- •6.Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар
- •6.1.№ 1 Тақырып. Патологиялық физиология пәні, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология.
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •6.6.Әдебиеттер:
- •6.7.Бақылау
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Негазовый алкалоз (экзогенный, выделительный, метаболический) - нарушение кос, обусловленное повышением концентрации аниона гидрокарбоната.
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Көміртегі тотығымен уландыру
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Глоссарий
- •Машықтық жұмыс:
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс:
- •Қалыпты жағдайдағы лейкоциттік өрнек
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер:
- •Бақылау
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс:
- •Геморрагиялық және тромбоздық синдромдардың патогенезін көрсетініз
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс: Ситуациялық есептерді шешу
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс:
- •Глоссарий
- •6.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс:
- •Глоссарий
- •6.6.Әдебиеттер:
- •6.7.Бақылау
6.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бүйректің негізгі қызметі бұзылыстарын тудыратын себептер.
Шумақтық сүзілудің азаюы немесе артуы, себептері, даму жолдары, салдарлары. Бүйрек шумақтары зақымдануының негізгі тетіктері
Өзекшелік кері сіңірілудің бұзылыстары. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі
Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму жолдары
Полиурия, олигоурия, анурия, түрлері, даму жолдары.
Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, патогенезі
Бүйректің жіті жеткіліксіздігі, этиологиясы, патогенезі. Сатылары. Емдеу қағидалары.
Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, этиологиясы, патогенезі, бүйрек қызметінің бұзылу деңгейі және диурез өзгеруі бойынша сатылары. Емдеу қағидалары.
Уремия, анықтамасы, организмдегі өзгерістердің патогенезі.
6.5.Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері: Тақырыптын сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу, сабақтың машықтық бөлігінің орындалуы бойынша топта жұмыс жүргізу, кейс-стади, тақырып глоссарийімен жұмыс жасау.
Сабақтың болжамды хронометражы
№ |
Сабақ кезеңдері |
уақыты |
1 |
Ұйымдастыру бөлімі, түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндетімен таныстыру, таратылатын материалдарды тарату |
5 мин |
2 |
№ 1-6 сұрақтар бойынша пікірсайыс |
45 мин |
3 |
Үзіліс |
10 мин |
4 |
№1 тапсырманы орындау (1,2 есептер) |
20 мин |
5 |
№ 7 сұрақ бойынша пікірсайыс, 3 есеп |
30 мин |
6 |
Үзіліс |
10 мин |
7 |
№ 8 сұрақ бойынша пікірсайыс, 4 есеп |
35 мин |
8 |
Тестлеу |
15 мин |
9 |
Үзіліс |
10 мин |
10 |
№ 9 сұрақты басқа тілде талдау(орыс, ағылшын) |
45 мин |
11 |
Сабақты қорытындылау, компетенцияларды бағалау |
5 мин |
Машықтық жұмыс:
№ 1 тапсырма. Кейс-стади.
№ 1 есеп. Зимницкий сынауын сараптап, клиренсті есептеңіз. Егер қан сары суында креатинин 6,9 мг/л (қалыпты жағдайда 12-14 мг/л), зәрде – 520 мг/л (қалыпты жағдайда 200-500 мг/л).тәуліктік диурез – 950 мл. С= U зәр/ P плазма х Vзәр (мл/мин) өрнегін қолданыңыз.
Зимницкий сынауын сараптаңыз:
Уақыты |
Зәр мөлшері |
Зәрдің сал. Тығыздығы |
9 12 15 18 21 24 3 6 |
80 100 70 80 150 200 100 150 |
1030 1020 1025 1020 1021 1025 1025 1032 |
Бүйректің қызметі туралы қорытынды жасаңыз.
№ 2 есеп. Тапсырмада берілген мәліметтерді медициналық сөздіктермен сипатта. Берілген мәліметтердің негізінде патология туралы қорытынды жасаңыз.
Диурез – тәулігіне 420 мл
Тығыздығы – 1,011
Нәруыз – 2,0 г/л
Көру аймағында бірен-саран сілтілі эритроциттер
Гиалинді, түйіршікті цилиндрлер
АҚ – 175/95 мм с.б.
Қалдық азот – 190 ммоль/л (қалыптысы 4,28 - 28,56 ммоль/л)
№ 3 есеп. Хирургиялық клиникаға сүйектердің көптеп зақымдануымен және бұлшықет тінінің мыжылуымен, қан кетумен қабаттасқан ауыр жағдайдағы науқас жеткізілді. Жедел көмек көрсетілгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарды. Бірақ, екі тәуліктен кейін, жағдайы күрт төмендеп, науқас есін жоғалтты, анурия болды.
1. Жағдайының күрт төмендеуі немен байланысты?
2. Анурияның патогенезі қандай?
