- •1.Мотивациялық менеджмент нені зерттейді.
- •2. Мотивация түсінігі және оның қажеттілігі
- •3.Мотивацияның басқару процесіндегі алатын орны
- •11.Уәждерді иерархиялық ұйымдастыру
- •12.Мотивация жүйесіндегі әділдік қағидасы дегеніміз не?
- •15. Мотивацияның адами ресурстар моделі
- •19.Джон Аткинсонның ынталандыру теориясы
- •20. Макклеландтың қолдан жасалған қажеттіліктер теориясы
- •21. Виктор Брумның күту теориясы.
- •22. Джон Стейси Адамстың «Теңдік теориясы»
- •23. Эдвин Локктың «мақсат қою теориясы»
- •24.Джон Адамстың «теңдік» теориясы
- •26. Беррес Скиннер теориясы.
- •27. Коммуникация және оның түрлері
- •30. Әлемде орын алған ұлы тоқырау кезеңі
- •32. Мотивациядағы уақытпен ынталандыру
- •33. Мотив және қажеттілік
- •34.Еңбекті ынталандыруға әсер ететін факторлар
- •35.Мотивация психологиясы,маңыздылығы
- •36.Мотивацияның даму кезеңдері
- •40.Мотивацияның экономикалық тәсілдері
36.Мотивацияның даму кезеңдері
Қазіргі кезде мотвацияның алғашқы концепцияларын қате деген пікір бар, бірақ оларды білудің маңызы зор. Көне замандағы басшылар адамдардың мінез – құлқын, жүріс – тұрысын дұрыс түсінбесе де сол жағдайларда қолданған олардың әдістері көбінесе тиімді болып жатты. Бұл әдістердің жүздеген жылдар бойы қолданылуы нәтижесінде олар біздің мәдениетімізбен біте қайнасып кетті. Көптеген басшылар, әсіресе арнайы дайындығы жоқ басшылар әлі де осы концепциялардың ықпалында жүр.
Қазіргі басшы бұрынғы әдістерді нақты жағдайда пайдалана алмайды. Қазіргі ұйымдардағы жұмысшылар, яғни бағыныштылар бұрынғыларағ қарағанда білімдірек, жақсырақ қамтамасыз етілген. Сондықтан еңбек іс - әрекетін мотивациялау күрделене және қиындай түсті.
«Қатшы және нан» саясаты. Басшылар лексиконына мотивация сөзі енбей тұрып, мыңдаған жылдар бұрын адамдарды уйохи алдындағы мақсатты тиімді орындату әдістері белгілі болды. Сол әдістердің ең алғашқысы қатшы және нан әдісі. Библияда көне антикалық мифологияларда да патихалардың батырларды марапаттап, қолпаштағандары айтылады. Бірақ патиханың қыздарымен қазыналары таңдаулылардың бірегейлеріне ғана берілген. Бірақта атқарылған істер үшін берілетін сыйақы мардымсыз болатын.
Мұндай құбылыс Х1Х ғасыр аяғында Батыс елдерінде қалыпты жағдай еді. Өндірістік революция кезеңінде Англияның ауыл тұрғындарының әлеуметтік – экономикалық жағдайлары адам айтқысыз еді. Жұмысшылар күніне 14 сағат аянбай еңбек етіп, ақысына әрең күндерін көрді. Адам Смит өзінің «Халықтар байлығының табиғатымен себептері» атты еңбегін жазған кезде қарапайым адамның өмірі қиын еді. Оның «экономикалық адам» концепциясын жасауға дәл сол кездегі қатаңда қиын жағдай өз ықпалын тигізді. Адамдардың көпшілігі өзінің жағдайын жақсартып, өмір сүруге ұмтылуы жағдайында А.Смиттің «адамдарға мүмкіндік келсе, ол әрқашанда өзінің экономикалық жағдайын жақсартуға ұмтылады» деген қорытындысы қайдан шыққаны түсінікті.
1910 жылы «Ғылыми басқару мектебі» пайда болған кезде технологияның жетістіктеріне қарамастан еңбекшілердің өмірі жақсара қойған жоқ. Бірақта Тейлор оның замандастары тиімді мотивация теориясын жасады. «Күнделікті қажетті өндіріс» түсінігін обьектиті түрде анықтап жалақыны өндірген өнім көлеміне пропорционалды түрде төлеуді ұсынды. Мотивация әдістерін пайдалану нәтижесінде еңбек өнімділігінің өсуі мамандану және стандартизациямен қатар жүргізіліп айтарлықтай нәтиже берді. Қатшы және нан түріндегі мотивацияның жетістігі соншалық, оның ықпалы қазіргі басшыларда да көрініс табуда.
