Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
motiv_ekzamen.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308 Кб
Скачать
☆

22. Джон Стейси Адамстың «Теңдік теориясы»

Технолог Джон Стейси Адамс жұмысшылар ортасын және олардың іс-әрекет нәтижелерін зерттей келе 1963 жылы еңбекті ынталандырудағы өзінің әділдік теориясын ұсынды. Оның ұйғарымы бойынша еңбек процесінде әрқашан әрбір тұлға өзінің іс-әрекетін, қол жеткізген нәтижесін және алған сыйақысын қасындағы қызметкерлер көрсеткішімен үнемі салыстырып отырады. Осыған сәйкес көп жағдайда еңбек процестерінің нәтижесінде орын алған теңсіздіктер байқалып отыруы және бұл сыйақының дұрыс мөлшерде төленбеуі көрсеткіштерімен орын алады.

Жалақының әркелкі берілуі, біріншіден, наразылық тудырады, екіншіден, кінәлілік сезімін тудырады.

Жұмыстағы бағалаумен жалақының теңсіз бөлінуі жұмысшы да психологиялық күйзелістің пайда болуына әсерін тигізеді. Осының нәтижесінде келесі көрсеткіштер орын алуы мүмкін:

Жұмыс сапасы мен қарқындылығы төмендейді;

Төленбеген ақы көлемін өтемақымен төлеуін талап етуі;

Жалақыны көтеруді, қосымша сыйақылар төлеуді, қызметте өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етуі мүмкін.

Ұжымдастарын, олардың жалақыны артық алуына байланысты көбірек жұмыс істетуге итермелеу

Теңдікті орнату мақсатында басшылыққа әртүрлі жолдармен әсер етугетырысады.

Басқа бөлімшеге ауысуды немесе жұмыстан шығуды көздеуі мүмкін.

Ұжымдағы теңсіздіктің нәтижесінде орын алатын осындай іс-әрекеттер нәтижесі ұжым және толықтай ұйым үшін әрқашан кері әсерін тигізеді.

23. Эдвин Локктың «мақсат қою теориясы»

Бұл теорияны 1986ж Эдвин Локк өңдеп шығарған. Оның ең алғашқы негізгі жұмысы 1968ж «Уәждеу теориясы және мақсаттар мен ынталандыру туралы»деген мақаламен жарыққа шықты. Оның теориясының түп-тамыры Тейлордың жұмыстарында бастау алған болатын.

Мақсат қою теориясы – адамның іс-әрекет, тәртібі, оның алдына қойған мақсаттарына ,тәуелді, яғни, сол со лмақсатқа қол жеткізу үшін тұлға белгілі бір іс—әрекеттерді жасайды деген қағидаға негізделеді.

Бұл процесс былайша орыналады:

- Тұлға өзінің эмоционалдық жағдайына қарай айналасында орын алған жағдайларды түйсігіне жинап, өздігінше бағалайды. Осының негізінде ол өзіне көптеген мақсаттардың ішінен барынша тиімдісін таңдап анықтайды. Оған жету жолында қажетті іс-әрекеттерді орындап, оған қол жеткізген кезінде қанағаттанып, ләззат алады.

Мақсат қою арқылы ынталандыру процесінің моделі.

Тұлғаның орын лаған жайдайды түсінігі

Бағыт беретін мақсаттарды анықтау

Мақсатқа сай іс-әрекеттерді орын алуы

Ақырғы нәтижемен қанағаттану

Бұл теория көп жағдайда тұлғаның көздеген мақсатында жету жолында белгілі бір деңгейдегі белгілі бір шығындарды жұмсауға дайындығын басты элемент ретінде қарастырады.

Бұл шығындарды шығаруға дайындығы мақсаттың 4 сипаттамасынан құралады:

Мақсаттың қиындығы

Мақсаттың ерекшелігі

Мақсаттың қолайлылығы

Тұлғаның сол мақсатқа шынайы берілуі

Ұстамдығы, айнымастығы

Мақсаттың қиындығы – мақсатқа жету үшін қажетті ептілік деңгейімен орындалу деңгейін сипаттайды. Мақсаттың қиындығы мен оның орындалу арасында тікелей тәуелділік бар.

Мақсат күрделі болған сайын орындаушы барынша күшті нәтижеге қол жеткізе алады. Бірақ шынайы емес өте күрделі мақсаттар қойылатын болса, онда қызметкер одан бос тартуы мүмкін. Сондықтан мақсат күрделілігі шынайы болғанда ғана жағымды тиімділік береді.

Мақсаттың ерекшелігі – бұл мақсаттың нақтылығын, айқындалығын, анықталғандығын сипаттайды. Егер тұлға сол мақсатты өз меншігім деп қабылдасаонда миақсаттың қиындығы мен ерекшелігі оған кедергі бола алмайды. Бірақ мақсатқа қол жеткізген кездегі потенциалды тиімділікті орындаушы тұлға сезінбесе онда ол оны өз меншігі ретінде қабылдамауы

мүмкін.

Мақсатқа ұстамдылық – оған жетуде түлғаның қаншалықты деңгейде күш-жігерді шығаруға дайын екенін сипаттайды. Бұл қағида жұмыстың орындалу кезеңінде өте маңызды. Егер жұмыс оңай орындалып жатса, бұл ұстамдылықтың жоғары болғандығын көрсетеді. Яғни, керісінше қиындық туындаса ұстамдылық төмендейді.

Мақсат қою теориясының соңғы кезеңі бұл, қызметкердің нәтижеге қанағаттану деңгейі. Бұл көрсеткіш сол процесті аяқтаушы болып қана қоймай келесі циклге бастаушы соңында позитивті көзқарастар орын алса, тұлға өзіне және қасындағы топқа риза болып қанағаттану сезімін және керісінше негативті көзқарас пайда болса, керісінше негатив пайда болады.

Ішкі процестер – көбінесе орындалған нәтижені күтілген нәтижемен салыстыра отырып, тұлғаның өзін-өзі бағалауы.

Сыртқы процестер - сол нәтижені айналасындағы басқа қоршыған тұлғалардың көзқарасын білдіруі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]