Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жанр дайын.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
414 Кб
Скачать
☆

57. С.Сейфуллин Тар жол, тайғақ кешу шығармсының жанрлық ерекшелігін талдаңыз

Сәкен Сейфуллин «Тар жол, тайғак кешу» романымен (Қызылорда, 1927) қазақ мемуарлық әдебиетінің негізін салды. С. Сейфуллин өзінің жеке бақылау-бағамдауына және нақтылы сенімді деректерге сүйене отырып, тарихи оқиғалардың және революция мен Азамат соғысына тікелей қатысушы жүздеген адамдар тағдырының ауыртпалықты жолын суреттеген. Автордың деректер мен оқиғаларды бейнелеудегі айқын саяси ұстанымдары және қарама-қарсы лагерьлердегі адамдар әрекеттеріне баға берудегі таптық көзқарастарына қарамастан, С. Сейфуллиннің шығармасы 1916-1919 жылдардағы Қазақстан тарихы бойынша күні бүгінге дейін ең жиі пайдаланылатын деректеме болып табылады.  С.Сейфуллиннің «Тар жол,тайғақ кешу» мемуарлық романы 1922-1927 жылдарда жазылып,1936 жылы қайта өңдеуден өткен.Шығарма 1916-1919 жылдардағы тарихи оқиғаларды суреттеген.Романда осы кездегі оқиғалар тарихи дәлдікпен беріліп,көркем суретпен бейнеленеді. «Тар жол,тайғақ кешудің» жанрлық жағынан ерекшелігі де – тарихтағы өткен оқиғалардың нақты көрсетілуі әрі оның көркем шығарма түрінде жазылуында.Басты кейіпкер – Сәкеннің өзі. Роман Омбы семинариасын бітірген Сәкен Сейфуллиннің Бұғылы еліне мұғалім болуынан,Ресейде өткен сынақ жұмысына араласуынан басталып,Әулиеатаға келіп,Шуда кеңес үкіметін құру сияқты саяси оиғалармен аяқталады.Осы аралықта 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс,төңкеріс кезеңі,ақ пен қызыл соғысы,түрлі партиялардың қызметтері,кеңес үкіметінің Ақмолада орнауы,Чехтар көтерілісі,Ақмоладағы кеңес үкіметінің құлап,өкімет мүшелерінің қолға түсуі,түрмедегі көрген азаптары т.б. суреттеледі.Шығарманың басынан соңына дейінгі оқиғалар,көркемсуреттер Сәкеннің өз көзімен көрген,өз көңілімен түйген дүниелер болғандықтан да,тарихи шындық қаз қалпында баяндалады. Жазушы тек тарихи оқиғаларды баяндап қоямай,сол кездегі әлеуметтік,саяси жайттарға тоқталып,тұрмыстық,этнографиялық ерекшеліктерді де көрсетеді.қазақ аулының қалпы,әсіресе алғашқы тарауларда берілген. 1936 жылы роман екінші рет баспаға әзірленгенде, автор оны елеулі өндеуден өткізген. Осы нұсқа бірнеше рет қайта басылды. Туынды орыс тілінде аударылды. Жазушы шығармаға арнап жазған «Беташар» деген алғы сөзде «Мақсұт 1916 жылдары болған тарихи қозғалыстың, ұлы өзгерістің Қазақстандағы өзім көрген, өзім білген, оқиғаларынан баспа жүзінде әйтеуір із қалдыру болды» дейді. Шынында автор осы алға қойған жазушылық міндетін түгел орындап шыққанын көреміз. Романның «Тар жол, тайғақ кешу» деген аты автордың идеяны ашуда образдық, символдық рөл атқарса, жеке тарауларға берілген аттарда саяси, көркемдік дәлдік бар. Туындыдағы барлық негізгі сюжетті ақынның өзі бастан кешкен, не өзі көзімен көрген, не өзі естіген оқиғалар жүйесі құрайтындықтан, шығарманың автобиографиялық, тіпті мемуаралық сипаты сезіліп тұрады. Мұнын үстіне Қазақстан өміріндегі аса маңызды әлеуметтік қоғамдық істер, күрделі тартыстар, дәлірек айтқанда, 1916 жылғы ұлт азаттық қозғаласы, төңкеріс жылдарының көрінісі, нақты дерекпен, объективті тұрғыда көрсетілгендіктен де бұл туындыда саяси роман қасиеттері мол. Әр түрлі партиялар программаларын, түрлі қоғам қайраткерлерінің дүние танымын, мақсаттарын, заман шындығын дәл беру үшін жазушы тарихи деректерді, газет материалдарын өзгеріссіз қалпында, цитата түрінде алып отырады. Ондай көркемдік тәсілдер шығармаға көсемсөз, журналистика элементтерін ендірген. Осындай жайттар «Тар жол, тайғақ кешуді» тарихи мемуаралықроман деуден гөрі, деректі саяси роман қатарына қосуға көбірек негіз береді. «Мұнда талай кісілердің аттары аталды. Тарихи қозғалыстың көрген, білген оқиғаларын жазған соң, әрине, кісілердің аттары кірмеске болмайды. Мақсат біреуді көтеру, біреуді жамандау емес. Зор қозғалыстың, зор өзгерістің әр кезінде, әр түрлі пікір, әр түрлі әрекет болған. Ол — тіршіліктің, тарихтың ісі. Азын-аулақ қазақтан шыққан, ұлы өзгеріске қатысқандардың ұстазы Ресей большевик партиясы болып, революцияның жалпы жауларына қарсы шығысқанда, күрескен дұшпанының бірі «Алаш» еді. Бұл кітапта «Алаш» туралы көп әңгімелер айтылды. «Алаш» туралы әңгімелер айтылғанда әлгі айтқандай сол Алашордада болғандарды айыптамақ ниетімен айтылып отырған жоқ. Тек тарихи мағлұмат ретінде ғана баспа жүзіне шықсын деген оймен айтылды. «Алаш» деген,«Алашорда» деген болды. Оның Октябрь төңкерісіне қарсылық еткенін жұрт өзі де қазір тегіс көріп отыр. Ұлы өзгеріс, революция уақытында «Алашордада» болған адамдардың талайы адасқанын мойнына алып, Совет үкіметіне мойынсұнды. 6 Әдеби KZ Талайы большевик партиясына кіріп те отыр. «Адасқанның айыбы жоқ қайтып үйірін тапқан соң». Бұл кітапқа «Қызыл Қазақстанда» жазылған мақалаларымның «Тар жол, тайғақ кешу» деген атын қойдым. «Ұлы өзгеріс», «Ұлы өткел», «Ұлы асу» деген аттар ойыма келіп еді. Көзбен көргендерім кітапта көбірек айтылған соң, «Тар жол, тайғақ кешу» деген атты лайықтырақ таптым. Бұл атты, жалпы, суретті мағынада алдым. Газеттерден мағлұматтар көп кірді. Бірақ «Бірлік туы», «Жас азаматтар», «Үш жүз», «Тіршілік» газеттерінің керекті номерлері қолыма түспеді. Өйткені мен бұл кітаптың көп жерлері тарихи мағлұмат болуға жарар деп білдім» дейді.

58. А.Нұрмановтың Құланның ажалы романындағы Құлан бейнесі  Табиғат пен адамның қарым-қатынасы бірінші кезекке шығып, ауқымды міндеттерді шешуге атсалысатыны бар да, бұл жайттың қоғам тынысын яғни адам мен қоғамның қарым-қатынасын айналып өтпейтіні мәлім. Сонымен қатар адам мен қоғам арасындағы байланысты яғни адамның қоғамдағы орнын, сол қоғамға деген көзқарасын саралаудың бірінші кезекке шығатынын А.Нұрмановтың «Құланның ажалы» романы дәлелдей алды. Алайда біз сөз етіп отырған адам мен табиғат байланысының бұл шығармаға шебер үйлескенін аңғару қиындыққа түспейді. Егер уақыт атты философиялық ұғым тұрғысынан келсек, Құлан –кешегі ақ пен қызыл шабысқан дүбірлі кезеңнің өкілі. Роман оқиғасы сол дүрбелеңнен кейінгі кезеңді қамтыған. Шығарма да ХХ ғасырдың екінші жартысында жарыққа шықты. Құлан – өмір туралы, өмірдің мәні туралы ойланып, белгілі бір тоқтамға келуге үлгермей кеткен асқақ рухтың иесі. А.Нұрманов ұстанымы кейіпкерін әлеуметтік, тарихи, саяси, рухани, философиялық сарындарды шебер үйлестіре алып, органикалық бірлікке, тығыз байланыс биігіне көтерген. Жазушының авторлық ұстанымы, идеясына қатысты мәселелерді қозғасақ, қаламгер санасы мен қаһарман санасы – эстетикалық өзара тығыз байланыста, адам өмірінің мән-маңызы, оның рухани бастаулары туралы өзіндік концепциясын ұсынған қаламгер ойы эстетикалық категория ұғымымен жымдасып, көркемдік шеберлікпен таныла алған.  Бір емес, екі биліктен де сая көрмей, аласұрған бас кейіпкердің жан әлемін, ішкі дүниесін ашуда автордың жүгінетіні – табиғат.  Қаламгер А.Нұрмановтың «Құланның ажалы» романындағы адам мен табиғат үндестігінің кескінделуі жоғарыда айтылған ауқымды жайттардан бастау алса, әр шығармасына жазушылық шеберлікпен қарайтын, әлем оқырманына танымал Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы да Арал экологиясын жазушылық дүниетанымымен бейнелеген. Шығарманың әлем, қазақ әдебиетіндегі соны сипаты да, поэтикалық қуаты да осы қасиеттерінде деп білеміз.

59) Қазақ әңгімелеріндегі дәстүр (Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов өнегесі) ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды. Бейімбет өмірде де, шығармаларында да лепірме қызыл сөзден тіпті аулақ болған адам. Ол туралы сөз айтқанда да көпіртіп сөйлеу келіспейтін сияқты. Әйтсе де осы жазушының туындыларын оқығанда, ол туралы ойлағанда көбіне-ақ сүйсініп қайран қаламын да тіліме асқақ теңеулер орала береді. Бейімбеттен қалған қазына — ұлан-байтақ тұтас бір өмір десек артық болар ма екен. Жазушы қалдырған дүниенің аумағы (кітабының санын ғана айтпаймын) қандай ірі суреткерге де жеңіл жүк емес. Онда қазақ өмірінің тұтас бір ең қызықты дәуірі жатыр. Ол дәуір Октябрь революциясынан бастап отызыншы жылдарды орталағанға шейінгі ел өмірі. Сол тарихи жаңару дәуіріндегі патриархалдық-рулық философиядағы қазақ шаруасының саяси, рухани өсуі, оның таптық, ұлттық психологиясындағы терең өзгерістер. Жазушы Бейімбетті — зерттеуші ғалымға теңеуге болар еді. Оның лабораториясы — бүкіл халық, зерттегені ел өмірі, адам характері, психологиясы. Майлин жасаған тамаша характерлерді санап шығудың өзі оңай емес. Оның шығармаларында сан алуан естен кетпес бейнелер жүр. Сол кезде заман туғызған біраз характерлер қазір біздің арамызда жоқ, заман өзгере келе адам да өзгереді. Сондықтан да соларды, кәдімгі арамызда жүргендей жанды қалпында сақтап қалған жазушыға көптен көп рақмет айтқың келеді. Жазушы болмаса сонау жылдардағы қазақ шындығы туғызған талай қайталанбас қызық-қызық бейнелеp біздің әдебиетімізге келмес еді.Жалбыр, Таңсық, Мұқыш, Айша, Раушан, Берен, Бәкен, көк сиырлы Дайрабай, Арыстанбайдың Мұқышы, Азамат Азаматыш... Бұл тізімді соза беруге болады. Солардың әрқайсысы типтік дәрежеге көтерілген жанды бейнелер. Бейімбет шығармаларын оқығанда бұлардың бәрін көргендей, бәрімен бірге жүргендей боламыз. Осы сияқты Бейімбет жасаған ондаған образдар болмаса қазақ әдебиетінің портреттер галереясы ойсырап тұрар еді. Бейімбеттің шыншылдығы мен көркемдігі, ұтқыр жинақылығы (лаконизм) осы заманғы ең алдыңғы қатарлы әдебиеттің дәрежесінде тұрған сан алуан әңгімелері мен повестері болмаса жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы қазақ өмірін көрсетуде біздің әдебиет дәл бүгінгідей мақтана алмас еді. Майлин өзі өмір сүрген өз заманын жазған адам. Бірақ ол сырттан барлап, суретке түсуші емес, өз дәуірінің тек жансыз айнасы ғана емес. Сол кезде әдебиетіміздің жастығынан көп жазушылар схематизм мен примитивизмге бой ұрып өмірдегі сыртқы құбылыс, өзгерістерді жазса, өзгеріс процестерін көрсетудің орнына өзгерістердің нәтижесін ғана берсе, Майлин өмір диалектикасына терең үңіле білген. Көшпелі халықтың санасы мен психологиясындағы өзгерістерді жіті көзбен, көңіл көзімен көріп, шынайы көркемдікпен аша білген. Сөйтіп шын мәнінде жаңалықтың жаршысы болған адам.Бейімбет шығармаларының тағы бір абзал қасиеті азаматтық сарынының күштілігі. Шебер суретші өмір көрсетіп қана қоймайды. Бүкіл талантымен сол өмір үшін халықтың қамы үшін алысады. Өмірдегі кедергі болған жайларды, әділетсіздікті әшкерелейді. Жазушы өз xалқы үшін, социалистік әділет үшін екі майданда күрес жүргізеді. Бірі тап жаулары — байлар, солардың құйыршықтары болса, екіншісі совет жолын бұрмалаушы жалған белсенділер, топас әкімдер, жеке басының қамы үшін елдің мақсатын сататын мансапқорлар. Бұларға келгенде жазушы ащы мысқылмен ғана шектелмей отты публицистикаға да ауысып кетеді.

