- •«Кедендік қызмет» «кедендік ұйымдардағы қызмет» түсінігі:
- •Кеден қызметкерлерінің құқықтық мәртебелер
- •2014 Жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 16 310,5 млн ақш долларын құрап, 2013 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 19,3%-ға азайды.
- •Кеден органдарына қызметке алу тәртібі.
- •Кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі. Кедендік бақылау кезінде тәуекелді басқару жүйесін қолдану
- •1998 Жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 307-бабының ескертуінде лауазымды адамның түсінігі берілген.
- •Кеден төлемдері ұғымы мен түрлері. Кедендік төлемдер мен салықтар
- •Кедендік бақылау жүргізу нысандары мен тәртібі.
- •Кедендік бақылаудың құралдары. Кедендік бақылау жүргізу кезінде техникалық құралдарды, су және әуе кемелерін пайдалану
- •Кедендік құқықтық қатынастар ұғымы мен түрлері.
- •Құқықтық қатынастардың түрлері:
- •Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер.
- •Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық, сауда, кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы
- •Тауарлар номенклатурасының халықаралық негізін құрайтын құқықтық құжаттар.
Кедендік бақылаудың құралдары. Кедендік бақылау жүргізу кезінде техникалық құралдарды, су және әуе кемелерін пайдалану
1. Кедендік бақылау жүргізу уақытын қысқарту және оның тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары тізбесі мен қолданылу тәртібін кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалануы мүмкін. Көрсетілген техникалық құралдарды қолдану адамның өмірі мен денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпсіз болуға тиіс және тұлғаларға, тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмеуге тиіс. 2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылау кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін. 3. Кедендік бақылаудың мақсаттары үшін кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Кедендік бақылау үшін қажетті тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялар
1. Кеден органының талабы бойынша декларант, қойма иесі, кеден өкілі және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлға кедендік бақылауға жататын тауарларды тасымалдауды, өлшеуді немесе тауарлардың санына өзге де анықтауды, тиеуді, түсіруді, қайта тиеуді, зақымданған орамды жөндеуді, орамды ашуды, тауарларды орауды не қайта орауды, сондай-ақ тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін үй-жайларды, ыдыстарды және басқа да орындарды ашуға міндетті. 2. Тасымалдаушы өзі тасымалдайтын тауарларға және мұндай тауарлар тасымалданатын көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялардың жүргізілуіне жәрдемдесуге міндетті. 3. Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялар кеден органы үшін қандай да бір шығыстарға әкеп соқпауға тиіс.
Кедендік бақылаудың түсінігі мен нысандары. Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылаудың нысандарымен ғана шектеледі. 2. Кедендік бақылаудың объектілері мен нысандарын таңдаған кезде тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады. 3. Кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен ынтымақтасады. 4. Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары басқа бақылаушы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, уәкілетті экономикалық операторлармен, кеден өкілдерімен, кедендік тасымалдаушылармен және қызметтері сыртқы сауданы жүзеге асыруға байланысты тұлғалармен және олардың қауымдастықтар (одақтар) түріндегі кәсіби бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасайды. 5. Кеден органдары өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың өзге де түрлерін, оның ішінде экспорттық, валюталық және радиациялық бақылауды жүзеге асырады. 6. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік бақылауды жүргізу кезінде оны жүргізуге қандай да бір рұқсаттар, ұйғарымдар не қаулылар, сондай-ақ оларды өзге де бақылаушы органдарда тіркеу талап етілмейді.
1. Кеден органдары кедендік бақылауды Кеден одағының кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді. Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды өздерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес кедендік бақылауды жүргізуге уәкілетті кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді. 2. Кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылауды: 1) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және (немесе) осы Кодекске сәйкес декларациялауға жататын тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына; 2) Кеден одағының кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табыс ету көзделген кедендік декларацияға, тауарлар туралы құжаттар мен мәліметтерге; 3) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге, кеден ісі саласында қызметтер көрсетуге байланысты тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ жеке кедендік рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтерге; 4) Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өтетін тұлғаларға қатысты жүргізеді. 3. Кедендік бақылау кедендік бақылау аймағында, сондай-ақ тауарлар, көлік құралдары және олар туралы мәліметтері, оның ішінде электрондық
Кедендік бақылау нысандары
Мыналар: 1) құжаттар мен мәліметтерді тексеру; 2) ауызша сауалнама; 3) түсіндірмелер алу; 4) кедендік қадағалау; 5) кедендік қарау; 6) кедендік тексеріп қарау; 7) жеке кедендік тексеріп қарау; 8) тауарлардың арнайы таңбалармен таңбалануын, оларда сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру; 9) үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау; 10) кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу; 11) тауарларды есепке алу жүйесін және олар бойынша есептілікті тексеру; 12) кедендік тексеру кедендік бақылау нысандары болып табылады.
