- •«Кедендік қызмет» «кедендік ұйымдардағы қызмет» түсінігі:
- •Кеден қызметкерлерінің құқықтық мәртебелер
- •2014 Жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 16 310,5 млн ақш долларын құрап, 2013 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 19,3%-ға азайды.
- •Кеден органдарына қызметке алу тәртібі.
- •Кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі. Кедендік бақылау кезінде тәуекелді басқару жүйесін қолдану
- •1998 Жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 307-бабының ескертуінде лауазымды адамның түсінігі берілген.
- •Кеден төлемдері ұғымы мен түрлері. Кедендік төлемдер мен салықтар
- •Кедендік бақылау жүргізу нысандары мен тәртібі.
- •Кедендік бақылаудың құралдары. Кедендік бақылау жүргізу кезінде техникалық құралдарды, су және әуе кемелерін пайдалану
- •Кедендік құқықтық қатынастар ұғымы мен түрлері.
- •Құқықтық қатынастардың түрлері:
- •Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер.
- •Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық, сауда, кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы
- •Тауарлар номенклатурасының халықаралық негізін құрайтын құқықтық құжаттар.
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық, сауда, кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы
Сыртқы экономикалық қызметтің түсінігі мен маңызы. Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы) сыртқы экономикалық қызметтің сыртқы сауда және өзге де түрлерін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын жүзеге асыру, кедендік статистиканы жүргізу үшін қолданылады.
77-бап. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізу
1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестiрiлген жүйесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына негізделеді. 2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Комиссия бекітеді. 3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы шешімдерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Комиссия қабылдайды. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған өзгерістер енгізу туралы шешімді Комиссия жариялайды. 4. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын техникалық жүргізу Кеден одағы Кеден кодексінің 51-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
СЭҚТН, құрлысы, тауарлардың топталуы. 77-бап. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізу
1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестiрiлген жүйесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына негізделеді. 2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Комиссия бекітеді. 3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы шешімдерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Комиссия қабылдайды. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған өзгерістер енгізу туралы шешімді Комиссия жариялайды. 4. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын техникалық жүргізу Кеден одағы Кеден кодексінің 51-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
78-бап. Тауарларды сыныптау
1. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде олар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша сыныпталуға жатады. 2. Кеден декларациясында мәлімделген тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді, бақылау-өткізу пункттерінің және мамандандырылған кедендік мекемелердің лауазымды адамдарын қоспағанда, кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады. Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органы тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалатын жағдайларда, тауарларды шығарғанға дейін кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады. Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органы осы Кодекстің 21 және 24-тарауларында белгіленген тәртіппен жүргізілетін тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады. 2-1. Тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланыла отырып қабылданған тауарларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау, егер кеден органы кедендік тексеру барысында: 1) кедендік декларациялау кезінде декларант ұсынған құжаттарда тауарларды дұрыс сыныптамауға ықпал еткен анық емес не толық емес мәліметтер бар екенін анықтаған; 2) тауарлар шығарылғанға дейін кеден органының лауазымды адамының тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісін анықтаған жағдайларда тауарлар шығарылғаннан кейін жүзеге асырылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда тауарлардың коды өзгертілген кезде, кеден органы қайта қараған, тауарларды сыныптау жөніндегі шешімді қабылдау күні кедендік баждар мен салықтарды төлеудің басталу мерзімі деп есептеледі. Кеден органының тауарлар шығарылғанға дейін қабылдаған тауарларды сыныптау жөніндегі шешімінің күші тауарлар шығарылғаннан кейін қабылданған, кеден органының тауарларды сыныптау жөніндегі шешімді қабылдау күнінен бастап тоқтатылады. 3. Тауарларды шығарғанға дейін де, оларды шығарғаннан кейін де тауарлардың дұрыс сыныпталмауы анықталған жағдайда, осы баптың 2-тармағында айқындалған кеден органының лауазымды адамы тауарларды сыныптауды жүзеге асырады және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдайды. 