Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жанр дайын.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
414 Кб
Скачать
☆

31. Жанр әдеби дәстүрдің белгісі екенін пайымдаңыз.

Әдеби жанрлар, «жанр» дегеніміз – бұл әдеби тектің аясында бөлініп шығатын туындылар тобы. Олардың әрқайсы белгілі бір кешенді тұрақты қасиеттерге ие болып келеді. көптеген әдеби жанрлардың бастау көзі мен тамыр тегі фольклорда жатыр. Жаңадан туындаған өздік әдеби тәжірибеде жанрлар өзіндік бастаушылар мен жалғастырушылар іс-әрекетінің жиынтығының жемісі болып табылады. Осылайша, мысалға, романтизм дәуірінде лиро-эпикалық поэма қалдыптасты. Оның қалыптасып, кең қанат жаюына Дж. Байрон, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтовтар қана емес, олардың беделді және аса ықпалды замандастары да жетекші рөл атқарды. Осы жанрды зерттеген В.М. Жирмунскийдің айтуынша, үлкен ақындардан «шығармашылықтың тынысы туындап», кейін басқалар тарапынан екінші қатардағы дүниеге ұласатын әдеби дәстүр қалыптасып: «Ұлы туындылардың индивидуалды нышан-белгілері жанрлық нышан-белгіге айналады»[787]. Жанрлар көріп отырғанымыздай индивидуалдықтан үстем түседі. Оларды мәдени-тарихи индивидуалдық деп атауға да болады.

Жанрлар (әдебиет тектеріне қарағанда) жүйелеу мен жіктеуге табандылықпен қарсылық жсап, асқан қиындықпен көндігеді. Бұның бәрі алдымен, олардың өте көптігімен байланысты: әр көркем мәдениеттің жанры төлтума болып келеді (Шығыс елдері әдебиетіндегі хокку, танка, ғазал). Оның үстіне жанрлар түрлі тарихи көлемге ие болып келеді. Біреулері сөз өнерінің бүткіл тарихы бойында тіршілк кешсе, (мысалға, Эзоптан С.В. Михалковқа дейін мәңгілкке өз өміршеңдігін танытып отырған мысал); басқалары болса, белгіл бір дәуірлерге ғана тән (мысалға, орта ғасырылық еуропа әдебиеті құрамындағы литургиялық драма тап осындай). Басқаша айтар болсақ, жанрлар не әмбебап, не тарихи локалды болып табылады.

Мәселенің шиеленісе түсуі мынадан: бір сөзбен кейбірде бір-бірнен арасыжермен көктей айырмашылықтағы жанрлық құбылыстар таңбаланады. Осылайша, ежелгі гректер древними греками элегия деп флейтаның сүйемелдеуімен орындалатын қатаң өлең өлшемімен жазылған элегиялық дистихты (сочетание гекзаметрдің пентаметрмен үйлесуін)  ұғынды. Бұл элегияға (негізін салушы  б.з.д.VII ғ. Каллин ақын) тақырып пен мотивтердің (әәскери қаһармандықты дәріптеушілік, философиялық ой-толғау, махаббат, тәлімгерліктың) өте ауқымдылығы тән болып келді. Кейінрек (римдік ақындар Катулла, Проперция, Овидия) элегия ең алдымен махаббат тақырыбына баса назар аударған  жанрға айналды. Ал, Жаңа уақытта (негізінен XVIII ғ. екінші жартысы мен XIX ғ. басында) элегиялық жанр благодаря Т. Грей мен ВА Жуковскийдің арқасында қайғы мен зар, өкініш пен меланхолия арқылы анықталатын болды. Сонымен қатар, бұл кезде түп төркіні антикаға кететін элегиялық  дәстүр де өз өмір сүруін жалғастырды. Осылайша, И.В. Гетенің  элегиялық дистихпен жазылған «Римдік элегияларында» махаббат қуанышы, тән тояты, эпикурлік көңілділік шырқалды. К.Н. Батюшков пен жас Пушкинге ықпал еткен Парнидің элегиялары тап осындай ауанда. «Элегия» сөзі көріп тұрғанымыздай бірнеше жанрылық түзілімді таңбалайды. Ертеректегі дәуірлер мен мәдентеттердің элегиясы түрлі нышан-белгілерге ие. Осыған қарап, шын мәнісінде, элегия өздігінен дәуірден үстем төлтумалық деп айту еш мүмкін емес. Жалғыз ғана түзетуші анықтама элегии «жалпылай» алғанда «лирикалық поэзияның жанры» болып табылатындығы (осындай азғана нышандық бөлінушілікпен «Шағын әдеби энциклопедияның шектеліп қалғандығы негізсіз емес»).