№ 4 есеп. Науқасқа 52 жаста, 12 жыл бойы созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Дәрігерге соңғы кездері пайда болған күндіз ұйқышылдыққа, түндегі ұйқысыздыққа, тез шаршағыштыққа, бұлшықет әлсіздігіне, апатияға, төс артындағы және эпигастр аймағындағы ауырлық сезіміне, жүрек айнуы, іш өтуі, терісінің қышуына шағымданды.
Тексергенде: АҚ 165/95 мм.с.б., жүрек шекараларының солға кеңейгені, жүректің барлық жағынан перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; айқын азотемия, гипо‑ және диспротеинемия, эндогенді креатинин клиренсі 45 мл/мин.
Зәр анализі: Тәуліктік диурез – 450 мл. Тығыздығы 1029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясында: көру аймағында біріндеген эритроциттер, лейкоциттер көп мөлшерде, түйіршікті цилиндрлер аздап кездеседі. ҚСҮ көрсеткіштері: рН 7,32; зәрдің титрлік қышқылдығы төмендеген.
Науқаста дамыған жағдайды қалай атайсыз?
Осы жағдайдың мүмкіндік себебі қандай?
Психоневрологиялық, кардиологиялық және гематологиялық симптомдардың және ҚСҮ мен зәрдегі өзгерістердің туындау механизмі қандай?
Науқастағы дамыған бұзылыс күшейгенде қандай жағдайға әкелуі мүмкін?
№ 2 тапсырма.
Тесттік тапсырмаларды орындау
Бүйрек қызметі бұзылуының пререналдық себептері болып табылады (3)
шок
ауыр металдардың түздары
гломерулонефрит
сусыздану
қансырау
2. Бүйрек қызметі бұзылуының реналдық себептері болып табылады
несеп ағардың таспен бітелуі
гемолиздік стрептококк және аутоиммунддық үрдістер
жүйелік қанайналымының бұзылуы
сілейме
гипертониялық ауру
3. Бүйрек қызметі бұзылуының постреналдық себептері болып табылады
несеп ағардың таспен бітелуі
гемолиздік стрептококк және аутоиммунддық үрдістер
жүйелік қанайналымының бұзылуы
сілейме
гипертониялық ауру
4. Шумақтық сүзілудің жоғарлауы дамиды
коллапста
жедел қансырауда
гиперволемияда
бүйрекішілік қысымның жоғарлаунда
несеп шығару жолдарының бітелуінде
5 Шумақтық сүзілудің бұзылуын сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады
A) лейкоцитурия
B) гиперазотемия
C) аминацидурия
D) цилиндрурия
E) глюкозурия
6. Бүйректік тазартуды клиникада, бойынша жиі анықтайды (1)
A) зәрнәсіл
B) креатинин
C) несеп қышқылы
D) кәлий
E) фенол туындылары
7. Бүйрек өзекшелері қызметінің бұзылуына тән (2)
гемоглобинурия
бұйректік глюкозурия
креатинин тазартылуының төмендеуі
изостенурия
гиперазотемия
8. Олигурияның патогенезі байланысты (2)
шумақтарда сүзілу үрдістерінің төмендеуіне
өзекшелерде судың кері сіңірілуінің төмендеуіне
бүйрек өзекшелерінде натрий мен судың кері сіңірілуінің жоғарылауына
бүйрек өзекшелерінде натрийдың кері сіңірілуінің төмендеуіне
бүйректің бұра-қарсы ағатын тетігі жұмысының бұзылуына
9. Полиурияның патогенезі байланысты (2)
A) шумақтарда сүзілу үрдістерінің жоғарылауына
B) өзекшелерде судың кері сіңірілуінің төмендеуіне
C) бүйрек өзекшелерінде натрий мен судың кері сіңірілуінің жоғарылауына
D) бүйрек өзекшелерінде натрийдың кері сіңірілуінің жоғарылауына
E) несеп шығаратын жолдармен несеп ағуының қиындауына
10. Анурияны туындатуы мүмкін (4)
A) диурезге қарсы гормонның тапшылығы
B) едәуір ауырулық тітіркендірулер
C) несепағардың таспен бітелуі
D) несепағардың бүгілісі немесе қысылуы
E) систолалық артериялық қысымның 50 мм.с.б. аз төмендеуі
11. Шумақтық протеинурия патогенезінде маңызды
нефрон шумақтарының мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауында
алғашқы несеп нәруыздарының кері сіңірілуі бұзылғанда
проксималды өзекшелердің эпителий жасушаларының құрылымдық өзгерістерінде
өзекшелердің эпителий жасушаларымен нәруыздарды ферменттік гидролиздеуінің бұзылуында
реабсорбция үрдісінің күшеюі
12. Айтарлықтай протеинурия әкеледі (2)
