- •«Кедендік қызмет» «кедендік ұйымдардағы қызмет» түсінігі:
- •Кеден қызметкерлерінің құқықтық мәртебелер
- •2014 Жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 16 310,5 млн ақш долларын құрап, 2013 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 19,3%-ға азайды.
- •Кеден органдарына қызметке алу тәртібі.
- •Кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі. Кедендік бақылау кезінде тәуекелді басқару жүйесін қолдану
- •1998 Жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 307-бабының ескертуінде лауазымды адамның түсінігі берілген.
- •Кеден төлемдері ұғымы мен түрлері. Кедендік төлемдер мен салықтар
- •Кедендік бақылау жүргізу нысандары мен тәртібі.
- •Кедендік бақылаудың құралдары. Кедендік бақылау жүргізу кезінде техникалық құралдарды, су және әуе кемелерін пайдалану
- •Кедендік құқықтық қатынастар ұғымы мен түрлері.
- •Құқықтық қатынастардың түрлері:
- •Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер.
- •Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық, сауда, кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы
- •Тауарлар номенклатурасының халықаралық негізін құрайтын құқықтық құжаттар.
Тауарлар номенклатурасының халықаралық негізін құрайтын құқықтық құжаттар.
Транзиттік декларация 1. Тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған кезде тауарларды жөнелткен кеден органына транзиттік декларация табыс етіледі. 2. Транзиттік декларация ретінде көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер бар құжаттар табыс етілуі мүмкін. 3. Транзиттік декларацияда: 1) көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес тауарларды жөнелтуші, алушы; 2) тауарды жөнелтуші ел, оларды жеткізу межеленген ел; 3) декларант; 4) тасымалдаушы; 5) тауарлар тасымалданатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралы; 6) коммерциялық құжаттарға, көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес тауарлардың атауы, мөлшері, құны; 7) Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың алғашқы алты белгіден кем емес деңгейдегі коды; 8) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының немесе Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесінің әрбір коды бойынша тауарлардың брутто салмағы немесе көлемі, сондай-ақ қосымша өлшем бірліктеріндегі мөлшері (мұндай мәліметтер болған жағдайда); 9) жүк орындарының саны; 10) көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес тауарларды жеткізу межеленген пункт; 11) егер мұндай өткізу осы құжаттар болған кезде жол берілсе, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар; 12) жолда тауарларды жоспарланған қайта тиеу немесе жүк операциялары туралы мәліметтер болуға тиіс. Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген транзиттік декларация ретінде қабылданатын құжаттарда осы тармақта көрсетілген барлық мәліметтер болмаса, жетіспейтін мәліметтер кеден органына табыс етілетін, мұндай транзиттік декларацияға қоса берілетін не онымен бірге жүретін құжаттарда болуға тиіс. 4. Кеден органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, декларанттан басқа да мәліметтерді талап етуге құқылы емес. 5. Транзиттік декларацияны кеден органы тіркейді, оның ішінде кеден органдары қолданатын ақпараттық жүйелерді және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып тіркейді. Транзиттік декларацияны беру және тіркеу тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады.
Уақытша сақтау қоймасы иесінің құқықтық статусы. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі
1. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш еркін нысанда толтырылады және онда: 1) қызмет аймағына қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қолдаухат; 2) өтініш берушінің атауы туралы, тұрған жері туралы, ашылған банктік шоттары туралы мәлімет; 3) өтініш берушінің иелігіндегі және уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар туралы, олардың тұрған жері, жайластырылуы, жабдықталуы және материалдық-техникалық жарақтануы туралы мәлімет; 4) өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты (шарттары) туралы мәлімет; 5) қажетті тиеу-түсіру тетіктерінің және арнайы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспаптарының болуы туралы мәлімет қамтылуға тиіс. 2. Мәлімделген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар: 1) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін кеден органы түпнұсқаны өтініш берушіге қайтаруға міндетті) не нотариат куәландырған көшірмесі; 3) құрылтай құжаттарының көшірмелері; 4) банктерден оларда ашылған шоттары туралы растаулар; 5) қызметті жүзеге асыру кезінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері; 6) уақытша сақтау қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарлары мен сызбалары; 7) қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспабының бар екенін растайтын құжаттар; 8) уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты өтінішке қоса беріледі. 3. Өтінішті қоса берілетін құжаттармен бірге қызмет аймағына қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды. 4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағынасәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарауды жүргізеді. 5. Тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді. 6. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген барлық құжаттар табыс етілмеген немесе өтініш беруші осы Кодекстің 40-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады. Өтініш беруші аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады. 7. Тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартқан жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді
Уақытша сақтау орны,УСҚ(тағайындалуы,тәртібі),қоймалардың түрлері. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары
1. Мыналар: 1) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, оралымды басқаруында немесе жалға алынған, уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сай келетін: көлік құралдарының аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың қойма аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған аумаққа және (немесе) үй-жайларға (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы; қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспаптарының болуы; техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы; тауарларды тексеріп қарау үшін орындардың, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған және соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған орындары бар жабық алаңдардың болуы; жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон немесе асфальт төсемі болуға тиіс; аумақта қойма қызметіне байланысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен имараттар орналаспауға тиіс; жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) біртұтас және бөлінбейтін кешен болуға, бір почта мекенжайы бойынша орналасуға және барлық периметрі бойынша бірыңғай үздіксіз қоршауы болуға тиіс үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың болуы; 2) сақтауда тұрған басқа тұлғалардың тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан туындауы мүмкін өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы. Сақтандыру сомасының мөлшері шартта белгіленеді; 3) кеден органына өтініш берген күні кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің болмауы; 4) кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532 – 534, 538, 539, 540, 552, 555, 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады. 2. Егер үй-жайларды және (немесе) ашық алаңдарды иелену жалға алу шарты негізінде жүзеге асырылатын болса, мұндай шарт уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кемінде бір жыл мерзімге берілген күнге жасалуға тиіс.
