- •Қазақтың ұлттық тілінің сипаттамасы, оның тармақтары.
- •13. Сын есім: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері.
- •А.Байтұрсыновтың қазақ тілі грамматикасына қатысты ұсынған терминдері, оның әдеби тілде алатын орны.
- •Зат есім: мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.
- •6. Қазақ тілі әдістемесі: зерттеу нысаны мен міндеттері.
- •7. Тілдің дыбыстық жүйесі және фонетикалық заңдылықтар.
- •8. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. Сөз мағыналарының дамуы.
- •9. Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаттығу жұмыстарының тиімділігі.
- •17. Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары.
- •19. Лексикология: зерттеу нысаны, мақсаты, салалары.
- •20. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері.Ерекше тұлғалық түрлері
- •22. Сөздердің морфологиялық құрылымы мен мағыналық бөлшектері (морфемалар).
- •23. 29. Сөз тіркесінің түрлері. Есімді тіркестер, олардың құрамы, мағынасы түрлері.
- •24. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері.
- •25. Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •28. Шылау сөздер туралы түсінік, түрлері. Септеулік шылаулар, түрлері, қызметі.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •30. Модульдік техн-я, мақсаты, міндеті, ерекшелігі
- •31. Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
- •32. Сөйлем мүшесі, оған тән белгілер, қызметіне, қолданысына қарай түрлері.
- •34. Одағай: басқа сөз таптарынан айырмашылығы, лексика-семантикалық топтары, қызметі.
- •35. Тұрақты тіркес: белгілері, оларды жіктеу туралы көзқарастар.
- •36. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рөлдік ойындар кешенінің маңызы.
- •38. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі, оның басқа тәсілдерден
- •39. Бағалау және оның ұстанымдары.
- •41. Айқындауыш және оның түрлері, қызметіне қарай ерекшелігі.
- •42. Сабақ жоспары: құрылымы, маңызы.
- •44. Күрделі етістіктер мен құранды етістіктердің жасалуы, айырмашылығы.
- •46. Етістіктің есімше және көсемше категориялары.
- •47. Сөйлемнің айтылу мақсатына, модальділігіне қарай түрлері.
- •48. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық ойындар.
- •50. Жай сөйлемнің құрылымына қарай түрлері, жеке сипаттама.
- •54. 57. Қатысымдық әдіс, оның ерекшелігі.
- •58. Екпін және оның түрлері.Қазақ тіліне тән екпін.
- •61. Зат есім сөзжасамы. Синтетикалық тәсіл.
- •62. Синтаксистік қатынас: предикаттық, айқындауыштық, анықтауыштық, адвербиалдық.
- •63. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу жолдары.
- •64. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Қазақ тіліне тән үндестік заңы, оның көріністері.
- •65. Толымды және толымсыз, жалаң және жайылма сөйлемдер.
- •66. Қазақ тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізудің әдіс-тәсілдері.
- •67. Көп компонентті құрмаластың түрлері.
- •68. Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері
- •70. Сөзжасамдық тарам мен сатының белгілері, ерекшеліктері.
- •71. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
- •72. Бақылау диктанты, жүргізу ерекшеліктері.
- •73. Ұлттық әдеби тіл, сипаты, тармақтары.
- •81. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары.
- •82.89. Түркі тілдерінің қалыптасу және даму кезеңдері (н.А.Баскаков жіктемесі).
- •83. 32. Сөйлем мүшелері. Тұрлаусыз мүше: белгілері, түрлері , жасалу жолдары.
- •85. Сабақтас құрмалас сөйлем, белгілері, жасалу жолдары, түрлері.
- •87. А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы.
- •88. Етістіктің шақ категориясы. Келе шақ түрлері, жасалуы.
70. Сөзжасамдық тарам мен сатының белгілері, ерекшеліктері.