Кедендік декларациялаудың түсінігі мен маңызы. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, кеден органдары жүргізетін (бұдан әрі - кеден органдары) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған біліктілік емтиханын тапсыру қажет. 3. Біліктілік емтиханы өткен күні нәтижелер белгіленгеннен кейін, осы емтихандарды өткізген кеден органдары кеден ісі саласындағы уәкілетті органға емтиханнан өткен тұлғалар туралы ақпаратты электрондық, сондай-ақ жазбаша түрде ұсынады. 4. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген тұлғаларға ұсынылған ақпараттың негізінде біліктілік емтихандарының нәтижелері алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі мамандардың біліктілік аттестаттары толтырылады. 5. Осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес біліктілік аттестаттары толтырылғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде біліктілік аттестаттарын емтихан өткізген кеден органдарына поштамен жолдайды. 6. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаттарын алғаннан кейін кеден органдары кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі маманның бейджін ресімдейді және біліктілік емтихандарын тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын және бейджін беруді жүргізеді. 7. Кеден органдары кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын, бейдждерін беру журналын жүргізеді. 8. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты немесе бейдждері жоғалған (бүлінген), сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда бұдан бұрын кедендік декларациялау жөніндегі аттестатты берген кеден органына еркін нысандағы өтінішті: 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 2) мөлшері 3,5 х 4,5 сантиметр түрлі-түсті екі фотографияны қоса бере отырып ұсыну қажет. 9. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатының қолданылу мерзімі екі жылды құрайды. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты жарамсыз деп саналады. 9-1. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты біліктілік аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда кедендік декларациялау жөніндегі маман қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын қолданыстағы біліктілік аттестатын қоса бере отырып, Кодекстің 32-бабының 4-тармағына сәйкес қайта аттестаттау бойынша емтихан тапсыруға өтініш беруге құқылы. Емтиханды сәтті тапсырған кезде қолданыстағы біліктілік аттестаты жаңасы тіркелген сәттен бастап жарамсыз болады. 10. Егер кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты өтініш иесі ұсынған толық емес мәліметтер және дәйексіз мәліметтер негізінде берілген жағдайда, біліктілік аттестаты жойылуға жатады. 11. Біліктілік аттестатын жою туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді. Бұл ретте біліктілік аттестатын беру туралы қайталама өтінішті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жою туралы бұйрық қабылданған күнінен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
Кедендік және валюталық бақылау.
Кедендік жеңілдіктер. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер
1. Осы Кодексте кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп: 1) тарифтік преференциялар; 2) тарифтік жеңілдіктер (кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер); 3) салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер; 4) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер түсініледі. 2. Тауарларды кедендiк декларациялағаны үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп түсініледі. 3. Тарифтік преференциялар Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес табыс етіледі. Тарифтік жеңілдіктердің түрлері, оларды беру тәртібі мен жағдайлары Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкесайқындалады. Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес қабылданған Кеден одағы органдарының шешімдерімен тарифтік жеңілдіктерді беру Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны анықталған жағдайларда, тарифтік жеңілдікті сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган береді. Тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін, сондай-ақ тарифтік жеңілдіктер беру тәртібі мен шарттарын сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендiк алымдар бойынша жеңілдіктер осы Кодекске сәйкес айқындалады. Салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады. 4. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтар мен кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер оларды салудан босату түрінде беріледі. 4-1. Кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатында кеден органдары Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарымен бірлескен актілерінде айқындалатын тәртіппен өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. 5. Кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер, осы Кодекстің 122-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сипатта бола алмайды. 6. Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерінде кедендік алымдар бойынша жеңілдіктер беруге тыйым салынады.
