- •«Кедендік қызмет» «кедендік ұйымдардағы қызмет» түсінігі:
- •Кеден қызметкерлерінің құқықтық мәртебелер
- •2014 Жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 16 310,5 млн ақш долларын құрап, 2013 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 19,3%-ға азайды.
- •Кеден органдарына қызметке алу тәртібі.
- •Кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі. Кедендік бақылау кезінде тәуекелді басқару жүйесін қолдану
- •1998 Жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 307-бабының ескертуінде лауазымды адамның түсінігі берілген.
- •Кеден төлемдері ұғымы мен түрлері. Кедендік төлемдер мен салықтар
- •Кедендік бақылау жүргізу нысандары мен тәртібі.
- •Кедендік бақылаудың құралдары. Кедендік бақылау жүргізу кезінде техникалық құралдарды, су және әуе кемелерін пайдалану
- •Кедендік құқықтық қатынастар ұғымы мен түрлері.
- •Құқықтық қатынастардың түрлері:
- •Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер.
- •Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық, сауда, кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы
- •Тауарлар номенклатурасының халықаралық негізін құрайтын құқықтық құжаттар.
Кедендік құқықтық қатынастар ұғымы мен түрлері.
Құқықтық қатынас дегеніміз — мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:
Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екінші — қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші — егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Құқықтық қатынастардың түрлері:
1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе — саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.
2. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.
4. Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына карай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.
Кедендік құқықтық қатынастардың мазмұны, «Құқықтық қатынас»категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс — қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық қатынас дегеніміз — мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:
Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екінші — қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші — егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін..
Кедендік құқықтық нормалардың әрекет етуінің шегі. Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғауaдың мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі норма болмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іске асыруды толық қамтыған нормативтік актілер жиынтығын айтамыз. Сонда да құқықтың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі нәрселерді біріктіреді. Қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, тағы басқа демократилық іс-әрекеттерді. Құқықтық норманың құндылығы: • Құқықтық нормалар қоғамды реттеп, басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады. • Құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады. • Құқытық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіндік жасап отырады. • Құқытық нормалар қоғамда әділеттілікті, теңдікті, бостандық т№б№ демократиялық қағидаларды қалыптастырады. • Құқытық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы.
Кедендік құқықтық нормалардың ұғымы, маңызы мен топталуы. Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғауaдың мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі норма болмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іске асыруды толық қамтыған нормативтік актілер жиынтығын айтамыз. Сонда да құқықтың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі нәрселерді біріктіреді. Қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, тағы басқа демократилық іс-әрекеттерді. Құқықтық норманың құндылығы: • Құқықтық нормалар қоғамды реттеп, басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады. • Құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады. • Құқытық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіндік жасап отырады. • Құқытық нормалар қоғамда әділеттілікті, теңдікті, бостандық т№б№ демократиялық қағидаларды қалыптастырады. • Құқытық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы
Кедендік рәсімдеудің орны,уақыты және тәртібі. Кедендік рәсімді таңдау және өзгерту
1. Тұлғаның таңдауы бойынша Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырылады. 2. Тұлға осы Кодекске сәйкес таңдалған кедендік рәсімді басқа рәсімге өзгертуге құқылы.
308-бап. Кедендік рәсіммен орналастыру
Кеден органының осы Кодексте белгіленген тәртіппен тауарды шығарған күні тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күні болып саналады\
309-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті
Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті декларантқа жүктеледі.
310-бап. Кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылау
1. Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болмайтын тауарлар орналастырылған кезде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден органдары жүргізеді. 2. Кеден органы тауарларды шығарған мемлекеттен өзге Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағындағы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік бақылау осы Кодекстің 20-тарауына сәйкес жүргізіледі.
