Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kedendlik__1179__1201__1179_y_1179_bilet.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230 Кб
Скачать
☆

Кеден органдарына қызметке алу тәртібі.

Кеден органдарындағы қызмет

      1. Кеден органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтары мемлекеттік қызметінің арнаулы түрі болып табылады.        2. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі осы Кодекспен, осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі. 

Кеден органдарына қызметке қабылдау

      1. Өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға денсаулық жағдайы, дене бітімінің дамуы және білім деңгейі жөнінен қабілетті, кеден органдарына қызметке қабылданған Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматтары кеден органдарының лауазымды адамдары болып табылады.        2. Кеден органдарына қызметке қабылдау үшін:        1) қызметке жарамдылығы туралы ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссияларының медициналық қорытындысының болуы;        2) міндетті арнаулы тексерудің болуы;        3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болу қажет.        3. Кеден органдарына қызметке орналасқаннан кейін арнаулы атақ берілмей, үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.        4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы  заңдарымен айқындалатын негіздер бойынша, сондай-ақ жағымсыз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдарды кеден органдарына қызметке қабылдауға болмайды.        5. Кеден органдарына қызметке қабылданған әскери міндеттілер  белгіленген тәртіппен әскери есептен шығарылады және кеден органдарында арнаулы есепте тұрады. 

Кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі. Кедендік бақылау кезінде тәуекелді басқару жүйесін қолдану

      7. Кеден органдары ТБЖ-ны тауарларды, халықаралық тасымалдың көлік құралдарын, бақылауға жататын құжаттар мен адамдарды, сондай-ақ осындай тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдарына, құжаттарға және адамдарға қолданылатын кедендік бақылау нысандарын және кедендік бақылауды жүргізу дәрежесін айқындау үшін қолданады.       8. Кедендік бақылау кезінде ТБЖ қолдану екі бағытта тауарларды шығарғанға дейін және шығарғаннан кейін жүзеге асырылады.       9. Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарларды шығарғанға дейін кедендік бақылау жүргізген кезде:       1) тәуекел бейіндерін және тәуекел индикаторларын қалыптастыруды;       2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның барлық деңгейдегі аумақтық бөлімшелерінің тәуекел бейіндерін және тәуекел индикаторларын әзірлеу кезіндегі өзара іс-қимылын;       3) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің кедендік бақылауды жүргізу кезінде тәуекел бейіндерін және тәуекел индикаторларын қолдануын;       4) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту жөніндегі шараларды қолдануын талдау мен бақылауды;       5) тәуекел бейіндерін және тәуекел индикаторларын өзекті етуді жүзеге асырады.       10. Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізген кезде:       1) тәуекел индикаторларын қалыптастыруды;       2) ТБЖ негізінде кедендік тексеру жүргізу үшін объектілерді таңдауды;       3) жүргізілген кедендік тексерулер бойынша нәтижелер жүргізуді, талдауды және бағалауды;       4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның барлық деңгейдегі кедендік тексерулер жүргізуге уәкілетті аумақтық бөлімшелерінің тәуекел индикаторларын әзірлеу кезіндегі өзара іс-қимылын жүзеге асырады.       11. Кеден органдары тәуекел бейіндерін және тәуекел индикаторларын әзірлеу мақсатында:       1) тәуекелді талдау объектілері туралы ақпаратты жинақтау жөнінде іс-шараларды ұйымдастыруды;       2) әр түрлі көздерден алынған ақпаратты жинау мен өңдеуді, сондай-ақ ақпараттық дерекқор қалыптастыру мен жүргізуді;       3) тәуекелдерді анықтау, оларды сәйкестендіру және бағалау үшін деректерді (мәліметтерді) талдауды;       4) кеден заңнамасын ықтимал бұзушылықтардың белгілерін анықтау мен талдауды;       5) талдау нәтижелері бойынша тәуекелдерді бағалауға негізделе отырып, тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту жөнінде шараларды қолдану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырады.

