылы іс-әрекетті көрсетеді. Басқа шақ түрлеріне қарағанда осы шақтың жасалуында кейбір ерекшелік бар. Ол қалып етістіктерінің отыр, тұр, жатыр, жүр негізгі етістік мәнінде немесе негізгі етістіктің көсемше (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п) тұлғасына қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесіп тікелей жіктеліп барып жасалуында, бұлар грамматикаларда нақ осы шақ деп беріледі. Осыдан
1 жак жекеше
I білетінмін
айтатынмын
айтатып едім
ІІ білетінсің
айтатыпсың
айтатып едің
білетінсіз
айтатыпсыз
айтатын едіңіз
ш білетін, айтатын, айтатын еді
анық көірінетіндей, осы шақтың бұл түрі қазіргі кезде арнайы грамматикалық тұлғалар арқылы жасалмай, қалып етістіктерінің негізінде немесе көмекші етістік мәнінде жіктеліп келуінен жасалады.
Осы шақтың түрлері. Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екі түрге бөлінеді.
Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттіңсөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.
а) Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады.
Нақ осы шақтың жіктелуі:
жақ жекеше
I Отыр-мын, тұр-мын, жатыр-мын, жүр-мін
II Отыр-сың, тұр-сың Отыр-сыз, тұр-сыз
III Отыр, тұр, жатыр, жүр
көпше
Отыр-мыз, тұр-мыз, жатыр-мыз, жүр-міз Отыр-сыңдар, тұр-сыңдар Отыр-сыздар, тұр-сыздар Нөлдік тұлға
ә) Нақ осы шақтың күрделі түрі етістіктіңа, -е, -й, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемше түрімен отыр, тұр, жатыр, жүр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады.
Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі:
жақ жекеше көшне
I Тыңдап тұрмын Тыңдап отырмыз
II Тыңдап отырсыздар Тыңдап отырсыңдар
Тыңдап отырсыз Тыңдап отырсыздар
III Тыңдап отыр Нөлдік тұлға
Ауыспалы осы шақ қимыл іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады.
Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрі етістікке -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Ауыспалы осы шақтың жіктелу үлгісі
жақ
жекеше көпше
Айтамын Айтамыз
Айтасың Айтасыңдар
Айтасыз Айтасыздар
Айтады
