Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жанр дайын.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
414 Кб
Скачать
☆

90. Ә.Кекілбаев, м.Мағауин, т.Әбдіков, д.Амантай, р.Муканова шығармаларындағы постмодернизм сипаттарын айқындаңыз

Постмодернизм (ағылш. postmodernism) — әуелде сәулет өнері саласында қолданылған атау болып, хатжүзіндік тіке мағынасы — "модерннен кейінгі", яғни "осы заманнан кейінгі", "соңғы", "жаңа заман" дегенді білдіреді. Бұл сөздің қазақшабаламасы тұрақтанбаған, кейбіреулер оны "соңғы осы заманшылдық" деп те атап жүр.

Сәулетте бұл ағым модернизмнен де көркем дегенді білдіреді. Ол көптүрлі өзге ағымдардың ерекшелігін өз бойына сіңірген, бір бойына барлық ерекшелікті қамтыған бес аспап ағым есептеледі. Кейіннен бұл ағым модернизімге қарсылық ретінде сурет,музыка, философия салаларында да қолданыла бастады және әсіресе философияда ықпалды "Постмодернизм" ағымы қалыптасты.

Постмодернизм түптеп келгенде модернизмге қарсылықтан туындаған. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс Еуропалық ұлы қиялдың быт-шыт болуы себепті өз бойында тұрақтылық, заңдылық, ереже атаулыдан арылған жаңа ағымның пайда болуына түрткі болды.