311-бап. Кедендік рәсімнің шарттары мен талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілік
1. Осы Кодексте белгіленген кедендік рәсімнің шарттары мен талаптарын сақтамағаны үшін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, декларант жауапты болады. Тұлғалар, кедендік рәсімнің шарттары мен талаптары кедендік бақылаудағы тауарлар шығарылғанға дейін не олар Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге іс жүзінде әкетілгенге дейін аварияның не еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан біржола жоғалуы, зақымдануы немесе жойылуы себепті сақталмаған, сондай-ақ көрсетілген тауарлардың саны немесе жай-күйі тасымалдаудың, көлікпен тасудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде олардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгерген жағдайларда, жауапты болмайды. 2. Тұлғалар Кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларға немесе олардың қайта өңдеу өнімдеріне қатысты: 1) тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің аварияның немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан біржола жоғалуы немесе жойылуы себепті қайтарылмаған; 2) тауарлар немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің саны тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде олардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгерген; 3) тауарлар немесе олардың қайта өңделген өнімдері мемлекеттік органдардың немесе шет мемлекеттің лауазымды адамдарының іс-әрекеттері салдарынан иеліктен шыққан жағдайларда жауапты болмайды. 3. Тауарлардың біржола жоғалуына, бүлінуіне немесе жойылуына, олардың саны мен жай-күйінің өзгеруіне әкеп соққан мән-жайларды растау міндеті осы бөлімде айқындалған тұлғаларға жүктеледі. Шет мемлекеттердің аумағында болған мән-жайларды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері, сондай-ақ жоғарыда аталған мән-жайлар болған мемлекеттің құзыретті органдары растайды.
Кедендік сараптама жүргізудің тәртібі мен мерзімі. Кедендік сараптама жүргізудің тәртібі және мерзімі
1. Кедендік сараптама жүргізудің тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді. 2. Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында одан ұзақтығы неғұрлым аз мерзім белгіленбесе, кедендік сараптаманы жүргізу мерзімінің ұзақтығы кедендік сарапшы (сарапшы) материалдарды өндіріске қабылдаған күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Кедендік сараптама жүргізу мерзімі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен ұзартылуы мүмкін. 3. Кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі: кедендік сарапшының (сарапшы) кедендік сараптаманы белгілеген кеден органдарына оған қосымша материалдар, сондай-ақ сынамалар мен үлгілер ұсыну туралы қолдаухатының болған жағдайда; кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен бекітілген өзге жағдайларда тоқтатылады; 4. Кедендік сараптама нәтижесі бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы беріледі.
1) кедендік сараптама - кедендік реттеу саласында тапсырмаларды шешу үшін арнайы және (немесе) және ғылыми танымдарды пайдалану арқылы кедендік сараптаушылармен және (немесе) өзге де сараптаушылармен жүзеге асырылатын зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; 2) кедендік сараптаушы - кедендік сараптамалар жүргізуге уәкілетті кеден органының лауазымды тұлғасы; 3) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресімделген, жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін және қойылған сұрақтарға жауаптар түрінде кедендік сараптаманың қорытындыларын құрайтын құжат;
Кедендік сараптама түсінігі мен маңызы. едендік сараптама тағайындау
1. Кедендік сараптама кедендік операциялар жасау кезінде арнайы танымдарды талап етілсе, пайда болған мәселелерді түсіндіру үшін тағайындалады. 2. Кедендік сараптаманы кеден органдары тағайындайды және кедендік сарапшылар, сондай-ақ өзге де уәкілетті ұйымдардың сарапшылары жүргізеді. Кедендік сараптаманы өзге уәкілетті ұйымдарға тағайындауды осындай сараптаманы кедендік сараптаушылардың жүргізуіне мүмкідік болмаған жағдайда ғана жүргізіледі. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын беру үшін қажетті арнайы танымдары бар кез келген тұлға сараптаушы ретінде бола алады. Кеден органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес сараптау жүргізу үшін тартылады. 3. Кедендік сараптама кедендік операциялар жүргізу және оларды бірегейлендіру құралдары үшін қажетті тауарларға қатысты, соның ішінде көлік құралдары, кедендік, көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және өзге де құжаттарға тағайындалады. 4. Кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы сараптау жүргізу үшін негіздеме, сарапшының тегі, аты және әкесінің аты немесе сараптама жүргізілетін ұйымның не кеден органының атауы, кедендік сараптаушының (сараптаушының) алдына қойылған мәселелері, кедендік сараптаушының (сараптаушының) иелік етуіне ұсынылған материалдардың және құжаттардың тізімі және сараптаманы жүргізу және кеден органына кедендік сараптаушының (сараптаушының) қорытындысын көрсетудің мерзімі көрсетілетін кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді жазбаша нысанда қабылдайды. Шешімде, сондай-ақ, біле тұра кедендік сарапшының (сарапшының), жалған қорытындысын бергені үшін жауапкершілік туралы кедендік сарапшының (сарапшының) ескерту жөнінде көрсетіледі. 5. Кедендік сараптаманы жүргізуден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін: 1) кедендік сараптаманы жүргізу үшін ақпараттың жеткіліксіздігі; 2) кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімнің дұрыс ресімделмеуі; 3) сынамалар немесе үлгілер орамы сақталуының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімде көрсетілген сипаттамаға сәйкес келмеуі; 4) кедендік сараптаманы жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның, арнайы жағдайлардың болмауы; 5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де жағдайлар. 6. Бас тартудың себептерін көрсете отырып кедендік сараптаманы өткізуден бас тарту жазбаша түрде ресімделеді. Ұсынылған материалдар, құжаттар, сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына қайтарылады. 7. Кеден органы кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жазбаша түрде декларантты немесе кедендік сараптама тағайындау туралы тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаға хабарлайды. 8. Кедендік сараптаманы жүргізуге кеткен шығыстар кеден одағына мүше мемлекеттердің, кедендік сараптама тағайындалған кеден органының бюджеті есебінен өтеледі.
