- •Эпос, драма және лирика туралы Сократ, Платон, Шеллинг, Гегель, Аристотель пайымдарын сипаттаңыз
- •Ғ. Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесінің жанрлық ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •Әдеби тек туралы л.И.Тимофеев, г.Н.Поспелов, б.В. Томашевский, в.Е.Хализев пайымдарын сипаттаңыз
- •М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының композициялық ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •10 М.Әуезовтың Абай жолы эпопеясындағы эпизм,лиризм, драматизм ерекшеліктерін сипаттаныз.
- •11.Ә.Нұрпейісовтың Қан мен тер трилогиясындағы Еламан-Ақбала-Тәңірберген линиясын байыптаңыз
- •13. С.Ерубевтың менің құрдастарым романындағы автор баяндаушы ерекшеліктерін сиипаттаңыз
- •14.Ш.Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» роианындағы баяндау еркшелігі
- •15,17Баяндаушының оқырманмен аралық қызметі , баяндаушы-куәгер , баяндаушы-оқиғалады, кейіпкер әрекеттерін талқылаушы екенін баяндаңыз. Баяндаушы бейнесі туралы м.Бахтин пайымдарын сипаттаңыз
- •16. Эпостың көркемдік тұтастықта суреттеуін сипаттаңыз
- •19. Р.Нұрғалидың драма жанрларын жіктеуін пайымдаңыз
- •20. Лирикада жеке адам сана-сезімінің бейнеленуін сипаттаңыз.
- •21.22.Лирикалық көңіл-күйдің тек сөйлеушіге тәуелді еместігін пайымдаңыз
- •27.Тұрсын Жұртбайдың Абай ,Құнанбай эсселері
- •28. Лирикалық «меннің» полисубъектілігін байыптаңыз.
- •29. Эссеистиканың лирикамен үндестігін және жетекші салаға айналуын баяндаңыз.
- •30. З.Ахметовтің, б.Кәрібаеваның еңбектеріндегі лирика мәселелерін баяндаңыз.
- •31. Жанр әдеби дәстүрдің белгісі екенін пайымдаңыз.
- •Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясын сипаттаңыз.
- •36.Эпикалық жанрдың үш туріндегі характерлер жайын сипаттаныз
- •37. Зерттеуші м. Атымовтың композицияның үш түрі туралы принциптерін пайымдаңыз
- •38. Жанрлық мазмұн және жанрлық форма ұғымдарын пайымдаңыз
- •39. Әңгіме жанрының ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •40. Ғ. Мүсіреповтің «Өмір жорығы», «Қыран жыры» әңгімелерінің жанрлық сипатын талдаңыз
- •41.Сонет,ода жанрларына анықтама
- •42. Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалардың ерекшеліктері
- •45.46) Романның бірегецй концепциясының тұтастығы және роман теориясын байыптаңыз
- •47) Классицизм эстетикасындағы және романтизм дәуіріндегі романның бағалануын сипаттаңыз
- •49) Х. Есенжановтың «Ақ Жайық» романындағы Хакім Жүнісов бейнесін сипаттаңыз
- •50) Роман – синтетикалық жанр екенін байыптаңыз
- •52." Жанр кононы" ұғымын сипаттаңыз
- •53. Жанрлық жүйе және жанр канонизациясы туралы пайымдаңыз
- •55.Әдеби жанрдың шындық өмірмен байланысын сипаттаңыз
- •57. С.Сейфуллин Тар жол, тайғақ кешу шығармсының жанрлық ерекшелігін талдаңыз
- •Повесть жанрының тарихын сипаттаңыз.
- •Абай өлеңдеріндегі уақыт пен кеңістік ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Баллада жанрының табиғатын сипаттаңыз.
- •73) Ғ.Мұстафиннің Дауылдан кейін романының жанрлық сипатын анықтаңыз
- •77. Ә. Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романындағы баяндау.
- •83. Сонет үлгілеріне мысал келтіріңдер.
- •84. Ш.Мұртазаевтың «Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір» романдарындағы баяндау үлгілеріне мысал келтіріңіз.
- •85. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы мәтін астары және тұйық психологизм ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз.
- •86. С. Мұқановтың «Ботагөз» романындағы мезгілдік пейзаж ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •87. Психологиялық роман табиғатын сипаттаңыз.
- •90. Ә.Кекілбаев, м.Мағауин, т.Әбдіков, д.Амантай, р.Муканова шығармаларындағы постмодернизм сипаттарын айқындаңыз
50) Роман – синтетикалық жанр екенін байыптаңыз
Роман синтетикалыққа бейім жанр ретінде өзіне дейінгі «кәсібиленген» әрі әлдебір локалды «телімдерде» әлемге көркемдікпен қол жеткізуге әрекет еткен басқалардан өзгешеленіп тұрады. Ол (басқаларға қарағанда) әдебиетті өмірдің көп қырлылығы мен күрделілігіне, қарама-қайшылығы мен баққуаттылығына жақындастыруға қабілетті болып табылды. Романдық әлемді игерудің еркіндігі шекара дегенді білмейді. Және де түрлі елдер мнен дәуірлердің жазушылары осы еркіндікті түрлінше өз кәдесіне жаратты.