Кедендік заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік. Арнаулы ереже бойынша кедендік ережелерді бұзған жеке және қызметтегі тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Бұндай жағдайда Қазақстан Республикасының кедендік қызметкері тез арада бұл туралы хаттама әзірлеп, хаттамада төмендегі нәрселер көрсетілуі тиісті.
а) Хаттаманы әзірлеушінің аты, тегі, лауазымы.
б) Кедендік ережелердің бұзылуы туралы мәліметтер.
в) Ереженің қай уақытта, қай жерде бұзылғандығы туралы ескертпелер.
г) Ереженің бұзылуына сәйкес жауапкершіліктің жүгі туралы статья көрретілуі тиісті.
д) Егер куәгерлер болған жағдайда олардың аты, тегі жазылуы тиіс.
р) Кедендік ережені бұзған адамның осы туралы түсініктемесі алынуы
міндетті тұрде қажет.
к) Кедендік ереже бұзылған жағдайда алынған жүктердің тізімі.
к) Істі жүргізуге қажетті басқа да мәліметтер көрсетілуі қажет.
Хаттамаға оны құрастырушының, жауапты адамның, куәгерлердің қолы қойылуы міндетті. Жауапты адамның хаттамаға келіспеушілігі туралы өз пікірін білдіруге болады және оның хаттамаға қол қойылмағаны туралы мәлімет берілуі қажет.
Хаттамада жауапкершілікке тартылатын адамның құқықтары да көрсетіледі және хаттаманың көшірмесі (копиясы) оған жіберіледі немесе тапсырылады.
Кедендік ереженің бұзылғандығы туралы хаттама жазу мүмкіндігі болмаған жағдайда кедендік жауапты қызметкер айыпты тұлғаны арнаулы кедендік бөлмеге әкелуге құқы бар. Бұндай жағдайда кедендік қызметкер Қазақстан Республикасының кедендік ережелеріне сәйкес жанындағы қызметкерлерден жәрдем сұрауға да еркі бар.
Хаттамада жауапкершілікке тартылған адамның (тұлғаның) қарсылық көрсетілгені туралы да жазылуы тиісті.
Кедендік ереженің бұзылғандығы туралы басқа да себептер болуы мүмкін және оларға төмендегі жағдайлар жатады:
1.Қазақстандық немесе шетелдік азаматтардың және бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметі бойынша;
2. Құқық қорғау мекемелерінің хабарлауы бойынша;
3.Шетелдік мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың хабарлауы бойынша;
4.Басқа да Қазақстан Республикасының кедендік ұйымдарының мәліметтері бойынша.
Мұндай жағдайлар КК 291 бапта атап өтілген:
1. Кеден ережесінде заң бұзушылық оқиғаларының болмауы;
2. Кеден ережесінде заң бұзушылық құрамының болмауы;
3. 16 жас деңгейіндегі кеден ережесін бұзушылықта сол сәттегі тәртіп бұзушы жеке тұлғаның сол нәтижеге жетпеуі;
4. Кеден ережесін бұзушы тұлғаның өзгермеуі;
5. Жеке тұлғаның іс-әрекеті амалсыздан жасалғандығы;
6.Егер заң бұзушылықты бір мекеме, кеңсе немесе ұжым жасаса, сонымен бірге жеке тұлғаның кәсіпкерлік жұмыспен айналысқан адамның заңгерлік білімі болмаса;
7.Егер ол кеден ережесін бұзудағы іздену істерін қолдануды алып тастаса, кешірім беру актісін шығарады;
8.Кеден ережесін бұзудағы жауапкершілікті тіркейтін актінің алынып тасталуы;
9.Кеден ережесін бұзудағы жеке тұлғаның ісі бойынша іс қозғаудағы уақыттың өтуі;
10.Кеден ережесін бұзудағы жеке тұлғаның тиянақты тәртіппен тіркелген іс- әрекеттің қайта қозғаудағы дәлелдемеулердің болуы;
11.Жеке тұлғаның кеден ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылудағы қылмыстық істің сол дәлелдемелер бойынша жүруі;
12. Егер кеден ережесін бұзған жеке тұлғаның өлімі туралы хабар келсе, оған айтылған іс тоқтатылады.
