- •Эпос, драма және лирика туралы Сократ, Платон, Шеллинг, Гегель, Аристотель пайымдарын сипаттаңыз
- •Ғ. Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесінің жанрлық ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •Әдеби тек туралы л.И.Тимофеев, г.Н.Поспелов, б.В. Томашевский, в.Е.Хализев пайымдарын сипаттаңыз
- •М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының композициялық ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •10 М.Әуезовтың Абай жолы эпопеясындағы эпизм,лиризм, драматизм ерекшеліктерін сипаттаныз.
- •11.Ә.Нұрпейісовтың Қан мен тер трилогиясындағы Еламан-Ақбала-Тәңірберген линиясын байыптаңыз
- •13. С.Ерубевтың менің құрдастарым романындағы автор баяндаушы ерекшеліктерін сиипаттаңыз
- •14.Ш.Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» роианындағы баяндау еркшелігі
- •15,17Баяндаушының оқырманмен аралық қызметі , баяндаушы-куәгер , баяндаушы-оқиғалады, кейіпкер әрекеттерін талқылаушы екенін баяндаңыз. Баяндаушы бейнесі туралы м.Бахтин пайымдарын сипаттаңыз
- •16. Эпостың көркемдік тұтастықта суреттеуін сипаттаңыз
- •19. Р.Нұрғалидың драма жанрларын жіктеуін пайымдаңыз
- •20. Лирикада жеке адам сана-сезімінің бейнеленуін сипаттаңыз.
- •21.22.Лирикалық көңіл-күйдің тек сөйлеушіге тәуелді еместігін пайымдаңыз
- •27.Тұрсын Жұртбайдың Абай ,Құнанбай эсселері
- •28. Лирикалық «меннің» полисубъектілігін байыптаңыз.
- •29. Эссеистиканың лирикамен үндестігін және жетекші салаға айналуын баяндаңыз.
- •30. З.Ахметовтің, б.Кәрібаеваның еңбектеріндегі лирика мәселелерін баяндаңыз.
- •31. Жанр әдеби дәстүрдің белгісі екенін пайымдаңыз.
- •Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясын сипаттаңыз.
- •36.Эпикалық жанрдың үш туріндегі характерлер жайын сипаттаныз
- •37. Зерттеуші м. Атымовтың композицияның үш түрі туралы принциптерін пайымдаңыз
- •38. Жанрлық мазмұн және жанрлық форма ұғымдарын пайымдаңыз
- •39. Әңгіме жанрының ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •40. Ғ. Мүсіреповтің «Өмір жорығы», «Қыран жыры» әңгімелерінің жанрлық сипатын талдаңыз
- •41.Сонет,ода жанрларына анықтама
- •42. Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалардың ерекшеліктері
- •45.46) Романның бірегецй концепциясының тұтастығы және роман теориясын байыптаңыз
- •47) Классицизм эстетикасындағы және романтизм дәуіріндегі романның бағалануын сипаттаңыз
- •49) Х. Есенжановтың «Ақ Жайық» романындағы Хакім Жүнісов бейнесін сипаттаңыз
- •50) Роман – синтетикалық жанр екенін байыптаңыз
- •52." Жанр кононы" ұғымын сипаттаңыз
- •53. Жанрлық жүйе және жанр канонизациясы туралы пайымдаңыз
- •55.Әдеби жанрдың шындық өмірмен байланысын сипаттаңыз
- •57. С.Сейфуллин Тар жол, тайғақ кешу шығармсының жанрлық ерекшелігін талдаңыз
- •Повесть жанрының тарихын сипаттаңыз.
- •Абай өлеңдеріндегі уақыт пен кеңістік ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Баллада жанрының табиғатын сипаттаңыз.
- •73) Ғ.Мұстафиннің Дауылдан кейін романының жанрлық сипатын анықтаңыз
- •77. Ә. Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романындағы баяндау.
- •83. Сонет үлгілеріне мысал келтіріңдер.
- •84. Ш.Мұртазаевтың «Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір» романдарындағы баяндау үлгілеріне мысал келтіріңіз.
