- •1.Мотивациялық менеджмент нені зерттейді.
- •2. Мотивация түсінігі және оның қажеттілігі
- •3.Мотивацияның басқару процесіндегі алатын орны
- •11.Уәждерді иерархиялық ұйымдастыру
- •12.Мотивация жүйесіндегі әділдік қағидасы дегеніміз не?
- •15. Мотивацияның адами ресурстар моделі
- •19.Джон Аткинсонның ынталандыру теориясы
- •20. Макклеландтың қолдан жасалған қажеттіліктер теориясы
- •21. Виктор Брумның күту теориясы.
- •22. Джон Стейси Адамстың «Теңдік теориясы»
- •23. Эдвин Локктың «мақсат қою теориясы»
- •24.Джон Адамстың «теңдік» теориясы
- •26. Беррес Скиннер теориясы.
- •27. Коммуникация және оның түрлері
- •30. Әлемде орын алған ұлы тоқырау кезеңі
- •32. Мотивациядағы уақытпен ынталандыру
- •33. Мотив және қажеттілік
- •34.Еңбекті ынталандыруға әсер ететін факторлар
- •35.Мотивация психологиясы,маңыздылығы
- •36.Мотивацияның даму кезеңдері
- •40.Мотивацияның экономикалық тәсілдері
30. Әлемде орын алған ұлы тоқырау кезеңі
Ұлы тоқырау (ағыл. Great Depression) — 1929 жылы басталып 1939 жылға дейін созылған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс. Дағдарыстан шығу әлемде 1945 жылға дейін созылды. Сондықтан 1930-шы жылдыдарды жалпы Ұлы тоқырау жылдары деп аталады.
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия және Франция сияқты елдерде ұлы тоқыраудың әсері өте күшті сезілді, бірақ басқа мемлекеттерді де қамтыды. Әсіресе өнеркәсібі дамыған қалаларға тиген зияны көп болды. Кейбір елдерде құрылыс саласы толығымен тоқтап қалды. Төлеу қабілеттілігінің төмендеуіне байланысты ауыл шаруашылығы өнімдері 40—60 % төмендеп кетті. Орыс тілінде «Ұлы тоқырау» термині АҚШ экономикалық дағдарысына байланысты жиі қолданады.Осыған паралельді әлемдік экономикалық дағдарыс термині де қолданады
Себептері:
Ұлы тоқыраудың алдында 1929 жылы АҚШ–та Биржа күйреуі болды. 1929 жылы 24 қазанда «қаралы бейсенбі» күні акциялар бағасы күрт құлады, 25 қазан күні қысқа мерзімге аздап көтерілгенмен әрі қарай апатты ауқымды «қаралы дүйсенбі (28 қазан) мен «қаралы сейсенбі»(29 қазан ) күндеріне айналды. 1929 жылдың 29 қазан күні —Уолл-стритте биржа күйреуінің күні әкелді.
Экономистер Ұлы тоқыраудың себептері туралы біртұтас пікірге келе алмады. Ол туралы әр түрлі теориялар орын алған, топшалау бойынша, тегі экономикалық дағдарыстың пайда болуына әр-түрлі факторлардың жиынтығы әсер еткен болуы тиіс.
1. Кейнсиа́ндық түсініктеме — ақша массасының тапшылығы. Ол кезде ақша алтын қорына тікелей байланысты еді, ол ақша массасын тежеп отырды. Сол кезеңде өндіріс өркендеп өсті, ғасырлар тоғысында тауарлардың жаңа түрлері пайда бола бастады. Мысалыға автомобиль, ұшақтар, радио сияқты түрлері. Тауарлар саны жалпы өнімі, сол сияқты ассортименті бойыншада бірнеше есеге өсті. Соның салдарынан ақша массасының тежелуімен тауар массасының өсуі күшті дефляцияға – бағалардың күрт түсуіне әкелді. Бағалардың күрт түсуі— қаржы тұрақсыздығына, көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына, несиелердің қайтара алмауына әкеп соқты.Қуатты мутипликативтік әсер өркендеп келе жатқан салаларға да әсерін тигізді.
