Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жанр дайын.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
414 Кб
Скачать
☆
  1. Ғ. Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесінің жанрлық ерекшеліктерін сипаттаңыз

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің классигі Ғабит

Махмұтұлы Мүсіреповтің қазақ әдебиетіне қосқан

көркемдік үлесі үлкен. Қазақ әдебиетіндегі әңгіме,

очерк, публицистика, повесть, роман, драма

шығармаларының қалыптасып, дамуында

Ғ.Мүсіреповтің орны бар. Сондай–ақ, әдеби–сын мен

әдебиеттану саласында да оның еңбегі елеулі. Жер жүзі

әдебиеті мен орыс әдебиетінің алтын қазынасын байыта

түскен ірі аудармашы да. Идеялық мазмұны терең,

көркемдік қасиеті көзтартарлық талай–талай асыл

бұйымдардың авторы.

Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетіндегі майталман

жүйрік сөз зергерлерінің бірі.Оның көркемдік шеберлігі

кейінгі буын қаламгерлердің үйреніп, тағылым аларлық

әдеби мектебіне айналды.Қазақ әдебиетінің дамуына

келелі үлес қосқан Ғ.Мүсірепов тек қазақ еліне ғана емес,

бүкіл халыққа да кең танылған ірі суреткер. Оның

көрнекті еңбектері орыс және басқа да халықтар

тілдеріне аударылумен қатар, шетел тілдеріне де

аударылып, кеңінен таралғаны мәлім. Қазір Ғабит

Мүсіреповтің есімі бүкіл дүние жүзіне әйгілі.

Ғабит Мүсірепов – шеберлігі шығарма сайын

ширығып, шыңдала берген, бірден – бірге өрлеп, ең

шырқау биіктерге көтеріле берген жазушы. Оның әрбір

шығармасы – көркемдік жаңалық, тың сөз, өнеге үлгісі.

Идеялық мазмұны терең, көркемдік сипаты көз

9 тартарлық «Оянған өлке», «Жат қолында» романдары

тек жазушы творчествосынан ғана емес, бүкіл қазақ

әдебиетінен келелі орын алатын көрнекті шығарма

ретінде танылды. Жазушының өмірінің соңғы кезеңіндегі

екі үлкен туындысы – «Кездеспей кеткен бір бейне» атты

прозалық поэмасы мен «Ұлпан» атты романы еді.

Жазушының бұл романдары қазақ әдебиетінің асыл

қорына қосылған елеулі көркемдік үлес.

«Кездеспей кеткен бір бейне» шығармасының басты кейіпкері Еркебұлан арқылы Сәкен Сейфуллин өмірінің бір эпизоды алынған. Сәкен өлімін домбыра ішегінің үзілуі арқылы берген бұл шығарма – ақындық шабыттан туған шығарма.

Оның “Кездеспей кеткен бір бейне” повесі (1966, ҚР Мемл. сыйл., 1970) – классикалық шығарма. Повесть Мүсіреповтің шынайы сөз зергері ретіндегі қаламгерлік қарымын, талант қуатын танытты. Қара сөзбен жазылған поэма іспетті бұл шығармада азаматтық ерлік пен ақындық асыл өнер, адамгершілік биіктік пен махаббат терең лиризммен әсем өрнектелген. Адам бейнесін, мінез-құлқын, іс-әрекетін әдемі штрих-детальдармен беруде жазушы ірі көркемдік табысқа жеткен. Бас кейіпкер Еркебұланның жігерлі тұлғасы, оның рухани әлемінің алуан сырлары көркемдік бояумен әсем өрнектелген. Оның прототипі ретінде ақын Сәкен Сейфуллин алынған. Терең лиризммен, сан түрлі сезім толқындарымен тебірене жырланған Еркебұлан бейнесі қазақ әдебиетіндегі ұнамды образдар қатарын байытып, сөз өнерінде үлкен жетістік саналды.

  1. Әдеби тек туралы л.И.Тимофеев, г.Н.Поспелов, б.В. Томашевский, в.Е.Хализев пайымдарын сипаттаңыз

Жанр туралы түсінік жазба әдебиеттің қалыптасуы, дамуы барысында анықталады. Әдебиет - өнердің үлкен бір саласы болса, яғни, өнердің үлкен бір тармағы деп қарастыруға болады. Қазақ әдебиеті - қазақ өнері мен өмірінің айнасы, шежіресі іспетті. Осы өнер мен өмірдің кескінді сұлбасы қазақ әдебиетінде ежелден көрініс тауып  келеді. Десе де, жанрға бөліп, жік-жігімен қарастыру әңгімеміздің басында айтып кеткендей жазба әдебиетпен тікелей байланысты.  Қазақтың жазба әдебиеті негізінен ХIX ғасырдың екінші жартысынан бастау алатынын  тіл білімі ғалымдары жан-жақты дәлелдеп берді (Т. Қордабаев, Р.Сыздықова,С.Аманжолов және т.б).  Демек біздің әдебиетімізде жанр, тек пен түрге ажыратып қарастыру да осы кезеңнен бастау алады. Әдебиетті жасайтын ақын, жазушы, драматург, сатирик, публицист, сыншыжәне т.б атқаратын қызметіне орай әдеби жанр жасайды. Жанр дегеніміздің өзі ішінен тек пен түрге ажыратылады. Яғни түр жиналып тек жасайды, тек бірігіп жанр қалыптастырады. Әдебиеттегі белгілі бір заман ағымына, сол замандағы адамдар психологиясына (образ) қарай әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан жанр деп баға беріледі. Бірақ, бұл шартты құбылыс. Дегенмен бұл құбылыс орын алмай жанр қалыптаспайды, әдебиет те алға қадам баспайды. Жанр дегеніміз әдебиеттің өсіп-өркендеуіне, қарыштап дамуына қызмет етеді. Әдебиеттің үш үлкен тегі: поэзия, проза және драма. Осы үш ұғым қай кезеңде де көрініс береді. Әрине сол кезеңнің шығармашылық тұлғаларына байланысты бір жанрдың қарқынды дамып, енді бірінің кенже қалуы ықтимал. Бірақ қашанда халық тұрмысының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап отыратыны сөзсіз. 

 Профессор Л.Тимофеев пен Н.Венгров: «Әдебиет тегін жанр деп атау дұрысырақ», - дейді. Біз де осы пікірге қосыламыз.