Егер жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кеден ережесін бұзу ісінде біреуі болса, онда іс қозғалмайды, ал басталған іс тоқтатылады. Кеден ережесін бұзушылық ісі жөніндегі жұмыстарды ҚР кеден басқармасының лауазымды адамымен жүргізіле береді, бірақ бұл істі ҚР кеден басқармасының бастығы немесе оның орынбасары сол кеден тәртібін бұзушылықта лауазымды тұлғаның қандай іс-шаралармен іс қозғап жатқанына қатысты болу керек (290 бап КК)
ҚР кеден басқармасының лауазымды тұлғасы 316 бапқа сәйкес кеден тәртібін бұзуда төмендегі шарттар бойынша іс қозғай алмайды, егер:
а) жауапқа тартылған адам бұрынғы іске немесе оны қарауда куәгер, маман, заңды тұлға ретінде қараса;
б) егер лауазымды тұлға мен жауапқа тартылған адамның немесе ақтаушының, сонымен қатар куәгердің, тексерушінің, мамандардың сол өндірісте істі қарауда қатысқан адамдардың туыстары болса;
в) егер сол істің жүруіне тікелей қызығушылық білдірсе;
Кедендік заңдарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік. Кеден ережелерінін бұзылуы туралы істерді Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары жүрізеді, оларды қараулы Қазақстан Республикасының кеден органдарынық -уәкілді лауазымды адамдары мен К,азақстан "Республикасының сот органдары осы жарлыққа сәйкес жүргізеді, ал онымен реттелмеген бөлігінде — Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Кеден ережелерін бұзу туралы іс кеден ережелерін бұзғаны немесе кеден ережерелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған жеке тұлғаның немесе лаузымды адамның әкімшілік жолмен ұсталғаны туралы хаттама жасалған сәттен бастап ашылған, ал ол бойынша іс жүргізу басталған деп есептеледі. Қазақстан Республикасы кеден органдарының уәкілді лауазымды амдары Жарлықта көзделген кеден ережелері туралы істерді қарайды.
Кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі Қазақстан Республикасы кеден органының уәкілді лауазымды адамы, Қазақстан Республикасы орталық кеден органының актілеріне сәйкес жүргізеді.
Кеден ережелері туралы істі жүргізу оның ашылған сәтінен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.
Егер қажет болған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімді Қазақстан Республикасы кеденінің бастығы немесе оның орнындағы адам сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары тұрған кеден органдарының бастықтары немесе олардың орнындағы адамдар кеден ережелерін бұзғаны үшін осы жарлықтың 258- бабында көзделген жаза қолдану мерзімдері шегінде ұзартуы мүмкін. Кеден ережелерін бұзғаны үшін іс жүргізу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайды.
Кеден ережелерін бұзылғаны туралы істі ашудың себептері мен негіздемесі Кеден ережелерінің бұзылғаны туралы істі ашудың себептері мыналар:
Қазақстан Республикасының кеден органы лауазымды адамдарының кеден ережелерін бұзу белгілерін тікелей анықтауы;
Қазақыстандық және шетелдік тұлғалардың хабарлары мен сәлемдемелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар;
Басқа да құқық қорғау, бақылау және өзге де мемлекеттік органдардың түскен материялдар;
Шетелдік кеден және басқа да құқық қорғау қызыметтерінен, халықаралық ұйымдардан түскен ақпарат;
Қазақстан Республикасының басқа да кеден органдарынан түскен хабарлар.
Істі ашу үшін кеден ережелерін бұзу белгілерін көрсететін жеткілікті деректер негіздеме болып табылады.
Кеден ережелерін дайындалып жатқан, жасалынатын немесе жасалған бұзылуы туралы хабарды, мәлімдемені немесе өзге деақпаратты тексеретін Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы кеден ережелерін бұзылуы туралы істі ашпастан бұрын тауарлар мен көлік құралдарына кеден бақылауын жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізетін адамдардан, кеден делдалдары мен өзге де адамдардан құжаттарды тексеру үшін қажетті мағлұматтар мен түсініктемелер алуға құқылы.
Кеден ережелерінің бұзылуы туралы іс осы құқық бұзушылық өз қызметі аймағында анықталған Қазақстан Республикасының кеден органына жүргізіледі.
Қажеттілік туғызған жағдайларда, кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі жүргізу өз қызметі аймағында осы құқық бұзушылық жасалған Қазақстан Республикасының кеден органында жүргізілуі мүмкін.
Кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі бір кеден органынан екінші бір органға тапсыру мәселелерін олардан жоғары тұрған Қазақстан Республикасының кеден органы шешеді.