4. Тауарларды сыныптау деп қарастырылатын тауарларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша нақты тауарлық позицияларға, субпозицияларға және кіші субпозицияларға кезең-кезеңмен жатқызу түсініледі. Тауарларды сыныптау мына негізгі критерийлердің: 1) тауар орындайтын функция; 2) тауар жасалған материал негізінде жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібі. Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген критерийлерге сәйкес тауарлар толығымен өндірілген немесе жеткілікті түрде өңделген (қайта өңделген) ел тауарлар шығарылған ел болып есептеледі. Бұл ретте тауарлар шығарылған ел деп елдер тобы, не елдердің кеден одақтары не, егер тауарларды шығарған елді айқындау мақсаты үшін оларды бөліп көрсету қажеттілігі болса, елдің өңірі немесе бөлігі түсініледі. 2. Тауарлар шығарылған елді айқындау кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану тауарлар шығарылған елге байланысты болған барлық жағдайларда жүргізіледі. 3. Тауарлар шығарылған елді айқындау тауарлар шығарылған елді айқындау ережелерін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тауарлар шығарылған ел туралы алдын ала шешім қабылдай алады. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу
1. Барлық тұлғалар Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте белгіленген ережелерді сақтай отырып, тең негізде тауарларды Кеден одағыныңкедендік шекарасы арқылы өткізуге құқығы бар. 2. Тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізіледі. Тауарлардың жекелеген санаттары, оның ішінде керек-жарақтар, жеке пайдалануға арналған тауарлар, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары үшін осы Кодекспен және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарыменоларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізудің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін. 3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар Кеден одағыныңкеден заңнамасында және осы Кодексте белгіленген тәртіппен кедендік бақылауға жатады. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары және олардың лауазымды адамдары Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделмеген талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқылы емес. 4. Дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның филиалдары әкелетін және әкететін валюта (оның ішінде шетел валютасы) және тазартылған алтын түріндегі құндылықтарды, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарларды, тірі жануарларды, радиоактивті материалдарды, жарылғыш заттарды, халықаралық пошта жөнелтілімдерін, экспресс-жүктерді, гуманитарлық және техникалық көмекті, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлар мен материалдарды және осындай басқа да тауарларды және уәкілетті экономикалық операторлар әкелетін тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және осы аумақтан әкету кезінде кедендік декларацияны беру алдындағы кедендік операциялар бірінші кезекте жасалады.
Тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізудің негізгі қағидалары. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу
1. Барлық тұлғалар Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте белгіленген ережелерді сақтай отырып, тең негізде тауарларды Кеден одағыныңкедендік шекарасы арқылы өткізуге құқығы бар. 2. Тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізіледі. Тауарлардың жекелеген санаттары, оның ішінде керек-жарақтар, жеке пайдалануға арналған тауарлар, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары үшін осы Кодекспен және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарыменоларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізудің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін. 3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар Кеден одағыныңкеден заңнамасында және осы Кодексте белгіленген тәртіппен кедендік бақылауға жатады. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары және олардың лауазымды адамдары Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделмеген талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқылы емес. 4. Дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның филиалдары әкелетін және әкететін валюта (оның ішінде шетел валютасы) және тазартылған алтын түріндегі құндылықтарды, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарларды, тірі жануарларды, радиоактивті материалдарды, жарылғыш заттарды, халықаралық пошта жөнелтілімдерін, экспресс-жүктерді, гуманитарлық және техникалық көмекті, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлар мен материалдарды және осындай басқа да тауарларды және уәкілетті экономикалық операторлар әкелетін тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және осы аумақтан әкету кезінде кедендік декларацияны беру алдындағы кедендік операциялар бірінші кезекте жасалады. Ескерту. 242-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
243-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары
1. Өткізу пункттері не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де орындар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары болып табылады. 2. Жолаушыларды, көлік құралдарын және тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылым объектілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқаруына беруге құқылы.