- •85. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы мәтін астары және тұйық психологизм ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз.
- •86. С. Мұқановтың «Ботагөз» романындағы мезгілдік пейзаж ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •87. Психологиялық роман табиғатын сипаттаңыз.
- •90. Ә.Кекілбаев, м.Мағауин, т.Әбдіков, д.Амантай, р.Муканова шығармаларындағы постмодернизм сипаттарын айқындаңыз
15,17Баяндаушының оқырманмен аралық қызметі , баяндаушы-куәгер , баяндаушы-оқиғалады, кейіпкер әрекеттерін талқылаушы екенін баяндаңыз. Баяндаушы бейнесі туралы м.Бахтин пайымдарын сипаттаңыз
Орыс зерттеушісі В.М.Жирмунскийдің пікіріне ден қойсақ: «Әдеби туынды бізге картина немесе музыкалық шығарма сияқты көркемдік-эстетикалық ләззат сыйлайды. Біз әдеби шығарманы оқығанда оны қосымша құралдарсыз-ақ түсінеміз. Оған біздің сезім-күйіміз, қабылдауымыз, интуициямыз қатысады» [1,17-б]. Көркем туындыларды өмірге әкелетін автор. Автор жасаушы, шығарушы деген ұғымды береді. Автор жасаушы, баяндаушы объективті әңгімелеуші ретінде көрінеді. Автор жасаушы өзінің шығармасын тудырады. Оның көзқарасы, идеясы, дүниетанымы – сол туындының негізін құрайды. Автор кейде шығармашылық үдерісте өзінің жасайтын мәтініне билігі жүрмей де қалады. Ол сюжет жетегінде көркем шығармасын өзі күтпеген жағдайда дамытады, аяқтайды. Ал, автордың көркем шығармада көрінуі күрделі. Оқырман әрбір шығарманы оқу үстінде, одан авторды іздеп отырады. Әрине, автор көркем мәтінге өзінің ұстанымымен, көзқарасымен тікелей қатысады. Онда ол шығарманың кіріспесінде, эпиграфында, басталуы мен аяқталуында, арнауында, авторлық ескертулерде қатысады. Құрылымы жинақы аяқталған туынды жасау – қаламгердің шығармашылық мақсаты. Автор әңгімелеуші өз кейіпкерінің бейнесіне еніп, олармен бірігіп те кетеді. Сондықтан автор олардың ой сезімдік, білімдік, тілдік дәреже деңгейлерінен асып, өзінше бөлектенбейді, солардың әлеуметтік ортасында бірге жүреді. Мұндай баяндаудың артықшылығы: бірнеше тараптан көрінеді. Біріншіден, кейіпкерді сипаттауға кең мүмкіндік туады, екіншіден, автор өзінің түсінік, көзқарасын оқырманға күштеп таңбайды. Автордың баяндаған жайттарын оқырман өз көзімен көріп отырғандай сезінеді. Бұл баяндауда оқиғалар көрнекі түрде ізбе-із көрсетіліп, оларға аратұра авторлық түсініктемелер беріліп отырады. Мұндай баяндауда уақыттың бірлігі бұзылмайды. Шығарманың кейіпкерлері оқиғаға тікелей араласады. Автор бейнесінің, әсіресе, прозалық шығармалардағы орны ерекше. Егер лирикалық шығармада лирикалық субъектінің көңіл күйі сол субъектінің өзі арқылы, жеке берілсе, драмалық шығармаларда да іс әрекет қатысушы кейіпкерлердің өздері арқылы көрсетіледі. Ал, прозалық шығармаларда осылардың бәрін біреу баяндайды. Кейіпкерлерді сөйлетіп, оларды әр түрлі оқиғаларға қатыстырып отыратын автор сөзінен оқырман санасында автордың өз бейнесі туралы түсінік қалыптасады [2,90-б]. Өмірдегі жазушының орнына әңгімелеуші автордың бейнесі қалыптасады. Көркем туындыда автор