Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kedendlik__1179__1201__1179_y_1179_bilet.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230 Кб
Скачать
☆

1998 Жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 307-бабының ескертуінде лауазымды адамның түсінігі берілген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы 1997 жылғы 18 шілдедегі №10 қаулысында өз қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған лауазымды адам деп — қызмет парызы бойынша кедендік және шекаралық бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен басқа құнды заттар және нәрселерді қарауға тиісті ықпал жасайтын және шекарадан өтуге рұқсат беретін адамды айтады. Өзінің қызмет бабын пайдаланып осылай контрабанда жасауға ықпал еткен адамдардың әрекеті лауазымдық қылмыс туралы қылмыстық заң баптары бойынша қосымша саралауды талап етпейді. Өзінің қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған басқа лауазымды адамдарға жалпы негізде, яғни лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық заң нормаларын қолдану көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша және аталған саралау белгілеріне сілтемесіз ҚК-нің контрабанда туралы баптарының тиісті бөліктері бойынша жауапкершілік жүктеледі.

Кеден органдарындағы мемлекеттік қызметтің түрлері. Кеден органдарының біртұтас жүйелі принципі бірыңғай принциптермен тығыз байланысты, онда кедендік істің қалыптасуы мен ұйымдастырылуы негізделген: бірыңғай кедендік саясат, бірыңғай кедендік территория, бірыңғай кедендік заңдар, бірыңғай тарифтік реттеу және оның экономикалық саясат шараларымен сәйкестігі қарастырылған. Олар бәрі бірігіп Қазақстан Республикасы негізгі Конституциясының, оның бірыңғай экономикалық кеңістігінің принциптерінің негізін қалайды: бірізділігін, құрылымын, иерархиялығын, қоршаған ортамен өзара тәуелді.

Кедендік қызметті ұйымдастырудың негізгі элементі болып кедендік қызметтің оптималды құрылымын таңдау және оның органдарының еліміздің аумағына орналастырылуы болып табылады. Кедендік қызмет Қазақстан Республикасындағы кедендік органдардың біртұтас жүйесі ретінде құрылып, қызмет атқарады.

Егеменді Қазақстандағы кедендік орта ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, кедендік іспен, кедендік саясатпен және лайықты құқықтық қатынастармен көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кедендік кодексіне1 сай Қазақстан Республикасы кедендік қызметте. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тауар және көлік құралдары, кедендік төлемдер мен салықтар алу, кедендік құжаттау, кедендік бақылау мен кедендік саясаттың енуі және Қазақстан Республикасының кеден органдарының негізгі қызметін құқықтық ұйымдастыру тәртібі мен шарты енген.

Кедендік ортаның қызметтерін басқа мемлекеттік қызметтен жекелеуге болмайды, олардың өзара байланысы объективті негізді және заңдылық келбет алу керек.

Кедендік қыхмет пен кедендік саясат негізін қалаушы институт болып табылғандықтан, осы саладағы мемлекеттік қызметтің қазіргі жағдайларын және кедендік ортаның барлық мәселелерін көрсетеді. Көп уақыттан бергі сыртқы экономикалық қызметтегі мемлекеттік монополия өзгертілді. Заңмен анықталған жағдайдан басқа барлық кезде, Қазақстан Республикасында тауарлар мен көлік қатынастарын кіргізу және шығаруға құқығынан ешкім айрылған емес.

Сыртқы экономикалық қызметтегі либерализация сыртқы нарыққа тікелей шығу құқығын алған кәсіпорындар, мекемелер, ұыйдар немесе заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер, азаматтар ортасын кеңейтті. Осыған сай мақсатқа жету бағыныдағы мемлекеттің қызметі халықаралық тауар алмасу, жұмыстар, қызмет көрсету, ақпараттандыру, танымдық қызметтің нәтижесі, кәсіпкерлікті реттеу біршама өсті.

Кедендік саясатты сыртқы экономикалық қызметтегі мемлекеттік реттеудің, кедендік төлемдердің және олардың кедендік шекаралардан өтетін тауарларға қолданатын жүйелі мақсатты бағыттағы, біртекті жолмен пайда болған бөлігі ретінде қарасақ, онда кедендік ортаның жалпы мәселелерін, кедендік саясаттың мақсаты мен кедендік қызметтің дұрыс жолға қойылуының маңызын байқауға болады.

