- •6.Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар
- •6.1.№ 1 Тақырып. Патологиялық физиология пәні, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология.
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •6.6.Әдебиеттер:
- •6.7.Бақылау
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Негазовый алкалоз (экзогенный, выделительный, метаболический) - нарушение кос, обусловленное повышением концентрации аниона гидрокарбоната.
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Көміртегі тотығымен уландыру
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Глоссарий
- •Машықтық жұмыс:
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс:
- •Қалыпты жағдайдағы лейкоциттік өрнек
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер:
- •Бақылау
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс:
- •Геморрагиялық және тромбоздық синдромдардың патогенезін көрсетініз
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс: Ситуациялық есептерді шешу
- •Глоссарий
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс:
- •Глоссарий
- •6.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Сабақтың болжамды хронометражы
- •Машықтық жұмыс:
- •Глоссарий
- •6.6.Әдебиеттер:
- •6.7.Бақылау
Сабақтың болжамды хронометражы
№ |
Сабақ кезеңдері |
уақыты |
1 |
Ұйымдастыру бөлімі, түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндетімен таныстыру, таратылатын материалдарды тарату |
5 мин |
2 |
№ 1-6 сұрақтар бойынша пікірсайыс, 1-3 ситуациялық есептерді шығару |
45 мин |
3 |
Үзіліс |
10 мин |
4 |
№ 7 - 10 сұрақтар бойынша пікірсайыс № 4 ситуациялық есепті шығару |
45 мин |
5 |
Сабақты қорытындылау |
5 мин |
|
|
|
Машықтық жұмыс: Ситуациялық есептерді шешу
№ 1 есеп.
Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, ӨЖС↑ ,ӨҚК↑, ҚДШ1↓, Тиффно индексі↓. Қай дертке осындай көрсеткіштер тән?
Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, дшРК↓,ӨЖС↓ ,ӨҚК↓, Тиффно индексі - 90%. Дерт түрлерінің қайсысына көп жағдайда осындай көрсеткіштер тән?
№ 2 есеп. Науқаста бронх демікпесінің ұстамасы дамыды. Ол ауаның қатты жетіспеушілігін сезініп, иығын көтеріп мәжбүр түрде отыр. Тынысы шулы, дем шығару фазасы қиындаған. Тыныс алғанда қосымша тыныстық бұлшықеттер қосылады. Ұстаманың соңында жабысқақ қақырық пайда болады.
1. Науқаста патогенезіне және қанның газдық құрамына сәйкес тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?
2. Науқаста ентіктің қай түрі дамыды, патогенезін түсіндіріңіз.
3. Патогенездік емдеуді ұсныңыз.
№ 3 есеп. Науқас К., 32 жаста, клиникаға «Қауырт пневмония» диагнозымен келді. Ауру аяқ астынан басталды. Басы ауырып, діріл пайда болды. Дене қызымы 390С. терең тыныс алғанда кеудесі ауырады. Жөтелгенде іріңді қақырық бөлінеді. Тынысы минутына 30 рет. Қанында нейтрофильдік лейкоцитоз, ЭШЖ 20 мм сағатына.
1. Науқаста патогенезіне және қанның газдық құрамына сәйкес тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?
2. Науқастағы тыныс өзгерісінің патогенезін түсіндіріңіз.
3. Қақырықты тексергенде не анықталады? лейкоцитоза бен ЭШЖ жылдамдауының патогенезін түсіндіріңіз.
4. Этиотропты және патогенездік емін ұсыныңыз
№ 4 есеп. Науқас Ж., 21 жаста, суицид жағдайында барбитураттың көп мөлшерін қабылдап, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде АҚҚ 95/65 мм.с.б.б., тамыр соғысы минутына 105 рет. Артериялық қанның газдық құрамы анықталды.
Науқаста патогенезіне қарай тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?
Артериялық қанның газдық құрамы мен рН шамасы қалай өзгереді?
Сыртқы тыныс реттелуін бұзатын себепті атаңыз.
Патогенездік емдеу тәсілін ұсыныңыз..
Глоссарий
Тыныс жеткіліксіздігі – деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныстық жағдайдың өзінде артериЯлық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайын айтады.
Дыхательная недостаточность – патологический процесс, развивающийся вследствие нарушения внешнего дыхания, при котором не обеспечивается поддержание адекватного потребностям организма газового состава артериальной крови в состоянии покоя или при физической нагрузке
Respiratory insufficiency - is a pathological process when the respiratory system is unable to maintain an adequate blood gaseous content for the metabolic needs of the organism at the resting state and in work load.
Гиповентиляцияның обструктивті түрі – тыныс алу жолдары тарылғанда немесе бітелгенде байқалады.
Обструктивный тип гиповентиляции - гиповентиляция при снижении проходимости воздухоносных путей
Obstructive type of hypoventilation - occurs when there is reduction in passableness of airways
Эмфизема – бронхиололар мен альвеололардың фиброздық бүліністері аса көп болмайтын өкпе тінінің жоғары желденуі.
