- •Қазақтың ұлттық тілінің сипаттамасы, оның тармақтары.
- •13. Сын есім: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері.
- •А.Байтұрсыновтың қазақ тілі грамматикасына қатысты ұсынған терминдері, оның әдеби тілде алатын орны.
- •Зат есім: мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.
- •6. Қазақ тілі әдістемесі: зерттеу нысаны мен міндеттері.
- •7. Тілдің дыбыстық жүйесі және фонетикалық заңдылықтар.
- •8. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. Сөз мағыналарының дамуы.
- •9. Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаттығу жұмыстарының тиімділігі.
- •17. Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары.
- •19. Лексикология: зерттеу нысаны, мақсаты, салалары.
- •20. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері.Ерекше тұлғалық түрлері
- •22. Сөздердің морфологиялық құрылымы мен мағыналық бөлшектері (морфемалар).
- •23. 29. Сөз тіркесінің түрлері. Есімді тіркестер, олардың құрамы, мағынасы түрлері.
- •24. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері.
- •25. Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •28. Шылау сөздер туралы түсінік, түрлері. Септеулік шылаулар, түрлері, қызметі.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •30. Модульдік техн-я, мақсаты, міндеті, ерекшелігі
- •31. Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
- •32. Сөйлем мүшесі, оған тән белгілер, қызметіне, қолданысына қарай түрлері.
- •34. Одағай: басқа сөз таптарынан айырмашылығы, лексика-семантикалық топтары, қызметі.
- •35. Тұрақты тіркес: белгілері, оларды жіктеу туралы көзқарастар.
- •36. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рөлдік ойындар кешенінің маңызы.
- •38. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі, оның басқа тәсілдерден
- •39. Бағалау және оның ұстанымдары.
- •41. Айқындауыш және оның түрлері, қызметіне қарай ерекшелігі.
- •42. Сабақ жоспары: құрылымы, маңызы.
- •44. Күрделі етістіктер мен құранды етістіктердің жасалуы, айырмашылығы.
- •46. Етістіктің есімше және көсемше категориялары.
- •47. Сөйлемнің айтылу мақсатына, модальділігіне қарай түрлері.
- •48. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық ойындар.
- •50. Жай сөйлемнің құрылымына қарай түрлері, жеке сипаттама.
- •54. 57. Қатысымдық әдіс, оның ерекшелігі.
- •58. Екпін және оның түрлері.Қазақ тіліне тән екпін.
- •61. Зат есім сөзжасамы. Синтетикалық тәсіл.
- •62. Синтаксистік қатынас: предикаттық, айқындауыштық, анықтауыштық, адвербиалдық.
- •63. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу жолдары.
- •64. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Қазақ тіліне тән үндестік заңы, оның көріністері.
- •65. Толымды және толымсыз, жалаң және жайылма сөйлемдер.
- •66. Қазақ тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізудің әдіс-тәсілдері.
- •67. Көп компонентті құрмаластың түрлері.
- •68. Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері
- •70. Сөзжасамдық тарам мен сатының белгілері, ерекшеліктері.
- •71. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
- •72. Бақылау диктанты, жүргізу ерекшеліктері.
- •73. Ұлттық әдеби тіл, сипаты, тармақтары.
- •81. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары.
- •82.89. Түркі тілдерінің қалыптасу және даму кезеңдері (н.А.Баскаков жіктемесі).
- •83. 32. Сөйлем мүшелері. Тұрлаусыз мүше: белгілері, түрлері , жасалу жолдары.
- •85. Сабақтас құрмалас сөйлем, белгілері, жасалу жолдары, түрлері.
- •87. А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы.
- •88. Етістіктің шақ категориясы. Келе шақ түрлері, жасалуы.
17. Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары.
Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Мысалы, 20 ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық және фразеологиялық бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Осы тұрғыдан Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық (негізгі сөздік қорға енетіндер) және жалпыхалықтық емес (пассив қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді. Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеум. жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады. Сөздік қор, тілдің негізгі сөздік қоры – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйтқысы. Сөздік құрамға тілде бұрыннан қалыптасқан, сондай-ақ кейін пайда болған барлық сөздер енсе, сөздік қорға ең қажетті ұғым-түсініктерді қамтыған, сол тілде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті сөздер ғана кіреді. Сөздік құрамға қарағанда сөдік қордағы сөздердің көлемі шағын болады. Қазақ тілінің сөздік қорында түркі тілдеріне ортақ, бір буынды және көп мағыналы байырғы сөздер бар. Негізгі сһздік қорға қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы төл сөздері енеді: туыстық атаулары (ата, құда, нағашы); мал (сиыр, түйе, құлын); хайуанат (қасқыр, түлкі, қоян); ағаш (қарағай, емен, тобылғы); киіз үй (шаңырақ, кереге, уық); заттың сапалық, сындық атаулары (жақсы, қатты, жылы), т.б. Ежелден тілге әбден сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған кірме сөздер де (кітап, ғылым, намаз) сөздік қорға жатады. Сөздік қордың басты белгісі – тұрақтылық, онда жалпыхалықтық сипат басым келеді. Сөздік қордағы сөздер жаңа сөз тудыруға ұйтқы болып, сөздік құрамды байытады. Мысалы, жер сөзінен жершіл, жерлес, жер үй, жертөле, т.б. сөздер жасалған. Негізгі сөздік қорға стильдік қабаттасулар тән емес, оларды стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды.
18. Дебат сабағы оны ұйымдастыру жолдары. Жаңа технологияның әдістерін оқып-үйрену негіздерініңМұғалімнің ғылыми – педагогикалық білімін тереңдетіп, іскерлік шеберлігін арттыру мақсатында Л.С.Выготскийдің, В.В.Давыдовтың, Д.Б.Элькониннің «Дамыта оқыту», Ж.Қараевтың «Үш өлшемді», М.Жанпейісованың «Модульдік», Н.Оразахынованың « Сатылай кешенді талдау» технологиясын, сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының оқушы белсенділігі мен қызығушылығын арттыруға арналған әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен сабақтарында пайдалануда.Бұл технологияларды сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда тиімді қолданып жүрген мұғалімдеріміз бірталай.Мақсаты: Жаңа технологияны оқып-үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгеошілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсету.Міндеттері: білім берудің мазмұнын жаңарту мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру оқыту мен тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу ғылымға мән беру
· оқытудың озық технологиясын меңгеру
· оқушының жеке қасиеттерін аша білу
· білімді тереңдетуге жағдай туғызу
· оқушының өз бетімен ізденуіне көңіл бөлу
· дамыта, сатылай кешенді, деңгейлеп, модульдік оқытуға қол жеткізу
· шығармашылық тұлға қалыптастыруПедагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың нәтижесінде оқушы :
· өз ойын ашық айтады
· тұлға ретінде қалыптасады
· өзін-өзі бағалай біледі
· өз ісіне жауапкершілікпен қарайды
· ортақ шешімге келеді
· еңбекке араласады
· бірін-бірі сыйлайды, санасады Технология – шеберлік туралы ғылым деген ұғымды білдіретін грек сөзі. Жаңа технология дегеніміз – педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары. Оқыту технологиясы білім берудің тииімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде сипатталады. Дебат технологиясы. Карл Поппердің дебат технологиясы тілдік тұлғаның қалыптасуына көмектеседі. Бұл технология оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады, сонымен бірге зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады. Дебат технологиясына құрылған зерделік ойынға екі топ қатысады/бекітуші топ және даттаушы топ.