Кедендік заңнамаларын бұзғаны үшін заңды жауапкерщіліктің ұғымы мен түрлері. Заңды жауапкершілік жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құкықтық нормалардың жазылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады, Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.
Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Заңды жауапкершілік тек қана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.
1. Мемлекеттік құнттау арқылы жүзеге асады.
2. Кінәліні белгілі бір шектеуге міндеттейді.
3. Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың негізінде пайда болады. Заңды жауапкершілік бірқатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:
Кінәлі әрекетүшін ғана жауаптылық қағидасы. Бұл қағида, негізінен, заң шығарушыға арналады. Оның тек қоғамға зиянды құқықтық табиғаты мен қоғам құндылығына қайшы келетін әрекеттерге ғана заңды жауапкершілікті бекітуін талап етеді. Егер де субъект құқық бұзуға жол беру кезінде өз еркі болмаса, іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмаса, болжауға тиісті болмаса, оның болуын тілемесе және өзінбасқара алмаса, ол жауаптылыққа негіз бола алмайды.
Заңдылық қағидасы. Бұл кағида бойынша жауапкершілік құқықтық нормамен тыйым салынған әрекет және де тиісті норманың санкция шегінде пайда болады. Сонымен қатар барлық процессуалдық ережелер сақталынып отырып, бекітілген құқық бұзушылық туралы факті нәтижесінде ғана пайда болған жауапкершілік заңды пайда болып табылады.
Әділеттілік қағидасы. Ол өз мазмұны бойынша келесі талаптарды қояды:
— теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға болмайды;
— адамның намысын түсіретін жазаны енгізуге жол берілмейді;
— жауапкершілікті бекітуші және оны күшейтуші заңның кері күші болмайды;
— бір құқық бұзушылық үшін жауапкершілік тағайындалады;
— жауапкершіліктің деңгейіжасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі тиіс;
— жауапкершілік бұзылған құқық пенкелтірілген зиянның орнын толтыруы тиіс.
Мақсатқа сәйкестілік қағидасы.Ол құқық бұзушыға қатысты алынған шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуінталап етеді:
— Құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты мемлекеттік күштеу шарасын іріктеу;
— Егержазалау мақсаты орындалған жағдайда, жауапкершілікті жеңілдету немесе шартты, шартсыз түрде босату;
— Егер заңды жауапкершіліктің мақсаты онсыз да орындалуға жатса заңды жауапкершілікті өзге жауапкершілікпен ауыстыру. Жауаптылық қағидасы:
— Бірде-бір құқық бұзушылық мемлекет үшін елеусіз қалмауға тиіс;
— құқық, бұзушы міндетті түрде заң алдында жауапты;
— құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы. Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы. Кері жағдайда ол өзінің мәнін жойып, құқық бұзушылық жасалған уақыттағы әлеуметтік жағдайға байланысты сәйкестілігін жояды [
Кедендік қарау. Кедендік қарау
1. Көлік құралдарын, тауарлардың орамдарын ашпай, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін бөлшектемей және өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзбай, тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын, жеке адамдардың багажын, сондай-ақ жүк ыдыстарын, кедендік пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын сырттай көзбен шолып қарау кедендік қарау болып табылады. 2. Кеден органы лауазымды адамдарының тауарларды, оның ішінде халықаралық тасымалдың көлік құралдарын, халықаралық почта жөнелтімдерін, жеке тұлғалардың багажын кедендік қарауы кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, саны туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тұратын жайларында кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да салынған сәйкестендіру құралдарының бар екендігі туралы мәліметтерді растауды алу үшін жүзеге асырылады. 3. Кедендік бақылау аймағында декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері кедендік қарау кезінде қатысуға тілек білдіретін жағдайларды қоспағанда, кедендік тексеру аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін. 4. Кедендік қарау қаралатын объектінің ішкі құрылымын көзбен шолуды қамтамасыз ететін және мұндай объектінің физикалық ерекше сипаттамасының болуы туралы өзге де түрде хабар беретін техникалық құралдарды қолдана отырып жүргізілуі мүмкін. 5. Егер мұндай қараудың нәтижелері кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын болса, кеден органдарының лауазымды адамдары қарау нәтижелері бойынша Комиссияның шешімімен белгіленген нысан бойынша акт жасайды. Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның талабы бойынша кеден органының лауазымды адамдары кедендік қараудың жүргізу фактісі туралы акт жасауға, не көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжатта белгі қоюға міндетті. Кедендік қарау жүргізілгені туралы актінің екінші данасы тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамға бұзушылық анықталған жағдайда немесе оның талап етуі бойынша табыс етіледі.