Кеден органдарындағы экспорттық, импорттық және валюталық бақылау. 1. Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн, сондай-ақ резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу талаптарын (оның ішінде келісімшарттың сомасына қатысты асып кеткен жағдайда келісімшарттың есептік нөмірін алу талап етілетін шекті мәнін) айқындайды.       Экспорттық-импорттық валюталық бақылау – бұл уәкілетті банктер, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) және басқа да мемлекеттік органдар резиденттердің шетел және ұлттық валютаны репатриациялау талабын (бұдан әрі – репатриациялау талабы) орындауын қамтамасыз ету мақсатында өз құзыреттері шеңберінде жүзеге асыратын шаралар кешені.       Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібі репатриациялау талабының орындалуын бақылаудың негізгі және қосымша (жеке жағдайлардан) рәсімдерінен және оларды аяқтау талаптарынан, репатриациялау талабының орындалуын бақылаудың мақсаттары үшін келісімшарттар бойынша ақпарат алмасудан, сондай-ақ өтпелі ережелерден тұрады. тауарларды экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кедендік аумағы ішінде алып өтуді растайтын құжаттары мыналар болып табылады:       1) тауарларды импорт үшін Кеден одағының кедендік аумағы ішінде алып өткен кезде, Салық кодексінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті ресімдеу көзделген кезде – тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (Қазақстан Республикасы салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар қағаз жеткізгіште);       2) қалған жағдайларда:       тауарды өзара сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кеденді рәсім арқылы алып өтуді растайтын, тауарларға арналған декларация;       тауарлардың өткізілуін және (немесе) жұмыстардың орындалуын (қызметтердің көрсетілуін) растайтын акт;       нақты өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактуралар, инвойстар;       Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлар экспортын растау үшін тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (аумағына тауарлар импортталған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар қағаз тасымалдағышта).

Кеден органдарының қылмыстық істі қозғауы. Кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу.

Кеден бақылауы аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттік органдардың (кеденнен басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың орын ауыстыруы, сонлай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз осы аймақта кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру не кеден бақылауы аймағының режимiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде,- ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiңде айыппұл салута әкеп соғады.

Тауарлар және көлiк құралдарын әкелу кезiнде Қазақстан Республикасының кеден шскарасынан өтетiнi туралы хабарламау.

Тауарлар және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелген кезде Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетiндiгi туралы Қазақсган Республикасының кеден органына хабарламау, ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалауды жүзеге асырған кезде:        1) қылмыстық іс жүргізуде адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау;        2) экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күреске бағытталған заңдардың қолданылуын қадағалау;        3) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздарды және хабарларды қабылдау, есепке алу, тіркеу, шешу кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалау;        4) есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған заңнамалардың қолданылуын қадағалау;        5) қылмыстың ұйымдасқан нысандарына, терроризм мен экстремизмге қарсы күреске бағытталған заңдардың қолданылуын қадағалау;        6) қылмыскерлікке қарсы күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөнінде құқықтық органдардың үйлесімділігін қамтамасыз ету прокуратура органдарының басымды бағыттары болып табылады.

Кеден органдарының анықтама органы ретіндегі құзіреті. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен кедендiк ақпараттық-есептеу орталығы, кедендiк зертханалар, кинологиялық, оқу-әдiстемелiк, ғылыми-зерттеу және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерi, жоғары кәсiби және қосымша бiлiм беретiн бiлiм мекемелерi, сондай-ақ қызметi Қазақстан Республикасындағы кеден iсi Кодексіне сәйкес кеден органдарына жүктелген мiндеттердi шешуге жәрдемдесетiн мемлекеттiк кәсiпорындар құрылады.

Кеден органдарының кеден органдарына тән танымдық туы және танымдық белгiсi болады.

Кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгiсiнiң сипаттамасын және қолданылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттiң мүдделерiн қорғау, халық тарапынан сенiм мәселелерiне басымдық берiп, өкiлдi органдар мен жұртшылық беретiн сыртқы бағалау тетiктерiн айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейiнiң рейтингтiк бағасын енгiзiп, есептiлiк және қызметтi бағалау жүйесiн жетiлдiредi, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлi нысандарын белгiлейдi.

Кеден органдары қызметiнiң принциптерi

Кеден органдарының қызметi:

1) заңдылық;

2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және эаңды мүдделерiн қамтамасыз ету;

3) баршаның заң алдындағы теңдiгi;

4) жариялылық принциптерiнде құрылады.