Кедендік сарапшының құқықтары мен міндеттері. Кедендік сарапшының (сарапшының) құқықтары мен міндеттері
Ескерту. 140-баптың атауына өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кедендік сарапшы (сарапшы) мыналарға: 1) кедендік сараптаманы өткізуге қатысты материалдармен танысуға; 2) кеден органының рұқсатымен кедендік сараптама өндірісіне өзге де кедендік сарапшыларды (сарапшыларды) тартуға; 3) кедендік сараптама жүргізу үшін материалдарды алған кезден бастап 1 (бір) күн ішінде егер қойылған мәселелер оның құзыретінен тыс болса немесе өз құзыретіне жатпайтын мәселелердің жауаптарын ұсыну кедендік сараптамадан бас тартуға; 4) кедендік сараптама өткізу үшін материалдарды алған кезден бастап 3 (үш) күннің ішінде жазбаша түрде кедендік сараптама өткізу үшін қосымша материалдарды сұрауға; 5) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын беру үшін керекті материалдар мен құжаттарды алу, оның ішінде зерттеу үшін сынамалар мен үлгілерді алуға; 6) өзінің арнайы танымы және құзыретіне сәйкес оның алдына қойылған сұрақтарды анықтауға; 7) арнайы және өзге де деректерде шығарылған ғылыми техникалық ақпараттарды пайдалануға; 8) өзінің сынаулары және зерттеулерінің нәтижелерін және (немесе) басқа зерттеу немесе сараптама ұйымдары жүргізген сынамалар мен үлгілерді зерттеу нәтижелерін пайдалануға; 9) кедендік бақылауды жүргізуге қатысуға құқылы. 2. Кедендік сарапшы (сарапшы): 1) кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға; 2) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына кедендік мақсаттар үшін маңызы бар, олар бойынша сұрақтар қойылмаған жағдайлар туралы қорытындыларға тұжырымдама қосуға; 3) Кедендік сараптамаға ұсынылған сынамалар мен үлгілерді рұқсат етілуі мен дұрыстығын сақтау кезінде зерттеулер жүргізуге, зерттеу нәтижесінің толық жан-жақты және объективті бағалау негізінде кедендік сараптаманың (сараптаманың) қорытындысын ұсынуға; 4) Кедендік сараптаманы өткізу нәтижесінде алынған мәліметтерді жарияламауға, кеден одағының кедендік заңнамасымен көзделген жағдайлардан басқа өзге де мақсаттарда пайдаланбауға және үшінші тұлғаларға бермеуге; 5) кедендік сараптаманы өткізудің белгіленген уақытын сақтауға міндетті. 3. Өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындаған жағдайда кедендік сарапшы (сарапшы) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Кедендік статистика. 73-бап. Тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасы
1. Тауарлармен сыртқы сауданың жай-күйін, қарқынын және даму үрдісін талдау мақсатында кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін қалыптастыру үшін тауарлардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуі туралы мәліметтерді жинауды және өңдеуді жүргізеді. 2. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын Комиссияның шешімімен бекітілген әдіснамаға сәйкес жүргізеді. 3. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарына және өзге де ұйымдарына; халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен халықаралық ұйымдарға табыс етеді. 4. Комиссия Кеден одағының тауарларымен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына және халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық ұйымдарға ұсынады. 5. Кеден органы Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кедендік статистикасының деректерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды. 6. Кеден органдары мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) не басқа да жабық ақпаратты қамтымайтын тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін, оларды алуға мүдделі Қазақстан Республикасының ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда ұсына алады.