Кеден органдарындағы мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері. кеден органдары қызметкерлерінің құқығы – ол қызметтік әрекетті табысты жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген арнайы қызметтік құқық. Мемлекеттік қызметкерлерге берілген құқық /Қазақстан Республикасы Президентінің заңды күші бар 26.12.1995 жылғы ,,Мемлекеттік қызмет туралы,, жарлығы1/, жалпы негізде кеден органдарының қызметкерлеріне де жатады. Кеден органдары қызметкерлерінің кейбір құқығы Қазақстан Республиасының Кеден кодексінде көрсетілген. Кеден органдары қызметкерлерінің нақты қызметтік құқығы лауазымдық нұсқауда анықталады. Кеден органдарының қызметкерлерінің, қызметтік әрекетке жататын мынандай құқықтары бар;

  1. Құжаттармен танысу құқығы, кеден органдарында қызметкерлердің атқаратын лауазымы бойынша мақсаттары мен міндеттері мынадай құқықты білдіреді:

  • кеден органдарында ішкі тәртіп ережесімен танысу, лауазымдық нұсқаулармен, түрімен, жарғысымен, ақпараттандырумен жұмыс ережесі т.б.

  • кеден органының бастығынан анық жазбаша бекітілген өзінің қызметтегі құқығы мен міндеттерін талап ету;

  • жұмыс сапасының критерийін білу және қызметтегі көтерілу шартын білу.

  1. Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажет бекітілген түрдегі ақпарат пен материалдардың алу құқығы, тек қана кеден органдары қызметкерлерінің қажетті ақпаратты алу мен сұрауға құқылы екендігін ғана білдірмейді, қажетті міндеттердің мемлекеттік орындарда, заңды және жеке тұлғалар кеден органдарымен қатынасқа тұратын, осы ақпараттарды табыстайтын.

  2. Ұйымдардың лауазымдық міндеттерін орындау үшін бекітілген тәртіпте қатысуға құқылы меншік формасына тәуелді емес. Кеден органдары қызметкерлерінің мұндай тәртібі мен шарты әлі бекітілген жоқ.

  3. Шешім қабылдау құқығы мен шешім қабылдауға дайындыққа қатысу құқық қызметкерінің лауазымдық міндеттеріне сай білдіреді, кеден органдары әрекетінің толығымен немесе оның бөлімшесінің сұрақтарын шешуге немесе талқылауға қатысады, дәйекті сынмен сөйлей алады.

  • басқа қызметкерлер мен лауазымдық тұлғалардың дұрыс емес әректіне қажетті ұсыныс жасай алады.

  • Кеден органдарының міндеттері

  •       1. Кеден органдары:       1) декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың заңды құқықтарын сақтауға және мемлекет мүдделерін қорғауға;       2) кеден органының және (немесе) кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға;       3) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау жолымен сыртқы сауданың дамуына жәрдемдесуге;        4) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыруға;       5) кеден ісі саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға;       6) өз өкілеттігі шегінде декларанттарға және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға өз құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге;

Кеден органдарындағы мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі. Бүгінгі күні кеден органдарының қызметкерлері әр күн сайын дерлік өз тауарларын кеден бажын төлемей алып өтуге тырысушы коммерциялық құрылымдардың өкілдері тарапынан қатты қысымға ұшырап отырғаны бәрімізге белгілі. Өкінішке орай, олар жасаған қылмыстар жоғары латентті болғандықтан көп жағдайда ашылмай қалып отырады. Тауар тасымалдаушы тарапынан өте үлкен “сыйақы” алған кеденшінің контрабандалық тауарды “байқамай”, дер кезінде бұрылып кеткенінің өзі де жеткілікті. Кеден арқылы жүктер үздіксіз ағылып жатқандықтан, мұндай қылмыстарды анықтау өте қиын. Оның үстіне дамыған елдердің өзінде кеден арқылы өтетін жүктердің іс жүзінде не бәрі аз пайызы ғана кедендік тексеруден өткізіледі екен.

Бүгінгі күні күші бар қылмыстық заң бойынша кеден қылмыстарының кейбіреулерінде қылмыстың субъектісі болып жай жеке тұлғамен қатар лауазымды адамдар да танылады.

Қылмыстық Кодекстегі кеден саласында жасалатын қылмыстарды ауырлататын мән-жай есебіндегі лауазымды адамдардың жауаптылығы 209-бапта — “Экономикалық контрабанда”, 244-бапта — “Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару”, 250-бапта — “Айналымнан алынып тасталған заттар немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы” деп көрсетілген. Бұл баптардың саралау белгілері бойынша кеден қызметкерлерi өз лауазымын пайдаланып немесе ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрамына қатысып, болмаса пара алып, кедендік шекара арқылы тауарлар мен басқа да заттардың ірі мөлшерде өткізілуіне жәрдемдескені, кеден ісіне қатысушылардың кедендік төлемдер мен алымдар төлеуден жалтаруына көмектескені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.