Тап осындай сипатқа өзге де жанрлық таңбаланушылықтар да ие (поэма, роман, сатира және т.б.). Ю.Н. Тынянов «жанрдың өзідік нышан-белгілері өсіп-өрбиді» деп әділеттілікпен тұжырымдады.  Ол, оның ішінде: «…то, что называли ою в 20-е годы XIX ғасырдың 20-шы жылдары ода деп атағалғандар, немесе, ақыр соңында, Феттің ода дегенінің нышан-белгісі Ломоносовтың уағында мүлдем өзгеше еді» деп атап көрсетті[788].

Жанрлық белгілеушілір туындының түрлі қырын таңбалайды. Осылайша, «трагедия» сөзі драмалық туындының аталған тобының белгілі бір эмоционалды-мағыналық ауанға (пафосқа) жататын дәйектейді; «хикаят» сөзі әдебиеттің эпикалық тегіне жататын «орта» көлемді (романға қарағанда кіші, новелла мен әңгімеге қарағанда ірі) мәтін туралы сөз етеді; сонет ең алдымен, қатаң нақты бір көлемдегі (14 өлең) және арнайы ырғақтық жүйеге иелік етушілігімен сипатталатын  лирикалық жанр болып табылады; «ертегі» сөзі, біріншіден, әңгімеленуші, және де екіншіден, қиялға белсенділік пен фантастиканың араласып келуін көрсетеді. Және осылайша ары қарай жалғаса береді. Б.В. Томашевский бұрынғы «көп айырмашылықты» жанрлық нышан-белгілер «қандайда бір негіздеме бойынша жанрларды логикалық жақтан жіктеуге еш мүмкіншілік бермейді» байыптылықпен аңғарды[789]. Оның үсітне авторлар кйебірде өз туындыларының жанрын осы дағдылы сөз қолданысынан сәйкеспейтін қалыпта өз еріктерімен белгілейді. Осылайша, Н.В. Гоголь «Өлі жандарды» поэма; А.Т. Твардовский «Жол бойындағы үйді» «лирикалық хроника», «Василий Теркинді» –  «жауынгер туралы кітап» деп атады.

Жанрлардың эволюциялық процесі мен жанрлық таңбаланудың «әркелкілігі» жағдайында әдебиет теорияшысының бағдар ұстануы мүлдем оңай емес. Ю.В. Стенниктің ойынша, «қашанда жанрлық типологиялық жүйені орнықтыруда субъективизм мен кездейсоқтықтың қаупі сақталып қалады»[790]. Бұндай сақтандыруға құлақ ілмесе болмайды. Бірақ та біздің жүз жылдығымыздағы әдебиеттануда  «әдеби жанр» ұғымын нақты аспектіде, тарихи-әдеби (жеке жанрлық түзілімдерді зерттеуде), сонымен қатар өздік теориялық жақтан жобалауға әлдебір талпыныстар жасады. Жанрларды жүйелеу тәжіриебесіндегі дәуірден астамдық және бүкіл әлемдік аяда әрі отандық, әрі шет елдік әдебиеттануда қолға алынды.

ЖАНРЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН «МАЗМҰНДЫҚ ФОРМА» ҰҒЫМЫ

Жанрларға олардың ұйымдастырылуына, құрылыма, әдеби туындының формасына қатысты назар аудармай қарастыру еш мүмкін емес. Осы турасында формалдық мектептің теорияшылары табандылықпен сөз етті. Осылайша, Б.В. Томашевский жанрларды бір-бірімен ілігіскен, тұрақтылыққа ие, «туындау, міндет жағдаятына және туындыны қабылдау шарттылығына, ескі туындыларға еліктеуден соның негізінде туындайтын әдеби дәстүрге» байланысты болып келетін арнайы «топтастырылған амал-тәсілдер» деп атады. Ғалым жанрдың нышан-белгілерін туындыда басымдыққа ие және оның ұйымдастырылуын айқындаушы деп сипаттады.

Формалды мектептің дәстүріне мұрагерлік ете отыра, сонымен бірге оның кейбір ережелерін қайта қарастырған ғалымдар жанрлардың мағыналық жағына жіті назар аударып, олардың «жанрлық мәнділік» және «жанрлық мазмұн» терминдерін кәдеге жаратты. Бұл жерде біріншілік тізгіні жанрлық форма туындының тақырыпнамасы және оның авторларының өміртанымдық нышан-белгісімен жіпсіз байланыста болып келеді деген М.М. Бахтиннің еншісінде: «Жанрларда <…> оның ғасырлар бойғы өмірінде танып-білу формасы жинақталып, әрі әлемінің белгілі бір жағы пайымдалады»[793]. Жанр мәнді конструкция құрайды: «Сөз зергері шындық болмысты жанрдың көзімен көруге үйренуге тиіс». Және де тағыда: «Әрбір жанр <…> дегеніміз болмыстың әрі күрделі амал-тәсілдерінің жүйесі, әрі оны түсіне игерудің жолдары»[794]. Бахтин туындының жанрлық қасиеті бөліп-жарылмайтын бірлікті құрайтынын атап көрсете отырып, сонымен бірге, жанрдың формалдық (құрылымдық) және өзіндік  мазмұндық аспектісін шектеді. Ол туындының құрылымын сипаттайтын әбден қалыптасқан антикалық жанрлық аталымдар эпопея, трагедия, идиллияларды сипаттай келе, кейінен олардың Жаңа уақытта қолданылуы «жанрлық мәнділікті таңблаушы ретінде кәдеге асырылады» атап көрсетті[795].

Бахтин еңбектеріндегі жанрлық мәнділіктің көрініс беруі тікелей сөз етілмейді, дегенмен, жалпы жиынтығында,  роман туралы (бұл жайында кейінректеу сөз болады)  оның айтқан адам игерген көркемдік принциптері, оның қоршаған ортамен байланысы жайындағы пікірлері айқын бола түседі. Осы бір XIX ғ. Гегель қарастырған жанрлардың эпопея, сатира және комедия, сондай-ақ,  романның терең аспектілері сипатамасындағы «субстанциалды» және «субъективті» (индивидуалды, бұлыңғыр) ұғымдар еліктіреді. Жанры бұл арада белгілі бір «әлемінің жалпы ахуалын» және конфликтілерін («коллизияларын») пайымдаумен байланысты болып келеді. А.Н. Веселовский осыған жуықтау қалыпта жанрларды тұлғалар мени қоғамның өзара әрекеттестік кезеңдеріне жатқызды[796].