Қазақстан Республикасындағы кеден iсi (кедендiк реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие кеден одағының кедендiк аумағының бөлiгiнде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзумен, оларды кеден одағының бiрыңғай кедендiк аумағында кедендiк бақылауда тасымалдаумен уақытша сақтаумен кедендiк декларациялаумен, кедендiк рәсiмдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендiк бақылау жүргiзумен, кедендiк төлемдердi және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетiлген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығын iске асыратын тұлғалар арасындағы билiк қатынастарын реттеу танылады.

Кеден органдарының құқық қорғау және атқарушы билік органдары ретінде түсінігі. Қазақстан Республикасының кеден органдары Заңдық түсініктер (категориялар) заңдық құбылыстың ашатын қысқа анықтаулар екені белгілі. Кеден органы түсінігін, оның іс — әрекетінің құқықтық негіздерін және мемлекеттік биліктің атқарушы органдары жүйесіндегі орнын анықтауды еліміздің Конститутциясында белгілінген атқарушы биліктің іс — әрекетінің құқықтық негіздеріне сүйене отырып зерделеуге болады. Конституция мәтінінде кеден органдары нақты аталмаған. Дегенмен, Конститутцияда бүкіл мемлекеттік механизмнің құрылымының, іс — әрекетінің негізгі параметірлері белгіленген және Қазақстанның жеке тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруінің құқықтық реттелуінің негізгі базалық, іргетас идеялары мен қағидалары айқындалған. Қазіргі жалпы әлемдік ғаламдасу процесі жүріп жатқан кезде мемлекеттік басқару жүйесіндегі кеден органдарының маңызы мен мәні артып, оған жүктелетін қызметтің де түрі мен бағыты үнемі өзгеруде, түптеп келгенде, «кеден органы» түсінігінің өзі жаңаша мәнге иеболуда. Жалпы «кеден органы» түсінігін айқындағанда оның белгілі бір мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны және нақты тарихы кезендегі атқарып отырған қызмет аумағын, функцияын да есепке алу керек. Себебі, Әрбір тарихи кезеңде «кеден органы» түсінігіне кіретін мемлекеттік мекемеге жүктелетін міндеттер (кез келген мемлекеттік органның нақты бір міндеттерді атқару үшін құрылатыны белгілі), оның құзіреті, құрылымы, іс — әрекетінің әдістері мен түрлері, т.б. параметірлері үнемі тарихи өзгерісте болатыны мәлім. Бұл, әсіресе, мемлекеттің құрылу, қалыптасу дәуіріне тән.Әрбір басқару органының мемлекеттік механизімі құрамында белгілі бір саланы басқаруда туындайтын қажеттілікке байланысты құрылатыны белгілі. Кеден органын құрудағы басты мақсат мемлекеттің кедендік егемендігін қорғау, мемлекеттік дербес кеден саясатын жүргізу десек, «кеден егенмендік» ұғымы аясына кең ауқымды міндеттер мен мақсаттар енетінін байқауға болады. Жалпы, егемендік (суверенитет – француздың souverainete сөзінен – жоғарғы билік деген ұғымды білдіреді) мемлекеттік биліктің халқаралық қатынас саласындағы тәуелсіздігін, сондай – ақ ел ішіндегі өзгеде биліктерден тәуелсіздігін, әрі үстемдігін білдіреді десек, кеден органдары мемлекеттік басқару механизімінің бір бөлігі ретінде өзіне белгіленген құзіреттілік аумағында монополистік үстемдік жүргізеді.Кеден органдары түсінігін анықтағанда оны мемлекеттік органдардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, басқа мемлекеттік басқару органдарына берілетін жалпы өкілеттіктер кеден органдарына да қатысты екенін байқауға болады. 2000 жылдың 27 қарашасында жарық көрген «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 – бабында:Мемлекеттік орган деп Конституция, заңдар, басқада нормативтік – құқықтық актілер бойынша мемлекеттің атынан төмендегі функйияларды атқаруға; - баршаға бірдей міндетті жүріс – тұрыс тәртібін анықтайтын актілерді басып шығаруға; - әлеуметтік мәні бар қоғамдық қатынастарды басқаруға және реттеуге; - мемлекет орнатқан баршаға бірдей міндетті жүріс – тұрыс тәртібінің сақталуын бақылауға; - өкілеттік алған мемлекеттік мекемені түсінеміз, — деп атап көрсетілген. Кеден саясаты Кеден органдарын құрудағы негізгі мақсаттардың бірі мемлекеттің тәуелсіз кеден саясатының мақсаттары: - Қазақстан нарығын қорғау; - Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау; - Экономиканың дамуын ынталандыру; - Экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу; - Бәсекені ынталандыру және монополимге қарсы әрекет ету; - Экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру; - Сауда саясаты міндеттерін шешу; деп көрсетілген. Бұл мақсаттар мемлекеттің кеден саясатына жатады. Кеден саясаты – мемлекеттің саясатының маңызды буыны. Ол заңдар, басқада құқықтық – нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Демек, мемлекеттің кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт – бағдарына: Президент, Поарламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды.Кеден саясаты тек кеден органдары арқылы атқарылмайды. Айталық, жоғарыда кеден саясатының құрамдас бөлігі ретінде аталып өтілген шетел инвестициясын тарту мәселесі кеден огандары қызметі аумағынан шығып кетеді және ол атқарушы және заң шығарушы биліктің ауқымды және үйлесімді жұмыстарын қажет етеді. Сонымен мемлекеттің кеден саясатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы экономикалық және саяси жағдайынан туындап, өзгеріп, дап отыратын күрделі, кешенді түсінік деуге болады.Белгілі бір кезеңдегі кеден саясатының негізгі параметірлерін ішкі экономикалық субъектілердің потанциалдық іс — әрекеті мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, елдің жалпы экономикалықкеңістігіндегі құбылыстарды өзара үйлестіре отырып үкімет белгілейді. Ал кеден саясатының заңи негіздері Парламенттің немесе Президенттің нормативтік актілері арқылы жасалады, сондай – ақ ағымдағы іс әрекетте үкіметтің қаулылары, ережелері, т.б. арқылы жүзеге асырылып отырады.Дегенмен, мемлекеттің кеден саясатының ең негізгі атқарушы құралы ретінде іс — әрекет жасайтын кеден органдарының нақты іс — әрекет аумағы мен міндеттері де үлкен – ол елдің экономикалық мүдделерін, кедендік шекарасын қорғайды; тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына кедендік бақылау жасайды, келісім – шарт жасасқан тараптардың кедендік аумақтары шеңберінде экспорт және импорт операцияларына, валюта қозғалысына кедендік бақылау жасайды.; елдің заңдары белгіленген мөлшерде кедендік баждар, төлемдер мен алымдар алып отырады; мемлекеттің кеден заңдарын бұзған заңдық және жеке тұлғаларды жауапкершілігінің шегін белгілейді, т.б. Осы міндеттердің бәрін атқару үшін арнайы мемлекеттік орган – кеден құрылып, ол мемлекеттің механизмінің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік және мәжбүрлеушілік өкілеттілікке ие болады.