60) ----------

 

 

 Бейімбет Майлин - әдебиетіміздің барлық саласында әртүрлі жанрларында бірдей қызмет еткен жазушы. Оның шығармашылығына тән халықтық, қарапайымдылық қасиет тек поэмасында ғана емес, прозалық, драмалық шығармаларында да ерекше байқалады.

      Әдебиетіміздің проза саласында, әсіресе, оның көркем әңгіме сияқты шағын жанрында Бейімбеттей көп еңбек еткен жазушы кемде- кем. Қара сөздің техникасын қазақ жазушыларының ішінде Бейімбеттей жақсы білетін кісі кемде – кем десе де болғандай. «Қазақ әңгімелерінің аса көркем үлгілері Бейімбеттің өзгеше мұрасынан танылатын» деген Мұхтар Әуезовтің пікірі жазушы шығармашылығына берілген әділ баға.

       Бейімбеттің проза саласындағы тұңғыш еңбегі – «Шұғаның белгісі» атты атақты повесі. Бұл шығарма жазушының прозадағы тырнақалды еңбегі бола тұра көтерген тақырыбы, тіл көркемдігі; оқиға тартысын өрбітудегі жазу шеберлігі жағынан қазақ әдебиеті тарихындағы кезеңді шығармалардың бірі болып есептелінеді. Повестегі басты образ – Шұға махаббат бостандығын аңсап, сүйген жігіті Әбдірахманға қосылу тілегін орындай алмай, қайғы – шермен қаза болады. Повестің негізгі тақырыбы-махаббат бостандығын аңсаған жастар жайы. Өз заманының көзі ашық оқыған жігіті Әбдірахман Есімбек деген байдың Шұға деген жас қызына ғашық болады. Қыз да Әбдірахманды ұнатады. Көбірек жүздесіп білісудің нәтижесінде бұл екі жас бір – бірін көрмесе тұра алмайтындай дәрежеге жетеді. Екеуі де махаббат құшағына бөленіп тату – тәтті өмір сүруді аңсайды. Әкесінің Әбдірахманға қарсы екенін сезген Шұға өз арманына жете алмайтынын білген соң күйіктен ауырады. Оның ауруы асқынып, өмірден үміті үзіле бастағанын сезген әке Әбдірахманды шақыртады, жалғыз қызының айтқанына көнбек те болады, бірақ Әбдірахман келгенше Шұға қайғылы халде өліп кетеді. Повестегі негізгі мәселе Шұғаның тағдырымен тығыз байланыстырылған. Шұғаның махаббаты, арман – мүддесі, қайғылы зары, трагедиялық халі түгелдей әңгіменің арқауын құрайды. Оқиға сол желі арқылы өріліп ширатылады да, сол жіптің үзілуімен бітеді. «Шұға өмір сүрген ортаны, заман жайын, дәуір кейпін де аңғартарлықтай бірнеше характерлер жасай білген. Шұға - Әбдірахмандар мен  олардың махаббатына сүйсіне қарап, қайғысына ортақтасушы. Шұға тарихын әңгімелеуші «сиректеу сақал  мұрты бар, қара бұжыр» кісі де, Есімбек байдың малайы Базарбай да ұнамдылық мінез-құлқымен өздерінің жарқын бейнесін танытса, бұларға жау болып көрінген Есімбек бай мен Қажыбай, Айнабайлар да өздерінің кертартпалық, жұғымсыз әдет-ғұрыптарымен оқушының соншалықты жеркеніш сезімін тудырады. Көлемі шағын ғана шығармада бірнеше кейіпкерлердің мінез-құлқы мен характерін драмалық, жекелік ерекшеліктерімен шынайы суреттей білу - жазушының асқан шеберлігін көрсетеді. Бірақ, реалист жазушы Бейімбет ұнамды кейіпкерлерін жылтыратып, боямалап, әсіре қызыл қуыршақ бейне етіп көрсетуден мүлде аулақ. Ол өз кейіпкерлерін адамға тән қадір-қасиет, жақсылы-жаманды мінез –құлқымен жанды бейне ретінде суреттейді. Бұған Әбдірахманның ынжықтау, басқа түгіл өз қара басын қорғап ала алмайтын осалдықтарының  өзі-ақ айғақ бола алады. Қалайда Бейімбеттің бұл шығармасы көркемдік шеберлігі жағынан құндылығын осы кезге дейін жоғалтпаған ірі туынды, көрнекті шығарма болып табылады.

       Прозадағы  алғашқы шығармаларының бірі  – «Сексен сом». Мұнда Егеубай  деген кедейдің бір күндік  өмірін суреттеу арқылы жазушы  «елім, жұртым» деп өтірік көлгірсіген  алаш өкіметінің елді тонаушылық  саясатының бет пердесін әшкерелейді.  Жалғыз аты бар Егеубайға «алашорда» ашылыпты, соның шығыны деп үй басы «сексен сом» беретін болдық» деген Тынымбайдың хабары аспаннан жай түскендей көрінеді. Бұдан бір ай бұрын да 80 сомды төлей алмағаны, үшін «мынау большевик қарсылық көрсетіп тұр» деп ұстатып жібере жаздағаны есінде. Енді,міне, «Сексен сом» үшін алаш жігіттері Егеубайдың жалғыз көк шолақ атын алып кетеді.

       Ел басына туған аштық апаты жайлы да жазушы біраз шығармаларын жазады.Солардың ішінде асқан реалистікпен суреттелгендері – «Күлпаш», «Аштық құрбаны», «Әже». Осы үш әңгімеде бұл мәселе үш қырынан көрінеді.

        «Күлпаш» әңгімесі 1922 жылы жазылған. Кедей үйінің жұпыны түр-әлпеті. Ішерге ас, киерге киім жоқ. Алты айғы қыс аштық қысып әбден жүдеген жандар. Күлпаш пен баласы Қали аштықтан ісінген, сенері - ел қыдырып қайыр тілеп кеткен Мақтым. Мақтым ертемен тұрып ел қыдырып кетсе, әйелі Күлпаш сол бірдеме әкелетіндей өзін-өзі адастырумен болады. Елден қайыр сұрап кеткен Мақтым да дорбасын мойнына арқалаған бойы күн батып кеш қарая үйіне әрең жетеді. «Қыржиып тырысқан қысқа тон қаудырлы қатқан жаман тымақ, аяғында қонышынан басылған жаман етік; мойнында дорбасы бар жағы суалып, көзі адырайып, адам бейнесі кеткен біреу есіктен кіреді. Бұл - Мақтым еді.» деп жазады жазушы. Осы өмір үшін күресуге де ешбір дәрмен қалмай, аштықтан құтылудың амалын таба алмай отырған Күлпашты туған сіңлісі Раушан келіп айландырады. Раушанның ақылы бұл түріңмен аштан өлесің. Одан да Жұмағазыға ти. «Оған тисең өзің би,өзің хан боласың, 40-50 қарасы бар. Бір ауылдың байы. Бұрынғы қатынынан бала қалған жоқ. Жасы биыл тап 40-та.» Аштықтан шаршаған Күлпаштың қайрат - жігерден, ақылдан да айрыла бастағанын сезген сіңлісі: «....Не бар тамақ соның үйінде, бұзылмаған қазы, бүрулі ет, шұжықтың саны жоқ....Әлі күнге дейін дастарханның наны үзілген емес» деп қызықтыра түседі. Тамақтарды тізіп өткенде Күлпаштың аузынан  суы ағып, есі кете жаздайды. «Қарағым-ай, өздерің білші...мен естен танған кісі ғой – дейді ақырында. Сонымен аштық әуелі Күлпаштың бойын жеңіп сай – сүйегін босатса, ойын да, ақыл – есін де, адамдық, аналық қасиетін де жеңеді. Жалғыз ұлы Қали мен сүйіп қосылған жары Мақтымды өлімге қиып, өз басының тірі қалу қамын ойлап, көрмеген, білмеген Жұмағазының үйіне соның тоқалы болуды мойындап кете барады. Жазушы Күлпаш басындағы осы бір ауыр күйзелістерді қарапайым ғана суреттермен шынайы бейнелейді. Күлпаштың жалғыз ұлын да тастап кетуге бет алғанына оқушы сенеді, енді оның кетуін, Жұмағазыға әйел болған күндерді суреттеудің қажеті де болмай қалады. Енді жазушы баласын сағынып, жолдасы Мақтымды аяп, соларды өлімге қиып кеткеніне арланған ананың аяулы келбетін суреттейді. Әңгімені тебіренбей оқу мүмкін емес, кейіпкермен бірге еріксіз күйзелесің – «Әттең кедейлік, әттең аштық, қылдың – ау!..» деп жазушымен бірге ренжисің. Қысқа ғана әңгімеде жазушы бір отбасының басына тап болған трагедиялық халді шебер көрсете білді. Реалист жаушы өмір шындығын айнытпай дәл басады.

        Аштыққа байланысты әңгіменің бірі – «Аштық құрбаны». Бұл әңгіме тақырыбы жағынан «Күлпаш» әңгімесіне сабақтас, тек көркемдік шешімі өзгешелеу. Қайрақбай кедейдің отбасы аштыққа алқынып, содан құтылудың амалын таба алмай қиналып, күйзелген күңгірт күндері сөз болады. Қайрақбайдың жер үйінің іші ит байласа тұрғысыз азынап тұр. Отқа жағар отын, ішерге ас жоқ. Қайрақбайдың әйелі Шырынкүл сөніп бара жатқан оттың шоғын шыпшамен көсеп жайнатқан болады, бірақ жанып біткен қамыстың шоғы сөніп қала береді. От сөнгенде бұлардың өмірі де сөнетіндей сезінеді. Қара судан бөлек ішетін ұрттам тамақ жоқ. Екі күннен бері дым татқан жоқ. Мұның ар жағы не болмақшы?  «Жақ сүйегі сорайып, екі көзі аларып, еңсесі түсіп Қайрақбай отыр: Екі көзі жаутаңдап, әкесінің шоқпыт күпісіне орана түсіп, сегіз – тоғыз жасар бала Таңсық жатыр. Бәрінен де қайғылы, бәрінен де жүдеу, біресе жылаған шешесіне, біресе еңсесі түскен әкесіне қарап жаутаңдап Дәмеш отыр», - деп суреттейді жазушы Қайрақбай отбасының ауыр күндердегі көрінісін. Дәмеш - он алтыға шыққан қыз. Ол қатарлы жұрттың балалары кісіге жалданып әке – шешесін асырап отыр. Неге еркек бала болып тумағанына күйінеді Дәмеш. Аштықтан шаршаған Қайрақбай отбасының жайын түсінгендей боран да үдей түседі, жел ысқырып, ұлығандай, сақылдап күлгендей, сарнап жылағандай болады. Қараңғылық түнеріп әлемді тұншықтырып бара жатқандай секілді сезінеді. Аштықтан құтылудың бірден-бір амалы - Дәмешті күйеуге беру деп біледі анасы. Әке – шешесін, бауыры Таңсықты аштық тырнағынан ажыратып қалу үшін жанын садақа қылуға Дәмеш те әзір. Алыстағы шал Тілеумағамбет тоқалдыққа сұрап отыр дегенді естігенде Дәмештің жүрегі мұздап, тұлабойы қалтырап кетеді. Апыр – ау, өлейін деп отырып қызды қайтеді екен? Өзі өлгенше қатын үстіне болса да балаларының біріне неге әпермейді екен?.. Болса да сатылатын болған соң, тым болмаса жас жігіттің душар болмауын қарашы!» деп армандайды аштықтан құтылу үшін өзін құрбандыққа әзірлеген Дәмеш. Оқиғаның одан арғы шешімі Дәмештің Рахилаға жазған хаты арқылы баяндалады. Рахилаға Дәмеш өзінің басынан кешкен жәйттерді: Тілеумағамбет шалдың үйінде күнін өткізіп жүргенде ол үйге бір «төре» қонақ болып, оған Дәмеш арызын айтып өзіне, әке – шешесіне бостандық алғанын, ақырында сол «төре» екеуі қосылып, бақытты өмірге жеткені жайлы баяндайды.

