- •6.Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар
- •6.1.№ 1 Тақырып. Патологиялық физиология пәні, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология.
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •6.6.Әдебиеттер:
- •6.7.Бақылау
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Негазовый алкалоз (экзогенный, выделительный, метаболический) - нарушение кос, обусловленное повышением концентрации аниона гидрокарбоната.
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Көміртегі тотығымен уландыру
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Глоссарий
- •Машықтық жұмыс:
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс:
- •Қалыпты жағдайдағы лейкоциттік өрнек
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер:
- •Бақылау
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс:
- •Геморрагиялық және тромбоздық синдромдардың патогенезін көрсетініз
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс: Ситуациялық есептерді шешу
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс:
- •Глоссарий
- •6.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс:
- •Глоссарий
- •6.6.Әдебиеттер:
- •6.7.Бақылау
Сабақтың болжамды хронометражы
№ |
Сабақ кезеңдері |
Бөлінген уақыт (мин) |
1 |
Ұйымдастыру бөлімі |
5 |
2 |
Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас - №1-3 сұрақтар, глоссариймен жұмыс |
20 |
3 |
№ 1-4 тапсырмаларды орындау |
25 |
4 |
Үзіліс |
10 |
5 |
Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас - №4-11 сұрақтар |
35 |
6 |
№ 5 тапсырманы шешу |
10 |
7 |
Сабақты қорытындылау, бағалау |
5 |
Машықтық жұмыс
№ 1 тапсырма. |
Бақаның тілінде артериялық гиперемияны зерттеу. |
Әдісі. Бақаны қимылсыздандырып, астыңғы жағының жиегін тактайша тесігінің шетіне орналыстырады.Бақаның ауыз қуысын пинцетпен ашқаннан кейін, төменгі жағының бурыштарын, тақтайшаға қисайта кіргізілген екі инемен белітеді, үшінші иненің басымен бақаның жоғарғы жағын тіреп қояды.Көз пинцетімен тілдің бір бүртігін, одан кейін екіншісін ұстап алып, бақаның тілін ақырындап созып, тақтайдағы тесіктің үстіне керіп бекітеді. Осылайша істелген тілді микроскоппен аз ұлғайтылған жағдайда қарайды. Ұсақ қан тамырларда қан ағымының бастапқы жағдайын зерттейді.Осыдан кейін бақаның қалпын өзгертпей, микроскоптың объективін көтеріп, тілін, натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен суланған мақтамен сүртеді.
№ 2 тапсырма. |
Майлық эмболияны алу және бақаның шажырқай немесе тілінің қан тамырының эмболиясы кезіндегі канайналымын зерттеу. |
Әдісі: Қимылсыздандырылған бақаның кеуде қуысын ашып, жүрегін перикардтан босатады. 0,2 – 0,3 мл жылытылған вазелин майын жіңішке инемен журектің қарыншасына жібереміз. Микроскоппен аз ұлғайтылған жағдайда бақа шажырқайының қан тамырларын, олардың ішіндегі эмболдардың қозғалуын және эмболия туындатқан қан ағымының бұзылыстарын зерттейді. Эмболияны суретке салады және қысқаша сипаттап жазады.
№ 5 тапсырма. Бақа шажырқайында қан айналымның өзгерістері мен лейкоциттердің эмиграциясын зерттеу (Конгейм тәжірибесі)
Әдісі: Бақа шажырқайын тақтайша тесігінің үстіне керіп бекітеді. Микроскоптың кішкене үлкейтуімен ұсақ тамырларындағы қанайналымын бақылайды. Қан тамырларының саңылауларнының өзгерістеріне, қылтамырлар санына, қан ағысының жылдамдығына назар аудару кажет. Лейкоциттердің қан тамырларының жиектеріне кемерленіп тұруын байкайды. Ары қарай микроскоптың үлкейтуін кішкенеден үлкенге алма-кезек ауыстырып отырып, қан ағысы жылдамдығының өзгерістерін байкай келе, лейкоциттердің тамырдың сыртына шығуын көруге болады. Дәптерге лейкоциттердің эмиграциясының сатыларын жазып, сүретін салады.
Глоссарий
Артериялық гиперемия – ағзаға немесе тін бөлігіне қанның ағып келуі артуынан қан толуының ұлғаюы
Артериальная гиперемия - увеличение кровенаполнения органа или участка ткани вследствие увеличения притока крови
Arterial hyperemia is a local increased volume of arterial blood in tissue, resulting from augmented tissue inflow due to arteriolar dilation.
Веналық гиперемия – ағзадан немесе тін бөлігінен қанның ағып кетуі қиындауынан оған қан толуының ұлғаюы
Венозная гиперемия - увеличение кровенаполнения органа или участка ткани вследствие затруднения оттока крови
Venous hyperemia (passive hyperemia, venous congestion) is a local increased volume of venous blood in a tissue resulting from impaired outflow from a tissue.