Кеден органдарының құқық қорғау қызметі. Кеден ісі саласындағы құқық қорғау қызметі

      1. Кеден ісі саласындағы қылмыстық әрекеттерді тергеп-тексеруді мемлекеттік кіріс органдарының экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.       2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық құқық бұзушылық деп танылатын, ол бойынша іс жүргізу кеден органдарының қарауына жатқызылған құқыққа қарсы іс-әрекетті дайындайтын, жасайтын немесе жасаған адамдарды анықтау, халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық кеден ұйымдарының, шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарының сұрау салуларын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады.

Құқық қорғау қызметі кез келген тәсілмен ғана емес, ықпал етудің заңдық шараларын қолданудың көмегімен жүзеге асырылады. Олардың қатарына заңмен белгіленетін мемлекеттік мәжбүрлеу және жазалау шараларын жатқызуға болады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің төрт түрі белгілі:

  • 1) қылмыстық-құқықтық (қылмыс жасаған жағдайда)

  • 2) азаматтық-құықтық (қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырмайтын мүліктік зиян келтірілген жағдайда);

  • 3) әкімшілік-құқықтық (әкімшілікке теріс қылық жасау; мысалы, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішу);

  • 4) тәртіптік (өзінің еңбек ету және басқа міндеттерін атқармау немесе оларға салдыр-салақ қарау).

Заң құқық қорғау органдарынан заңның немесе өзге де құқықтық актілердің белгіленген тапсырмаларына ғана сәйкес келетін заң жөнімен ықпал ету шараларын қолдануды талап етеді. Егер заң бойынша суық қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл түріндегі санкция қарастырылған болса, әкімшілік жолымен тұтқынға алуды қолдануға болмайды. Құқық қорғау қызметі белгілі бір тәртіптің аясында орындалады. Мысалы, қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану шегін қажетті тексерулер жүргізбей тұрып айқындауға болмайды.

