- •Эпос, драма және лирика туралы Сократ, Платон, Шеллинг, Гегель, Аристотель пайымдарын сипаттаңыз
- •Ғ. Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесінің жанрлық ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •Әдеби тек туралы л.И.Тимофеев, г.Н.Поспелов, б.В. Томашевский, в.Е.Хализев пайымдарын сипаттаңыз
- •М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының композициялық ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •10 М.Әуезовтың Абай жолы эпопеясындағы эпизм,лиризм, драматизм ерекшеліктерін сипаттаныз.
- •11.Ә.Нұрпейісовтың Қан мен тер трилогиясындағы Еламан-Ақбала-Тәңірберген линиясын байыптаңыз
- •13. С.Ерубевтың менің құрдастарым романындағы автор баяндаушы ерекшеліктерін сиипаттаңыз
- •14.Ш.Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» роианындағы баяндау еркшелігі
- •15,17Баяндаушының оқырманмен аралық қызметі , баяндаушы-куәгер , баяндаушы-оқиғалады, кейіпкер әрекеттерін талқылаушы екенін баяндаңыз. Баяндаушы бейнесі туралы м.Бахтин пайымдарын сипаттаңыз
- •16. Эпостың көркемдік тұтастықта суреттеуін сипаттаңыз
- •19. Р.Нұрғалидың драма жанрларын жіктеуін пайымдаңыз
- •20. Лирикада жеке адам сана-сезімінің бейнеленуін сипаттаңыз.
- •21.22.Лирикалық көңіл-күйдің тек сөйлеушіге тәуелді еместігін пайымдаңыз
- •27.Тұрсын Жұртбайдың Абай ,Құнанбай эсселері
- •28. Лирикалық «меннің» полисубъектілігін байыптаңыз.
- •29. Эссеистиканың лирикамен үндестігін және жетекші салаға айналуын баяндаңыз.
- •30. З.Ахметовтің, б.Кәрібаеваның еңбектеріндегі лирика мәселелерін баяндаңыз.
- •31. Жанр әдеби дәстүрдің белгісі екенін пайымдаңыз.
- •Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясын сипаттаңыз.
- •36.Эпикалық жанрдың үш туріндегі характерлер жайын сипаттаныз
- •37. Зерттеуші м. Атымовтың композицияның үш түрі туралы принциптерін пайымдаңыз
- •38. Жанрлық мазмұн және жанрлық форма ұғымдарын пайымдаңыз
- •39. Әңгіме жанрының ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •40. Ғ. Мүсіреповтің «Өмір жорығы», «Қыран жыры» әңгімелерінің жанрлық сипатын талдаңыз
- •41.Сонет,ода жанрларына анықтама
- •42. Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалардың ерекшеліктері
- •45.46) Романның бірегецй концепциясының тұтастығы және роман теориясын байыптаңыз
- •47) Классицизм эстетикасындағы және романтизм дәуіріндегі романның бағалануын сипаттаңыз
- •49) Х. Есенжановтың «Ақ Жайық» романындағы Хакім Жүнісов бейнесін сипаттаңыз
- •50) Роман – синтетикалық жанр екенін байыптаңыз
- •52." Жанр кононы" ұғымын сипаттаңыз
- •53. Жанрлық жүйе және жанр канонизациясы туралы пайымдаңыз
- •55.Әдеби жанрдың шындық өмірмен байланысын сипаттаңыз
- •57. С.Сейфуллин Тар жол, тайғақ кешу шығармсының жанрлық ерекшелігін талдаңыз
- •Повесть жанрының тарихын сипаттаңыз.
- •Абай өлеңдеріндегі уақыт пен кеңістік ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Баллада жанрының табиғатын сипаттаңыз.
- •73) Ғ.Мұстафиннің Дауылдан кейін романының жанрлық сипатын анықтаңыз
- •77. Ә. Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романындағы баяндау.
- •83. Сонет үлгілеріне мысал келтіріңдер.
- •84. Ш.Мұртазаевтың «Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір» романдарындағы баяндау үлгілеріне мысал келтіріңіз.
- •85. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы мәтін астары және тұйық психологизм ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз.
- •86. С. Мұқановтың «Ботагөз» романындағы мезгілдік пейзаж ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •87. Психологиялық роман табиғатын сипаттаңыз.