Эмфизема – повышенная воздушность легочной ткани с разрушением стенок бронхиол и альвеол без значительного фиброза
Emphysema - is a condition of the lung characterized by abnormal permanent enlargement of the airspaces distal to the terminal bronchiole, accompanied by destruction of their walls and without obvious fibrosis
Шарко-Лейден кристалы – эозинофилдердің сопақша пирамида тәрізді кристалданған (гр.қатайған) ферменттері. Бронхиалды демікпе кезінде қақырықта табуға болады..
Кристаллы Шарко-Лейдена - кристаллизованные ферменты эозинофилов, имеющие форму продолговатых пирамид. Встречаются в мокроте при бронхиальной астме.
CharcotLeudencrystals – crystallized eosinophils’ enzymes of oblong pyramids shape Meet in a sputum at bronchial asthma
Куршман спиралы – Бронхиалық демікпенің ұстамасынан кейін қақырықты микроскопиялық зерттеуде байқалатын муциндік (лат.жалқық) ақшыл-тұнық ирек түтікше тәрізді заттар..
Спирали Куршманна - беловато-прозрачные извитые трубчатые образования, из муцина, обнаруживаются при микроскопическом исследовании мокроты после приступа бронхиальной астмы.
Curshmann'sspirals -whitishconvolutedtubularformationofmucincould be detected bymicroscopic examination ofsputum atbronchialasthma.
Қарқынды тіршіліктік өкпе сыйымдылығы (FVC-ФЖЕЛ-ҚТӨС)-демді ішке мейлінше қатты тартқаннан соң мүмкіндігінше барынша күшті жылдамдықпен демді сыртқа шығару.
Форсированная жизненная емкость легких– выдох с максимально возможной силой и скоростью после максимального вдоха
FVC- forced vital capacity - isforceful exhalation after the maximal inhalation
Тиффно индексі – қарқынды дем шығарудың 1-секундындағы ауа көлемі мен тіршіліктік өкпе сыйымдылығының пайыздық арақатынасы (ҚДШ1с/ӨТС) қалыпты жағдайда 70%.
Индекс Тиффно (отношение ОФВ1 /ЖЕЛ (в норме 70%); ОФВ1 - объем воздуха, выдыхаемый в первую секунду выдоха
Tiffno’s index – is the ratio of the forced expiratory volume in 1 second to the FVC ( N=70 %)
Рестрикциялық гиповентиляция өкпенің тыныс алу бетінің азаюынан немесе өкпе тінінің серпімділігі төмендеуінен дамиды.
Restrictive type of hypoventilation- occurs when respiratory pulmonary surface and pulmonary expansion are reduced. It is characterized by reduced compliance (i.e. more pressure is required to expand lungs, because they are stiff).
Тыныс жеткіліксіздігінің (ТЖ) 1 түрі – ТЖ гипоксемялық түрі, бұл кезде гипоксемия гиперкапниясыз дамиды. Газдардың альвеоларлық-капиллярлық мембрана арқылы диффузиясы бұзылғанда байқалады.
RespiratoryinsufficiencyofItype – (hypoxemic ), thereishypoxemiawithouthypercapnia, occursat
severe parenchymal diseases of lungs, at disorders of gaseous diffusion across alveolar-capillary membrane
ТЖ 11 түрі (гипоксемиялық-гиперкапниялық түрі) - гипоксемия мен гиперкапния даму барысында бірге жүреді. Өкпе вентиляциясының бұзылыстарында дамиды.
Respiratory insufficiency ofII type - Hypercapnia-hypoxemic type, there is hypoxemia and hypercapnia, occurs at hypoventilation
ТЖ диффузиялық түрі – альвеоларлық-капиллярлық мембраналардың өзгерістеріне байланысты, бұл жағдай өкпеде альвеоларлық кеңістік пен капиллярлар арасындағы газ алмасу үрдісі бұзылуына алып келеді.
Diffusion form of respiratory insufficiency - is caused by changes of alveolar-capillary membrane
Перфузиялық ТЖ – Өкпе қанайналым бұзылыстарына байланысты дамиды..
Perfusion form of respiratory insufficiency - is due to disorders of pulmonary blood circulation, that results in disorders of gas exchange between alveolar space and the blood perfusing the lungs.
Эупное – қалыпты тыныс.
Эупное– нормальное дыхание
Eupnea - normal breathing
Брадипное – сирек тыныс.
Брадипное – редкое дыхание
Bradypnea - rare breathing
Тахипное – жиі тыныс.
Тахипноэ- частое дыхание
Tachypnea – rapid, shallow breathing
Гиперпное – терең жиі тыныс.
Гиперпноэ – глубокое частое дыхание
Hyperpnea– deep, rapid breathing
Апное – демнің уқытша тоқтауы.
Апноэ- временная остановка дыхания
Apnea - temporary pause in breathing
Үзілісті тыныс – тыныстың үзілісті (апноелық) болуы.