Ишемия –ағзаға немесе тіннің бөлігіне қан ағып келуі азаюынан оған қан толуының азаюы
Ишемия - уменьшение кровенаполнения органа или участка ткани вследствие уменьшения притока крови
Ischemia is deficient blood supply to a part of tissue
Постишемическая реперфузия - восстановление кровотока после ишемии
Ишемиядан кейінгі реперфузия – ишемиядан кейін қан ағысының қалпына келуі
Postischemic reperfusion is restoration of blood flow after ischemia
Стаз – микроқанайналым арнасы қан тамырларында қан ағысының тоқтауы
Стаз - остановка кровотока в сосудах микроциркуляторного русла
Stasis is interruption of blood flow in capillaries
Тромбоз – тіршілікте қан тамырында немесе жүрек қуысында қан ұюы
Тромбоз – прижизненное свертывание крови в просвете сосудов или полостях сердца.
Thrombosis is the lifetime clotting of blood in the lumen of the vessels or the cavities of the heart.
Эмболия – циркуляция в крови частиц, которые в норме не встречаются и закупорка ими просвета сосудов
Эмболия – қалыпты жағдайда кедеспейтін бөлшектердің қанайналымында болуы және олармен қан тамырларының бітелуі
Embolism is the circulation of particles, which normally do not occur in blood and obstruction of the vascular lumen
Қабыну – (грекше phlogosis, лат. inflamatio) - әлтерация, экссудация, пролиферациямен қабаттасатын біртектес дерттік үрдіс.
Воспаление –(греч. phlogosis, лат. inflamatio) - типовой патологический процесс, включающий альтерацию, экссудацию, пролиферацию.
Inflammation - (greek - phlogosis, latin - inflammatio) is a typical pathologic process characterized by alteration, exudation (changes in the microvasculature followed by fluid and protein exudation and leukocyte emigration), proliferation
Флогогендер - қабынудың себептері
Экзогенді - биологиялық, механикалық, физикалық, химиялық, әлеуметтік
Эндогенді - қан құйылу, тіннің ыдырау өнімдері, улы метаболиттер, тұздар жиналуы, иммундық кешендер, белсенді радикалдар
Флогогены - причины воспаления
Экзогенные флогогены - биологические, механические, физические, химические, социальные
Эндогенные флогогены - кровоизлияния, продукты тканевого распада, токсические метаболиты, отложения солей, иммунные комплексы, активные радикалы
Рhlogogens are the causes of inflammation:
Exogenous phlogogens - biological, mechanical, physical, chemical, social
Endogenous phlogogens - products of tissue damage, toxic metabolites, haemorrhages, free radicals
Қабынудың құрам бөлшектері:
әлтерация
экссудация және лейкоциттер эмиграциясы құбылыстарымен көрінетін микроциркуляция арнасындағы қантамырлардағы қанайналым өзгерістері
пролиферация
Компоненты воспаления:
альтерация
сосудистые изменения преимущественно в микроциркуляторном русле с явлениями экссудации и эмиграции лейкоцитов (экссудация)
пролиферация
Components of inflammation are
alteration
changes in the microvasculature followed by fluid and protein exudation and leukocyte emigration
proliferation
Әлтерация – зақымдану - жасушалардың, жасушааралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық немесе некроздық бүлінулері
Алғашқы әлтерация–флогогеннің тікелей әсерінен дамиды.
Салдарлық әлтерация – алғашқы әлтерацияның зардабы, зат алмасу өзгерістерімен, қабыну дәнекерлері әсерімен байланысты.
Альтерация – повреждение - нарушение структуры и функции клеток, межклеточного вещества, нервных окончаний, сосудов.
Первичная альтерация – возникает под действием флогогенного фактора (причины)
Вторичная альтерация – является следствием первичной альтерации и связана с изменением обмена веществ, физико-химическими изменениями, действием медиаторов воспаления.
Alteration - damage - violation of the structure and function of cells and intercellular substance, nerves, blood vessels
Primary alteration - occurs under the influence of phlogogen factors (cause)
Secondary alteration - is a consequence of the primary alteration and linked to the changes of the exchange of substances, physico-chemical changes, the action of mediators of inflammation.
