- •Эпос, драма және лирика туралы Сократ, Платон, Шеллинг, Гегель, Аристотель пайымдарын сипаттаңыз
- •Ғ. Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесінің жанрлық ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •Әдеби тек туралы л.И.Тимофеев, г.Н.Поспелов, б.В. Томашевский, в.Е.Хализев пайымдарын сипаттаңыз
- •М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының композициялық ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •10 М.Әуезовтың Абай жолы эпопеясындағы эпизм,лиризм, драматизм ерекшеліктерін сипаттаныз.
- •11.Ә.Нұрпейісовтың Қан мен тер трилогиясындағы Еламан-Ақбала-Тәңірберген линиясын байыптаңыз
- •13. С.Ерубевтың менің құрдастарым романындағы автор баяндаушы ерекшеліктерін сиипаттаңыз
- •14.Ш.Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» роианындағы баяндау еркшелігі
- •15,17Баяндаушының оқырманмен аралық қызметі , баяндаушы-куәгер , баяндаушы-оқиғалады, кейіпкер әрекеттерін талқылаушы екенін баяндаңыз. Баяндаушы бейнесі туралы м.Бахтин пайымдарын сипаттаңыз
- •16. Эпостың көркемдік тұтастықта суреттеуін сипаттаңыз
- •19. Р.Нұрғалидың драма жанрларын жіктеуін пайымдаңыз
- •20. Лирикада жеке адам сана-сезімінің бейнеленуін сипаттаңыз.
- •21.22.Лирикалық көңіл-күйдің тек сөйлеушіге тәуелді еместігін пайымдаңыз
- •27.Тұрсын Жұртбайдың Абай ,Құнанбай эсселері
- •28. Лирикалық «меннің» полисубъектілігін байыптаңыз.
- •29. Эссеистиканың лирикамен үндестігін және жетекші салаға айналуын баяндаңыз.
- •30. З.Ахметовтің, б.Кәрібаеваның еңбектеріндегі лирика мәселелерін баяндаңыз.
- •31. Жанр әдеби дәстүрдің белгісі екенін пайымдаңыз.
- •Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясын сипаттаңыз.
- •36.Эпикалық жанрдың үш туріндегі характерлер жайын сипаттаныз
- •37. Зерттеуші м. Атымовтың композицияның үш түрі туралы принциптерін пайымдаңыз
- •38. Жанрлық мазмұн және жанрлық форма ұғымдарын пайымдаңыз
- •39. Әңгіме жанрының ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •40. Ғ. Мүсіреповтің «Өмір жорығы», «Қыран жыры» әңгімелерінің жанрлық сипатын талдаңыз
- •41.Сонет,ода жанрларына анықтама
- •42. Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалардың ерекшеліктері
- •45.46) Романның бірегецй концепциясының тұтастығы және роман теориясын байыптаңыз
- •47) Классицизм эстетикасындағы және романтизм дәуіріндегі романның бағалануын сипаттаңыз
- •49) Х. Есенжановтың «Ақ Жайық» романындағы Хакім Жүнісов бейнесін сипаттаңыз
- •50) Роман – синтетикалық жанр екенін байыптаңыз
- •52." Жанр кононы" ұғымын сипаттаңыз
- •53. Жанрлық жүйе және жанр канонизациясы туралы пайымдаңыз
- •55.Әдеби жанрдың шындық өмірмен байланысын сипаттаңыз
- •57. С.Сейфуллин Тар жол, тайғақ кешу шығармсының жанрлық ерекшелігін талдаңыз
- •Повесть жанрының тарихын сипаттаңыз.
- •Абай өлеңдеріндегі уақыт пен кеңістік ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Баллада жанрының табиғатын сипаттаңыз.
- •73) Ғ.Мұстафиннің Дауылдан кейін романының жанрлық сипатын анықтаңыз
- •77. Ә. Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романындағы баяндау.
- •83. Сонет үлгілеріне мысал келтіріңдер.