61)-------------

«Көркем прозадағы психологиялық талдау» атты диплом жұмысында әдеби кейіпкердің жан диалектикасын, ішкі рухани әлемін, құпиясы мол күрделі табиғатын зерттейтін әдебиеттану ғылымындағы психологизм поэтикасының теориялық мәселелері жан-жақты қарастырылады. Психологиялық романның өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді. Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана шығармада психологизм өріс алады [1; 13б]. Бұл ойымызды нақтыласақ: "...әдебиеттегі психологизм-кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды" [ 2;834б]. Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы қарама-қайшы дүниетанымын, көзқарастарын, іс- әрекеттерін, көңіл күйлерін тереңдей талдап, жан-жақты бейнелеу психологизмнің көркемдік табиғатын танытады. Ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б. Майтанов М. Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "тұйық психологизм" [3;86б],- деген ат береді. Бұл синтетикалық психологизмнің өзгеше бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді. Синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі құбылулар. Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу-аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық тәсілдің басты көрінісі-ішкі монолог. Адамның сезім-күйін, ой-толғанысын, күйініш-сүйінішін барлық қайшылығымен асқан шеберлікпен шынайы әрі дәл де нанымды нақышпен бейнелейтін психологиялық романның ерекшелігі жанрлық талап пен автордың кәсіби шеберлігінде жатыр. Психологиялық романның көркемдік әлемін Ф.М. Достоевскийше түсінсек, бар мәселе - автордың оқырманды өз кейіпкерінің ішкі өміріне қалай ендіруінде жатыр. Кейіпкеріне сөз бере отырып, оның сана ағымын, қақтығысқа толы рухани әлемін, жан қозғалысын нәзік детальдармен бейнелей білу нағыз шеберліктің шыңы[4;88б]. Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем, атап айтсақ, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналылық пен бейсаналық, өмір мен өлім т.б. арасындағы ымыраға келмейтін күрес пен мәңгілік құндылықтар жайында ой қозғауға мәжбүр етеді. Бұл-психологиялық туындыға қойылар басты шарттардың бірі. Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалады: Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді. Екіншіден, мұнда ең бастысы-жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адам бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады Үшіншіден, шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады. Төртіншіден, психологиялық прозаның көркемдік әлемі өзінің жанрлық талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды [1;14б]. Негізі, көркем шығармада психологиялық талдау жасалынбаса "адамның ойына өң беріліп, көңіліне күй түсірілмейді" 

