- •«Кедендік қызмет» «кедендік ұйымдардағы қызмет» түсінігі:
- •Кеден қызметкерлерінің құқықтық мәртебелер
- •2014 Жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 16 310,5 млн ақш долларын құрап, 2013 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 19,3%-ға азайды.
- •Кеден органдарына қызметке алу тәртібі.
- •Кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі. Кедендік бақылау кезінде тәуекелді басқару жүйесін қолдану
- •1998 Жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 307-бабының ескертуінде лауазымды адамның түсінігі берілген.
- •Кеден төлемдері ұғымы мен түрлері. Кедендік төлемдер мен салықтар
- •Кедендік бақылау жүргізу нысандары мен тәртібі.
- •Кедендік бақылаудың құралдары. Кедендік бақылау жүргізу кезінде техникалық құралдарды, су және әуе кемелерін пайдалану
- •Кедендік құқықтық қатынастар ұғымы мен түрлері.
- •Құқықтық қатынастардың түрлері:
- •Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер.
- •Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық, сауда, кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы
- •Тауарлар номенклатурасының халықаралық негізін құрайтын құқықтық құжаттар.
Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер.
Осы Кодексте кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп: 1) тарифтік преференциялар; 2) тарифтік жеңілдіктер (кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер); 3) салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер; 4) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер түсініледі. 2. Тауарларды кедендiк декларациялағаны үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп түсініледі. 3. Тарифтік преференциялар Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес табыс етіледі. Тарифтік жеңілдіктердің түрлері, оларды беру тәртібі мен жағдайлары Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкесайқындалады. Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес қабылданған Кеден одағы органдарының шешімдерімен тарифтік жеңілдіктерді беру Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны анықталған жағдайларда, тарифтік жеңілдікті сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган береді. Тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін, сондай-ақ тарифтік жеңілдіктер беру тәртібі мен шарттарын сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендiк алымдар бойынша жеңілдіктер осы Кодекске сәйкес айқындалады. Салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады. 4. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтар мен кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер оларды салудан босату түрінде беріледі. 4-1. Кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатында кеден органдары Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарымен бірлескен актілерінде айқындалатын тәртіппен өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. 5. Кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер, осы Кодекстің 122-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сипатта бола алмайды. 6. Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерінде кедендік алымдар бойынша жеңілдіктер беруге тыйым салынады. 122-бап. Кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер
1. Кедендік алымдарды салудан: 1) жүктердi, багажды және жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама пункттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдарының авариясын (бұзылуын) жоюға байланысты шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк; 2) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн Қазақстан теңіз кемелерінің немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (жалға алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi; 3) ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылық болып табылатын банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар; 4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін басқа тауарлар; 5) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн (медициналық мақсаттар үшін арнайы жасалған жеңіл автомобильдерден басқа) тауарлар; 6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерін жасау үшін әкелетiн шикізат;
Кедендік төлемдер мен салықтардың түсінігі мен түрлері. Кедендік төлемдер мен салықтар
1. Кедендік төлемдер мен салықтарға: 1) кедендік әкелу бажы; 2) кедендік әкету бажы; 3) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын қосылған құн салығы; 4) Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын акциз (акциздер); 5) кедендік алымдар (тауарларды кедендік декларациялау үшін, алып жүру үшін кедендік алымдар, алдын ала шешім үшін төлем) жатады. 2. Төлеушiлер, кедендiк баждарды есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден заңнамасында айқындалады. 3. Төлеушілер, кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салықтарын, акциздерді есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады. 4. Төлеушiлер, кедендiк алымдарды төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндiрiп алу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу жөніндегі жеңілдіктер осы Кодексте айқындалады. 5. Кеден органдары алатын арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді және, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын алу үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен алынады. 6. Жеке тұлғалар жеке мақсаттары үшін өткізетін тауарларға қатысты осы бөлім осы Кодекстің 56-тарауына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
114-бап. Кедендік баж ставкаларының түрлері
Кедендік баж ставкалары мынадай түрлерге: 1) салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайызбен белгіленген – адвалорлық; 2) заттай көрінісіндегі физикалық сипаттамаларына (саны, массасы, көлемі немесе өзге сипататтамаларына) қарай белгіленген - өзіндік ерекше; 3) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген түрлерді ұштастыратын құрамдастырылған болып бөлiнедi.
115-бап. Кедендік алымдар
1. Тауарларды шығарумен, тауарларды кедендік алып жүрумен байланысты іс-әрекеттер жасағаны, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де іс-әрекеттер жасағаны үшін кеден органдары өндіріп алатын міндетті төлемдер кедендік алымдар болып табылады. 2. Кедендік алымдардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 3. Кедендік алымдардың мөлшері кедендік алымдар белгіленген іс-әрекеттерді жасағаны үшін кеден органдарының шамамен алынған шығындарының құнынан аспауға тиіс.
116-бап. Кедендік алымдардың түрлері
Кедендік алымдарға: 1) тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар; 2) кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар; 3) алдын ала жасалған шешім үшін төленетін ақы жатады.