1.Сөзжасамдық саты деп негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік аталады. Мысалы, ой-ойла-ойлан-ойландыр-ойландырт деген туынды түбірлердің әрқайсысы бір саты саналады. Ұяның түр негіз сөзі сатыға кирмейді,саты құрамайды. Бір түп негізден басталып, бірінен бірі тікелей туындаған түбірлер қанша болса ұяда сонша саты болады. Ғылымда сж саты екі тұрғыда сипатталады: көлденең қатардағы сатылар және тік қатардағы сатылар. Тік қ с бір ұядағы барлық тізбекке қатысты.
Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп болады. Сөзжасамдық ұяның ең кішісінде бір, екі сөз болады. Мысалы, пай-пайшы, пән-пәндес, пән-пәндік, бық-бықтыр-бықтырт-бықтырқыз, бық-быққыз. Келтірілген 3 ұяның ең азында бір сөзжасамдық жұп бар, ол пай-пайшы. Пән деген түп негізден тараған ұяда екі жұп бар: 1. Пән-пәндес, 2. Пән-пәндәк. Ал бық негізінен тараған ұяда 4 жұп бар, олар: 1. Бық-бықтыр, 2. Бықтыр-бықтырт, 3. Бықтырт-бықтыртқыз, 4. Бық-быққыз.
Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы аталады. Мысалы, өр түп негізден жасалған ұяда 5 сөзжасамдық тарам бар, олар: 1. 1-сатыдағы: өрбі, өргіз, өрдір, өріс, 2. 2-сатыдағы: өріссіз, өрісті, өрісте, өрісшіл, өрістес, 3.3-сатыдағы: өрістел, өрістен, өрістет, 4. 4-сатыдағы: өрістік, өрістілік, 5. 5-сатыдағы: өрістетіл, өрістеңкіре.
71. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
Үстеу туралы арнайы еңбек жазған - профөссор А.Ысқақов. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер» атты еңбегі бар. Бес тараудан тұратын бұл еңбектің I тарауында үстеулердің зерттелуі мен оқытылуы, II тарауда үстеулердің сөз табы ретіндегі өзіне тән белгілері, сын есім мен үстеудің ортасында жүрген аралық сөздер мен үстеу құрамындағы кейбір кенерген қосымшалардың қолданылуы қарастырылған. III тарауда үстеудің мағыналық топтарына тоқталса, IV тарауда үстеулердің морфологиялық белгілерін, туынды үстеулердің жасалу жолдарын, үстеудің шырай формаларын, үстеу жасайтын басқа да сөз таптарының қызметі туралы сөз етеді. V тарауды «үстеулер синтаксисі» деп атап, оны үш салада қарастырады: 1) үстеулердің сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалуы, 2) үстеулердің басқа сөз таптарымен тіркесу дәрежесі, 3) үстеулердің сөйлемдегі орны. Ғалым біріншіден, үстеулердің сөйлемде пысықтауыш, анықтауыш, баяндауыш қызметте жұмсалатынын дәлелдейді. Екіншіден, үстеулердін басқа сөз таптарымен тіркесу қабілеті қандай деген сұраққа олардың етістіктер, сын есімдер, есімдіктер және зат есімдермен тіркесін атайды. Сондай-ақ үстеулердің мағыналық топтарының аталған сөз таптарыньің қайсысымен тіркесе алатынына да тоқталады, А.Ысқақов үстеулердің сөйлемдегі орны туралы былай дейді: «үстеулер сөйлемде көбінесе пысықтауыш пен анықтауыш қызметін атқарып, өзі қатысты болып тұрған сөздің алдында тұрады».
72. Бақылау диктанты, жүргізу ерекшеліктері.