- •84. Ш.Мұртазаевтың «Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір» романдарындағы баяндау үлгілеріне мысал келтіріңіз.
- •85. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы мәтін астары және тұйық психологизм ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз.
- •86. С. Мұқановтың «Ботагөз» романындағы мезгілдік пейзаж ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •87. Психологиялық роман табиғатын сипаттаңыз.
- •90. Ә.Кекілбаев, м.Мағауин, т.Әбдіков, д.Амантай, р.Муканова шығармаларындағы постмодернизм сипаттарын айқындаңыз
55.Әдеби жанрдың шындық өмірмен байланысын сипаттаңыз
Жазушы өмір құбылыстарын өзінің дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан саралайды, оны өмір сүріп отырған қоғамдық орта белгілейді. Әдебиеттің таптығы әдеби шығармадағы шындықтың шынайылығына, қаламгердің шеберлігіне тікелей байланысты. Суреткердің өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тану, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы типтендіру болып табылады. Демек, типтендіру-мөлшерлі «сфераға» енетін, өлшеулі «формулаға» көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз харекеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін оның өмірдегі жанды дерегіне қарап белгілейді. Жазушының тип жасау үстіндегі көңіл аударатыны-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-прототип. Суреткер бір типті бірнеше прототиптен жинақтап жасайды. Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбірәдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, тек оның өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп түсіну керек. Мінез-адамның ішкі болмысы. Белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.Нағыз суреткердің қолынан шыққан әрбір әдеби тип әрі әбден жинақталған, сондықтан өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр «талантты жазушының әр образы-тип» дейді Белинксий.Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізгі және шешуші тенденциясын байқауға болады. Мысал, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды қасиеттерінің бір алуанын М.Әуезов Абай тұлғасына жинақтап, тұтастыра танытқан десек, осындай С.Мұқанов Асқар образы арқылы көрсетті, Ғ.Мұстафиннің мейрамы-адамдардың елімізді индустрияландыру кезіндегі елеулі ерекшеліктерін тұтастырылған тұлға болса, Ғ.Мүсіреповтің Қайрошы-адам рухының соғыс жылдарындағы лап еткен айрықша бір көрінісі секілді. Бұлардың әрқайсысы әр тұстың типтік тұлғасы, өзгеге ұқсамайтын тек өздеріне ғана тән өзгеше мінез-құлық, іс-әрекет, болмыс-бітім бар. Десек те осыларда рухани ұқсастық, парасат тұтастығы бар.Бұл-адамдық рух тұтастығы, қоғамдық, даму толассыздығы. Көркем әдиеттегі жинақтау типке әкелсе, даралау-мінезге әкеледі. Образ осылай туады. Демек, мінез—адамның ішкі бітімі болса, тип-сом тұлғасы.
56. Мемуарлық шығармалардың жанрлық табиғатын ашыңыз. Ғұмырнамалық шығармалардың бір жүйесі – мемуар. Мемуар жанрында роман, повесть жазыла береді. Ғұмырнамалық туындылардың бұл жүйесі авторға мейлінше еркіндік береді. С. Айнис, Андрей Белый, Александр Бенуа, Сәбит Мұқанов мемуарлық шығармаларын деп атауға болады. Онда қоғам өмірі басты кейіпкер өмірімен телқабыс алынып, оның қабатында көп желі жарыса қатар тартылып, егізделе суреттеліп кете барады. Кейіпкер табиғаты да эпикалық тыныспен беріліп, характері жан-жақты ашыла береді. Мемуарға енер материалдардан тек естелік қасиет қана байқалуы тиіс деп ойлау бір жақтылық болар еді. Олай болатыны – адам өмірінің ескерткішінен табылар жазбалардың көбінің мемуар – ескерткіштенуі жиі ұшырайды. Мәселен, Л.