Кеден өкілдерінің құқықтық статусы. Кеден өкілі

      1. Осы Кодекстің 26-бабында айқындалған талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кеден өкілі болып табылады.       Заңды тұлға кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін кеден өкілі болып танылады.       Кеден өкілдерінің тізілімін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.       2. Кеден өкілі декларанттың немесе өзге де мүдделі тұлғалардың атынан немесе тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік операциялар жасайды.       3. Кеден өкілдерінің декларанттармен немесе өзге де мүдделі тұлғалармен қарым-қатынасы шарт негізінде құрылады.        4. Кеден өкілдерінің тізіліміндегі ақпарат, сондай-ақ аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректер кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.       Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей, көрсетілген интернет-ресурсқа жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.       5. Кеден өкілдерінің кедендік операцияларды тікелей жүзеге асыратын қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары және мұндай адамдарға кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру шарттары осы Кодекстің 32-бабында айқындалады.       6. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілі үшін осы Кодекске сәйкес белгіленген декларант немесе өзге де мүдделі тұлғалар кедендік операцияларды жасаған кездегі жағдайлардан қолайлылығы кемірек жағдайлар белгіленбеуге немесе сол кезде қойылатын талаптардан неғұрлым қатаң талаптар қойылмауға тиіс.

Кеден өкілінің құқықтары

      1. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілі кеден органдарымен өзара қарым-қатынаста өзінің мүддесін білдіруге уәкілеттік беретін тұлғамен бірдей құқықтарға ие болады.       2. Кеден өкілі өз қызметін жүзеге асыру кезінде:       өкілдік беретін тұлғадан кедендік мақсаттар үшін қажетті, оның ішінде коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпараты не басқа жабық ақпараты бар құжаттар мен мәліметтерді талап етуге және осындай құжаттар мен мәліметтерді осы Кодексте белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін мерзімдерде алуға;

Кеден режимдерінің түсінігі мен түрлері. Кедендік рәсімдердің түрлері

      1. Кедендік реттеу мақсатында тауарларға қатысты кедендік рәсімдердің мынадай:       1) ішкі тұтыну үшін шығару;       2) экспорт;       3) кедендік транзит       4) кеден қоймасы;       5) кедендік аумақта қайта өңдеу;       6) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу;       7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;       8) уақытша әкелу (жіберу);       9) уақытша әкету;       10) кері импорт;       11) кері экспорт;       12) бажсыз сауда;       13) жою;       14) мемлекеттің пайдасына бас тарту       15) еркін кедендік аймақ;       16) еркін қойма;       17) арнайы кедендік рәсім түрлері белгіленеді.

Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар және тауарларды кедендік тазарту Кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және жағдайларда жасалады.       Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген тауарларды ішкі тұтынуға енгізу үшін, олардың экспорты үшін немесе тауарларға өзге кедендік рәсімдерді қолдану үшін қажетті кедендік операцияларды жасау кедендік тазарту деп түсініледі.       Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.       2. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі және технологиясы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың түрлеріне, мұндай өткізу үшін пайдаланылатын көліктің түріне (автомобиль, әуе, теміржол, теңіз, өзен және басқалары), тауарларды өткізетін тұлғалардың санаттарына қарай белгіленеді.       3. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды кеден органдары атынан жүргізген кезде өзінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес мұндай кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кедендік органдардың лауазымды адамдары жасайды.       4. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жүргізген кезде кеден органдары қоятын талаптар негізделген болуға және Кеден одағы кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті талаптармен шектелуге тиіс.       5. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар тауарлардың шығарылған, жөнелтуші және тағайындалған еліне қарамастан бірдей қолданылады.