бейнесінің көріну дәрежесі әр түрлі болады. Кейде ол шығармада барынша анық көрінеді, яғни, шығармадағы болып жатқан оқиға құбылыстарға автордың көзқарасы анық байқалады. Ол бірде «жасырынып”, кейіпкер бейнесінің «тасасында қалады”. Кей көркем туындыда автор шығарманың басқа кейіпкерлерімен бір қатарда тұрады, оқиғаға басқа кейіпкерлер ретінде қатысады. Мұнда ол шығармадағы басқа компоненттердің бірі ретінде қарастырылады. Шығармаға өзек болатын өмір құбылыстарын сұрыптап алып, оған идеялық бағыт, бейнелілік беретін, бір сөзбен айтқанда, шығарманың идеялық көркемдік мазмұнын қалыптастыратын жазушының өз бейнесі – автор бейнесі болады. Автор бейнесі автордың сөзінен байқалады. Автор сөзінің ар жағында жазушы немесе айтушы субъект тұрады. «Осы тұрғыда көркем шығармадағы «баяндаушы адам” мәселесі туады. Прозалық шығармадағы баяндаушының композициялық негізгі үш түрі бар. Олар: үшінші жақ (ол) түріндегі әңгімелеуші автор; арнайы әңгімелеуші (бұл не шығарманың кейіпкері, не белгілі бір әңгімелеуші адам); бірінші жақтағы (мен) әңгімелеуші» [3,90-б]. Үшінші жақтан әңгімелеуші шығармада баяндалатын жайттардан тыс тұрады. Алайда, бұл оның өзіндік дүниетанымы, көзқарасы болмайды дегендік емес. «Ол» түріндегі әңгімелеуші әңгімені объективті жүргізеді, арасында тек түсініктер ғана беруі мүмкін. Сол сияқты ол қандай да бір жолмен әңгімеге еніп, оған араласып та отырады. Бұл әсіресе, авторлық шегіністерде байқалып, оның рухани әлемі, қоғамдық саяси мәселелерге көзқарасы ашылады. Бұған байланысты зерттеуші Б.Майтановтың қазіргі қазақ прозасы авторларына қатысты (мәселен, Р.Мұқанова) айтқан ой-тұжырымдары бар. «Ол» баршаға ортақ жайттарды, бәріне қатыстылықты білдіреді. Зерттеуші Б.Майтанов: «Автор мәртебесі классикалық әдебиетте аса биік деңгейге жетті. В.Виноградов, М.Бахтин тәрізді ғұламалар оны көркем шығарманың алтын өзегі, мазмұн мен пішіннің мәйегіне санады. Өзге жұрт биографиялық автор, жазушы өмірі сияқты бақырайып тұрған шындықтың құрсауында жүргенде, олар текст құрсағындағы автор жаратындысына тән атом, иондар, қозғалысын зерттеумен айналысты. М.Бахтин кейіпкер еркіндігін автор зорлығынан құтқаруға тырысты. Бұл дені дұрыс эстетиканың негізгі заңдылығы еді. Баяндау құрылымына байланысты ол қос енді сөз теориясын өзгеше тереңдікпен дамытты, ал алмастырылған төл сөз (замещенная прямая речь) теориясын жаңадан ашты. Ю.Лотман мәтін ішіндегі мәтіндердің араласымы, яғни Ю.Кристева жиі айтатын интертекст туралы, сонымен қатар мәтін құбылысына автормен қатар оқырманның да ортақтас болу мүмкіндігі, көру нүктесі хақында ой толғады», деп автордың тұтас мәтінге қатыстылығын ашып көрсетеді [4, 151-152-б]. Бірінші жақтан әңгімелеудің ерекшелігі – баяндаудың субъективтілігімен, шындыққа ерекше жақын болып көрінуімен байланысты. Мұнда жеке адам ерекше сезіледі. Әңгімелеушінің өзі бейнеленуші болмыстың бір бөлігі ретінде алынады. Көркем туындыдағы баяндаулар шығарманың көлеміне қарай ұзақ та, ықшам да болады. Мұндағы баяндаушы суреттеліп отырған оқиға мен оқырманның арасын байланыстырады. Әдеби шығармаға баяндаудың әр түрлі тәсілдері тән. Баяндау – оқырман мен баяндаушы арасындағы байланысты белгілейтін тілдік негіз. Мұнымен қоса, баяндау мәтіндегі белгілі бір үзінділерді немесе шығарманың тілдік құрылымын анықтайтын мағынада да қолданылады. Кейде баяндау суреттеу, бейнелеу тәсілдерімен де аралас қолданылады. Өткен ғасырдың орта шенінде орыс әдебиеттануында (негізінен, М.