Кеденлік тексеріп қарау. Кедендік тексеріп қарау
1. Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамдарын немесе көлік құралының жүк тиелетін жайларын не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды салынған кедендік пломбаларын немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын бұза отырып ашуға, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін бөлшектеуге және өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзуға байланысты іс-әрекеттері кедендік тексеріп қарау болып табылады. 2. Кедендік тексеріп қарауды жүргізуге уәкілетті кеден органының лауазымды адамы, мұндай тұлғалар белгілі болса, декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғаны кедендік тексеріп қараудың жүргізілетін жері және уақыты туралы хабардар етеді. Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері, осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, өз бастамасы бойынша кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға құқылы. Кедендік тексеріп қарауды жүргізудің басталу уақыты мұндай адамдардың келуінің ақылға қонымды мерзімдерін ескеруге тиіс. 3. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеріп қарау барысында және (немесе) көшпелі кедендік тексеру барысында жүзеге асырылатын кедендік тексеріп қарау кедендік бақылау аймақтарын құрмай жүргізілуі мүмкін. 4. Кеден органы лауазымды адамдарының талабы бойынша декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажетті жәрдем көрсетуге міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілеттік берген өкіл болмаған жағдайда, көлік құралын жүргізетін жеке тұлға осы міндетті атқарушы болып табылады 5. Кеден органы декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері болмаған кезде, мынадай жағдайларда: 1) көрсетілген тұлғалар келмеген не мұндай тұлғалар белгісіз болған кезде; 2) ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікке, адамның, жануарлардың өмірі мен денсаулығына, эпизоотиялық ахуал туындау қаупі, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени игілігі объектілерін сақтауға қауіп болған кезде және кейінге қалдыруға болмайтын өзге де мән-жайларда, соның ішінде егер тауарлар тез тұтанғыш заттар, жарылғыш қауіпті нәрселер, жарылғыш, уландырғыш, қауіпті химиялық және биологиялық заттар, есірткі құралдары, психотроптық, қатты әсер ететін, улы, уытты, радиоактивті заттар, ядролық материалдар және басқа да ұқсас тауарлар болып табылатын белгілері бар болса, сондай-ақ егер тауарлар жағымсыз иіс шығаратын болса; 3) тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жөнелту кезінде; 4) тауарлардың әкетілуін көздейтін кедендік режимді бұза отырып, оларды Кеден одағының кедендік аумағында қалдыру кезінде кедендік тексеріп қарауды жүргізуге құқылы. Көрсетілген жағдайларда кедендік тексеріп қарау екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі. 6. Кедендік тексеріп қарау нәтижелері бойынша Комиссияның шешімімен белгіленген нысан бойынша екі дана етіп кедендік тексеріп қарау актісі жасалады. Кедендік тексеріп қарау актісінде мынадай мәліметтер: 1) кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды адамдары және оны жүргізу кезінде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер; 2) декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар болмаған кезде кедендік тексеріп қараудың жүргізілу себептері; 3) кедендік тексеріп қарау нәтижелері; 4) акт нысанында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі. Актінің екінші данасы тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға не оның өкіліне бұзушылық анықталған жағдайда немесе оның талап етуі бойынша тапсырылады (жіберіледі).
Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау
1. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құны экспортқа сату кезінде іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс мәміле бағасының негізінде айқындалады. 2. Тауардың кедендік құнын айқындау кезінде мәміле бағасына, егер бұрын енгізілмеген болса, мынадай шығыстар: 1) тауарды әуежайға, портқа немесе Кеден одағының кедендік аумағынан әкететін өзге жерге дейін жеткізу жөніндегі шығыстар: тасымалдау құны; тауарларды тиеу, түсіру, қайта тиеу және ауыстырып тиеу жөніндегі шығыстар; 2) сақтандыру құны; 3) сатушы шеккен шығыстар; комиссиялық және брокерлік сыйақылар; егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес контейнерлер немесе айналымға көп түсетін басқа да ыдыстар бағаланатын тауарлармен біртұтас зат ретінде қаралса, олардың құны; буып-түю материалдары мен буып-түю жөніндегі жұмыстардың құнын қоса алғанда, буып-түю құны; 4) бағаланатын тауарларды сатудың шарты ретінде сатушының тікелей немесе жанама түрде төлеуіне жататын, бағаланатын тауарларға байланысты лицензия бергені үшін роялти және алымдар, егер мұндай роялти және алымдар іс жүзінде төленген немесе төленуге тиісті бағаға қосылмаған болса; 5) кейіннен қайта сатудан сатушыға тікелей немесе жанама түрде түсетін кірістің бір бөлігі, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын мемлекеттерде алынған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынатын кіріс; 6) егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге байланысты сатушыға өтем төлеуге жатпаса, Қазақстан Республикасының аумағында алынатын салықтар енгізіледі. 3. Тауардың кедендік құнын айқындау кезінде, бұрын мәміле құнына енгізілген және құжатпен расталуы мүмкін жағдайда, мынадай төлемдер мен шығыстар: 1) жабдықтарды монтаждау, жинау, жөндеу немесе мұндай жабдықтарды Кеден одағының кедендік аумағынан әкеткеннен кейін техникалық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстар; 2) тауарларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкеткеннен кейін оларды жеткізу жөніндегі шығыстар; 3) тауарларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкеткеннен кейін оларды жеткізуді сақтандыру құны; 4) импорт елінде төленетін кедендік баждар мен салықтар мәміле бағасынан алып тасталады. 4. Мәміле бағасы болмаған кезде, әкетілетін тауарлардың кедендік құны әкетілетін тауарды өндіруге немесе иеленіп алуға, сақтауға және тасымалдауға байланысты шығындар туралы экспорттаушы-сатушының бухгалтерлік құжаттамасының декларант берген үзінді көшірмесі негізге алынып айқындалады. Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген шығыстар да ескеріледі. 5. Әкетілетін тауардың мәлімделген кедендік құнын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, мұндай тауардың кедендік құнын кеден органдары бірдей немесе біртекті тауарлар бойынша қолда бар мәліметтер негізінде не тәуелсіз сараптама нәтижелері негізінде айқындайды.