Кеден саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық, жалпы сипаты, түрлері? Кеден саласы Халықаралық ынтымақтастық Құру және кеден саласындағы халықаралық қатынастарды дамыту ХХІ ғасырдың мүмкіндіктері мен қиындықтары қанағаттандыру үшін бүкіл әлем бойынша кедендік әкімшіліктер функционалдық нығайту процесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Осы орайда, Молдова Республикасының кеден қызметі халықаралық кедендік ынтымақтастықты жандандыруға ауқымды және дәйекті саясатты жүзеге асырды.  Ескере халықаралық құқық және халықаралық ынтымақтастық құралдарын көзі ретінде шарттар ерекше маңыздылығын ескере отырып, Молдова Республикасы, оған кеден қызметі саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қарауға болады.  Дүниежүзілік кедендік ұйымы (ДКҰ)  ішінде әмбебап халықаралық шарттар Кедендік ынтымақтастық кеңесі (Брюссель, 15 желтоқсан 1950)  құру туралы конвенция />  Бұл халықаралық құжат Молдова қосылу арқылы 28 қазан 1994 жылдан бастап ДСҰ-ға мүше болды. 1952 жылы негізі қаланған, ДСҰ-ның халықаралық кеден стандарттарын насихаттау арқылы кеден әкімшіліктерінің тиімділігін арттыруға бағытталған кеден саласында тәуелсіз үкіметаралық ұйым болып табылады. Қазіргі уақытта ДСҰ әлемдік сауданың 98% өңдеуге 174 кедендік әкімшіліктер біріктіреді.  Кеден органдары арасындағы диалог пен алмасу үшін форум ретінде, ДСҰ-ға оның мүшелері кедендік қызметінің түрлі аспектілері бойынша конвенциялар мен ұсыныстар санын, сондай-ақ техникалық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, бұл халықаралық ұйым қолдайды және өз мүмкіндіктерін жаңарту және нығайту кедендік әкімшіліктер күш-жігерін шақырады.  Бұл соңғы жылдары БСҰ-ға бірлесіп Молдова Республикасының кеден қызметі мынадай, оның ішінде оң нәтижелерге қол жеткізді атап өткен жөн осы халықаралық ұйыммен терең ынтымақтастықты қамтамасыз Молдова Республикасының (2007 жылғы мамыр, 2008 жылдың қаңтар) ДСҰ-ның Бас хатшысы бару;  кеден жүйесін стратегиялық басымдықтарының анықтау және іске асыру; 

Конвенция халықаралық сауда жеңілдету саласындағы негізгі құралдарының бірі болып табылады қарастырайық. Конвенция мынадай сипаттамаларға ие:  Конвенцияда бекітілген Тауар номенклатурасы әлемнің көптеген елдерінде қолданылады;  Барлық халықаралық сауда 98%, сондай-ақ халықаралық сауда байланысты статистикалық деректерді жинау, жинақтау және талдау жеңілдетеді Конвенцияның негізінде жүзеге асырылады;  үйлестірілген жүйесі барлық тауарлар үшін қолданылуы мүмкін;  (I) сауда және көлік статистика, (II) сауда саясаты текті (III) ережелер, (IV) экономикалық талдау, бақылаудағы тауарларды (V) мониторинг және т.б. құжат, яғни, көп функционалды түрлі салалардағы қолдануға болады.  2008 жылы кедендік рәсімдерді үйлестіру және оңайлату маңызды кезеңі басталды ДСҰ-ға тағы бір халықаралық шарттың уақытша әкелу туралы, атап айтқанда, Конвенцияның (Стамбул, 1990 жылғы 26 маусым), Молдова Республикасының қосылуы көзделіп.  Халықаралық деңгейде экономикалық агенттердің қызметін қиындатады уақытша әкелу туралы халықаралық құралдарының санын ұлғайту. Конвенция бір құралы бірге уақытша әкелу туралы құжаттың негізінде сәтте берілуі мүмкін пайданың барлық әкеледі, және уақытша әкелу