Бұл диктанттың мақсаты – оқушылардың грамматика тақырыптарын қандай
дəрежеде меңгергенін жəне сауаттылық деңгейінің қандай болғанын анықтау. Бақылау диктантын жүргізу үшін мұғалім күні бұрын тапсырмалар беріп, жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Қайталауға тиісті ережелерді көрсетіп, үйге өз беттерінше даярлануға үйге тапсырмалар береді. Олардың орындалу барысын үнемі қадағалап отырады. Түсініксіз немесе шала қабылданған материалдар сыныпта қайта талқыланылып, оқушы біліміндегі ақаулар түзетіледі. Мұндай дайындық жұмыстары бақылау диктантының сапалы өтуіне əсерін тигізеді. Бақылау диктантына арналған мəтін мүмкіндігінше мағыналық тұтастықта болғаны дұрыс. Диктант мына жүйеде жүргізіледі. Мұғалім балаларды үзіліс кезінде жазылып қойылған диктант тақырыбымен таныстырады. Диктант мəтінін дауыстап бір рет оқып береді. Жазуда қандай ережелерді басшылыққа алу керектігі қысқаша ескертіледі. Əрбір сөйлемді мұғалім үш рет қана қайталап оқиды. Бірінші оқыған кезде оқушылар жеке сөздерді сөз тіркестерін немесе сөйлемді көңіл тыңдап, олардың мағынасын ұғып, жадында сақату керектігі ескертіледі. Екінші рет оқыған кезде балалар
сөйлемді жазуға кіріседі. Алғашқы сөйлемнің сөзді қайырымнан (абзац) басталатыны түсіндіріледі. Үшінші рет қайталағанда, олар жазған сөйлемнің дұрыстығын тексеріп, тыныс белгілерін қоюы тиіс. Мұғалім балалардың тегіс жазып отыруын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы аяқтасымен, келесі сөйлемді оқуға кіріседі. Дəл осы сөйлемде кездесетін жазылуы қиын сөздерді немесе ережесі өтілмеген сөздерді тақтаға жазып, оның жазылуына зер
салуларын ескертеді. Тақтаға жазылған сөздер көп болса, бастауыш класс оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты бір сөздің орнына екіншісін шатастырып көшіруі мүмкін. Сондықтан сөйлемді оқушылар жазып бітісімен, тақтадағы сөздер өшіріліп тасталғаны дұрыс. Балалар жазған диктант мəтінін бір рет оқиды. Оқушылар мұғалімге ілесе отырып
жазғандарын тексеріп шығады. Қателерді түзетеді. Диктант мəтіндегі сөздері анық, бір қалыпты естілуі үшін мұғалім сыныпты аралап жүрмей, бір орында тұрып оқығаны дұрыс. Диктантты тексеріп, бағалау 2-3 күннен аспауы тиіс. Өйткені оқушылар өз жұмыстарыың нəтижесін асыға күтеді. Əдетте бақылау жұмысында екі сағат бөлінеді. Бірінші сағатта диктант жазылса, екіншісінде қатемен жұмыс жүргізіледі. Қатемен жұмыс. Бастауыш сынып оқушыларының жұмысында жиі кездесіп жүрген қателердің түрі негізінен мына төмендегідей болып келеді.
1. Əріптердің емлесін білмеуден (ы-і, ү-і, у-ю, і-у, ы-у, ы-у-ю, і-ю, п-б, н-ң, қ-ғ, м-н, т.б.);
2. Бас əріптің емлесін білмеуден (əсіресе жалқы есім мен жалпы есімді көп
шатастырады);
3. Шылаулар мен септік жалғауларын ажырата алмаудан; 4. Сұраулық шылауларды соларға ұқсас жұрнақтармен шатастырудан (барма,
бардың ба);
5. Қос сөздің, біріккен өздің, қысқарған сөздің емлесін білмеуден;
6. Күрделі сын есім. Күрделі етістіктердің жазылу емлесін білмеуден;
7. Шылаудың қызметін жəне емлесін білиеуден;
8. Сөздерді дұрыс буынға бөлуді білмегендіктен, тасымалдай алмаудан;
9. Үндестік заңын білмеуден;
10. Қосарлы дауссыздардың бір сыңарын тастап жазудан;
11. Бастауыш пен баяндауштың арасына қойылатын сызықшадан;
12. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін білмеуден,
13. Диалогты сөздерді жаза білмеуден;
14. Қаратпа, қыстырма, одағайлардың тыныс белгілерінен.
Міне, жоғарыдағы қателіктер оқушылардың жазба жұмыстарында кездесіп отырады. Осы орын алып отырған олқылықтарды жою үшін көптеген жұмыс түрін жүргізуге тура келеді.