Н. Толстойдың Ясная поляналық күнделігі күн аттарымен белгіленер күнделіктен гөрі, жазушының өткенді жазып қалдыра берген жалпы әңгіме жазбалары сипаттас. Бұны Л.Н. Толстой «...Менің жазбаларым менің оңаша ауылдық өмірімде болып жатқан оқиғаларымның күнделік дәптері іспеттес», – деп атады. «Тар жол, тайғақ кешу», «Өмір мектебі», «Орындалған арман», «Көз көргенде» негізгі кейіпкерлер автордың өзі. Мемуарлық роман жазуға дайындық жұмыстарын жүргізудің жауапты бір қыры автордың өмірлік материалдар мен фактілерді шығармасына дұрыс іріктеп ала білуіне байланысты. Адамның өмір жолында көрген, білген,естіген оқиғаларының барлығы мемуар жанрына енгізуге жарайды деп түсіну жаңсақтық. Басқа адамдар үшін елеулі маңызы жоқ, тек автордың жеке өмірінде ғана орын алған тым ұсақ нәрселер мен тұрмыстық детальдарды тықпалай беру көркемдік талаптар тұрғысынан мемуарды ұщпаққа шығара қоймайды. Бұдан шығатын қорытынды – автор өзін қоршаған қоғамдық ортамен, оқырманның рухани сұранысымен санасы білуі шарт. «Елдегі ауыр ахуал, биліктің жалған идеологиясы, орыстық үстем, нәсілшіл, шовинистік пиғылдың күннен күнге өршуі Бауыржанның суреткерлік ұстанымының қалыптасуына да қатты әсер етті. Ол қайткенде де қазақ ұлтын кеңестік идеологияның құрбандығын сақтап қалуға тырысты. Сондықтан, Бауыржанның «Ұшқан ұя» шығармасындағы бүкіл ұлттық болмыс мәселесіне, ұлт тағдырына қатысты салт-дәстүрлерді суреттеуі осындай ұстанымнан туған». Бұл да мемуарлық шығарма.
«Ұлы ақын»,– деп жазғанды В.Г. Белинский, – өзінің «Мені туралы айта отырып, бүкіл адамзат туралы әңгімелейді. Өйткені оның табиғатынан адамзаттық қал-жағдайы білініп тұрады. Сондықтан да оның жабырқау тартқан көңілінен әрбір адам өз мұңын түсіне алады. Одан ақынды ғана емес, сондай-ақ адамды, адамзаттың бауырын таниды» [16, 65]. Мемуар жазушылар өз өмірі, басынан өткергені мен жан тербегені жөнінде жазғанда әр туындылар, біріншіден, ...Олар баяғыда болып келгенімен-ақ, қазіргі оқырманға пайдалы, өйткені ол халқымыздың тарихындағы қуыс қалған орындарды бітеп отырса керек. Мемуар тек өткеннің ғана көрсеткіші емес, ол сол уақыттың да ой толғанысы, келешекке де болжам – тәрбие кітабы.
Мәселен «Өмір мектебі» желісі ғұмырнамаға құрылған. Мұндағы естелік суреттеулер – ғұмырнаманы ашу ретіндегі тәсілдер. Ал, «Тар жол, тайғақ кешу» қоғам өмірінің cан түрлі тартыстарын суреттеу жағдайында басталып, ғұмырнамалық жайды ішкі мазмұнына қарай орайластырады. Кей шығармаларда ғұмырнамалық шығарма соңына дейін бұлтарыссыз, өзге тәсілсіз бір қалыппен қозғалады.
Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым» ғұмырнамалық романындағы шығармашылық маңызды факторлардың бірі – автордың жазушылық лабораториясының ашылуы. Ұсынылып отырған кітаптың қалай өмірге келгенін әңгімелеп берумен шектеліп қалмай, айтып келе жатқан әңгімесін шығарманың кез келген тұсынан автор өзінің жазушылық лабораториясына қарай икемдеп бұрып алуға бейім. Мұндай үрдіс екі кітаптың да өн бойынан анық бой көрсетіп, атойлап отырады. Әсіресе өзінің күнделік сипатындағы жазбаларына оралып соға береді.