2. Монетари́зм — дағдарыс (ФРС) Федеральдық резерв системасының ақша саясатының кесерінен болған.
3. Маркси́зм — капитализмге тән кезекті артық өндіру дағдарысы.
4.Биржалық көпіршік - өнеркәсіпке аса нақты қажеттіліктен артық инвестиция құю.
5.Халық санының шапшаң өсуі. Отбасыда балалардың көп болуы (орташа алғанда бір отбасыда 3-5 бала), ауыл шаруашылығы өндірісі саласына тән еді. Медицинаның алға басуы, уақытша халықтың жағдайының түзелуі халықтың ауырудан табиғи кемуін азайтты.
6.Ұлы тоқырауға әкелуші себептердің бірі деп 1930 жылы қабылданған Смута — Хоули заңы деп те есептейді. Ол бойынша импорттық тауарларға жоғары кедендік баж салынды,солай ішкі өндірушілерді қорғалды. Ішкі өндірушілерді осы тәсілмен қорғау үшін үкіметимпорттық арзан тауарлардың бағасын өсірді. Бұл халықтың онсыз да төмен сатып алу қаблеттілігін тіпті нашарлатып жіберді. Басқа елдер Америка экспортерлерін қорғау мақсатында қарсы шаралар қолдануға мәжбүр болды Тек қана 30-шы жылдары өзара сауда келісімдері туралы заңы күшіне енгесін ғана кедендік баж салығы төмендеп, халықаралық сауда қалпына келе бастады. Бұл әлемдік сауданы қалыптастырып, әлемдік экономикаға оң әсерін тигізе бастады.
7.Бірінші дүниежүзілік соғыс та Ұлы тоқраудың себебі болды. Сол кездегі Американың экономикасы үкіметтің әскери тапсырмаларына негізделген еді,ал соғыс бітісімен тапсырма бірден азайды, ол елдің әскери өндірісінімен онымен жапсарлас экономика секторының құлдырауына әкеліп соқты.
8. Маржиналь заемдары. Заемның мәні қарапайым— компания акцияларын жалпы құнының небәрі 10 % төлеп сатып алуға болады. Мысалы: бағасы 1000 доллар тұратын акцияны 100 долларға сатып алуға болады. Несиенің бұл түрі 20-шы жылдары әйгілі болды, себебі бәрі акциялар нарығына қатысатын. Несиенің бұл түрінің бір қулығы бар. Брокер кез-келген уақытта қарызды қайтаруды талап етуі мүмкін, оны 24 сағат ішінде қайтару керек. Бұл маржалық талап деп аталады, әдетте ол несиеге алынған акциялардың сатылынуына әкеледі.1929жылы 24 қазанда Нью-Йорктің маржалық несие берген брокерлері,қарыздарды жаппай қайтаруды талап етті. Барлығы маржалық несие төлемеу үшін бірден акцияларынан құтыла бастады. Маржалық талаптардың бірден төлеу қажеттілігі банктерде ақшаның жетіспеушілігіне әкелді, олар да ұқсас жағдайда болатын(банк активтері бағалы қағаздарға салынған еді, олар тез арада сатуға мәжбүр болды). Осы жағдай он алты мың банкті құрдымға кетірді, ол халықаралық банктерге бәсекелестерін сатып алуға мүмкіншілік берді, ал Американың алпауыткомпаниялары өте арзан бағамен сатыла бастады.Қоғам толығымен жұрдай болғанда, Федералдық резервтің банкирлері АҚШ алтын стандартының күшін жоюға шешім қабылдады. Осы мақсатпен АҚШ барлық қалған алтынды жинап алды. Дағдарыстың салдарымен күресуді желеу етіп АҚШ халықтың алтынын конфискациялады.
Зардабы:
1. Өндіріс XX ғасырдың басы деңгейіне дейін төмендеп кетті,яғни 30 жыл кейін шегінді;
2. Нарықтық экономикамен дамыған индустриальді елдерде жұмыссыздар саны 30 млн. жеттi;
3. Фермерлермен ұсақ саудугерлердің,орта таптың өкілдерінің жағдайы төмендеді. Олардың көбі кедейшіліктің шегіне жетті;
4. Бала тууы кенеттен төмендеп кетті. АҚШ аумағында 25%-дан 90 %ға дейін балалар аштықтан азап шекті;
5. Коммунистік, оңшыл экстремистік (фашистік) партиялардың жақтаушылары көбейіп кетті. Мысалы Германияда үкімет басына Национал-социалистік неміс жұмысшылар партиясы)келді.