Осы бағытта (біздің көзқарасымызша Гегельге қарағанда Веселовскийге жуықтау)- Г.Н. Поспеловтің әдеби жанрлар концепциясында 1940-шы жылдары жанрлық құбылыстарды жүйелеудің айырықша тәжірибесін қолданды. Ол жанрлық формаларды «сыртқы» («тұйықталған композиция-стилистикалық тұтастық») және «ішкі» («образдық ойлау» мен «характерлерді танымдық тәпсірлеудің» «арнайы жанрлық мазмұндық» принципімен) шектеді. Сыртқы (композиция-стилистикалық) жанрлық форманы  мазмұндық бейтараптық (оның үстіне поспеловтік жанрлар концепциясы бірнеше мәрте біржақты, әрі  уязвима деп атап көрестілді) ретінде бағалаған ғалым жанрлардың ішкі жағына көңіл аударды[797]. Ол үш дәуірден үстем жанрлық топтарды бөліп көрсетіп және сипаттап, соның негізінде оларды адам мен қоғамның, кең мәнісінде әлеуметтік ортаның  көркемдік ойы жететін қарым қатынас типінің әлеуметтік принципі бойынша шектеушіліктің негізін салды. «Егер ұлттық-тарихи жанрлық мазмұндағы туынды (эпопея, былин, одалар. — В.Х.), ұлттық қоғамның қалыптасу аспектісінде өмірді таныса, егер туынды жеке қарым-қатынастағы жекелеген характерлердің қалыптасуын романитикалықпен пайымдаса, онда туындының «этологиялық» жанрлық мазмұны ұлттық қоғамның немесе оның әлдебір бөлігі жағдайындаашылады» деп жазды Г.Н. Поспелов[798]. (Этологиялық немесе тәлімдік жанрлар дегеніміз – бұл  А.Н. Радищевтің «Петербургтан Мәскеуге саяхаты», Н.А. Некрасовтың «Русьте кім жақсы тұрадысы», ал, сондай-ақ, сатира, идиллия, утопия және антиутопиялар типіндегі туындылар). Ғалым аталған үш жарлық топтармен қатар тағы біреуін: «белгілі бір табиғат және мәдени құбылыстың шығу төркінін түсіндіретін халықтық образды-фантастикалық» сипаттағы мифологиялықты бөліп көрсетті. Осы  жанрларды тек ерте тарихи «ілкі өнерлік», «мәжусилік» қоғамға жатқызып, «жанрлардың мифологиялық тобы халықтар қоғамдық дамудың жоғарғы сатысына өткен кезде ары қарай дамымай қалған» деп ұйғарды[799].

Г.Н. Поспелов берген жанрлық топтың сипаттамасы айқын жүйелікке ие болуға лайықты. Сонымен қатар, ол толық емес. Бүнінде өнердің діни-философиялық мәселелікті талқылауға тыйым салу отандық әдебиеттанудан алынып тасталды, ғалымның бұл айтқандарына адамның тек қоғам өмірімен ғана емес, біршама мөлшерде ғарыштық бастау көзбен, әлемдік тәртіптің әмбебап заңдарымен және болмыстың жоғарғы күштеріне қатысты терең мәнділіктегі (тек қана архаика-мифологиялық емес) әдеби-көркем жанрлар тобының барлығын еш қиналмай қосуға болады.

«Мазмұндық жағы  терең «ақылмандықтағы» діни немесе моралшылдық реттілікке бейіл болуымен еректенетін» Көне және Жаңа өсиеттегі дәуірлерден бастау алатын тәмсіл тап осындай[800]. Христианан орта ғасырындағы ең жетекші жанр болып табылған әулие-әмбилер өмірнамасыда тура осындай болып келеді; онда қаһарман пірәдарлық және әулиелік идеалға бас қояды немесе сондай болуға тырысады. Сонымен қатар, орта ғасырда қалыптасқан  мистерияны, сондай-ақ,  бастау көзінде інжілдік  «Псалмдар» тұрған діни-философиялық лириканы осы қатарға жатқызуға болады. Вяч. Ивановтың  Ф.И. Тютчев, А.А. Фет, Вл. С. Соловьевтің поэзиясы туралы айтқаны: («1944 жылғы Рим күнделігі», қазан), «…олар үшеу, / Жерде жерсіздік бүр жарып / Әрі бізге жол нұсқады». Аталған жанрлар әлдебір әлеуметтанымдық құрылымға еш қабыспайды, сондықтан, (философияның термині онтология – болмыс туралы ілімді қолданып) онтологиялық ретінде анықтау орныды сияқты. Онтологиялық бастау көздер жат болып келмейтін аталған жанрлар тобындағы карнавалдық-күлкілік сипаттағы туындыларға,  оның ішінде,  маниппея қатысты болып келеді. М.М. Бахтин онда  қаһарман мен оны қоршаған реалдылық болмыстық универсалияға қатыстылықта болады деп атап көрсетті.