ретенциалық гиперазотемияға
организмнің жұқпаларға төзімділігінің жоғарлауына
гипопротеинемияға
ісінулерге
организмнің сусыздануына
13. Бүйректік гематурия, салдарынан дамуы мүмкін (1)
A) бүйрек шумақтарының сүзгіш мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы
B) бүйрек өзекшелерінің дисталдық бөлігінде кері сіңірілу үрдістерінің бұзылуы
C) бүйрек өзекшелерінің проксималды бөлігінде кері сіңірілу үрдістерінің бұзылуы
D) бүйрек өзекшелерінде сөлденіс үрдістерінің бұзылуы
E) бүйректің қоюландыру қабілеттігінің бұзылуы
14. Несептің бүйректік дерттік бөлшектері болып табылады (2)
жұқарған эритроциттер
тура емес билирубин
цилиндрлер
өт қышқылдары
уробилиноген
15. Изостенурия – бұл
несептің тығыздығы Зимницкий сынағының барлық үлесінде 1010-1012
несептің тәуліктік мөлшерінің жоғарылауы
несептің тығыздығы Зимницкий сынағының барлық үлесінде 1020-1025
несептің тәуліктік мөлшерінің азаюы
несеп шығарудың тоқталуы (50 мл/тәулік - тен аз)
16 Гломерулонефриттер сипатталады(4)
бір бүйректің шумақтарында қабынудың дамуымен
екі бүйректің шумақтарында қабынудың дамуымен
сүзгіш мембрана шумақтары зақымдалуының иммунды механизмімен
нефрон каналдары эпителийінің дистрофиялық өзгерістерімен
аурудың жіті, сүлде, белгілері жоқ ағымдармен
17. Жіті гломерулонефритке әкелетін ең жиі себеп болып табылады
стафилококктар
стрептококктар
парамиксовирустары
кандида туысы саңырауқұлақтары
анаэробты флора
18. Пиелонефрит-бұл
бүйрек түбектерінің, тостағаншаларының және бүйректің милы қабатының интерстициальді тінінің арнайы емес жұқпалы ауруы
нефрон шумақтарының иммунды қабынуы
бүйректің каналдық аппаратының тікелей зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы-аллергиялық ауру
бүйрек паренхимасының нейродистрофиялық үрдісі
айқын протейнуриямен сипатталатын симптомды кешен
19. Бүйрек ауруларында артериалық қысым көтерілуі байланысты (3)
ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуіне
простагландинв, брадикининнің белсенуіне
қанайналымындағы қан көлемінің жоғарылауы
бүйрекке келетін артериядағы гидростатикалық қысымның жоғарылауы
ОЖЖ ГПУВ түзілуі
20. Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі ісінудің патогенетикалық факторлры (3)
нейроэндокриндік
тамырлық
онкотикалық
гемодинамикалық
тіндік
21. БЖЖ кезіндегі олигурияның патогенезінде маңызы бар (4)
A) бүйрекпен ренин түзілуі күшеюінің
B) нефрон өзекшелері өтімділігі бұзылуының
C) шумақтық сүзілу жоғарылауының
D) бүйрек ұлпасы ісінуінің
E) дәрменді сүзілулік қысым төмендеуінің
22. БЖЖ кезінде диурез бұзылуының сатылары
бастапқы, олиго-анурия, диурездің қалпына келуі, полиурия
бастапқы, полиурия, диурездің қалпына келуі , олиго-анурия
бастапқы, олиго-анурия, полиурия, диурездің қалпына келуі
олиго-анурия, полиурия, диурездің қалпына келуі
бастапқы, прогрессивті, терминальді
23. БЖЖ олигоануриялық сатысы сипатталады (3)
гиперазотемиямен, метаболизмдік ацидозбен
гиперкәлиемиямен
гиперволемиямен
гиповолемиямен
қанда қалдық азот өнімдерінің азаюымен
24. БСЖ бірінші сатысында байқалады
олигоанурия
қанда креатинин мөлшерінің ұлғаюы
қанда зәрнәсіл мөлшерінің ұлғаюы
қанның қалдық азот деңгейінің жоғарылауы
шумақтық сүзілудің 50% ға төмендеуі
A) гиперстенурия
25. БСЖ олигуриялық сатысында дамиды (4)
гиперстенурия
уремия
несептің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі
шумақтық сүзілудің төмендеуі
өзекшелік кері сіңіріілудің төмендеуі
26. БЖЖ олигоануриялық кезеніне сәйкес
гиповолемия
гиперкальциемия
изоосмолялдік гипергидратация
артериалдық гипотензия
алкалоз
27. Уремия сипатталады (4)
ісінулермен
анемиямен
Куссмауль тынысымен
дегидратациямен
артериялық гипертензиямен