Кедендік құқықтық қатынастар субъектілері. аң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады. Субъектілер жеке тұлға және заңды тұлға болып екі топқа бөлінеді. Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуі екі шартпен тікелей байланысты. Ол — құқыққабілеттілік- пен әрекетқабілеттілік.
Кедендік құқық қабілеттілігі — бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет ңұқығы Құқыққабілеттілік барлық адамдарға беріледі. Бұл оның ұлтына, дініне, тіліне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, т.б. байланысты болмайды дегенді білдіреді. Азаматтық құқыққабілеттілік адамтуылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.
Жеке тұлғаның әрекетқабілеттілігін шектеуге және одан айыруға ешкімнің құқығы жоқ. Азаматтық құқық- қабілеттілік адам өмірге келгеннен бастап күшіне енеді.
Заңда әлі дүниеге келмеген азаматтардың кейбір құқықтары да бекітілген, нақтырақ айтқанда презюмцияланатын жағдайлар белгіленген. Мысалы, мұра қалдырушының көзі тірісінде жүкті болған және ол қайтыс болған соң дүниеге келген бала заң бойынша мұрагер болып танылады және мұрадағы өз үлесіне құқығы бар.
Бұл орайда құқыққабілеттілік адам туылғанға дейін пайда болады деп айтута болмайды. Құқықтың субъектісі болмай, оның құқыққабілеттілігі де болмайды. Мұның тек кейбір құқықтарға ғана қатысы бар.
Кедендік әрекет қабілеттілігі — азаматтардың өз ерекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға жане оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер атқарып, оларды орындауға жене өз әрекетін тұрғын салдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға қабілеттілігі. Яғни, азаматтардың әрекет- қабілеттілігінің маңызы әрекет жасаушы өзінің әрекетінен келетін заңдық салдарды түсінетіндігінде және ерекеті арқылы зиян келтірсе оның орнын толтыруға мүмкіндігінің барлығын немесе жоқтығын белгілейтіндігінде.
Жеке тұлғаның азаматтық әрекетқабілеттіліғі тұлғаның жасына және психикалық жағдайына тәуелді. Толық әрекетқабілеттілік 18 жасқа толғаннан бастап пайда болады. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жан күйзелісімен ауыратын тұлғаларда азаматтық әрекет- қабілеттілік болмайды. Олардың атынан заңды өкілдері — ата-аналары, қорғаншылары мен қамқоршылары шығады.
Шектеулі әрекетқабілеттілік те болады. Есірткі заттары мен спирт ішімдіктерін адам ұдайы пайдаланатын болса, соның салдарынан үй-ішін ауыр материалдық жағдайларға душар қылса, онда мүдделі адамдардың, яғни туған туысының, ата-анасының, әйелінің, т.б. арызы бойынша сот оның әрекетқабілеттілігін шектей алады. Оған қамқоршылық тағайындайды. Ол ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше жасағанымен, басқа да мәмілелерді қамқоршы келісімімен жасауға міндетті болады. Бұл әрине уақытшашара. Егер ерекетқабілеттілігі шектелген адам түзелетін болса, онда сот арқылы әрекетқабілеттілігі шектелгендігі алынып тасталынады жене ол толық әрекетқабілеттілікке ие болады.Сонымен бірге тұрақты жан күйзелісімен ауыратын тұлғаның әрекетқабілеттілігі сот арқылы шектеледі.
Өрекетқабілеттіліктің бір бөлігі деликтқабілеттілік болып табылады.
Деликтқабілеттілік — тұлғаның азаматтық құқық бұзушылық (деликттер) үшін жауап беру қабілеті. Деликтқабілеттілік белгілі бір жастан бастап пайда болады. Мысалы, азаматтық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды.
Әрекетқабілеттілік пен деликтқабілеттілікті айыра білу керек. Құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттілік бірге құқық субъектілік (не құқық әрекетқабілеттілік) деп аталады.
Құқық субъектілік — бұл осыдан туындайтын барлық салдармен бірге тұлғаның құқық субъектісі болу мүмкіндігі немесе қабілеті.