Маманданудың және технологияның жетістіктері нәтижесінде қара-пайым адамдардың өмірі жақсара бастады. Адамдардың өмірі жақсарған сайын, басқарушылар оларды тек «таппен» жұмыс істеуге болмайтынды-ғын түсіне бастады. Осы фанг басқару саласындағы мамандарды мотивация мәселесінің жаңа шешімдерін психологиялық аспектіден іздеуге мәжбүр етті.
37. Мотивацияның мазмұндық теориясы
Ынталандырудың мазмұнды теориялары бірінші кезекте,әсіресе жұмыстың көлемі мен мазмұнын анықтауда адамдардың сұранысын анықтайды. Ынталандырудың қазіргі крнцепцияларының негіздерін салуда Абраам маслоу, Фредерик Герцберг еңбектері үлкен маңызға ие болды.
Басқарушылары адамның қажеттілктерінің күнделікті және олардың ынталандыруға әсері туралы еңбегінен еңбегінен білген бихевиорисердің бірі болып А.Маслоу табылды.
Онымен құрастырылған кең танымал қажеттіліктердің иерархиясы келесі негізгі ойлар мен алғы шарттарды кіргізеді:
·адамдар үнемі қандай да қажеттілктерді сезеді;
·адамдар бөлшек топтарға біріккен күшті белгіленген қажеттіліктер жинағын бастан кешіреді;
·қажеттіліктер тобы бір-біріне қатысты иерархиялық түрде орналасқан;
·қажеттілктер қанағаттандырылмаса,адамды іс-әрекеттерге түрткілейді.Қанағаттандырылған қажеттіліктер адамдарды қайта ынталандырмайды;
·егер қажеттілік қанағаттандырылса,оның орнын басқа қанағаттанбаған қажеттілік басады;
·көп жағдайда адам бір-бірімен жинақтылық қатынаста болатын бір уақытта бірнеше әр түрлі қажеттіліктерді сезеді;
·»пирамиданың» негізіне жақын тұрған қажеттіліктер ең бірінші ретте қанағаттандыруды талап етеді;
·жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттанған соң адамға белсенді түрде әсер етуді бастайды;
·төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктердің көп санымен қанағаттанулары қажет.
38.
39. Жалақы ынталандырушы фактор ретінде
Жалақы деңгейінің төмендігі жалпы еңбектік енжарлықты, еңбек мотивінің маңыздылығаның төмендеуін, қарқыны төмен және біліктілікті қажет етпейтін, жалақысы жоғары, әрі тұрақты жұмыс тілегін қалыптастырып отыр. Еңбектік енжарлықтың бір түрі ретінде біліктілікті жоғарлатуға деген қызығушылықтың тқмен болуы кіреді. Меншік иелері де жұмыскердің біліктілігін жоғарлатуға асықпауда, оларға бүгін еңбек белсенділігін көтеруге қаржы жұмсау тиімсіз, олар көбінесе негізгі қорларды алдағы уақытта жаңартуға қажетті инвестицияны жинауды қалайды.
Еңбекақы бұл — мемлекет белгіленген нормаларға сәйкес түпкі нәтижелеріне, санына және сапасына байланысты еңбектері үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар төлейтін ақшалай төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына, тең және және оның ақшалай түрі болып табылады. Былайша айтуға болады — еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі. Батыстың экономикасы дамыған елдерде бұл ұғым «еңбекақы» және «ақшалай сыйақы» түрінде болады. Әдетте еңбекақы қызметкерлердің дене еңбегін, ал ақшалай сыйақы ой еңбегін марапаттауға арналған. Бұл екі фактор әлеуметтік жағынан қарағанда, бір-біріне өте жақын ұғым, бірақ олардың өзгешелігі де бар. Жалақы қысқа мерзімді шектеулі (1 күн, 1 ай) болады және оның деңгейі кәсіпорын немесе жұмыс берушінің өзара келісімдерінде анықталады. Ал ақшалай сыйақы болса, оның төлемдері едәуір ұзақ мерзім ішінде жүзеге асады, мөлшері жеке келіссөздер арқылы белгіленеді. Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді. Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкерлердің және оның жанұя мүшесінде адамдардың әлауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін, жақсартудан тұрады. Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып, саналады. Жұмыс беруші әсіресе бүйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады. Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді. Негізгі еңбекақыға мынандай төлемдер жатады: ♦ Мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер; ♦ Еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерге және т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер; ♦ Қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер; ♦ Сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б. Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім-шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады: ♦ Демалыс уақыттарына ақы төлеу; ♦ Мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу; ♦ Кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы, үзілістері үшін ақы төлеу; ♦ Жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу. Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану.