- •90. Ә.Кекілбаев, м.Мағауин, т.Әбдіков, д.Амантай, р.Муканова шығармаларындағы постмодернизм сипаттарын айқындаңыз
13. С.Ерубевтың менің құрдастарым романындағы автор баяндаушы ерекшеліктерін сиипаттаңыз
С.Ерубаев «Менің құрдастарым» романның кіріспе бөлімінде бақыт туралы түсінік береді... «Менің құрдастарым» - кәптеген белгілерімен жаңа роман. Мұны, ең алдымен, шығарманың қурылыстық принципінен көруге болады. Автор кейіпкерлер өмірін бастан аяқ тізіп жатпай, ең қажетті тустарына ғана тоқталады. Шығарманың басты идеясы Қазақстанның совет жылдары ішінде табыстарға жеткенін, адамдардың ой-санасы биіктегенін, достықтың, еңбектің, адамдықтың жолы, кеңейгенін кәрсету болып табылады. Қарағанды кендерін шет елдік жебірлер билеген заманның шындығын барлық сурықсыз қалпымен суреттеген жазушы, совет екіметі сол бурынғы езілгендер мен зәбірленгендерге не берді деген сауалға көркем жауап айтуға талаптанған. Романның басты кейіпкерлері - Совет екіметі тусында оқып, білім, мамандық алған жастар. Кен инженерлері Рахмет, Лиза, дәрігер Ықылас, жас жұмыскерлер Мырзаш, Қали сияқтылар совет жастарына тән озық қасиеттер танытады. Рахмет, Лиза, Ықылас сынды жастар тұлғасын қызғылықты, нанымды ашып беруі - жазушының жетістігі. Бұл каһармандар өз мүддесін халык, Отан мүддесімен бірлестіре білгендер. Инженер Рахметті тек оз шахтасының, забойының қамы ғана кызықтырып қоймайды, ол бүкіл республика, Отан жайын да әрдайым есте тұтады. Рахмет өзі музыкант болмаса да, жер жүзінің музыка классиктерін ешкімнен кем білмейді. Ол өз ана тілінде, орыс тілінде ғана емес, ағылшынша да сөйлей алады. Мамандығы инженер Рахмет өмірдің сан-сала тараптарынан хабары бар заманынының озық адамы, интеллекті қаһарман.
«Менің құрдастарым» романында ескі заманды көзден өткерген, егде тартқан адамдардың мінезінде туған жаңалықтар да жақсы көрсетілген. Байырғы кеншілер Алексей, Илья, Шектібайлардың бай тәжірибесі жастардың жігерлі, өжет істерімен қосылып, жарастықты үйлесім табады. Бұлардың әрқайсысы жеке дара мінез иесі, сәтімен табылған шыншыл тұлғалар. Бұл роман да кемшіліктен ада емес. Аяқталмай қалғанының өзі автордың көп мүмкіншілігін жарыққа шығармаған. Оқиғалардың кейде тым үздік-үздік қалпында берілуі, стилистикалық олақтықтар бұл романның «соңғы редакциядан» өтпегендігін көрсетеді. «Менің құрдастарым»- социалистік реализм әдісін игере отырып жазылған шығарма. Өмір шындығы жан-жақты суреттеліп, қомақты көрсетілген. «Түннен де қараңғы кешегі өмір, бақытты да қуанышты, жаңалыққа толы өзгерісті, қиялдан да күшті бүгінгі шындық» эстетикалық мол әсермен ғана көрсетіліп қоймай, жарқын болашақ көркемдік нанымдылықпен шебер суреттелген, яғни өршіл романтика романның жанды арқауы болып қиюласқан. Саттар романында уақиғаларды өрбіту, тартыстарды күшейту процестері ұзақ, баяндауларсыз, күрделі пейзаждарсыз берілген. Эпизодтардың келте болуы уақиғаның логикалық байланысын үзбей құбылта түсуге, лирикалық шегіністерді мол қолдануға, сөйтіп, оқушының ынтасын арттыра түсуге мүмкіндік берген. Осының нәтижесінде «Менің құрдастарым» темпераменті күшті, эстетикалық әсері мол шығарма болып шыққан. Роман дәріптейтін жаңа сезімнің бір ерекшелігі, ұлттар арасындағы достық сезімінің иланымды көрсетілуінде. Рақмет пен қызы Лизаның сүйісіп отырғандарының үстінен шыққан Вознесенский басында бұлан-талан ашуланады. Роман барысында райдан қайтады. Орыс ғалымының дүниетанымындағы өзгерістерді көрсету арқылы автор ұлттық һәм интернационалдық тақырыпқа қатысты бірқатар мәселелерді орынын тауып қоя білген. Роман композициясының ойдағыдай қалануы жаңа материалдың жеткіліктілігіне, дәуір кескінін бейнелейтін адам типтерінің қалыптасуына байланысты екені белгілі ақиқат. Жас жазушы суреттеп отырған өмірдің ұңғыл-шұңғылына мейлінше қанық. Шығарманың образдық жүйесі Қарағандының кешегісі мен бүгінгісін, барлық әлеуметтік таптары мен топтарын қамтыған. Оқиғалары Ленинград пен Қарағанды аралығында өтеді. Шалқар кеңістік романның эпикалық алып құлашын жаза түскен. «Менің құрдастарымның» бас кейіпкері Рақмет – қазақ әдебиетінде бұрын-соңды кезікпеген герой. Өндіріс инженері. Характеріндегі сәулелі де, көлеңкелі де сипаттар мейлінше қанық бейнеленген. Рақмет – идеал герой емес. Кемшілігі бір басына жетіп жатыр. Әйтсе де оның өмір сүрген уақытының күңгей жағын бойына молынан сіңірген жас ұлан екендігі тайға таңба басқандай айқын көрініп тұрады. Рақмет Ленинград оқуын бітірген. Атақты академик Вознесенскийдің шәкірті. Фамилиясының Дәуірұлы аталуында үлкен мән бар. Рақмет – қазақ елінің өркениетке қол созған қайтпас-қайсар талабының символы да, реалистік нақтылы көрінісі де.