Кеден саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық. Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық құқықтық қағидаларға және халықаралық кеден құқығына негiзделедi. Атап айтар болсақ, ұлттық тәуелсiздiктi және егемендiктi құрметтеу, iшкi iскe араласпау, күш көрсетпеу, толық тең құқылық ұлттық мүдделер мен әр халықтың өз тағдырын өзi шешу, құрметтеу, өзара пайда құқығын шектемеу, т. б.  Қазақстанның егемендiгi экономикалық егемендiк, өзiндiк ұлттық экономикасының нысаны мен жолын таңдауға бағытталған бостандық. Экономикалық қауiпсiздiктiң бағыты төмендегi шаралармен байланысты:  - экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету және дүниежүзілік экономикалық жұйеден Қазақстан экономикасының оқшаулануына жол бермеу;  - еліміздің экономикасының ресурстық, энергетикалық негізін сақтау және нығайту; геосаяси ортаның әcepiнeн пайда болатын жағымсыз факторлардың мемлекет экономикасына зиян келтiруiнiң деңгейiн азайту;  - отандық және халықаралық қаржы институттарымен өзара пайдалы ынтымақтастықты қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы несие ресурстары мен инвестициялық мүмкіндіктерді отандық экономиканың қалпына келтіру мен дамытуға жұмсау;  - мемлекеттiк бюджеттiң табыс көзiн нығайту;  - сыртқы қарыздарды республикалық бюджет заңында көрсетiлген шектен асырмай, Қазақстан аймағында әлеуметтiк-экономикалық дамуының дисбалансын болдырмау;  - бәсекелестiктi қолдай отырып, монополияны шектеп экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, экономикада отандық тауар өндiрушiлердiң үлесiн арттыру.  Ұлттық қауiпсiздiкке, мемлекеттiң тәуелсiздiгiне қауiп төндіретін халықаралық келiсiм-шарттарды бекiтуге жол берiлмеуi керек.  Халықаралық келiсiм-шарттар, құқықтық нормасы ретiнде танылған халықаралық әдет-ғұрыптар, халықаралық құқықтың жалпы қағидалары, кедендiк ынтымақпен өзара көмекке байланысты халықаралық ұйымдардың шешiмдерi; халықаралық сот пен арбитраждың шешiмдерi халықаралық кеден құқығының қайнар көздерi болып табылады. Халықаралық кеден құқығының нормалары мен қағидаларының қалыптасуына ұлттық кеден заңдары тiкелей әсер етедi. 

Кеден саясаты , кеден ісі Кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:       1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;       2) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;       3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.       2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:       1) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;       2) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;       3) өзінің құрамына кіретін ведомствоның өкілеттіктерін айқындайды;       3-1) Кеден одағының кеден заңнамасымен реттелмеген бөлікте кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды әзірлейді және бекітеді;       4) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылаудың техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарының жүйелерін әзірлейді және құрады;       5) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды;       6) кедендік әкімшілік етуді жүзеге асырады;       7) тауарлар мен көлік құралдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;       8) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды уақтылы хабардар етуді, оның ішінде Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабардар етуді тұрақты негізде қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие Кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.       2. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу Кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.       3. Кеден ісін іске асыру кезіндегі мемлекеттік басқару саласы кеден ісінің аясы болып табылады.

Кеден саясаты мен кеден ісінің ара-қатынасы. Кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:       1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;       2) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;       3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.       2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:       1) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;       2) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;       3) өзінің құрамына кіретін ведомствоның өкілеттіктерін айқындайды;       3-1) Кеден одағының кеден заңнамасымен реттелмеген бөлікте кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды әзірлейді және бекітеді;       4) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылаудың техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарының жүйелерін әзірлейді және құрады;       5) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды;       6) кедендік әкімшілік етуді жүзеге асырады;       7) тауарлар мен көлік құралдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;       8) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды уақтылы хабардар етуді, оның ішінде Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабардар етуді тұрақты негізде қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие Кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.       2. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу Кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге

Кеден тасымалдаушы, міндеті мен жауаптылығы. Кедендік тасымалдаушы

      1. Осы Кодекстің 34-бабында айқындалған талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кедендік тасымалдаушы болып табылады.       Заңды тұлға кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізілгеннен кейін кедендік тасымалдаушы болып танылады.       Кедендік тасымалдаушылар тізілімін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.       2. Кедендік тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тауарларды Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес Кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асырады.       3. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміндегі ақпарат, сондай-ақ аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректер кеден ісі саласындағы уәкілетті органның Интернет-ресурсына орналастырылады.       Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей аталған Интернет-ресурсқа жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.       4. Кедендік тасымалдаушылардың мәртебесі құжатпен расталады, оның нысаны мен қолданылу тәртібі Комиссияның шешімімен белгіленеді.

Кедендік тасымалдаушының міндеттері

      Кедендік тасымалдаушы:       1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;        2) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына мұндай тауарларды тасымалдау туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;       3) осы Кодекстің 331 және 332-баптарында көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға;       4) тауарларды жөнелтушіден, оларды алушыдан немесе экспедитордан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты не басқа да жабық ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етпеуге не өз мақсаттары үшін пайдаланбауға және өзге тұлғаларға бермеуге;       5) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген кезінде өзі мәлімдеген мәліметтер өзгергені туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

Кедендік тасымалдаушының жауапкершілігі

      Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кедендік тасымалдаушы осы Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.