Романның көп келбеттілігі әдебиет теорияшылары үшін аса ауыр жағдай туғызады. Тіптен кім романды жалпыға ортақ және қажетті нышан-белгілері арқылы сипаттауға тырысар болса, онда оның алдынан бүтінді оның бөлшегімен алмастырушылық сипатындағы синекдоханың жетегінде кетушілікке ұрыну қаупі қылаң береді. Осылайша, О.Э. Мандельштам осы жанрдың табиғатын Наполеонның бас айналдырар табысына еліктеген XIX ғ. қаһармандарының «роман мансабы» бойынша саралады. Романдардағы адамның өмірден өз орнын табуына емес, олардың күрделі психологиясына және ішкі әрекетіне баса назар аударуды ақын жанрдың құлдырауының нышан-белгісі және тіпті оның ақыр соңы деп қарастырды[825] Т. Манн өзінің роман жайындағы пікір түюлерінде өзінің көркемдік тәжірибесінде жеңіл де, мейірбан иронияға және И. В. Гете тәлімдік романдарына арқа сүйейтіндігін ауызға алады.
Романның туу тарихын топшылаудағы әр тарап пікірлерді өз алдына қойғанда , дәл осы атаудың шығу тегінің өзін әркім әр түрлі пайымдайды. Біреулер орта ғасырдағы эпикалық шығармалардың роман тілдерінде жазылуына байланыстырса, енді біреулер көлемді эпостың көне дүниедегі Рим сұлулығына ұқсатығынан пайда болған термин деседі.
Романның кең құлашты, мол тынысты синтетикалық жанр ретінде әбден кемелденген сыншыл реализмнің тұсы. Бұл ретте көркем прозадағы Гомер мен Шекспир дәрежесіне көтерілген. Толстой мен Достоевский романдарын айрықша атаған жөн. Өткен замандағы орыс романы осылар санатындағы алып суреткерлердің арқасында бір ел емес бүкіл адам баласының көркемдік даму тарихында айта қалғандай адым жасағына жұртқа мәлім. Романның осындай кемелденген кезіндегі басты тақырыптары жанрдың байырғы түрлерінен кездесетін қай-қайдағы серінің сергелдеңі, ала аяқтың амал айласы,ожырайдың оспадарлығы секілді қара дүрсін хал күйлер немесе аздаған әлеуметтік топтар арасындағы әр түрлі қырбайлықтар, жеке адамдар басында болатын кейбір көңілді түйсінулер мен кірбің күрсінулер тәрізді күйкілеу көріністер емес, адам мен қоғам өміріндегі арналы шындықтар, күрделі құбылыстар мен кесек оқиғалар шығарма мазмұнына арқау боп тартылар өзекті мәселе халық тағдыры.
Психологиялық талдаудың синтетикалық түрі
Психологиялық романның өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді. Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана шығармада психологизм өріс алады . Бұл ойымызды нақтыласақ: "...әдебиеттегі психологизм-кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды". Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы қарама-қайшы дүниетанымын, көзқарастарын, іс- әрекеттерін, көңіл күйлерін тереңдей талдап, жан-жақты бейнелеу психологизмнің көркемдік табиғатын танытады. Ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б. Майтанов М. Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "тұйық психологизм" ,- деген ат береді. Бұл синтетикалық психологизмнің өзгеше бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді. Синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі құбылулар. Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем, атап айтсақ, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналылық пен бейсаналық, өмір мен өлім т.б. арасындағы ымыраға келмейтін күрес пен мәңгілік құндылықтар жайында ой қозғауға мәжбүр етеді. Бұл-психологиялық туындыға қойылар басты шарттардың бірі. Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалады: Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді. 51. Тайыр Жомартбаевтың <<Қыз көрелік>> сатиралық романың талдаңыз
Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы – құрылымдық ерекшеліктері мен көркемдік бейнелеу құралдары, тақырыптық-идеялық мазмұны жақтарынан соны шығарма. Қысқасы дәстүрлі тақырыптан жаңа проблематика қозғаған «Қыз көрелік» романы – қазақ қыздарының бас бостандығы туралы күрделі жанрда жазылған көлемді шығармалардың бірі. Автор 20 ғасырдың басында көп қозғала бастаған тақырыптың өзіне дейін әңгіме болмаған жаңа қырынан келген. Әдетте, бұл тақырып қыздардың қалың малға, ескі әдет-ғұрыпқа қарсылығы, күресімен қабаттаса баяндалады. «Қыз көрелік» романында осы тақырып проблематикасы мүлде басқа: енді қыз таңдап жүрген мырзаларды қыздың өзі таңдауы керек. Жаңа идеяның өзі, әрине, жаңа пішінді талап етеді. Автор осы идеяны шартты реалистік мазмұнға көшіріп, көркем бейнелеуге тырысқан. «Қыз көрелік» туралы пікір айтушыларды біраз ойға қалдыратын мәселе ағартушы-демократтық идеясы айқын шығармада ертегі фабуласының пайдаланылуы. Көлемді шығармада шағын ертегіні мақсатты қолдану арқылы шығарма идеясын, авторлық ойды, көркемдікті күшейтуге қол жеткізген. Қазақ қыздарының өздеріне жар таңдауы, сүйгеніне қосылуы тарихта болмаған іс емес, алайда Т. Жомартбаев романында мүлде шартты шешімге барады. Автор баяндауында ойнақылық, юмор, ирония басым.