«Мен және менің замандастарым» өмірбаяндық романының авторы Ә. Нұршайықов өзінің шығармашылық өмірінің жарқын жақтарынан гөрі көлеңкелі тұстарын, ағалары мен әріптестерінен көрген қорлықтары мен қиянаттарын басымырақ суреттеп кеткен. Және осы бағытта айтылатын әңгімелердің оқылуы қызық, автор тарапынан жасалатын тұжырымдар да субъективизм нышандары байқалғанымен, оқырманға ой салып, пікір түйетіндей деңгейде.
«Өмір мектебі» кітабында бас кейіпкер автордың өзі, ол сондағы оқиғаларға белсене араласып отырады, замана жайында да толғаныс, тебіреністерін ортаға салады. Бұл кітап халық өмірін, түптеп тарта, асықпай-саспай кең қамтиды да, оның салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр құбылыстарын егжей-тегжейіне дейін дәл суреттеп отырады. Біздің көз алдымызда қырық жылғы бойғы уақыттың алуан түрлі қарбалас шиеленіс, қызу және қызық оқиғалары дәл бүгінгідей барлық әр – нәрімен туындап жатады.
Романның бірінші кітабында Сәбит Мұқанов революцияға дейінгі қазақ ауылындағы феодалдық-потриархалдық қарым-қатынастардың сонау тереңде жатқан түп-тамырларына дейін өте дәл және үлкен шыншылдықпен айқын ашық көрсетті, жан түршігерлік жоқшылық, теңсіздік, зорлық-зомбылықты, отаршылдар мен байлардың екі жақты қанауымен тепкісін нанымды суреттермен бейнелеп берді. Бірақ суреткер әлеуметтік әділетсіздіктің түп тамырын дәл басып, ашып көрсетіп қана қоймай,халықтың терең қойнауында, халықтың жомарт жанының қалтарыс құрышында жыл санап жиналып, қонысына сыймай сыртқа тепкен жаңа да жарқын күштерін көрегендікпен аңғарып, жеріне жеткізе сипаттай білді. Бұл арада көптеген оқиғаларға автордың өзі белсене араласып, көзімен көргені өмірбаяндық мемуарлық шығарманың сәтті шығуына айрықша ұтымды әсер етті. «Өмір мектебі» - аса дарынды, өзгеге ұқсамайтын өзіндік мәнері бар әңгімешіл ретінде автордың өзін-өзі дәл тапқан төл қасиет туындысы. Ол барлық оқиғаны өз атынан баяндау формасын да дұрыс таңдап алған, сондықтан да шығарма жемісі соншама нанымды, дәлелді болып өздігінен құйылып-төгіліп тұрады. Ауылдың жарлы-жақыбайларының қайнаған ортасынан шыққан, барлық ауыл кедейлерінің балалары сияқты, революцияға дейінгі жетімдік пен жоқшылықтың ауыр қасиетін басынан кешкен үлкен жазушының, қоғам қайраткерінің өмірі кітапта өз халқының бостандық пен қайта өрлеу үшін күрестегі тарихи жолымен табиғи жағынан қиюласып, астасып жатады. Сонымен қатар осы романда әсіресе, оның ұлағатты ұлы адамдармен кездесуі, өзінің шығармашылық өсу жолы, қоғамдық, мемлекеттік қайраткер ретінде еліміздің игілігі үшін қызмет атқаруы, қаламгер достары, қазақ халқының белгілі өнер қайраткерлері жайлы сансыз сырлар шертіледі. Солардың ішінде Қажымұқан,Балуан Шолақ, Иманжүсіп сияқты күш аталары мен өнерді өрге бастыруда елге елеулі болған Иса Байзақов, Күләш Байсейітова, Ақмолалық атақты Ғазиз ақын, Әміре Қашаубаев сияқты өр тұлғалар да баршылық. Жазушы өз шығармасында бұл адамдардың есімдерін құрметпен атай отырып, олардың адамгершіліктері, өмірдегі өрен жүйріктігі жайлы жұртшылыққа толық мағлұматтар бере кеткен.