XX ғ. бірқатар шет елдік теорияларда жанрлардың онтологиялық аспектісі бірінші қатарға жылжытылды. Жанрлар бұл ретте ең алдымен белгілі бір ретте болмысты тұтастық сипатында суреттейді. Америка ғалымы К. Берктің сөзімен айтқанда, бұл әлемді қабылдау немесе қабылдамау жүйелері болып табылады[801]. Осы қатарға Н.Г. Фрайдың өзінің «Сын анатомиясы» (1957) кітабында мәлімдеген  белгілі  концепциясын қосуға болады. Онда жанрлық форма жыл мезгілдері туралы мифтерден және соған сай жоралғылардан туындайды деп айтылып: «Көктем арай мен дүниеге келуді кейіптеп, <..-> ояну мен қайыра тірілу туралы, жарықтың дүние есгін ашуы мен қараңғылықтың өлуі туралы мифті, сондай-ақ, дифирамбиялық және рапсодиялық поэзияның  архетиптерін өмірге әкеледі деп ары қарай ойын сабақтайды И.П. Ильин. Жаз апофеоз туралы мифті, қасиетті үйлену тойын, жұмақта болуды және комедияның, идиллияның, серілік романның архетиптерін туындата отырып, аспанды, некені, триумфты символдандырады. Күз күннің шығуы мен өлімінің  символы ретінде өмірлік әлеуеттің әлсіреуі, өліп бара жатқан құдайлар, азаппен өлтірілу, құрбандық шалу туралы мифтерді және трагедия мен элегияның архетиптерін тудырады. Қыс болса, қараңғылық пен шарасыздықты кейіптеп,  зұлым күштердің жеңісі, топан су, хаостың оралуы, қаһарман мен құдайлардың өлімі туралы  мифтерді, сондай-ақ, сатираның  архетиптерін тудырады». Әдеби жанрлардың мазмұндық (мәндік) негізі, көріп тұрғанымыздай, өзіне ХХ ғ. ғалымдардың жіті назарын аударды. Және олар түрлінше пайымдалды.