62)--------------

Творчестволық эволюцияның батыл да, еркін жанры — повесть. Əдебиетші Лев Якименконың айтуына қарағанда, роман-эпопея секілді, повесть- эпопея деген жанр үлгісі болмақ. Ғалым пікірін батыл айтқанымен дəлелдеп үлгермей көз жұмды. Қазақ жазушылары повестерінің зерттелуі төл əдебиеттану ғылымымызда ескерусіз қалған жоқ. 1970-80 жылдарда қазақ əдебиетінде осы- ған дейін жетекші жанр саналып келген роман өз орнын повесть пен əңгімеге ұсынғандай болды. Себебі, XX ғасырдың соңғы ширегінде қарқындай дамыған ғылыми техникалық рево- люцияның (FTP), одан бергі ақпарат ағынының əсерінен, қысқалық пен нұсқалық сөз өнеріне де тəн бола бастады. Көркем əдебиеттің орнын ақпараттар ағынын тасқындатқан теледидар мен радио баса бастағандықтан, адамдардың, яғни оқырманның уақыты мейлінше азайып кетті. Уақыт пен мезгілдің заңды талабына сəйкес дүниежүзілік əдебиетте повесть жанры алдыңғы қатарға шығып, дəуірінің ең басты проблема- ларын қорғауға міндет алды. Жеке бастың (тұлғаның) рухани-адамгершілік əлемі, гуманис- тік, философиялык, этикалық проблемалары – міне, атан түйеге жүк боларлық осынау аса ауқымды мəселелерге жауап беру, ізденіс сапа- рына шығу – қазақ повесінің тақырыптық-идея- лық ерекшеліктерін көрсетудің басты шарты болды десек қателеспеспіз. Замана талабы қанша тосқауыл қойғанымен, қазақ қаламгерлері "өткізу үшін шындықты, өтірік қостым ішіне" (Қ.Мырзалиев) дегендей, тұспалдап талай нəрсені жеткізе білді. Ал бұл ұлтымыздың қоғамдық сана, ақыл-ойының кемелденуіне едəуір ықпал еткені даусыз. Жаңаша ойлау процестерін біраз жеделдетіп, оның қанат жайып өрістеуіне, тарихи қажет- тілікке айналуына өз повестерімен үлкен үлес қосқан Д.Исабеков те осы кезеңде шағын жанрға қарымды қалам тартты. Осы жылдар ішінде ол "Гауһар тас", "Мазасыз Күндер", "Пері мен періште", "Дермене", "Сүйекші", "Тіршілік", "Біз соғысты көрген жоқпыз" повестерін дүниеге əкелді. Əдеби дамудың жаңа кезеңінде шығармашы- лығын бастаған жазушы Д.Исабеков те қаһар- манын өзгеше орта мен жағдайдан таңдап алып, кейіпкер бейнелеудің ашылмай жатқан қалта- рыстарына көңіл бөлді. Мұны байқаса да, идео- логияға сай дəстүрлі көзқараспен сараптағандар да, тың ізденіс деп бағалағандар да бар. Ш.Елеу- кенов «Д.Исабековте жақсылық азап шегеді» [1,48] деп таныса, Р.Нұрғалиев «жаншылған тағдыр» [2,154], Б.Ыбырайымов «бейшара жан» [3,94] деп, кеңестік пайыммен сынайды. Ал С.Қирабаев, Т.Тоқбергенов т.б. зерттеушілер мұндай бағалауларды суреткердің психоло- гизмді сəтті пайдалануымен байланыстырады. Д.Исабековтің заманға терең зер салуынан туған кейіпкерлері өмірінің өзгеше өрілуінің бір се- бебі шебер психологиялық мүсіндеуінен деп пайымдайды. 60-70-жылдар жазушыларының ішінен Д.Исабеков туындыларын жан-жақты қарастырып, суреткердің шығармашылық дара- лығы мəселесін көтерген М.А.Қанафина диссер- тациялық еңбегінде жазушы шығармаларындағы керкемдік тартыстың түрлерін анықтап, заман- дастар проблемасын зерттеді, композиция құру, психологиялық талдау, тілдік құралдар қолда- нуын өзіндік стилі деп тұжырымдаса, кейінірек Д.М.Неталиева жазушының повестеріндегі ұлт- тық мінез сипаттарын талдайды. Қ.М.Хамзина қазақ повестеріндегі көркем уақыт жəне кеңістік (XX ғ. 70-80 ж.ж.) мəселесін зерделей отырып, осы категория шеңберінде өзге авторлармен бірге Д.Исабеков туындыларындағы адам кон- цепциясын, сюжеттік-композициялық құрылым ерекшеліктерін саралайды. Уақыт пен кеңістік ұғымын жазушы ізденісіндегі ұлттық болмыс ерекшелігімен байланыстырады. Дулат Исабековтің «Сүйекші» повестінде тек өз заманының ғана емес əр замандағы адам бойындағы ізгілік пен зұлымдық концепциялары сөз болады. Əлем ойшылдары Ф.Кафка мен Ж.Сартрдың жеке тұлғаның өз тағдырьна қатыс- сыздығы жəне өз өміріне параллель өмір суруі тəрізді идеялары негізінде туды деуге болатын- дай. Жапандағы жалғыздық, "құдайы жоқ мынау əлемде" (Қ.Мырзалиев) күнелту (өмір сүру емес - күнелту; не жить а существовать) тақы- рыбы əдебиетімізде бұрыннан-ақ бар. Сөзіміз- дің дəлелі ретінде М.Əуезовтің "Қорғансыздың күні" əңгімесін алуымызға болады. Сонымен қоса, Ш.Айтматовтың «Боранды бекетіндегі» əлемдік концепцияның тууына себепкер болған мəңгүрттік ұғымы заман өте келе тек формасын ғана өзгертіп отырады. Осындай мəселелердің теориялық жəне əдіс- намалық негізін Қазақстан жəне шетел ғалым- Вестник КазНУ. Серия филологическая, №2(132). 2011 285 дарының көркем əдебиеттегі кейіпкерлер мен образдар көрінісі жайлы жазылған, көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан талда- ған, сондай-ақ Д.Исабеков шығармашылығын зерттеген еңбектер құрайды. Атап айтқанда, В.Оскоцкий, И.С.Кон, В.Н.Гвоздей, М.Чимпой, Б.Бурсов, Ю.И.Суровцев, А.Мамедова, И.Ғабдиров, М.Дүйсенов, М.Əуезов, М.Базарбаев, Ш.Елеу- кенов, Н.Ғабдуллин, Б.Əлімжанов, С.Қирабаев, Т.Тоқбергенов, С.Асылбекулы, С.Таханов, Б.Ыбырайымов, Қ.Ергөбеков, С.Таханов, Қ.Əбдезұлы, Б.Ыбырайымов, С.Асылбекұлы, Б.Кəрібозұлы, Р.Мұқышева, Д.Неталиева, А.Таңжарықова т.б. Д.Исабеков шығармашы- лығының əр қырына қатысты сын, зерттеулерде ғана сөз болған кейіпкер, ұлттық мінез мəселесі арнайы тақырып ретінде сарапталды жəне қазіргі қазақ əдебиетіндегі мəн-мағынасы, орны анықталды. Шығармаларды талдау арқылы онда кездесетін қазіргі кезеңдегі адами құлдыраудың формалары анықталды. Бұл орайда қазақтың адамтану жəне адамды бағалау философиясы негізінде жазушы қалыптасқан социалистік реализм əдісіне өзгеше қырынан келіп, кеңестік кеңістіктегі əдебиетке қозғау салуға үлес қосқандығын айта кеткіміз келеді. Ұлттық рух, ұлттық сана турасындағы идеясын ашық немесе емеурінмен білдіре отырып, өз заманының идео- логиялық пайымын бұзуға тырысты. Тұрмыстық трагедияларды жаза отырып, кейіпкердің бел- сене күреспесе де жеңіп отыруын ұлттың жан сырынан, ділінен іздегендігі байқалды. Қазақ- тың өмір сүру философиясы арқылы ұлттық мінез сипаты сараланып, жазушы концепция- сындағы қазақ реализмі танылды.[4,23] "Сүйекші" - қаламгер шығармашылығьндағы, ол ғана емес, ұлттық əдебиеттегі өлі сөз етілме- ген тыңға түрен салған туынды болды. Сүйекші Тұңғыш кім? Ол – ішкі жан-дүниесі тоналған базардай тоз-тозы шыққан, кеудесінде жүрегі соғып тұрғанмен, жаны өлексеге айнал- ған жан. Француз ойшылы Ф.Кафка пəлсапа- сының негізі – тұлғаның өз өміріне қатыссыз- дығы (отреченность) идеясы. Орыс ойшылдары мен жазушыларында (əсіресе XIX ғ. II жарты- сында) да "прокаженный" яғни "аластатылған" ұғымы жиі кездеседі. Тұнғыш та өмірге біреудің аяулы перзенті болып іңгəлап келді. Ата-ана мейірімін түйсініп үлгермей жатып, аманатқа калдырылған бала көрінгеннің көзтүрткісіне айналды. Кез-келген адам баласының жүрегінде мейірімнің шуақты нұры құйылып сақталатын құты болады десек, осы құты Тұңғышта жойы- лып кетті. Жаны қайырым көрмеген пенде рухани тұрғыдан кедейлене келе бір кездерде "жаны тоналған рухани мешеуге" (Қ.Ергөбек) айналары сөзсіз. Осыдан келе пенденің өзі сүріп отырған өмірге деген немқұрайдылығы, қатыс- сыздығы шығады. Тоғыз жасында Аманаттың күйін кешкен Түңғыш балалықтың бал дəмінің орнына есік- тегі иттің басына тілемейтін азап күн кешеді. Зілді зар мен ащы мұң енді Аманатты Кеңке- леске айналдырады. Тəні бар, жаны тірі аруаққа айналғандарды бүгінде ғылым мен парапсихо- логия тілінде зомбилер деп атайды. Кеңкелес те сондай. Нұқып айтқан мырзаның бұйрықтарын түгел орындауға əзір, өзі үшін немесе өз жаны- ның рахаты үшін басы да ауырмайды, балтыры да сыздамайды. Кеңкелес боп жүріп ер жеткен Түңғыш үйленіп, үй болып, жеке түтін түтетуді ойланбайды тіпті. Физиологиялық табиғи дамуы тежелген мұндай сұмдық оқиғаны Ш.Айтматов- тың "Боранды бекетіндегі" əлемдік концепция- ның тууына себеп еткен мəңгүрттік оқиғасынан кездестіруімізге болады. Перзенттік сезімнен тірідей айрылу оқиғасыньң түбі жоңғарлардың жан түршігерлік жазалау əдісінде жатса, "Сүйек- шіде" мұндай жазалау жоқ. Əйтсе де, суреткер айнала ортаңның сенің тағдырыңа деген алаң- сыздығы, жеккөрініші əсерінен де мəңгүрітіктің туатынын шебер дəлелдейді. Кеңкелес бейнесіне көз сала отырып, оның бір кездерде анасы мен бауырының өліміне жаны күйіп шырылдай жылағанына тіпті де сене алмайсың. Автор қорытатын философиялық теория да сонда жатыр. Аманат - Кеңкелес - Диуана - Сүйекші. Бұл – кейіпкер есімінің, атының өзгеруі. Осыны жазушы кейіпкер характерінің өзгеруімен жымдастыра сəтті суреттейді. Кейіпкер жан- дүниесі езгерді. Соған орай аты, кəсібі жыл- қышы, диуана, сүйекші болып өзгерді. Міне, осы аралықта Тұңғыштың характер өзгерісі ашылып отырады. Характер сапасына қараңыз. Ұрылар қол-аяғын байлап, ат артына бөктеріп, жапан далаға апарып аударып тастап кеткенде ол ешқандай карсылық көрсеткен жоқ. Итке таланып, ұрыға жем болып диуанашылық етті. Өз тағдыры үшін күрескен жоқ. Көр қазып, сүйекші болды. Өз болашағын ойлау былай тұр- сын, тек тəңіріден иман тіледі. Ол болашағы үшін күрескен жоқ. Ол үшін енді күрестің мəні де жоқ еді. Өйткені онда жан алып, жан беріп күресерлік, тырмысарлық болашақ қалмаған болатын. Тұңғышты езіп, оның болашағын тонаған əлеуметтік жағдай. Əлеуметтік жағдай атын жамылған адамдар. Тұңғыш – санадан қуылып, ұмытылған жан бейнесі. Тұңғыш неге Үндемес атанады? Осы 286 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №2(132).2011 бір астарлы сұрақ Қомша баласының жан дүниесінің тереңіне бойлатады. Авторлық кон- цепцияны тану қиын. Өйткені характер өзгерісі шебер өріледі, өзгеше өрнектеледі. Дүниеге Тұңғыш есімімен келген сəби ешбір кінəсі де, күнəсі де жоқ болғанмен, өмірдің уын ішеді. Кінəлі – қоғам, күнəлі – Үкітай мен қасындағы жолдас жігіттері. Сыншы Қ.Ергөбеков айтқан «тұңғыштар тағдырының əлеуметтік шындығы» [4,218] да осыларда. Повестте қылмыс пен тəртіп, теңсіздік пен кісілік қатар қойылады. Кейіпкерлер психоло- гиясына барлау жасау арқылы автор бүгінгі өміріміздің шытырман да түйткілді түйіндерін шешеді. Дегенмен, осы мақсатта бейнелеген «бай баласының құдыққа құлап өлуі, Сүйекші шешесінің суықта қатып қалуы - жазушының осы секілді шамадан асып кеткен, дəлел- дəйексіз үрейлі, қорқынышты ситуацияларға тым əуестігін құптауға болмайды» [2,154] деген Р.Нұрғалив пікірі орынды деп ойлаймыз. Ал Б.Ыбырайымов мұндай ойға басқаша уəж айтады: «Сүйекші» повесіндегі ойлы, мұңды сарын кешегі өткен əлеуметтік теңсіздік заманына соны қырынан үңілуден туған» [3,94] Жалпы алғанда, повесть мазмұны мұны əбден дəлелдейді. Автор əлеуметтік жікке бөлінген кезеңнің əлдісі мен əлсізінің жай-жапсарын емес, түгел қазақтың зарын айтқан. «Бір адам- ның емес, бұл шығарма тұтас бір халықтың рухани сорлауының прототипі емес пе екен деп секем аласыз» [5,14]. Құл иеленушілік қоғамды бастан кешірмесе де, құлдық философиясының қазаққа қандай жапа шектіргенін мəлім еткен. Бірақ біздің айтарымыз - Тұңғыштың тірлігімен бар сананы сілкіндіремін деп оқиғаға трагизм элементтерін қоса беру артық. Жоғарыдағыдай сыншылардың дəрменсіз, бейшара кейіпкер деп тануына бұл да өз кезегінде əсер етуі мүмкін. Табанды күресті талап етпей-ақ қоялық, Тұң- ғыш ең болмаса өз тағдыры үшін неге тырбан- байды? Heгe күрес нышанын көрсетпейді?— деп те жазушымен таласуға болар еді. Бірақ, ол күдіктің баршасы сырт қарағанда ғана. Автор- лық мақсат, характер өзегімен қарағанда райдан тез кайтасың. Дегенмен шығарманың орта шеніне дейін Тұңғыш өз тағдыры үшін күрес нышанын көрсетеді. Ол ат құйрығына байлануға қарсы.— «Көке... кекетай... He істемексіз мені? Байлама- ңызшы, жалынамын, айтканыңыздың бəрін істеймін...»—деп шырылдайды Аманат бала. Қабантауға көшуге ықырар емес. «—Ағатай... енді апам қайтіп табады мені?...»— дейді ол. Əлі анаға деген перзенттік сезімі жойылмаған. Ана- сына: «—Қалмаймын, қалмаймын. Үйге алып кетші, апатай»—деп сəби көңілден өтініп жүр. Кек кернеген сəтте Үкітайға карсы шықты. «— Сойып жедім. Түгел, бəрін, бірін қалдыр- май.— Кеңкелестің түсі бұзылып оған жақындай берді. Ашудан жарылып кетердей боп тартып жібергелі қамшысын көтере берген Үкітай оның кісі жерлік мына түрінен шошып, кейін ығыса берді»,— деген сцена оның да бойында титтей де болса күрес нышанын көрсетеді. Бір ғана Тұңғыштың аз ғана ғұмырында көрген азабы мен мазағы, қан жылаған қайғысы мен уайымы, жеңілістен тұратын жалмауыз тағ- дырын осы есімдерінен-ақ аңғаруға болатындай. Нəпақасын диуаналықтан тауып, ''жаны тыныш жұмыс" деп көр қазушыға айналуын бейнелеу - повестің өмірдің қатыгез ақиқатын тап басып көрсетеді. Тұңғышқа өмірінің соңында Өмекейдін келіп, Үкітайдың сəлемін жеткізуі – Аманат баланың əкесі Қомшаның кінəсіз екендігін мойындау еді. Бір сəттік ет қызуымен айтылған өтірігінің бейбақ баланың бүкіл өмірін адам сенбестей айғыздап, өзгертіп жіберерін Өмекей қайдан біліпті? Осы бір ауыз өтірігі үшін өмір бойы өкініп өтерін білгенде бір адамның ғұмыры мүлде басқа арнада дамыр еді. Шындықтың жарыққа шығуы деген – осы. Əдеби кейіпкер – көп қырлы, күрделі құбы- лыс. Өзінің əлеумет, табиғат, басқа адамдармен қарым-қатынаста екі түрге ие: ішкі жəне сыртқы. Ол екі жолмен жүреді: интровертирлік жəне экс- травертирлік. Интроверзия аспектісінде кейіп- кер – «алдын-ала ойланатын» (К.Г. Юнгтың шешендік терминологиясын қолдансақ) Проме- тей, ал экстраверзия аспектісінде «ойланбастан орындап алып, сосын ғана ойланатын» Эпитемей. «Сүйекші» повесіндегі бұлар баламды оқыт- сам деген Қомша мен шындықты айтуға тай- салған Өмекей образдары. Десек те, Тұңғыш - даралана жасалған шынайы образ. Өз өмірін өзгерте алмады деп оған өкпе- лей алмайсың, тағдырын текпіге ұшыраткан өзгелерге кінə артуға тура келеді. Жазушының шеберлігі де сол болса керек, елде жоқ көр қазушы кəсібін меңгерген, естігенде тəнің түр- шігетін Сүйекші атауып иемденген Тұңғыштан - асылдың сынығындай, жаныңды суырып беруге дайын тұратын сенімді бейне туғызуы. Автор осынау повесі арқылы əсемдік пен сұлулыққа кұштарлык жоғалған жерде адамның адамдығы қоса құрбан болатынын шебер дəлелдейді.

63)---------

Әңгіме деген не?

Бұл сұраққа жауап беру қиын, әңгіменің сыр-сипаты біржола кесіп-пішуге көнбейді, бірыңғай анықтама шеңберіне сыймайды. Дегенмен “Әңгіме,—дейді Сомерсет Моем,— ұзын-қысқалығына қарай он минуттан бір сағатқа дейін оқып бітіруге болатын, әбден аршылып алынған бір-ақ нәрсе, бір ғана окиға немесе бірігіп кеткен бірнеше оқиғалар тізбегі туралы жазылған шағын шығарма. Әңгімені еш нәрсе қосуға да, алуға да болмайтын етіп жазу керек”. Бұл арада Моем әңгіменің жанрлық сипатын анықтай отырып, оны жазудың екі түрлі ерекшелігін, біріншіден, қысқа жазылуы керектігін, екіншіден, шебер жааылуы қажеттігін ескертеді. Бұл екеуі бір-біріне тығыз байланысты.

Сөз жоқ, әңгіме — бес жүз бет роман емес; көлемі бес-ақ бет болуы мүмкін. Сергей Антонов, мәселен, бұл жанрдың классикалық үлгісі — жеті-сегіз беттік әңғіме деп біледі. Қалай болғанда да, әйтеуір, әңгіме оқу үшін бір жеті керек емес, Моем айтқандай, бір-ақ сағат жетуі мүмкін.

Ал мұншалық қысқа мерзімде оқырманға қыруар, эстетикалық ләззәт беру тек шебер жазушының ғана қолынан келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма көлемін-де үлкен өмірдің бір бөлегін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп, жақсысына сүйсінтш, жаманынан түңілтіп отыру—. ірі шеберлік. Мұндай шеберліктің үлгісін, мәселен А. П. Чехов көрсеткені, ұлы суреткердің шебер қолынаң қандай ғажайып миниатюралар шыққаны әмбеге аян, Кез келгенін оқыңыз, қас қаққанша қандай терең сезімге салады, қалайша баурап алады сізді? Қөз алдыңызда сан түрлі типтер тұрады: Пришибеев, Беликов, Очумелов… Бұлардың дәл бір тірі кісідей жанды бейнеде жасалатыны сондай, кітаптан оқып отырғаныңызды ұмытып, кейбіреуін қолыңызбен түртіп қалғыңыз келсе, кейбіреуін дауыстап шақырып алғыңыз келеді, Бірінің қимылына сақылдап күлесіз, бірінің мінезінен түңілесіз, бірін аяйсыз, біріне сүйсіне қарайсыз. Енді біреулерінің кейбір оспадар қылығы кездейсоқ та болса өз бойыңыздан табыла қалса, сәл ұяла беріп… сабақ аласыз. Енді бір алуан ұнамды типтердің жақсы қасиеті сізге дари түседі. Бұл — әңгіменің тәрбиелік күші.