«Менің құрдастарымды» жастардың жансерігі дәрежесіне көтеріп тұрған өлмес өрнек Саттардың аузымен «жаңа сезім» деп аталғанын көрдік. Ал, «жаңа сезімді түсіне білу үшін сыншыл болу, саясатшы болу аз екен, сол сезімнің денеңді дуылдатып, жүрегіңді тулатып толқытуы қажет екен. Былайынша айтқанда, жана сезіммен бойыңның теңдес болуы керек екен». Керемет дәл байлам. Мұның дәлдігі сонда – сол айтқандарын Ерубаев өз басынан өткерген, сондықтан да өзі тізген қажеттілік, өзі тауып қойып отырған шарт оның терең сеніміне, иланымына айналған. Автор Рахмет образы арқылы қазақтың советтік интеллигенциясының туу, қалып- тасу жолын дұрыс көрсете алған. Романда оның қойшылықтан инженерлікке дейінгі ұзақ сонарлы өмірі нанымдылықпен сурет- телген. Балалар үйіндегі Рахметтің өз ор- тасына қарай ойлайтын ойы, істейтін ісі сәбилік сатыда болса, студент Рахметтің өмірге көзқарасы, мақсат нысанасы толық- қан, бірақ та логикалық дәйектілікке ие болмаған. Институт әрбір жаска елдің адал ұлы болуы үшін кажетті сана, білім берге- німен, оның характерін толық қалыптасты- ра алмайды, ол процесс нақтылы еңбек үстінде, практикалық өмірде шынығады, орнығады. Міне сондықтан да автор инже- нер. Рахметті Қарағандының алып қарқын- ды өміріне араластырып, тартысқа түсіреді, ескімен күресіп, жаңаны орнықтыруға бар күшін жұмсатады, алғыр қыялымен келе- шекке көз жібертеді, сөйтіп оның харак- терін айқындайды. Рахмет — талғамы күшті, өмірдің барлық саласынан жеткілікті хабары бар, мәдениет шыңына көтерілуге талаптанған, оның едә- уір биігіне көтеріле де алған өршіл жас. Рахметтің өз айналасындағылардан шоқ- тығы биік болуы, оларға үлгі болатын жа- ғымды образ дәрежесінде суреттелуі заң- ды да нанымды. С. Ерубаев сюжет босаңдығына қарсы бол- ған. Оның шығармасының композициясы- на алып қарқынды советтік өмірдің темпе- раменті әсер еткен. Содан болуы керек, Саттардың романында оқыйғалардың өрбуі, тартыстардың өткірленуі ұзақ баяндаулар- сыз, күрделі пейзаждарсыз берілген. Эпи- зодтардың шұғыл алмасуы оқыйғаның ло- гикалық байланысын үзбей, құбылта түсу- ге, лирикалық шегіністерді мол қолдануға, сөйтіп оқушының ынтасын арттыра түсуге мүмкіндік берген. Осының нәтижесінде «Менің құрдастарым» темпераменті күшті, эстетикалық әсері мол шығарма болып шыққан. Романда Қарағандының өткендегісі мен бүгінгісі нақтылы суреттеліп, нанымдылық- пен баяндалады. Бүгінгі «қыялдан да күш- ті шындыкты» орнықтырып, дамытып жат- қан жастар мен байырғы шахтерлер шы- найы қалпында, типтік жағдайларда әсер- лі бейнеленген. Автордың орнықтырмақ болған озық идеалы Рахмет пен Лиза об- раздары арқылы берілген. Рахмет пен Ли- за — қалыптасқан характері, типтік сыйпа- ты бар образдар.