32 . М.М.Бахтиннің романдандыру тезисінің мәні М.М.Бахтиннің жанр теориясына қосқан үлесі мол. М.М.Бахтиннің концепциясының конструктивтілігі және де қайшылығы  отандық және батыстық әдебиеттану ғылымында  үлкен қолдауға ие болды. Жанрлық типологияны қарастыратын болсақ, концепция  даралығымен ерекшеленеді.  Ғалымның теориялық ережелері кеңінен танымал.  Бахтиннің романдандыру жанрлық  тұжырымдамасынан мынадай үш мәселені  атап айтуға борлады: 1.    Шығарманың жанры және  ішкі диалогтылығы; 2.    Шығарманың жанры мен құрылымы; 3.    Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар,  олардың генезисі мен дәстүрі. Осы проблемалардың барлығы  жанр типологиясына байланысты. Шығарманың жанры және  ішкі диалогтылығы  Бахтин әдебиеттен  тек қана «ұымдасқан идеологиялық  материалды» көрген жоқ «әлеуметтік қатынас» формасын да байқады. Бахтиннің пікірі бойынша: әлеуметтік  қатынас процесі  шығарма мәтінінің өзінен көрініс тапты. Шығарманы өмірге әкелген жаратушы-автор және ол дүниеге әкелген  кейіпкер, сондай-ақ оқырман («тыңдарман»)  - мұның бәрі  пішін мен стильді анықтайтын тірі күш.  Бахтин жанрды «тұтас шығармадағы, айтылмақ ойдың өң бойындағы шынайы форма» деп түсінеді. Жанрдың әр түрі  қарым-қатынас, диалог үстінде, яғни практикада көрініс тауып, жұмырланған жанр ретінде қарастырылады.  Демек,  әдеби жанрлар қарым-қатынас процесінен бастау алған.  Зерттеуші  жанрлардың екі жақты  бағытын атап өтеді. Біріншіден,  авторлар жанр таңдауда бәрінен бұрын көркем қабылдау шартын ескереді. Екіншіден,  жанр  әртүрлі оқырман қауымына арналған.  Әр әдеби жанрға дәуір мен бағыттың шегінде өзіндік оқырманы бар болуы тән.  Әр дәуір оқырманының, тыңдарманының, халық пен жұртшылықтың  көркем  туындыны ерекше түсінуі, сезінуі ерекше.  «Екінші» (әдеби) және «бірінші» (мысалы, тұрмыстық)  жанрлардың  көркем мәтінді баяндауда ұқсастықтары болғанымен күрделілік дәрежесі бойынша өзгешеленеді.  Олар («екінші») өздерінің құрылымына «бірінші» жанрларды: репликаны, диалогты, тұрмыстық әңгімелерді, хаттарды енгізеді. Жанрдың негізгі қызметтерінің бірі  жанрлық нәтиже деп атауға да болатын жазушы мен оқырман арасындағы делдалдық болып табылады.  Жанр жазушының тек қана  көркем ойлау категориясы емес;  сол немесе  өзге дәрежеде  әдебиеттің жанрлық репертуарымен  оқырмандардың  таныс болуы автор мен оқырман арасындағы тығыз байланыс фактісі.  Жанр жазушы мен оқырман арасындағы алтын көпір рөлін атқарады.  Жазушының жанрды таңдауы  оның оқырман жөніндегі көзқарасын білдіреді.  Көркем қабылдау процесі  қай арнада қабылданатындығы туралы жол салады.  Бахтин ұсынған зерттеу бағдарламалардың негізгі артықшылығы сол дәуірде басымдыққа ие болған  әдеби-сыни көзқараста емес, автор мен оқырман арасындағы байланысқа, шығарма мәтініне жете назар салуында.  Шығарманың жанры мен құрылымы Ғалымның  әдеби жанрға деген құызығушылығының артуын түсінуге болады.  Өйткені бұл  «көркем тәжірибені сыртқа шығарудың айқын ыормасы» ғой. Яғни, мазмұнды форманың айқын мысалы.  Бахтиннің негізгі еңбегі  жанрлардың мазмұндық ерекшелігін дәлелдеуі болды.  Ғалым жанрдың қандай да бір  поэтикалық құрылымының тұрақты элементін қарастырса да, ол өзінің мазмұндылығымен түсіндіріледі.  Бахтиннің зерттеулері  ғалымдар арасында  жанр туралыі  семиотикалық  көзқарастың қалыптасуына себепші болды.  Әдебиет бойынша семиотикалық жұмыстарда  жанрлардың семиотикасына арнай назар аударылған.  Өйткені бұл өнердің даму сатысының бастапқы кезеңіндегі  поэтика болып табылады.  Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар Бахтиннің назары бәрінен бұрын  жанрлар тенденциясы мен олардың әдебиеттегі  ұзақ өміріне ауды.  Бахтиннің зерделеуі бойынша жанр құрайтын негізгі фактор болып  тарихи уақыт,  оның әлеуметтік-идеологиялық сипаты есептеледі.  Бахтиннің «күлкі тарихы» сызбасы  жанрларды тарихи-функционалды зерттеудің  классикалық мысалы қызметін атқара алады. О баста пайда болған кезінен бастап әдебиет негізгі үш бағытта-әдеби тектің үші түрі эпос, лирика, драманың шегінде дамыды.  Олай деуімізге, бұлардың әдебиетке дейінгі кезде, ауыз әдебиеті кезеңінде көнініс табуы себеп. Бұл сөз өнерінің болғандығының  айқын дәлел бола алады. Әрине, бұған драманы қосуымыз әбестік болады. Себебі, драма қоғам дамып, театр пайда болған кезде ғана қалыптасқандығы баршамызға аян.  Алайда, бұдан  көне дәуірде әдебиеттің тек екі түрі- лирика мен эпос пен драма кіріктірілген басқа тек болды деп ойлау қателік.  Тек (және тектің түрі ретінде жанр) -  шығарма құрылымындағы  жалпы, тұрақты, қайталанып отыратын сипаттама.