Периодическоедыхание –чередование периодов дыханияс периодамиа пноэ
Periodic breathing -is periodic alternations of breathing and apnea.
Дыхание Биота – чередование апноэ с дыхательными движениями одинаковой частоты и глубины
Biotbreathing - is equal depth of respiration followed by apnea
Чейн-Стокс тынысы – тыныс үзілгеннен соң (апное) тыныс бірт-бірте тереңдеп, қайтадан әсте-әсте төмендеуі.
Дыхание Чейна-Стокса - чередование апноэ с дыхательными движениями, которые нарастают по глубине, затем убывают
Cheyne-Stokes breathing – is gradually increased the depth of respiration, followed by apnea.
Куссмаул тынысы – өте сирек терең тыныс.
Дыхание Куссмауля – глубокие редкие дыхательные движения
Kussmaul’s breathing - is isolated deep breathes, reflects overexcitation of the Respiratory center
Апнейстік тыныс –ұзақ, қиналысты демді тырыспалы ішке тарту, арасында сирек апнейстік дем шығару көрінісінде болады (апнейстік орталықтың тітіркенуі).
Апнейсическое дыхание - продолжительный, судорожный усиленный вдох, изредка прерывающийся выдохом (возбуждение апнейстического центра)
Apneustic breathing - is a prolonged forceful inspiration with occasional short expiratory gasps due to activation of “apneustic” center.
Гаспинг тынысы –бірен – саран, терең, бәсең, әлсіреулік күрсіну тәрізді тыныс.
Гаспинг дыхание - единичные, глубокие, редкие, убывающие по силе «вздохи».
Gasping breathing - means isolated, deep, rare, decreasing in strength inspirations, occurs at agony, terminal stage of asphyxia, is due to activation of bulb inferior neurons.
Асфиксия – тұншығу - қауырт және жедел түрде дамитын сыртқы тыныс жеткіліксіздігі Асфиксия - удушье – острая или подострая недостаточность внешнего дыхания
Asphyxia - is acute or subacute respiratory insufficiency
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. – Б. 482-519.
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 484-495.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т., 2012.- 247-289
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 447-471
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: . – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 382-392
Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 126-143
Қосымша
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 427-457
Патология Учебник для студентов фармацевтических факультетов медицинских вузов// под ред. В.П.Куликова, В.М. Брюханова - Барнаул, 2007.-С. 383-408
БАҚЫЛАУ
Ситуациялық есептердің қорытындыларын тексеру
Глоссариймен жұмыс істеуді тексеру
№ 14 ТАҚЫРЫП. АС ҚОРЫТУ ЖӘНЕ БАУЫР ПатофизиологияСЫ
Сабақтың мақсаты :
Асқазан, ішек, бауыр патологиясындағы ас қорыту бұзылыстарының этиологиясы және патогенезі бойынша білімді қалыптастыру. Студенттердің коммуникативті дағдыларын дамыту
Оқыту міндеттері:
Асқазан, ішек диспепсиясы, бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі ас қорыту бұзылыстарының этиологиясы және патогенезі бойынша білімді қалыптастыру.
Тақрыптың сұрақтары бойынша пікірталас жүргізгенде студенттердің коммуникативті дағдыларын дамыту
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Ас қорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Ас қорыту жеткіліксіздігі туралы түсінік.
Гипер- және гипосаливация кезіндегі ас қорыту бұзылыстарының этиологиясы және патогенезі.
Ас қазанның резервуарвты, сөл бөлу, қимылдық қызметтері бұзылыстарының этиологиясы, патогенезі, клиникалық көріністері.
Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының этиологиясы және патогенезі. Этиологиялық және патогенездік емдеудің негіздері.
Қуыстық және қабырғалық ас қорытудың бұзылыстары, себептері, салдарлары.
Панкреатикалық ахилия кезіндегі ас қорыту бұзылыстарының патогенезі. Жіті және созылмалы панкреатиттің этиологиясы мен патогенезі.
Іш қатуы және іш өтулердің себептері, даму жолдары, салдарлары. Ішектік аутоинтоксикация, себептері, көріністерінің патогенезі. Ішектегі ас қорытылу бұзылыстарының патогенездік терапиясының негіздері.
Бауыр жеткіліксіздігі, түрлері, этиологиясы, патогенезі.
Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі зат алмасудың және физиологиялық жүйелер функцияларының өзгерістері.
Бауырдың тосқаулдық қызметі. Бауырлық кома, патогенезі.
Сарғыштану, түрлері. Гемолиздік, бауырлық-жасушалық және механикалық сарғыштану кезіндегі билирубин алмасуының өзгерістері. Холемиялық және ахолиялық синдромдардың патогенезі.
Бауыр жеткіліксіздігін емдеудің патогенездік ұстанымдары.
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері: Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс, сабақтын машықтық бөлігінің орындалуы бойынша топта жұмыс жүргізу, тақырып глоссарийімен жеке жұмыс жасау.