Ә ң г і м е — қ и ы н ж а н р. Алдымен, көлемі шағын. Ол — жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң, оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс. Сюжетке ене бастаған бетте-ак оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл даралана беруге тиіс. Адам тұл көрінбейді; оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге түсуі, сол арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Әлгі адам — соның өкілі, типтік тұлға болуы қажет. Осының бәрі жазушыдан өмірді терең білумен қабат, шұрайлы сөз байлығын, жіті байқағыштықты, асқан талғам-паздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяра апарар терең білім мен биік мәдениетті талап етеді. Мұның бәрі — күрделі, қиын жұмыс; сондықтан болуға тиіс, қаламгер қауым әңгіме жазуды шеберлік шыңдау деп ұрады.

Рас, әңгіме — шеберлік мектебі. Ірі жазушылардың бәрі қаламын осы “мектептен” ұстартып шықты. М. Горький мен А. Серафимович,

А. Толстой мен М. Шолохов…— бәрі де романнан бұрын әңгіме жазған адамдар. Олардағы зор шеберліктің бір ұшы осында жатса керек.

Қазақ совет жазушыларының үлкен ұрпағы да (Б. Майлин, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т. б.) алғашқы бетте әңгімемен көрінді. Осы ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарындағы қазақ прозасының дені әңгіме болатын; прозадағы ұнамды кейіпкер сол әңгімелерден басталған. Бүгінде бұл жанр біздің әдебиетімізде одан әрі дамып, өркен жайып, жан-жақты жетілу процесін бастан кешіріп отыр.

Ә ң г і м е — әдемі дүние: ж а у ы н г е р, ұ ш қ ы р, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, сүйкімді жанр. Ұзақ поэманың қасындағы қысқа лирика секілді, көп актылы драманың қасындағы бір актылы пьеса тәрізді, әңгіме де романнан тез жазылып, шапшан, тарайды. Жақсы әңгімені сахнадан тыңдауға, егіс басында қарау-ға, станок жанында оқуға, қалтаға салып, жолға алып шығуға болады… Әдебиет сүйетін адамға әр жерде-ақ сыршыл серік, сыр мінез дос боп кетеді; оның ойын тербеп, қиялын қозғап, жанына жалын қосады. Бұл — әңгіменің эстетикалық күші.

Жоғарыда айтылғандар, әрине, әңгіменің кейбір ерекшеліктерін еске салады, бірақ бұлардың бірде-бірі оның ережесі не анықтамасы бола алмайды. Әңгіменің жанрлық табиғаты тым құбылмалы. Мысалы, жоғарыда біз әңгімедегі сюжет туралы айттық; ал, сюжетсіз әңгіме бо-лады, оны қайттік? Әңгіме көркем қара сөзбен жазылады, оны білеміз; ал егер, Джефри Чосердің “Кентербери әңгімелері” сияқты, өлеңмен жазылса ше? Әңгіме кейіп-кері — әрине, адам; ал егер ат немесе тіпті ит болса ше?..

Қысқасы, ә ң г і м е — ш а ғ ы н к ө л е м д і э п и к а л ы қ т ү р д і ң а йр ы қ ш а а с ы л ү л г і с і әңгіме, негізінен, қысқа жазылады, ал “ең парасаты проза — дәл және қысқа жазылған проза” (Пушкин) әңгіменің ең елеулі ерекшелігі — жинақылығы, ал “нағыз күшті, нағыз құдіретті проза — жинақы проза; одан басы артық, айтпауға болатын жайдың бәрі алынып тасталған да, тек айтпауға болмайтын шындық қана қалған… Жинақылық — мұқият мықтының ісі” (Паустовский).

Әңгіме жайлы әңгімелесе қалған жағдайда осы айтылғандардан әріге барып, бәріне бірдей ортак, анықтама жасамақ болу — онша өнімді әрекет емес.

