Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kedendlik__1179__1201__1179_y_1179_bilet.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230 Кб
Скачать
☆

Кеден төлемдері ұғымы мен түрлері. Кедендік төлемдер мен салықтар

      1. Кедендік төлемдер мен салықтарға:       1) кедендік әкелу бажы;       2) кедендік әкету бажы;       3) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын қосылған құн салығы;       4) Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын акциз (акциздер);       5) кедендік алымдар (тауарларды кедендік декларациялау үшін, алып жүру үшін кедендік алымдар, алдын ала шешім үшін төлем) жатады.       2. Төлеушiлер, кедендiк баждарды есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден заңнамасында айқындалады.       3. Төлеушілер, кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салықтарын, акциздерді есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.       4. Төлеушiлер, кедендiк алымдарды төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндiрiп алу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу жөніндегі жеңілдіктер осы Кодексте айқындалады.       5. Кеден органдары алатын арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді және, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын алу үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен алынады.       6. Жеке тұлғалар жеке мақсаттары үшін өткізетін тауарларға қатысты осы бөлім осы Кодекстің 56-тарауына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

Кедендік төлемдер мен салықтар

      1. Кедендік төлемдер мен салықтарға:       1) кедендік әкелу бажы;       2) кедендік әкету бажы;       3) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын қосылған құн салығы;       4) Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын акциз (акциздер);       5) кедендік алымдар (тауарларды кедендік декларациялау үшін, алып жүру үшін кедендік алымдар, алдын ала шешім үшін төлем) жатады.       2. Төлеушiлер, кедендiк баждарды есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден заңнамасында айқындалады.       3. Төлеушілер, кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салықтарын, акциздерді есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.       4. Төлеушiлер, кедендiк алымдарды төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндiрiп алу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу жөніндегі жеңілдіктер осы Кодексте айқындалады.       5. Кеден органдары алатын арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді және, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын алу үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен алынады.       6. Жеке тұлғалар жеке мақсаттары үшін өткізетін тауарларға қатысты осы бөлім осы Кодекстің 56-тарауына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

Кеден ісі саласындағы нормативті - құқықтық актілердің түсінігі мен түрлері. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және мыналардан:       1) осы Кодекстен;       2) қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.       Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.       2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күні қолданылатын кеден ісі саласындағы кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары қолданылады.       3. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілген кезде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткен күні қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.       Егер Кеден одағының кедендік шекарасын тауарлар іс жүзінде кесіп өткен күн белгіленбесе, белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған күні қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.

Заңнама, заңдар – мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар қабылдаған нормативтік актілер (көбінесе, заңдар) кешені; сол мемлекеттегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани, отбасылық, т.б. қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кейде сол нормалардың бір түрі де заңнама деп аталады. Заңнама мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің негізгісі болып табылады. Заңнама бөліктері өзара байланысты, әрі бір-біріне бағынышты бірегей жүйені құрайды. Заңнаманы құрайтын бөліктер оны қабылдаған мемлекеттік басқару құрылымындағы тиісті заң шығарушы органның мәртебесіне қарай белгілі бір тармақтарға (жоғары билік органдары қабылдаған заңдарға, үкімет қаулыларына, министрліктер мен идаралардың нормативтік актілеріне, т.б.), сондай-ақ, олар қоғамдағы қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге бағытталғанына қарай арнаулы салаларға (азаматтық заңнамаға, қылмыстық заңнамаға, әкімшілік заңнамаға, т.б.) бөлінеді.[1]

Заңнама жүйесінде мемлекеттің Конституциясы Негізгі Заң немесе Ата Заң болып табылады. Ол жоғары заңи күшке ие: мемлекеттік органдардың бүкіл заңдары мен басқа да нормативтік актілері Конституцияның негізінде және соған сәйкес шығарылуға тиіс. Қазақстан заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарды, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын қамтиды.