Уәкілетті экономикалық оператордың құқықтық статусы. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттары
1. Мыналар уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу шарттары болып табылады: 1) осы тармақшаның екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ұсынылатын күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бір миллион евроға баламалы сомаға кемінде бір жыл мерзімге осы Кодекстің 16-тарауында көзделген тәртіппен осындай қамтамасыз етудің болуы. Тауарларды өндіру қызметін жүзеге асыратын және (немесе) Комиссияның шешімімен айқындалған критерийлерге сәйкес келген кезде кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды экспорттайтын тұлғалар мұндай қамтамасыз ету ұсынылатын күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бір жүз елу мың евроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынады; 2) әрбір жыл үшін тауарларға кемінде он декларациясы болған кезде, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу үшін кеден органына өтініш жасаған күнге дейін үш жыл бойы сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру; 3) кеден органына өтініш жасалған күнге Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің болмауы; 4) кеден органына өтініш жасалған күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешектің (бересінің) болмауы; 5) кеден органына өтініш жасалған күнге өтініш берушінің, құрылтайшылардың, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлердің 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес жойылмаған сотталғандығы фактілерінің болмауы; 6) кеден органына өтініш жасалған күнге өтініш берушінің бір жыл ішінде 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 404, 405, 409, 410, 411, 412, 413, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 426 – 434, 438 және 438-1-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 527, 528, 531 – 535, 537 – 545, 548 – 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы; 7) кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарына табыс етілген мәліметтерді шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін, тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің болуы; 8) өтініш жасалған күнге дейін үш жылдық кезеңді тексеруді қамтитын, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың евроны құрайтын меншікті капиталы және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы ақпараты бар аудиторлық есептің және (немесе) аудиторлық есептердің болуы; 9) тиісті құжаттармен расталатын, өндірістік операциялар жүзеге асырылатын, меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару немесе жалдау (қосалқы жалдау) құқығындағы не өзге заңды негіздегі үй-жайлардың, ашық алаңдардың және өзге аумақтардың болуы. 2. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі берілгеннен кейін бір жыл өткен соң уәкілетті экономикалық оператор мынадай шарттарды сақтаған кезде: 1) әрбір жыл үшін тауарларға кемінде жиырма декларациясы болған кезде, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәлікті алған күннен бастап уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш жасаған күнге дейін сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған; 2) уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш жасаған күнге бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі болмаған; 3) уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш жасаған күнге бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешегі (бересі) болмаған; 4) уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің қолданылуы осы Кодекстің 63-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған негіздер болмаған; 5) қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішіндегі кезеңді тексеруді қамтитын, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың евроны құрайтын меншікті капиталы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы ақпараты бар аудиторлық есеп және (немесе) аудиторлық есептер болған кезде қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге құқылы.
Ішкі кеден транзиті. Кедендік транзит: 1) келген жеріндегі кеден органынан кеткен жеріндегі кеден органына дейін шетелдік тауарларды; 2) келген жеріндегі кеден органынан ішкі кеден органына дейін шетелдік тауарларды; 3) шетелдік тауарларды, сондай-ақ, егер бұл осы баптың 5-тармағына сәйкес көзделген болса, ішкі кеден органынан кеткен жеріндегі кеден органына дейін Кеден одағының тауарларын; 4) бір ішкі кеден органынан басқа ішкі кеден органына дейін шетелдік тауарларды; 5) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы кеткен жеріндегі кеден органынан келген жеріндегі кеден органына дейін Кеден одағының тауарларын тасымалдау кезінде қолданылады. Кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шаралары
1. Кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шараларына: 1) осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес шетелдік тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету; 2) кедендік алып жүру; 3) тауарларды тасымалдау бағытын белгілеу жатады. 2. Егер: 1) декларант ретінде кедендік тасымалдаушы немесе уәкілетті экономикалық оператор әрекет етсе; 2) тауарлар теміржол және құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізілсе; 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленсе; 4) тауарлар кедендік алып жүру арқылы тасымалданса; 5) осы Кодексте және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында белгіленген өзге де жағдайларда, кедендік транзит кезінде кеден органы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеудің қамтамасыз етілуін ұсынуды талап етпейді. 3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шарасы тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындалатын жағдайларда кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз етудің өзге де шараларына тек қосымша қолданылуы мүмкін. Бағыттарды жөнелтуші кеден органы көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтер негізінде айқындайды. Жөнелтуші кеден органының не ол жүретін жолдағы кез келген кеден органының жазбаша рұқсатымен бағытты өзгертуге жол беріледі.
322-бап. Кедендік алып жүру
1. Кедендік транзит кедендік рәсімінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының лауазымды адамдары не өзге де ұйымдар жүзеге асыратын, тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдайтын көлік құралдарын алып жүру кедендік алып жүру болып табылады. 2. Кеден органы: 1) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындалатын; 2) осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік баждар, салықтар төлеудің қамтамасыз етілуі ұсынылмаған не оның қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болған; 3) егер көрсетілген қаулылардың ең болмағанда біреуі орындалмаса, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңды күшіне енген қаулыларда белгіленген кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде тасымалдаушы міндеттерін бірнеше рет орындамаған; 4) тасымалдаушы осы Кодекстің 331-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындамаған; 5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген жағдайда кедендік алып жүру туралы шешім қабылдауға құқылы. 3. Кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған жағдайда кеден органы осындай шешімді қабылдаған кезден бастап оны жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ұйымдастырады. 4. Кедендік алып жүру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