64)---------------

Әдеби жанрлар  (фр. тілінде genre - түр, тек, жанр) [346 246] – ауызша және жазбаша шығармалардың  көркем даму процесінде қалыптасады.  Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай  негізгі белгісі бойынша анықталады -   бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.  Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ,  тарихи, отбасылық-тұрмыстық,  детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады.  Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның,  повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің  идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан,  бірқатар жанр түрлері туындайды.  Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі.  Сонымен қатар,   олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда  жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде.  Көркем шығарма дифференциясындағы  олардың  қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде.  Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда. Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы  нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта  Францияда «жанр» ұғымы қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды.  Олардың қосылып кетуі, тоғысуы,  қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды.  Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді [41,121]. Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды.  Бұған байланысты ұғымдар  Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде [11,67], А.Н. Веселовскидің  «Исторической поэтике» шығармасында [10,35] және  басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық,  драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты  жанрлық топтар ерекшеленген.  Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма  әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы,  өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі  күрделілігімен және  көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ,  тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек,  қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі  белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің  нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек  регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының  рационалистік жүйесін   сентименталистер мен романтиктер бұзды.  Олар шығармашылық бостандығын  «тәртіптерден»  жоғары бағалап, қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды.  Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм  дәуірінде  орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер  шығармалары  классицистік мадақ жырын, батырлық поэмаларды,  трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол ашты.  Әр автор жанр түрлерін  әр түрлі жүйелендірді. Әдебиеттану ғылымында біз әдетте, әр автордың қаламының ұшқырлығы, жазу шеберлігі өзінше дара, өркештеніп тұрады, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік жазу ерекшелігі болады дейміз.   Өйткені, әдебиеттану сөз өнері болғандықтан «сөз – алтын жіп, жыр – кесте» демекші, сөздің құдыреттілігімен түрліше өріледі. Алайда, көп ғасырлық даму тарихы бар  әдебиеттану ғылымы типологиялық ұқсастықтар бар. Осылайша, типологиялық ұқсастығы мен негізгі қырлары бойынша олар нақты бірнеше топтар мен тектерге бөлінеді. Бұл тектік бөлініс әдебиеттану ғылымы дүниееге келген кезден бастап туындады. Бұл көне гректер мен римдіктерге белгілі болды. Әдебиеттегі тек пен жанр түрлерінің теориясының негізін  тұңғыш рет Аристотель қалады. Аристотель өзінің «Поэтика» еңбегінде [1,55] әдебиетті «сөзбен өрілген өмір» дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне тоқталады. «Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі»  эпикалық тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді. Екінші тәсіл – бұл әдеби тәсіл. Яғни,  шығарманың негізі нысанасы -  автордың жан толғанысы, ішкі сезімі, лирикалық көңіл-күйі.  Енді ең соңғысына келер болсақ, ол – драмалық, ал тектің өзімі драма деп аталады. Драмада жазушының бейнелеген кейіпкерлері айтайын деген ойын өзінің іс қимылы, дауыс ырғағы, интонациясы арқылы сахнада береді. Неміс философы Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя айналысқан [11,37].  Бұл ретте ол өзі ғылымының негізі етіп философиялфқ ұғымдарды алады. Яғни, объект, субъект ұғымдарын пайдаланады.  Әдебиеттің  әдеби тектерінің негізін ол өзінің диалектикалық идеяларының негізінде қарастырды.  Субъект дегеніміз ақынның өзі,  эпос - баяндаушы жанр дей келе,  лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны,  лирикалық жолдауды,  өлеңді,  эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны жатқызады. Сөйтіп, бір елде ерте, бір елде кеш  тарап,  жанр атаулары қанатын кеңінен жайды, сонымен қатар осы процесс істінде  олар әртүрлі ассоциацияларға ие болып, басқа да мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда «новелла» сөзі  басында әртүрлі жанрдағы прозалық шығармаларды, рыцарлық романдарды,  антикалық дәуірдің батырлық мифтерін, тарихи туындылар мен мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық күлкілі әңгімелерді де  білдірді. Ал Ресейде повестерді новелла деп атады. Жазушылар өздерінің шығармаларына  қоғамның санасында қалыптасатын  жанрлық атауын белгілейді. Авторлар кейде жанама ассоциациялардың жетегінде кетіп, қателесуі де мүмкін. Әдебиеттанушыларға автор пікіріне қарсы шығу қиындық тудырады.  Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір жанр әртүрлі елдерде  түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан,  саяси және философиялық бөлінуін есепке алудың қажеті жоқ.  Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің  саяси және философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды. Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды. Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады.  Роман, комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде?  Оны шығарманың өң бойынан іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз.  Яғни, шығарма авторының өз ойын беру әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель философиясы осының айқын дәлелі болып табылады.  Көп құрылымды көркем шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын,  тарихи қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын  қырын табу керек. Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы  жанр мәселесі туралы Р.Уэллек пен О.Уорреннің  тұжырымдамаларында  жанр мәселесі анағұрлым кеңірек зерттелген. Олар: әдеби жанр – бұл фикция емес дей келе, әдеби жанрға төмендегідей анықтама береді. Олардың тұжырымдамасы бойынша: «Бір мезетте жазушының жазу мәнері арқылы анықталатын белгіленген ереже» әдеби жанр. Уоррен мен Уэллектің пікірі бойынша жанр теориясы: әдеби процесті  уақыт пен орын санатының көмегі (кезеңділігі мен тілі) арқылы емес, таза  әдеби категориялардың көмегімен  классификациялауға мүмкіндік беретін, тәртіпке келтірілген жүйе. Осындай таза әдеби категориялардың қатарына  жанр да жатады. Зерттеушілердің идеясы бойынша, жанр әдеби құрылым ретінде көркем шығармағы сыни  баға беруде де қолданылады. Уэллек пен Уорреннің ойы бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді. «Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа тек түріне жол ашуға мүмкіндік береді.  Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты түрде  жалпы  «ішкі» (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және «сыртқы» (пішіні, құрылымы)  теориялық белгісі көрінетін  әдеби шығармалар тобын атайды [36,28]. Жанр формалары Лирикалық формалардан өлеңді, өзара тақырыптық ерекшеліктері  мен көтерген мпәселелері бойынша байланысты өлең циклдерін – лирикалық поэманы байқауға болады. Сонымен қатар, көптеген ұлттың төл әдебиеттерінде  әртүрлі өлең үлгілері туындады. Айталық, өлеңдік-строфикалық формасы. Олардың кебіреулері ұлт әдебиетінің шегінен шығып, халықаралық дәрежеде мойындалды. Бұған мысалдар легін келтіруге болады:  эллегия, сонет,  ертегі, өлең, поэма, эпопея (бұған әрине мысал мен балладаны қосуға болады), повесть, әңгіме,  пьесаның түрлері және ақ өлең үлгілері осының дәлелі.  Бұл формалардың әр түрі  әр дәуірде өмір сүрген әрі әр бағыттағы  жазушылардың шығармаларында  әртүрлі жанрлық мазмұнды білдіреді.  Эпос,  лирика, драманың тектері, атаулары  әртүрлі болғанымен  бір-біріне жақын болуы мүмкін.  Жауынгерлердің ұлтты азат ету мақсатындағы  төңкеріс қозғалыстарын туындатуы  түрлі жанрларда лирикалық шығармалардың кеңінен таралып, дамуына ықпал етті. Ұлтттық-тарихи лирика жетекші маңызға ие болды. Ол  басқыншы жаулап алушылардың құрсауынан босануды аңсаған халықтың, бүтін бір ұлттың  демократиялық ұмтылысын білдірді.  Билік тізгінінен босануды аңсаған  халықтың арман-мұратын көркем сөзбен өрді.  Европа лирикасының «этологиялық» тенденциясы саяси сатирада ғана көрінген жоқ.  Әлемнің көптеген елдерінде  идиллиялық немесе элегиялық сарындағы «этологиялық» мотивтер туындады.  Олар тәкаппар, рухани азғынданған,  бұзылған қоғамның жоғарғы табының өкілдеріне  табиғат аясындағы тыныш та бейқам, еркін де қарапайым өмірді қарсы қоя білді.  Еуропа халықтарының лирикалық шығармаларында суреттеу, бейнелеу, табиғат лирикасы алдыңғы орынға  қойылған.  Әдетте, табиғатты суреттейтін өлеңдер идеялық-эмоциалдық байытылған, лирикалық көңіл-күйде болды.   Сонымен қатар, табиғат лирикасы  ұлттық-тарихи және «этологиялық» өзінің мазмұнының жанрлық аспектісі бойынша  романдық болуы да мүмкін. Әрине, бұнымен қоса  эпос пен драматургиядағы сияқты  лирикада  жанрлық мазмұнның әртүрлі аспектілері өзара өткелсіз шекара арқылы бөлінбеген.  Бір өлеңде олар ауыса алады.  Демек,  жанр тобына бөлу принципі  әдебиеттің барлық үш тегіне де ортақ. Яғни, әдебиеттану ғылымының тектері - эпос, лирика драма өзара жанрлық принципке бөліне алады деген сөз. Осы тұста мынадай қорытындыға келуге болады: жанр -  шығарма мазмұнының түрлі қыры болып табылады.  Жанрлар (жанр мазмұнының ерекшелігі)  - әр жеке тектің шегіндегі логикалық бөлінген түрлер емес, көркем шығарманы тек пен жанрға бөлу «бір логикалық кеңістікте» емес, әр «кеңістікте» түрліше себептерге байланысты туындайды.  Мазмұнның көркем қызметі -  тотемдік, магиялық және мифологиялық болады.  Бұлар басында айтарлықтай қысқа эмоциялық  көңілді, тебіреністі сыртқа шығару құралы болды.  Ең алғашында олардың құрамы екі тармақтан да тұрған болуы мүмкін.  Кейіннен екі тармақтар ырғақты симметриямен тарихи процесс үстінде бірігіп төрт тармақты, яғни бір шумақты құраған.  Кейіннен, лирикалық хордың осы көркем нысанасының негізінде, олардың компазициялық-лирикалық принциптері пайдаланыла отырып, бір дауысты,  сольдық,  азаматтық, жеке және тұрмыстық мазмұндағы лирикалық өлеңдер дүниеге келді.  Ал, даму процесімен қандай да бір халықта  жазба өнері пайда болғаннан кейін, мұндай өлеңдер әдеби лириканың туындауының бастапқы негізі, көзі болып қалды.  Ертегі -  жанр формасы өзгере алады деп біз жоғарыда айтқанымыздай, жанрдың өзгеріске түскен формасы.  Жанр формасы уақыт өте келе өзгергенімен  оның мазмұнына айтарлықтай әсер етпеді десе де болады.  Тарихи дәуірдің әр кезеңінде, халықта ауыз әдебиетінен кейін жазбаша өнер дүниеге келгеннен кейін  халық ауыз әдебиеті, яғни фольклормен бірге, кейіннен одан да артық көркем әдебиет дами түсті.  Ауыз әдебиетінің бай мұрасы өзінен кеінгі жазбаша әдебиеттің терең тамыр жаюына жол ашып берді.  Қазіргі көркем, жазба әдебиеттің төл атасы, қайнар көзіне айналды. Осындай даму процесінің үстінде  жанрлардың формасы мен атауларының өзгеруі таңқаларлық құбылыс емес, табиғи құбылыс. Осылайша, әртүрлі әдеби шығармалар (бұл жерде поэманы айтып отырмыз) жанрлық мазмұны тұрғысынан алғанда (батырлық, сатиралық, романдық)  өзіндік ерекшеліктерге ие болды. М.М.Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасы М.М.Бахтиннің жанр теориясына қосқан үлесі мол. М.М.Бахтиннің концепциясының конструктивтілігі және де қайшылығы  отандық және батыстық әдебиеттану ғылымында  үлкен қолдауға ие болды. Жанрлық типологияны қарастыратын болсақ, концепция  даралығымен ерекшеленеді.  Ғалымның теориялық ережелері кеңінен танымал.  Бахтиннің жанрлық  тұжырымдамасынан мынадай үш мәселені  атап айтуға борлады: 1.    Шығарманың жанры және  ішкі диалогтылығы; 2.    Шығарманың жанры мен құрылымы; 3.    Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар,  олардың генезисі мен дәстүрі. Осы проблемалардың барлығы  жанр типологиясына байланысты. Шығарманың жанры және  ішкі диалогтылығы Бахтин әдебиеттен  тек қана «ұымдасқан идеологиялық  материалды» көрген жоқ «әлеуметтік қатынас» формасын да байқады. Бахтиннің пікірі бойынша: әлеуметтік  қатынас процесі  шығарма мәтінінің өзінен көрініс тапты. Шығарманы өмірге әкелген жаратушы-автор және ол дүниеге әкелген  кейіпкер, сондай-ақ оқырман («тыңдарман»)  - мұның бәрі  пішін мен стильді анықтайтын тірі күш.  Бахтин жанрды «тұтас шығармадағы, айтылмақ ойдың өң бойындағы шынайы форма» деп түсінеді. Жанрдың әр түрі  қарым-қатынас, диалог үстінде, яғни практикада көрініс тауып, жұмырланған жанр ретінде қарастырылады.  Демек,  әдеби жанрлар қарым-қатынас процесінен бастау алған.  Зерттеуші  жанрлардың екі жақты  бағытын атап өтеді. Біріншіден,  авторлар жанр таңдауда бәрінен бұрын көркем қабылдау шартын ескереді. Екіншіден,  жанр  әртүрлі оқырман қауымына арналған.  Әр әдеби жанрға дәуір мен бағыттың шегінде өзіндік оқырманы бар болуы тән.  Әр дәуір оқырманының, тыңдарманының, халық пен жұртшылықтың  көркем  туындыны ерекше түсінуі, сезінуі ерекше.  «Екінші» (әдеби) және «бірінші» (мысалы, тұрмыстық)  жанрлардың  көркем мәтінді баяндауда ұқсастықтары болғанымен күрделілік дәрежесі бойынша өзгешеленеді.  Олар («екінші») өздерінің құрылымына «бірінші» жанрларды: репликаны, диалогты, тұрмыстық әңгімелерді, хаттарды енгізеді. Жанрдың негізгі қызметтерінің бірі  жанрлық нәтиже деп атауға да болатын жазушы мен оқырман арасындағы делдалдық болып табылады.  Жанр жазушының тек қана  көркем ойлау категориясы емес;  сол немесе  өзге дәрежеде  әдебиеттің жанрлық репертуарымен  оқырмандардың  таныс болуы автор мен оқырман арасындағы тығыз байланыс фактісі.  Жанр жазушы мен оқырман арасындағы алтын көпір рөлін атқарады.  Жазушының жанрды таңдауы  оның оқырман жөніндегі көзқарасын білдіреді.  Көркем қабылдау процесі  қай арнада қабылданатындығы туралы жол салады.  Бахтин ұсынған зерттеу бағдарламалардың негізгі артықшылығы сол дәуірде басымдыққа ие болған  әдеби-сыни көзқараста емес, автор мен оқырман арасындағы байланысқа, шығарма мәтініне жете назар салуында.  Шығарманың жанры мен құрылымы Ғалымның  әдеби жанрға деген құызығушылығының артуын түсінуге болады.  Өйткені бұл  «көркем тәжірибені сыртқа шығарудың айқын ыормасы» ғой. Яғни, мазмұнды форманың айқын мысалы.  Бахтиннің негізгі еңбегі  жанрлардың мазмұндық ерекшелігін дәлелдеуі болды.  Ғалым жанрдың қандай да бір  поэтикалық құрылымының тұрақты элементін қарастырса да, ол өзінің мазмұндылығымен түсіндіріледі.  Бахтиннің зерттеулері  ғалымдар арасында  жанр туралыі  семиотикалық  көзқарастың қалыптасуына себепші болды.  Әдебиет бойынша семиотикалық жұмыстарда  жанрлардың семиотикасына арнай назар аударылған.  Өйткені бұл өнердің даму сатысының бастапқы кезеңіндегі  поэтика болып табылады.  Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар Бахтиннің назары бәрінен бұрын  жанрлар тенденциясы мен олардың әдебиеттегі  ұзақ өміріне ауды.  Бахтиннің зерделеуі бойынша жанр құрайтын негізгі фактор болып  тарихи уақыт,  оның әлеуметтік-идеологиялық сипаты есептеледі.  Бахтиннің «күлкі тарихы» сызбасы  жанрларды тарихи-функционалды зерттеудің  классикалық мысалы қызметін атқара алады. О баста пайда болған кезінен бастап әдебиет негізгі үш бағытта-әдеби тектің үші түрі эпос, лирика, драманың шегінде дамыды.  Олай деуімізге, бұлардың әдебиетке дейінгі кезде, ауыз әдебиеті кезеңінде көнініс табуы себеп. Бұл сөз өнерінің болғандығының  айқын дәлел бола алады. Әрине, бұған драманы қосуымыз әбестік болады. Себебі, драма қоғам дамып, театр пайда болған кезде ғана қалыптасқандығы баршамызға аян.  Алайда, бұдан  көне дәуірде әдебиеттің тек екі түрі- лирика мен эпос пен драма кіріктірілген басқа тек болды деп ойлау қателік.  Тек (және тектің түрі ретінде жанр) -  шығарма құрылымындағы  жалпы, тұрақты, қайталанып отыратын сипаттама. М.С.Каганның жанрлық классификациясы М.С. Каганның теориясы  төрт тарапты жанрлық классификацияның  жобасы ретінде белгілі.  Жанрлар «тақырыптық», «танымдық»  тұрғыдан, «аксиологиялық», (трагедия-комедия), сондай-ақ  үлгілі моделдер құруы бойынша (очерк, мысал) дифференцияланады. Осып принциптердің әрқайсысының өзіне тән құрылымы бар. Каганның сызбасын әдебиетте пайдалану  көп дау туғызады. Жетекші мазмұны проблемалық дәрежеде болғандықтан,  тақырыптық немесе сюжеттік-тақырыптық шектеу (прозада махабаттық-психологиялық, әлеуметтік-талдау, тұрмыстық, рыцарлық,  әскери, детективті жанрлар бөлінген) шартты түрде. Шығарма мәтінінің баяндау арқылы берілуі эпикалылығының,  мәтіннің медиативтілігі – оның лирикалылығының,  туындының диалог арқылы берілуі – драмалық тегінің кепілі. Негізінен алғанда Каган  терминологиялық нақтылыққа қатты жүгінген.  Екінші жағынан алар болсақ, зерттеуші шартты терминдерді де пайдаланған. Оларды атап айтар болсақ: ұлттық-тарихи, этологиялық,  жанрлардың романтикалық тобы. Ғалым ұлттық-тарихи (батырлық)  және романдық жанрдың арасындағы мазмұндық айырмашылықты атап көрсетеді. Каганның түсінігі бойынша ұлттық – тарихи, этологиялық және романдық жанрлар – көркем әдебиеттің даму формасы.  Каган жанрдың төртінші тобы бар деген тың  түсінік айтып, оған  әдебиеттің ең көне жанры мифті жатқызады. Ғалым жанр формас деген түсініктің дәстүрлі түрде біздің санамызда жанр ретінде қалыптасқандығын айтады.  Біз ертегі жанры, әңгімен жанры, роман, повесть жанры деп айтамыз,  бұл біздің санамызда әбден сақталып әдебиетішлер мен сыншылардың терминолгиясында  бекіді. Бірақ та жанр мәселесін дұрыс шешу үшін бұл көзқарастардан айну қажет дейді. Ол жанр нақты тарихи емес, типологиялық құбылыс деп таниды. Каган өзінің зерттеу нысанасын нақты көрсететін «жанрлар тобы» деген терминге көп тоқталғаны түсінікті жайт.  Ғалымды бәрінен бұрын жанрлар тобын ортақтастыратын қырлары қызықтырады. Айталық, этологиялық жанр ретінде сатираның, идилияның, утопияның ұқсастығы.  Каганның зерттеулері  әдебиеттану классификациясын  жанрлық типология ретінде қарастыру тәжірибесімен құнды.  Бұл ретте, бір шығармада бірнеше жанрлық тенденцияның тоғысқандығы айтылады.  Бұл топтар әдебиеттің тарихи даму кезеңінің әр сатысында әртүрлі қатынасқа түсіп отырады. Каганның ғылыми зерделеулері бойынша  әдебиеттегі тек пен түрді, жанрды тек қана шартты түрде бөлуге болады.

