- •«Кедендік қызмет» «кедендік ұйымдардағы қызмет» түсінігі:
- •Кеден қызметкерлерінің құқықтық мәртебелер
- •2014 Жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 16 310,5 млн ақш долларын құрап, 2013 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 19,3%-ға азайды.
- •Кеден органдарына қызметке алу тәртібі.
- •Кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі. Кедендік бақылау кезінде тәуекелді басқару жүйесін қолдану
- •1998 Жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 307-бабының ескертуінде лауазымды адамның түсінігі берілген.
- •Кеден төлемдері ұғымы мен түрлері. Кедендік төлемдер мен салықтар
- •Кедендік бақылау жүргізу нысандары мен тәртібі.
- •Кедендік бақылаудың құралдары. Кедендік бақылау жүргізу кезінде техникалық құралдарды, су және әуе кемелерін пайдалану
- •Кедендік құқықтық қатынастар ұғымы мен түрлері.
- •Құқықтық қатынастардың түрлері:
- •Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер.
- •Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық, сауда, кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы
- •Тауарлар номенклатурасының халықаралық негізін құрайтын құқықтық құжаттар.
Кеден қызметкерлерінің құқықтық мәртебелер
Кеден органдары лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтік қорғау
1. Кеден органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік биліктің өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. 2. Кеден органының лауазымды адамы қызметтік міндетін орындауға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан адамның отбасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын алаң алуға құқылы. 3. Кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне): 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бюджет қаражаты есебінен қаза тапқан адамның атқарған соңғы қызметі бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерінде біржолғы өтем төленеді; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде және тәртіппен асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. 4. Кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты, өзiнiң кәсіби қызметін одан әрi жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген жағдайда, аталған адамға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражаты есебінен мынадай мөлшерде: 1) бірінші топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде; 2) екінші топтағы мүгедекке - он сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде; 3) үшінші топтағы мүгедектерге - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде; 4) мүгедектiк белгiленбей, еңбек қабiлетін тұрақты жоғалтуы анықталған кезде - бiр жарым айлық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы өтем төленедi. 5. Егер кеден органы лауазымды адамының қаза табуы (қайтыс болуы), жарақат алуы, жаралануы (мертiгуi), ауруы қызметтiк мiндеттерiн атқаруына қатысы жоқ жағдайларға байланысты болғандығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтем төленбейдi.
Кеден органдарының лауазымды адамдары заңсыз шешімдер шығарғаны, әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және өзге де жауаптылықта болады.
Кеден Одағы, құрылуы тарихы құрамы. Кедендік одақ (ағыл. customs union; нeм. Zollunionf) - екі немесе бірнеше мемлекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі.
Кедендік одақ аумағында тауарлардың, жұмыс күшінің және капиталдың кеден баждары салынбай, еркін өткізілуіне рұқсат етіледі. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Беларусь Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларусь Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өзгертіледі» деп атап көрсетті.
Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қалыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық дамудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады.