Кеден ісі саласындағы тарифтік преференция. кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер

      1. Осы Кодексте кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп:       1) тарифтік преференциялар;       2) тарифтік жеңілдіктер (кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер);       3) салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер;       4) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер түсініледі.       2. Тауарларды кедендiк декларациялағаны үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп түсініледі.        3. Тарифтік преференциялар Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес табыс етіледі.       Тарифтік жеңілдіктердің түрлері, оларды беру тәртібі мен жағдайлары Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкесайқындалады.

Тарифтiк преференциялар

      1. Мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкаларын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында берілетін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі.       2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерден шығарылатын тауарлар, сондай-ақ Кеден одағының кедендік аумағынан көрсетілген мемлекеттерге әкетілетін және Қазақстан Республикасынан шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады.       3. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығатын тауарларға төмендетілген ставкалар бойынша кедендік баждар салынады. Мұндай мемлекеттердің және тауарлардың тізбесі, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейі Комиссияның шешімдерімен бекітіледі.       4. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және преференциялар жүйесін пайдаланатын неғұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесі Комиссияның шешімдерімен бекітіледі.

Кеден ісі саласындағы ұлттық және халықаралық нормативтік құқықтық актілердің ара қатынасы. Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық құқықтық қағидаларға және халықаралық кеден құқығына негізделеді. Атап айтар болсақ, ұлттық тәуелсіздікті және егемендікті құрметтеу, ішкі іске араласпау, күш көрсетпеу, толық тең құқылық, ұлттық мүдделер мен әр халықтың өз тағдырын өзі шешу, құрметтеу, өзара пайда құқығын шектемеу, т.б. Қазақстанның егемендігі экономикалық егемендік, өзіндік ұлттық экономикасының нысаны мен жолын таңдауға бағытталған бостандық. Экономикалық қауіпсіздіктің бағыты төмендегі шара- лармен байланысты: 56 - экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету және дүниежүзілік экономикалық жүйеден Қазақстан экономикасының оқшаулануына жол бермеу; - еліміздің экономикасының ресурстық, энергетикалық негізін сақтау және нығайту; - геосаяси ортаның әсерінен пайда болатын жағымсыз факторлардың мемлекет экономикасына зиян келтіруінің деңгейін азайту; - отандық және халықаралық қаржы институттарымен өзара пай- далы ынтымақтастықты қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы несие ре- сурстары мен инвестициялық мүмкіндіктерді отандық экономиканың қалпына келтіру мен дамытуға жұмсау; - мемлекеттік бюджеттің табыс көзін нығайту; - сыртқа қарыздарды республикалық бюджет заңында көрсетілген шектен асырмай, Қазақстан аймағында әлеуметтік-экономикалық дамуының дисбалансын болдырмау; - бәсекелестікті қолдай отырып, монополияны шектеп, эко- номикалық өсуді қамтамасыз етіп, экономикада отандық тауар өндірушілердің үлесін арттыру. Ұлттық қауіпсіздікке, мемлекеттің тәуелсіздігіне қауіп төндіретін халықаралық келісім-шарттарды бекітуге жол берілмеуі керек. Халықаралық келісім-шарттар, құқық нормасы ретінде танылған халықаралық әдет-ғұрыптар, халықаралық құқықтың жалпы қағидалары, кедендік ынтымақ пен өзара көмекке байланыс- ты халықаралық ұйымдардың шешімдері; халықаралық сот пен арбитраждың шешімдері халықаралық кеден құқығының қайнар көздері болып табылады. Халықаралық кеден құқығының нормала- ры мен қағидаларының қалыптасуына ұлттық кеден заңдары тікелей әсер етеді. Қазақстан өз кеден заңдарын қалыптастырған кезде, халықаралық стандартқа сай нормалар арқылы жасауы тиіс. Қазақстан интегра- цияны қолдап, тіптен Еуразиялық Кеден Одағының құрылуының бас- тамашысы болды. Бірақ кейбір мемлекеттерді интеграция бізге не бе- реді және біз интеграцияға не бере аламыз деген сұрақ толғандырды. Алғашқысына баса назар аударылғандықтан, ол орындалуға тиіс. Қазақстан Ресей Федерациясы мен Белоруссия Республикасы құрған Кеден Одағына екі апта өткен соң, 1995 жылғы 20 қаңтарда кірді.

Кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық. Халықаралық келісім-шарттар, құқық нормасы ретінде танылған халықаралық әдет-ғұрыптар, халықаралық құқықтың жалпы қағидалары, кедендік ынтымақ пен өзара көмекке байланыс- ты халықаралық ұйымдардың шешімдері; халықаралық сот пен арбитраждың шешімдері халықаралық кеден құқығының қайнар көздері болып табылады. Халықаралық кеден құқығының нормала- ры мен қағидаларының қалыптасуына ұлттық кеден заңдары тікелей әсер етеді. Қазақстан өз кеден заңдарын қалыптастырған кезде, халықаралық стандартқа сай нормалар арқылы жасауы тиіс. Қазақстан интегра- цияны қолдап, тіптен Еуразиялық Кеден Одағының құрылуының бас- тамашысы болды. Бірақ кейбір мемлекеттерді интеграция бізге не бе- реді және біз интеграцияға не бере аламыз деген сұрақ толғандырды. Алғашқысына баса назар аударылғандықтан, ол орындалуға тиіс. Қазақстан Ресей Федерациясы мен Белоруссия Республикасы құрған Кеден Одағына екі апта өткен соң, 1995 жылғы 20 қаңтарда кірді. 57 1996 жылғы 29 наурызда кеден келісім-шартына Қырғызстан кірді. 1998 жылдан Тәжікстан бақылаушы ретінде кірді. Уақыт өте Кеден одағының тағдырына баға бере жатармыз. Бұл одақтың қызмет етуі ТМД жағдайларға, сондай-ақ экономикалық одақпен, өтем одағымен және статистиканың басқа органдарымен байланысты. Сонымен, Кеден Одағын ғаламдық мақсаттардың, оның ішін- де саяси және экономикалық мәселелерді шешу құралы ретінде қарастырамыз. Қазақстанның ТМД және Кеден Одағынан тыс қабылдаған шартта- ры мен міндеттемелері әрқашан да тиімді нәтижелерге әкеле бермей- ді немесе оларды шешу белгілі бір міндеттемелер жүктеп отырады. Қазақстанның Кеден Заңы Еуропа экономикалық қоғамдастығының кеден құқығы алты бастамаға негізделген. Олардың қатарына: 1. Еуропа экономикалық қоғамдастығының құрушы трактат 25 наурыз 1957 ж. және 1987 жылғы біртұтас Еуропа актісімен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Рим трактаты. 2. 1951 ж. сәуірдегі Еуропалық көмір және болат ұйымын құрушы трактаты – “Париж келісім-шарты”. 3. 1957 ж. 25 наурыздағы Еуропалық атом энергиясы комис- сиясының құрушы келісім-шарты – Еуроатом келісім-шарты. 4. Қоғамдастық органдарының актілері. 5. Халықаралық келісім-шарттар. 6. Жалпы құқық қағидалары (теңдік, бостандық, бірлік, сенім әділеттік қағидалары) жатады. Бұл Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың трактаты Кеден Одағының заңды негізі болып табылады және ол оның барлық тауарға қатысты күші бар. Бұл келісім-шарттар қоғамдастыққа ен- ген елдерге, жеке тауарларға қатысты қолданатын, іс жүзінде жүзеге асыруды көздейтін мақсаты мен принциптерін, айқын ережелер- ді құрағандықтан “қоғамдастық конституциясы” болып табылады. Қоғамдастық органдарынан шығатын актілер құқықтың қайнар көзі ретінде келісім-шарттарды асыру, нәтижелерге жету мақсатында қабылданады. Рим трактатын қабылдаудың мақсаты Экономикалық Одақ болғандықтан, барлық территориялар бірігуге бағытталған. 58 Кеден Одағында экономикалық одақтар 1967 жылғы, 1865 ж. Француз – Монака келісімінде, 1921 ж. Бельгия – Люксембург келісімінде және Швейцария – Лихтенштейн мемлекетінің арасында 1928 жылғы келісімінде құрылған