Қабыну дәнекерлері – салдарлық әлтерацияны тудыратын, тамырлық серпілістер, пролиферацияны реттейтін, қабынудың жергілікті және жалпы белгілерінің патогенезінде маңызды рөл атқаратын биологиялық белесенді заттар. Шығу тегіне орай жасушалық және гуморалдық болып жіктеледі
Медиаторы воспаления – биологически активные вещества, вызывают вторичную альтерацию, формируют сосудистые реакции, регулируют пролиферацию, играют важную роль в патогенезе местных и общих признаков воспаления. По происхождению делятся на клеточные и гуморальные
Mediators of inflammation - the biologically active substances that cause secondary alteration, form a vascular reactions, regulate proliferation, play an important role in the pathogenesis of local and General signs of inflammation. Аre classified on the cellular and humoral
Экссудация – қанның нәруызы бар сұйық бөлігінің және формалық элементтерінің қабыну ошағына шығуы
Экссудация - выход белоксодержащей жидкой части крови и форменных элементов в очаг воспаления
Exudation - output the liquid protein containing part of blood and formed elements in the center of inflammation
Лейкоциттер эмиграциясы – қабыну ошағына лейкоциттердің шығуы
Эмиграция лейкоцитов – выход лейкоцитов в очаг воспаления
Leukocyte emigration - output of leukocytes in the center of inflammation
Эмиграция сатылары:
лейкоциттердің тамырдың ішкі қабырғасына кемерленіп тұруы және роллинг (тербелу)
лейкоциттердің тамыр қабырғасы арқылы шығуы
лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы
Стадии эмиграции:
Краевое стояние лейкоцитов у внутренней стенки сосудов и роллинг (качение)
Выход лейкоцитов через стенку сосуда
Движение лейкоцитов в очаге воспаления
The stage of emigration:
the standing of leukocytes in the inner wall of blood vessels and the rolling
output of leukocytes through the wall of the vessel
the movement of leukocytes in center of inflammation
Фагоцитоз –микроорганизмдерді жұтып, қорыту үрдісі. Фагоцитоз сатылары: жақындасу, жабысу, жұту, қорыту.
Фагоцитоз – процесс поглощения и разрушения микроорганизмов. Стадии фагоцитоза: приближение, прилипание, погружение, переваривание.
Phagocytosis – the process of absorption and the destruction of microorganisms. The stage of phagocytosis: approximation, adhesion, immersion, digestion.
Пролиферация (лат. рroliferatio – көбею) – дәнекер тіндердің жасушалық бөлшектерінің көбеюі. Пролиферациядағы негізгі рөлді макрофагтар атқарады.
Пролиферация (от лат. рroliferatio – размножение) – размножение клеточных элементов соединительной ткани. Ведущая роль в пролиферации принадлежит макрофагам.
Proliferation (latin - reproduction) - reproduction of the cellular elements of the connective tissue
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 247 - 265.
Патофизиология// Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, С.498-516. 2 том С. 404-498
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 162-222
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С.498-516. 2 том С. 404-498
Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 30-45
Қосымша:
Патология Учебник для студентов фармацевтических факультетов медицинских вузов// под ред. В.П.Куликова, В.М. Брюханова - Барнаул, 2007.-С. 62-76, 120-136
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 87-92, 101-117.
Зайчик А.Ш. ,Чурилов Л.П.Общая патофизиология. Учебник для медицинских ВУЗов.Том 1, Санкт-Петербург, 2005, С. 214-351
БАҚЫЛАУ –
№ 1, 2 тапсырмалардың орындауын тексеру
Глоссариймен жұмыс істеуді тексеру
№ 6 ТАҚЫРЫП. «ОРГАНИЗМНІҢ ЗАҚЫМДАНУҒА ЖАЛПЫ ӘСЕРЛЕНІСТЕРІ: ЖІТІ КЕЗЕҢДІК ЖАУАП. ҚЫЗБА»
Сабақтың мақсаты:
Жіті кезеңдік жауап бойынша білім қалыптастыру
Тақырып сұрақтарын талқылағанда коммуникациялық дағдыны қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
Тақырып сұрақтары бойынша білім жетілдіру
Патогенездік сызбанұсқаны сараптауды жетілдіру
Тақырыпты талдағанда 3 тілдегі глоссарийді қолдану дағдысын жетілдіру
Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны қалыптастыру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
«Жіті кезеңдік жауап», себептері, дәнекерлері және олардың әсері. «Жіті кезеңдік жауап» нәруыздары, олардың қызметі. Организм үшін «жіті кезеңдік жауаптың» маңызы. Жүйелік қабынулық жауап синдромы туралы түсінік.
Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы. Қызба кезіндегі қызу көтерілуінің патогенезі. Дене қызуының көтерілу деңгейі бойынша және тәуліктік дене қызуының ауытқуларына байланысты қызбаның түрлері.
Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер.
Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Қызым түсіретін емнің патофизиологиялық ұстанымдары. Пиротерапия туралы түсінік.
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Сабақтың негізгі сұрақтары бойынша оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірталас, рөлдік ойынды талқылау, патогенездің сызбанұсқасымен жұмыс, сабақтың негізгі атаусөздерімен, глоссариймен жұмыс.