М.Бахтин еңбектерінің әсерінен) тілдің ара жігін, яғни баяндаушы немесе әңгімеші мен кейіпкердің тікелей тіл қатысымын алшақтататын көзқарас туындады. Осының нәтижесінде бейнелеу сипатындағы әңгіменің жиынтығы баяндау деп аталып, бұрын онымен тең қолданылатын суреттеу мен талдау (мінездеме) оның құрамдас бөлігіне айналды. «Қысқаша әдеби энциклопедияда» зерттеуші А.П.Чудаков баяндауды: «эпикалық әдеби шығарманың төл сөзден басқа бүтін құрамы” деген [5,309-б]. Баяндауда оқиға жөніндегі суреттеу даралай көрінеді. Мәтін автордың ойын объективтендіріп, шығармашылық және адам мен қоршаған дүние туралы толғанысын сыртқа шығарып, автор санасынан да тысқары адам баласының жетістігіне айналды. Осы тұрғыдан келгенде, мәтін оқшау дүние емес, ол мәтіндік компоненттердің бірегейі болмаса да, негізгісі. Оның құрылымын мәтіннен басқа, мәтіннің авторы (мәтіннің адресанты), оқырман (адресат), бейнеленетін шындық, тілдік жүйе құрайды. Мәтіндік қызмет – күрделі де көп компонентті, психологиялық интеллектуалдық қарым қатынасты көрсетеді. Зерттеуші Л.Г.Бабенконың көрсетуінше, мәтінді қабылдаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол мәтіннің болмысынан туындайды. Мәтінді қабылдау екі сатыдан тұрады. Олар: материалдық белгілерді тікелей қабылдау; тілдің образдық белгілері арқылы мазмұнды қабылдау [7,129-б]. Мәтінде баяндаудың композициялық тілдік формасының екі базалық негізі – автор сөзі мен кейіпкер сөзі дараланып көрінеді. Негізінен алғанда, автор туындысына өзі баяндаушы болады. Ол шығармадағы оқиғаның ретін, кейіпкерлердің көріну тәсілдерін, шығарма тілінің көркемдігін қамтамасыз етеді. Автор кейде шығармасында өзі жасаған шындық әлемімен бірігіп, біртұтас дүние болып кетеді. Баяндау құрамына шығарма авторы, кейіпкер, олардың арасындағы қарым қатынас, шығарманың белгілі бір мезгілдік, кеңістік және экспрессивтік тұрғыдағы бағдары енеді. Бұлардың бәрі бірлікте бола отырып, автордың идеялық эстетикалық көзқарас қатынасын білдіреді. Көркем шығарманың құрылымы түрлі компоненттерден тұрады. Олар көркем туынды тілінің эстетикалық заңдылықтарына бағынып, көркемдік тілдік жүйе құрап, шығарманы жинақыландырады. Шығармадағы баяндаушы автор бола отырып, ол суреттеліп отырған мәселеге өзіндік көзқарасын білдіреді. Яғни, автор туындыдағы оқиғадан оқиғаны тудырып, соған жетелеп, кейіпкерлерін сөйлетіп отырады. Шығармаға өзек болатын өмір құбылыстарын сұрыптап алып, оған идеялық бағыт беріп, бейнелі күш дарытатын, бір сөзбен айтқанда, шығарманың идеялық мазмұнын қалыптастыратын жазушының өз бейнесі – автор бейнесі деп аталады