65)М.Әуезовтің «Еңлік Кебек» трагедиясының жанрлық сипатын байыптаңыз.Халық қиялы оқшау жәйттерді, ерекше істерді уақыт өткен соң басқа бір қырынан көріп, жанаша тірілтіп, жаңғыртып ұмытпай жадында сақтайды, есіне тұтады.Солай кете береді ұрпақтан ұрпаққа. Жиырма жасар Мұхтар Әуезовтің қиялын қозғап, қолына қалам алдырған Еңлік пен Кебек жайлы халық аңызы болатын.Әуезовтің тырнақалды пьесасының образдар жүйесін,драматургиялық, жанрлық табиғатын сөз қылу аз.Аса күрделі шығармашылық тұлғаның эволюциясын, оның эстетикалық философиялық сатыдағы өсу жолын көрсету қажет.Бір жағы тұрпайы социолизмнің қала берді кеңестік саясаттың әдебиет шығармаларын обьективті бағалауға жасаған зияны, екінші жағы жеке адамға табыну кезіндегі субьективті себепкер Әуезов шығармашылығының алғашқы дәуірін нақты дәл топшылауға мүмкіндік бермеді.Жас жазушының кемшілік қайшылықтарының диалектикалық себептері ашылмады.Кейбір пікірлер көркем өнердің күрделілігін ұғынбай, құр дақпырттан шығып жатты, ол шынайы эстетикаға жат өткінші құбылыс болатын.

Мұхтар Әуезов неге «Еңлік Кебекті» жазды? Көркем шығарма аяғы аспаннан салбырап түсе қалмайды, бұл-эстетиканың белгілі шындығы. Талант тәжірибе, біліммен, қоса ең басты, ең негізгі, ең шешуші фактор-жазушының дүниетанымын, санасын қалыптастыратын өскен орта, әлеуметтік қоршау. Өнер мен өмір арасындағы байланыстың бір қырын осы заңдылық айқын көрсете алады.

«Еңлік - Кебек» трагедиясы автордың «өткен өмірді аңсауынан» туған жоқ. Қаршадайынан құлағына сіңген, өзі жаттаған тамаша аңыз драмалық шығармаға жақсы материал болды. Жас Мұхтардың ең жақсы білетіні өзі өскен орта, төңкеріс алдындағы қазақ аулының жай-күйі, тұрмысы, тарихы, адамдар психологиясы болса, оның сол туралы толғанбай тұруы мүмкін емес еді.

Спектакльді қоюшылардың бірінің жазғанына қарағанда екі киіз үй қатарласып тігілген. Қазіргі ұғыммен айтқанда бірі – сахна, екіншісі – зал есепті болған. «Еңлік Кебектің» 1917 жылы, мамыр айында қан жайлауда қойылған тұңғыш қойылымына жиылған көрермен саны жүзден асыпты. Бір қызық деталь – ойынға елу тиыннан билет сатылып, барлығы 54 сом 50тиын жиылыпты. Бұл ақша Құлжадағы ашаршылыққы ұшыраған қазақтардың пайдаасына жөнелтіледі.

Абыз болып Зікәйіл, Кебек болып Аққенже, Еңлік болып Ахмет, Еңліктің шешесі Қалампыр болып Жағыфар, Жапал болып Жебірейіл, Кеңгірбай болып Ысмайылхан, Көбей болып Құтайба, Еңліктің әкесі Ақан болып Бастами деген жігіттер ойнайды. Спектакльді қоюшы режиссер де, ойнаушылардың ұмытқанын есіне салып жіберетін суфлер де – Мұхтар Әуезовтің өзі.

Әуезовтің творчествосында да, қазақ әдебиеті тариханда да айрықша орын алған «Еңлік - Кебек» пьесасының тақырыбы, образдары, идеясы аса қызықты мәселе. Тұңғыш вариант туралы сөйлегенде жүгінеріміз – 1922 жылы Орынборда басылған кітап, автордың өз қолжазбасы сақталмаған, жоғалып кеткен.

Мұхтар «Еңлік - Кебегінің» сюжеті негізінен халық аңызының бұрынғы әңгіме, поэма түрінде келген нұсқаларының іргесінен тарайды. Екі ел арасында нақты болған оқиғаның драма материалы екенін ұғыну – жас қаламгердің жазушылық көрегендігін аңғарады. Бұл ретте Әуезов шекспирді еске түсіреді. Жас Әуезов халықтық аңыздың бұрынғы пайымдауларына жаңа, мол өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарма тудыра алғанын көреміз.

Ұлттық топырақта драматургиялық дәстүрдің жоқтығына қарамай, басқа елдер әдебиетінен үйрене отырып, Әуезов жанр шарттарына толық жауап бере алатын трагедия жасады. Сюжеттік желінің тартылуы, композиция құрудағы шеберлік қаламгердің драма заңдылықтарын жақсы білгендігін көрсетеді.

Филология ғылымдарының докторы Темірғали Нұртазин былай деп жазды: «Түгелдей алғанда жазушы (М.Әуезов-Р.Н.) жиырмасыншы жылдарда өмірдің елеулі мәселелерін көтерді, ескілігі әлі пәлендей ыдырай қоймаған ауыл тіршілігінде сорақылықтар мол екенін ашты, негізінде жаңашыры қанаушы үстемдер емес, қорғансыздар, еңбеккер Жаксылықтар ар намысын қорғаған Бақтығұлдар болды» («Жазушы және өмір» А.,1960, 185-б).

«Алғашқы шығармаларында-ақ Мұхтар өзінің аса талантты, білімді, мәдениетті, болашағы үлкен жазушы екенін байқатты»,- деп көрсетті профессор Бейсенбай Кенжебаев (Жиырмасыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті)

«М.Әуезовтің творчествосының алғашқы кезеңі жазушының әр түрлі көңіл-күйде бола тұра, негізінен халық өмірінің шындығын жырлағанын байқатады. Соның өзінде оның суреткрлік таланты реализмге опасыздық жасаған жоқ», - деді филология ғылымдарының докторы Серік Қирабаев (Сәкен сейфуллин, А., 112-б.).

Сөйтіп, әуел баста халықтық аңыз негізінде туған Мұхтар Әуезовтің «Еңлік - Кебек » трагедиясы талант құдіретімен әлденеше рет редакцияланып, жаңғыртылып, байытылу арқасында образдары кесек-кесек, конфликтісі шыңыраудай терең, тілі ғажап шұрайлы классикалық пьесаға айналды.

66)Повесть және роман жанрларының айырмашылықтарын ажыратыңыз.

Повесть — эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды.

Еуропа әдебиетте Повестьті новелла деп те атай береді. В.Г. Белинский Повестьті “романның шашыраңқы бөліктері” немесе “романның бір тарауы” деп атаса, бір кездерде оған романмен байланыстыра түсінік беру дағдыға айналды. Кейін жанр ретінде толық қалыптаса қоймаса да, очерк сипатындағы әңгімелер негізінде (19 ғасырда) “әдет-ғұрыптың жеңіл очеркін қамтитын”, “адам мен қоғамды әжуа-сықақ ететін пішін” деген тұжырым белең алды

Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында Повесть туралы біршама тұрақталған ұғым қалыптасты. Повесть әңгіме мен романның аралығындағы прозалық жанрға жатады. Көлемі мен мазмұны тұрғысынан осылай бағаланғанымен, кейде көлемі романнан ауқымды Повестьтер дa кездеседі. Мысалы, көп романдардан көлемді “Клим Сам¬гиннің өмірін” А.М. Горький Повесть деп атаған. Повестьтің көлемі емес, көтерген жүгі мен арқау еткен мәселесінің aуқымы шағын келіп, романнан кіші жанр екендігін, ал эпизодтары мен өмір иірімдеріне бойлай енуі тарапынан әңгімеден күрделірек жанр екенін дәлелдейді. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда кездесетін кең тынысты тәсілдер Повестьте бола бермейді. Повестьке оқиға тізбегін баяндау, хроник. әңгімелеу тәсілі тән. Ахмет Байтұрсынұлы эпикалық текті әуезе деп алып, оның түрлерін ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), ұсақ әңгіме деп береді. Повесть туралы “ұлы әңгімеден өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады” дейді. Байтұрсынов. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды. Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында повесть туралы біршама тұрақталған ұғым қалыптасты. Повесть әңгіме мен романның аралығындағы прозалық жанрға жатады. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда кездесетін кең тынысты тәсілдер повестьте бола бермейді. Повестьке оқиға тізбегін баяндау, хроник, әңгімелеу тәсілі тән. Ұлттық сөз өнері зергерлеріміздің бірі, қай шығармасы болсын оқырманды бейжай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің соңғы туындысы – «Атау кере» повесі атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны заңдылықтай қабылданады. Романның басты үш кейіпкері Таған, Ерік, Айна - замандастар. Ерік пен Айна ерлі-зайыпты. Алайда, олардың үшеуі – шығармадағы үш негізгі арнаны құрайды, үшеуі - үш әлем, үш категория. Бұлардың барлығын тылсым тағдыр, айналып келгенде біраз уақыт бір шаңырақта өмір сүруге жолықтырған еді. Осылайша, жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады. Шеберлік құдыреті дегеніміздің құпиясы да осы болса керек!

Роман (11 — 12 ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар) — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді. Романның жекелеген нұсқалары ерте дәуірден белгілі. Дегенмен оның жаңалық сипаттары бертінде қалыптасты, 16 — 18 ғасырларда батыста ақсүйек серілердің бастан кешкендерін суреттейтін романдар дамыды. Бұған испан жазушысы Сервантестің “Дон Кихот”, француз жазушысы Лесаждың “Ақсақ шайтан” романдары мысал бола алады. 19 ғасырдан бастап роман жанры биік деңгейде дами түсті. Романның ерекше үлгілерін Францияда Г.Флобер, А.Стендаль, О.Бальзак, Ж.Занд (Ж.Санд), Англияда В.Скотт, Ч.Диккенс, Ресейде А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.С. Тургенев, Л.Н. Толстой, Ф.М. Достоевский, И.А. Гончаров, АҚШ-та М.Твен, Дж.Лондон, Германияда Т.Манн, Г.Манн, т.б. жасады. Орыс жазушылары Толстой мен Достаевский адам психологиясын, “мінез диалектикасын” ашудың тамаша үлгісін көрсетті. Кеңес заманында М.Горкий, А.Толстой, М.Шолохов, А.Фадеев секілді суреткерлер тудырған романдар әдебиеттің дамуына үлкен ықпал жасады. Қазақ әдебиеттанушысы А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқышында” (1926, 2003) романды ұлы әңгіме деп атап, оған “тұрмыс сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды” жатқызады. Ол “Ұлы әңгіме өңшең үлкен уақиғалардан болмай, ұсақ істерден де өнеге көрсетуге тырысады, оны жазушы көркем сөздің әуезе, толғау, айтыс — барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек” деп атап көрсетеді. Қазақ әдебиетінде М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамал”, Т.Жомартбаевтың “Қыз көрелік”, С.Көбеевтің “Қалың мал”, С.Торайғыровтың “Қамар сұлу” шығармаларынан бастау алған бұл жанр жан-жақты дамыды. Қазақ романын көркейтуде М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, І.Есенберлин, Т.Ахтанов, М.Мағауин, т.б. жазушылардың еңбектерін атап айтуға болады. Қазіргі қазақ әдебиетінде романның психологиялық, тарихи, биографиялық, публицистикалық, т.б. түрлері қалыптасқан. Роман-эпопеялар жанр дамуының кең мүмкіндіктерін танытты. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясы әлемдік даңққа ие болды, ол қазақ әдебиетінің биік идеялық-көркемдік жетістігі саналады.

Роман – үлкен көлемді эпикалық түрдің үлгісі. Оны жазу үшін де әуелі талант пен еңбек, сонан кейін жағдай керек. Жағдайдың жайын анықтайтын көрсеткіштердің қатарында уақыттың орны ерекше. Тақырыптың тууы, шығармашылық ой өзегінің жетілуі, шығармаға арқау болатын шындық құбылыстар тобының анықталуы туралы айтпағанда, жазушының ой бағында барынша пісіп-жетілді деген романды ақ қағаз бетіне түсірудің өзі «ұзақ уақытты» алатыны рас. Оның үстіне, бұл қол еңбегі емес, ой еңбегі, шығармашылық еңбек. Ал енді жазушының осынша күш-қайрат жұмсап, алтын уақытын бөліп жазған «еңбегі еленіп жатыр ма?» дегенге келгенде, ойланып қалатынымыз рас. Егер де романда көрініс тапқан өмір шындығы іргелі, маңызды болса, жазушы шеберлігінде мін болмаса, оны оқыған жұрттың көңілі тербеліп, жүрегі тебіреніп, тазарып, арылып жатса, онда жазушы еңбегінің еленуі деген осы емес пе.