31.Мотивацияның «Х,У және Z» теориясы
Д. МакГрегордың орындаушы қызметінің мотивация теориясы, яғни «х», «у», «z» деп белгіленетін теориясы жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдары жасалған. Бұл теория негізінен екі теорияның, яғни Тейлор мен Мэйо теорияларын қосумен байланысты ойды тудырған.
«х» теориясы келесі жағдайлармен байланыстырылады:
· адамдарға жұмыс жасағысы келмеуі қасиетінің туа пайда болуы, яғни мотиватор болып табылмайды, мүмкіндік болса, бұдан қашуды жөн көреді;
· мұндай адамдарды күштеп жұмысқа салып, әрдайым бақылауды ұстау керек, жазалаумен қорқыту арқылы ұстап отыру;
· жауапкершіліктен қашу, және басқалардың басқаруын қаламауы адамға жат қылық болып табылмайды;
· адамдар әрдайым экономикалық қажеттілікке мотивацияланады, осыдан ол кқп кқлемде экономикалық пайдаға ие болады;
· адамдар пассивті өздерін ұстауы мүмкін, сондықтан оларды ынталандырып отыру керек, жұмыс жасауға күштеу керек.
«у» теориясы «х» теориясына мүлдем қарама-қайшы келеді және келесі жағдайларды қарастырады:
· адамға жұмысқа кірісер алдында міндетті түрде ақылдық және физикалық қабілеттерін қалыпқа келтіру керек, бұл қасиеттер демалу және ойнау секілді құбылыстарға тән екенін айту керек;
· бақылау және қорқыту – адамға міндетті түрде өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі басқару шарттары қажет;
· қызмет мақсаттары, бұл жерде адамдарды марапаттау ғана оларды мобилизацияламайды;
· жауапкершілікке және қызығушылық танытуға байланысты адамда қажеттілік пайда болады;
· қызметтің мотиваторы ретінде еңбек мазмұны мен оған деген қызығушылық та орын алады;
· адамдар қажеттілікке мотивацияланады және соның негізінде өздерінің жеке тұлғалықтарын көрсетеді.
Осы екі теорияның өршіп дамуы келесі үшінші, яғни «z» теориясының пай болуына алып келді. Бұл теорияның қалауын МакГрегор, О. Шелдон, В. Оучи қалады. Бұл теория қазңргң уақыт менеджмент тәжірибесін бейнелейді, сонымен қатар мұнда жұмысшының потенциалдық мотивациялық қағидаттары қолданылады:
· бос болмау кепілі, сенімділік жағдайын туғызу;
· корпоративтік қоғамның атмосферасын қалыптастыру, ұйымға адал қызмет ету;
· әшқашан басқарманың орындаушылармен байланыста болуы, максималды тұрде олармен байланыс жасау;
· ұйымның ішкі ақпараттарының анық болуы, мақсаттың және басшылық пен жұмысшылар құндылықтарының жаппай барлығына бірдей болуы;
· жалпыға бірдей жауапкершіліктің болуы;
· жұмыс жасау барысында көбірек бостандық беру, жұмысшыға сену;
·басқарушылардың жұмысшылармен әлеуметтік деңгейде де қарама-қатынаста болуы.
«z» теориясында басқаруды ұйымдастыруда партисипативті идеялар қолданылуы керек делінген, яғни жұмысшының ұйымдастыру шараларына да қатысуы. «х» және «у» теорияларындағы бірлескен корпоративтік көңіл күйдің болуы, ұйымға деген әділеттік сезімдердің болуы, басқару тәжірибесінен бас тарту керісінше «z» теориясында орын алады, бұл болашақ күндегі менеджменттің негізгі тұтқалары болып табылады деп В. Оучи есептеген.