74-бап. Арнаулы кедендік статистика
1. Кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен арнаулы кедендік статистика жүргізіледі. 2. Кеден органдары арнаулы кедендік статистиканың деректерін кедендік мақсаттар үшін ғана қолданады.
75-бап. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын құжаттар және мәліметтер
1. Статистикалық мақсаттар үшін тұлғалардың Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес ұсынатын құжаттары мен мәліметтері пайдаланылады. 2. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын мәліметтерге осы Кодекстің 16-бабының ережелері қолданылады.
Кедендік тарифтердің мақсаты.
Кедендік тарифтік реттеудің құқықтық негіздері.
Кедендік тасымалдаушылардың құқықтық статусы. Кедендік тасымалдаушы
1. Осы Кодекстің 34-бабында айқындалған талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кедендік тасымалдаушы болып табылады. Заңды тұлға кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізілгеннен кейін кедендік тасымалдаушы болып танылады. Кедендік тасымалдаушылар тізілімін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүргізеді. 2. Кедендік тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тауарларды Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес Кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асырады. 3. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміндегі ақпарат, сондай-ақ аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректер кеден ісі саласындағы уәкілетті органның Интернет-ресурсына орналастырылады. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей аталған Интернет-ресурсқа жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді. 4. Кедендік тасымалдаушылардың мәртебесі құжатпен расталады, оның нысаны мен қолданылу тәртібі Комиссияның шешімімен белгіленеді. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжатты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган береді.
34-бап. Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу шарттары
Мыналар: 1) заңды тұлғаның кеден органына өтініш берген күніне дейін кемінде екі жыл бойы жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруы; 2) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді енгізу күніндегі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, кемінде екі мың евроға баламалы сомаға осындай қамтамасыз етуді ұсыну; 3) егер жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтің осы түрін жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжатының болуын талап етсе, көрсетілген құжаттың болуы; 4) тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жарамды көлік құралдарының меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, оралымды басқаруында, жалға алынған болуы; 5) кеден органына өтініш берген күні кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттің болмауы; 6) кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521 – 530, 532 – 534, 538, 539, 549 – 551, 555, 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы; 7) әрбір көлік құралында кеден органына сигнал беру арқылы аталған көлік құралының тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болуы осы тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттары болып табылады. Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Кедендік төлемдер мен баждарды төлеудің құқықтық негіздері. Төлеушілер, кедендік алымдарды төлеу мерзімдері мен тәртібі
1. Декларант немесе осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кедендік алымдарды төлеу бойынша міндеттер жүктелген өзге де тұлғалар кедендік алымдарды төлеушілер болып табылады. 2. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым кедендік декларацияны бергенге дейін немесе сонымен бір мезгілде төленеді. 3. Кедендік алып жүру үшін кедендік алым кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдағаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастыру басталған күннен кешіктірілмей төленеді. 4. Кеден органы алдын ала шешім қабылдағаны үшін ақыны төлеуші көрсетілген шешім өзіне берілгенге дейін енгізеді. 5. Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және иелік ету бойынша шектеулерді бұзған күні оларды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулер бұзылған күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу кезінде тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі кедендік шекара арқылы тауарларды өткізген күн болып есептеледі. Егер заңсыз өткізілген күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі. 6. Төлеушінің кедендік төлемді кедендік алым бойынша алда болатын міндеттемелер есебіне аванспен енгізуге құқығы бар. 7. Кедендік транзит кедендік рәсімімен шығарылған тауарларды қоспағанда, кедендік алымдар тауарлар шығарылатын кеден органында немесе аумағында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған аумақта төленеді (өндіріліп алынады). 8. Кедендiк алымдарды бюджетке аудару осы Кодекске сәйкес айқындалған кедендік баждарды, салықтарды және өсімпұлдарды аудару үшін көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