Кедендік қылмыс, кеден ережелерін бұзу және кеден ережелерін бұзған тұлғалардың жауапкершілігі. 1. Осы Шарт оның сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген Кеден одағының кеден заңнамасын және Тараптардың заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және (немесе) әкімшілік жауапкершілікке тартудың ерекшеліктерін айқындайды.       2. Адамдарды қылмыстық және (немесе) әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде Тараптар және олардың құзыретті органдары осы Шарттың мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 1. Кеден одағының кедендік аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам аумағында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған Тараптың заңнамасы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатады.       2. Жөнелтуші кеден органы белгілеген жеткізу орнына тауарлар мен олардың құжаттары жеткізілмеген жағдайда, адам кеден органдары тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес шығарған Тараптың заңнамасы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатады.       3. Әкімшілік үдеріс (іс жүргізу) адам аумағында әкімшілік жауапкершілікке тартылатын не тартылуға жататын Тараптың заңнамасы бойынша жүргізіледі (жүзеге асырылады).

 1. Егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, қылмыстық іс қылмысты жасау орны бойынша, ал қылмысты жасау орнын айқындау мүмкін емес жағдайда, қылмыс анықталған орын бойынша қозғалады және тергеледі.       Егер, бір Тараптың құзыретті органы өзіне қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адам оны ұстап бермейтін басқа Тараптың азаматы болып табылса, қылмыстық іс осы адамды қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшін осы басқа Тарапқа жіберіледі.       Адам қылмысты бірнеше Тараптың аумағында жасаған жағдайда, соңғы қылмыстық әрекет жасалған Тараптың аумағы оны жасау орны болып табылады.       Егер қылмыстарды адам әртүрлі Тараптардың аумағында жасаса, онда Тараптардың заңнамасына сәйкес уәкілетті органдар арасындағы келісім бойынша қылмыстық іс қылмыстардың көпшілігі немесе олардың ішінен ең ауыры жасалған Тараптың аумағында тергеледі.

Кедендік баж ставкілерінің түрлері мен түсінігі? оса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне кедендік әкету баждарының ставкалары бекітілсін.       2-1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ай сайын, айдың 20-күніне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетін келісімшарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсете отырып (келісімшарттар бойынша бөліністе), жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы хабардар етсін.       2-2. Осы қаулыға 2-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мұнай шикізатының әлемдік нарығындағы бағалар мониторингін (бұдан әрі – бағалар мониторингі) жүзеге асырсын және ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне мұнай шикізатының орташа нарықтық бағасы туралы деректер берсін.       2-3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі ай ішінде:       1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi беретін шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкалары есебін жүзеге асырсын;       2) қажет болған жағдайда, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкаларының мөлшерін өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлесін.       3. Кедендік баждарды өзгерту және бекіту сыртқы сауда тиімділігінің көрсеткіштеріне, әлемдік нарықтың конъюнктурасына байланысты және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерге сәйкес жүргізіледі деп белгіленсін.       Кедендік баждардың ставкаларын қайта қарауға арналған өтінімдер осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жіберіледі.       4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.       5. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.       6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу және есептеу мерзімдері мен тәртібі.  Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу нысанында жүргізіледі.       Кедендік баждарды төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу осы Келісімнің 6-бабында көзделген негіздемелер болған кезде, төлеушінің кейінге қалдырылған (бөліп төленетін) соманы тиісінше біржолы немесе кезең-кезеңмен төлеуімен, кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді.       Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу төлеуге жататын барлық сомаға не оның бөлігіне қатысты берілуі мүмкін.

      Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу Кеден одағы кеден кодексінің 12-тарауында көзделген тәртіппен кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз ету шартымен беріледі.

      Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы шешімді төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес кеден органдары қабылдайды.       Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі:       төлеуші туралы мәліметтер;       тауарлардың атауы;       сыртқы сауда шартының (халықаралық шарттың) деректемелері;       кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру үшін негіздеме;       оған қатысты кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге сұралатын кедендік баждардың сомасы;       кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу сұралатын мерзім;       оған қатысты бөліп төлеу сұралатын кедендік баждардың сомасын кезең-кезеңмен төлеу кестесі;       олар болған кезде кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілмейтін осы Келісімнің 8-бабында көрсетілген жағдайлардың жоқтығы туралы ақпарат.       Өтініш беру кеден органына осы Келісімде көзделген кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру үшін негіздемелердің бар екендігін растайтын құжаттарды ұсынумен қатар жүргізілуге тиіс.

Кедендік бақылау аймағы : түсінігі және жалпы сипаттамасы. Кедендік бақылау аймағы Қазақстан Республикасының кеден органдары белгілеген орындарда құрылады.

      5. Орындарды кедендік бақылау аймағы деп тану үшін:        1) уақытша сақтау орындары деп тану туралы шешім және уақытша сақтау қоймасын, еркін қойманы, кеден қоймасын, бажсыз сауда дүкенін құруға арналған лицензия;        2) кеден органының орналасқан орны туралы тіркеу құжаты;        3) Кеден кодексінің 20-бабына сәйкес, кедендік ресімдеу орындарын оның ішінде әуежайларда, порттарда, теміржол станцияларында белгілеу туралы Қазақстан Республикасы кеден органының шешімі;Қараңыз.K100296        4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық өткізу пункттерін немесе арнайы экономикалық аймақты құру (ашу) туралы акт негіз болып табылады.

      6. Кедендік бақылау аймағын құру туралы шешім Қазақстан Республикасы кеден органының бұйрығы нысанында ресімделеді.

      7. Тұрақты кедендік бақылау аймағы мынадай талаптар сақтала отырып таным белгілерімен белгіленеді:        1) автомагистралдарда - жарық шағылыстырғыш қабаты бар ақпараттық-нұсқау белгілерімен және (немесе) "Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі ережелердің, нормативтердің және стандарттардың талаптарына сәйкес ішкі және сыртқы жарықтандыру;        2) осы Ережеде көрсетілген өзге де орындарда - мынадай мөлшердегі белгілермен: биіктігі - 50 см, ені - 100 см. Белгінің көк алаңында ақ әріптермен үш жолға (қазақ, орыс және ағылшын) үш тілде "Кедендік бақылау аймағы" жазуы орындалады. Әріптердің мөлшері биіктігі бойынша - 10 см, ені - 3,7 см болуы тиіс;        3) кедендік бақылау аймағы суда жарық шағылыстырғыш бояумен орындалған "Кедендік бақылау аймағы" жазуы қызыл түсті бояумен белгіленуі мүмкін.

      8. Кедендік бақылаудың уақытша аймақтарын құру туралы шешімді кедендік бақылаудың тұрақты аймақтарынан тыс қарауды немесе кедендік тексеруді жүзеге асыру қажеттілігі жағдайында кеден органының лауазымды адамы қабылдайды. Уақытша кедендік бақылау аймағын белгілеудің мерзімі 8 сағаттан аспауы тиіс.

 9. Уақытша кедендік бақылау аймағы мынадай талаптар сақтала отырып таным белгілерімен белгіленеді:        1) уақытша бақылау аймақтарының шектері периметрі бойынша бірдей аралықтарда "кедендік бақылау аймағы" деген жазуы бар ені 50 миллиметрден кем емес ақшыл сары түсті созылмалы жолақпен, не бір бірінен 2 метрден аспайтын қашықтықтағы және 0,5 метрден кем емес, алайда қаралатын немесе тексерілетін көлік құралынан 4 метрден артық емес қашықтықтағы жол конустарымен шектеледі.        2) уақытша кедендік бақылау аймағы автомобиль жолдарына жақын (оларға жақын алаңдар мен түйісулерде) орналасқан жағдайда, 3.17.1 жол тобының "Кеден" белгісі қолданылады;        3) уақытша кедендік бақылау аймағы оның шектері басқа қозғалыс қатысушыларына кедергі келтірмейтіндей етіп белгіленеді.