Роман көлемінің қысқаруы алқын-жұл­қын заманға бейімделуінен деп ойлаймын. Бұл әңгіменің екі ұшы бар. Бейімделу – табиғи эволюциялық қажеттілік болуы мүмкін. Бірақ мен жазушы ретінде бейімделу дегенді суқаным сүймейді. Кез келген құбылыстың өзіндік себеп-салдары, моральдік мотивациясы бар. Әр жазушы ішінде толғатып жүрген шығарманың көлемін біледі. Прокруст төсегі деген ұғым бар. Грекияда пайда болған философиялық аңыз ғой. Әлгі төсекке адамды жатқызып, басы шықса басын, аяғы шықса аяғын кесіп тастайды екен. Әңгүдік патшаның шығарған талабы. Романдарды қыртып, «прокруст төсегіне» жатқызып қинаудың қажеті жоқ. Жүз, елу, жиырма бетке сыймайтын романды кесіп, күзеп, жүнін жұлған тауықтай қылудың қажеті жоқ. Марсель Прусттың бір шығармасы новелладан басталып, соңында ол он үш томдық роман-эпопея жазып шығады.

67)Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбындағы әңгімелерін талдаңыз.

Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М. Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ. Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана>>, «Ананың арашасы (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелерін жазды.

«Ананың анасы» (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.

«Ашынған ана» (1934) әңгімесі 1916 жылғы ұлт-азаттық; қозғалысына арналған. Жалғыз баласының жасын асырып жазып, майданға қара жұмысқа жібермек болған болыс пен оның қолшоқпары Қарасақалға Қапияның пышақ салып, түрмеге түсуі, онда 17 ай отырып, ақыры оны большевиктердің түрмеден босатуы баяндалады. Жазушының суреттеуінше, қиыншылық пен зорлық-зомбылықты көп көріп, азап шеккен: «… Өмір өзін сондай сіліккен. Қазір бұл сондай орасан күшті. Енді өмірді өзі сілкуге жарап қалған қайратты ана…»

Ал Ғ. Мүсіреповтің «Ананың арашасы» (1934) атты әңгімесінде Антоновтың ақ бандыларының қазақ ауылына ат ойнатып, жазықсыз жандарды атып-асуы, Нағиманы «большевик балаңды тауып бер» деп соққыға жығуы, ананың жан азабына шыдап бағып, ақтар армиясының солдаттарының шымбайына батар сөз айтып, солдаттарды өз командиріне қарсы қоюы, ақыры олардың Антоновты өлтіріп, Қызыл Армияға қосылуымен аяқталады.

Ақтар армиясының бандыларының жауыздығын жазушы былайша суреттейді: «… Ана арқасында қайыс қамшы жыландай жүйткіп жүр… Арашаға жарай алмаған ауыл ұятына тұншыққандай тым-тырыс… Тек отыз өрім қамшы ғана әйел арқасында жыландай ысылдайды. Анада үн жоқ. Асыл жігер мен өктем куш теке- тіресіп кездесе қалып, біріне-бірі тізе бүгер емес. Қара көк жапырақты ақ көйлек қызыл қанға айналып, арқа жағы тілім- тілім болып кетті. Қанға боялған қамшы ана денесінің ашынған жерлерін иіскеп табатындай жанға батар жеріне дәл-дәл тиеді. Қамшы сарт етіп қалғанда, ана көзінен от ұшқыны да жалт ете қалады. Сіресіп қалғандай табан аудармай, кек кернеген ана да тұр, мың сұрауына бір жауап ала алмай ызаға булығып Антонов та тұр. Ана тістері тіл қақпасын тас бекітіп тастапты… Бұдан әрі өжет ана Антоновтың адамгершіліктен жұрдай жауыздығын бетіне басып, өршелене түседі.

Жазушы қара күштің ана жүрегін мойыта алмағанын суреттеу арқылы «Ана алдында өлім де мойын ұсынады. Өлімді өмір жеңеді» дегенді бейнелеп беріп отыр.

Ғ. Мүсірепов Ұлы Отан соғысы жылдарында да ана тақырыбына қайта оралып, екі әңгіме жазды. Оның бірі —«Ер ана» (1942). Онда жау уақытша басып алған селода ауру немересімен қалған Наталья ананың партизандар көмген минаны жарып, неміс офицерлері орналасқан мектеп үйін өртеп, ормандағы партизандарға қосылуы суреттеледі. Ал «Ақлима» (1944) әңгімесінде жалғыз ұлы соғыста ерлікпен өлген ананың майданнан мүгедек болып оралған Сапар деген жігітті асырап алып күтуі, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеуі баяндалады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен Украина, Ресей жерлерінен келген орыс, неміс, шешен, ингуш, татар балаларын қазақтардың асырап алуы көп болған. Ал қол-аяғы бірдей шөрке боп қалған жауынгер жігітті туған анасындай болып күту гуманистік ұлы жүректің ғана қолынан келетін қасиетті іс-әрекет еді. Жазушы осы арқылы ана жүрегінің кеңдігін, махаббатының молдығын асқан суреткерлікпен бейнелейді.

Жазушының «Ана» тақырыбындағы шығармаларының жиынтығы ретінде 1974 жылы «Ұлпан» романы дүниеге келді. «Ұлпан» — бүкіл аналардың жиынтық бейнесі тәріздес кесек полотно.

«Ұлпан» — тарихи ел шежіресінін мазмұнында құрылған роман. Романда қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады. Романдағы бас кейіпкер Есеней — қалың Керей-Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы биі, атақты байы. Ол ПІыңғыспен партиялық сайлауда таласса, тең түсетін өткір сөзді, алып денелі, қара нар іспеттес қайраткер. Жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Кенесарының қалың қолымен кескілескен ұрыста ерлік көрсеткен, екі жүз сарбазын тұтқындап стапқа өткізген, кейін жараланыш, орыс-казактары дәрігерлерінің көмегімен ажалдан аман қалған. Ол қалың жылқысын өзінің жауынгер досы, бүгінде аяқ қолы топ болып қалған Артықбай батырдың жайылымына байқамай қаптата жайып келе жатқанда оның алдынан ерекше киінген кесек тұлғалы, батырдың қызы Ұлпан қарсы шығып, Есенейді еселі сөзбен жеңіп, айып төлетеді. Ол бұдан он үш жыл бұрынғы әкесі Артықбай батырдың үйінде Есеней намаз оқып отырғанда еркелеп мойнына асылыш, «Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз. Бүгінде аңшы, құсбегі, жылқышы болып ат құлағында ойнап өскен батыр қыз.

Екі баласы бір күнде шешектен өлген, бүгінде елуден асып, ел ағасы болған еңсегей бойлы Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші қара торы өткір қыз Ұлпанға ғашық болады. Есенейдің уыздай Ұлпанды қолға түсіруіне екінші себеп — айттырған күйеуі Түлен саудагердің таз баласы Мырзаштан құтыла алмай отырған кезіне тап болады. Мыңғырған малы бар, бір уез елді ашса — алақанында, жұмса — жұдырығында ұстап отырған Есеней Ұлпанды айттырып қойған жерінен арашалап алып, айғыр үйір жылқы беріп, Ұлпанды екінші әйелдікке алады. Бес болыс Керей — Уақтың Есенейіне Ұлпан қалың малын өзі айтып, «Есеней, екеуміздің арамызда ең кемі қырық жылдық айырма бар. Осыны ойландың ба?»- дейді. Ердің құны, нардың бұлы болса да мал-жанды аямауға бел байлаған Есеней: «Қырық жыл болса қайтейін? Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен боласың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр… Мен саған сұлу деп, жас деп қызықтым ба, болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба? Оны өзім де біле бермеймін. Әйтеуір осы түннен бастап, менің Есенейім сенсің», — деп кесіп жауап береді. «Есеней қатал еді, озбыр еді. Енді оның жан жүрегін жібіткен Ұлпан болды»,—деп суреттейді жазушы. Айналасы он-он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады. Бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады. Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болған нағашы атасы Сырым батырға әнші, күйші, домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, Сыр бойына айғыр үйір жылқы айдап барып аза тұтып, асын бергізеді.

Осы астан кейін жиырма бес жыл өткенде (1906 ж. шамасында), Орынбор — Ташкент темір жолы салынған кезде, «Ұлпан ас берген көл» жағасынан өткен темір жол стансасының атын «Ұлпан» атайды (Шалқардан кейінгі станса).

Ұлпанның шалы Есеней тоғыз жыл топ болып жатып қайтыс болады. Одан қалған жалғыз қызы Біжікенді Ұлпан Торсан деген пысық жігітке үйлендіріп, қолына күшік күйеу етіп енгізіп алады. Ол Есенейден қалған мал-мүлікті пайдаланып, ағайын-туғандарымен араздасып, Ұлпанды «отырса — опақ, тұрса — сопақ» етеді. Қорлыққа шыдай алмаған ер мінезді Ұлпан: «Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін»,—деп қарғап, бір түнде у ішіп өледі. Ел анасы болған Ұлпанның қарғысына ұшыраған Торсанның үлкен ұлы Шоқан болыс әкесінің зұлымдығына шыдай алмай өзіне-өзі пышақ салып өледі. 1920 жылы кеңес үкіметі кезінде Торсан өліп, балалары қаңғып кете барады да, Торсанның шаңырағы шайқалып ортасына түседі.

Бір уез елді билеп билік айтушы, дүйім елдің үлкен-кішісіне басшы, ақылгөй болу—Ұлпан сияқты дана әйелдерге ғана тән қасиет. Ондай қайраткер аналар тарихта болған. Мәселен, Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі пір тұтқан. Осындай ерлікпен, ақылды-даналықпен, билікпен, әділдікпен атын шығарған Ұлпан қазақ әйелдерінің жиынтық образы деуге болады. Жазушы жасаған Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері.

Ғ.Мүсіреповтің Ана тақырыбынан кейінгі патриоттық тақырыптағы төл туындысы — «Қазақ солдаты» хикаятын (1945 ж., кейін «Қазақ солдаты» романы) жазды.

68)Повесть жанрының табиғатын байымдаңыз.

Повесть — эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды.

Еуропа әдебиетте Повестьті новелла деп те атай береді. В.Г. Белинский Повестьті “романның шашыраңқы бөліктері” немесе “романның бір тарауы” деп атаса, бір кездерде оған романмен байланыстыра түсінік беру дағдыға айналды. Кейін жанр ретінде толық қалыптаса қоймаса да, очерк сипатындағы әңгімелер негізінде (19 ғасырда) “әдет-ғұрыптың жеңіл очеркін қамтитын”, “адам мен қоғамды әжуа-сықақ ететін пішін” деген тұжырым белең алды

Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында Повесть туралы біршама тұрақталған ұғым қалыптасты. Повесть әңгіме мен романның аралығындағы прозалық жанрға жатады. Көлемі мен мазмұны тұрғысынан осылай бағаланғанымен, кейде көлемі романнан ауқымды Повестьтер дa кездеседі. Мысалы, көп романдардан көлемді “Клим Сам¬гиннің өмірін” А.М. Горький Повесть деп атаған. Повестьтің көлемі емес, көтерген жүгі мен арқау еткен мәселесінің aуқымы шағын келіп, романнан кіші жанр екендігін, ал эпизодтары мен өмір иірімдеріне бойлай енуі тарапынан әңгімеден күрделірек жанр екенін дәлелдейді. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда кездесетін кең тынысты тәсілдер Повестьте бола бермейді. Повестьке оқиға тізбегін баяндау, хроник. әңгімелеу тәсілі тән. Ахмет Байтұрсынұлы эпикалық текті әуезе деп алып, оның түрлерін ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), ұсақ әңгіме деп береді. Повесть туралы “ұлы әңгімеден өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады” дейді. Байтұрсынов. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды. Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында повесть туралы біршама тұрақталған ұғым қалыптасты. Повесть әңгіме мен романның аралығындағы прозалық жанрға жатады. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда