- •Эпос, драма және лирика туралы Сократ, Платон, Шеллинг, Гегель, Аристотель пайымдарын сипаттаңыз
- •Ғ. Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесінің жанрлық ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •Әдеби тек туралы л.И.Тимофеев, г.Н.Поспелов, б.В. Томашевский, в.Е.Хализев пайымдарын сипаттаңыз
- •М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының композициялық ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •10 М.Әуезовтың Абай жолы эпопеясындағы эпизм,лиризм, драматизм ерекшеліктерін сипаттаныз.
- •11.Ә.Нұрпейісовтың Қан мен тер трилогиясындағы Еламан-Ақбала-Тәңірберген линиясын байыптаңыз
- •13. С.Ерубевтың менің құрдастарым романындағы автор баяндаушы ерекшеліктерін сиипаттаңыз
- •14.Ш.Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» роианындағы баяндау еркшелігі
- •15,17Баяндаушының оқырманмен аралық қызметі , баяндаушы-куәгер , баяндаушы-оқиғалады, кейіпкер әрекеттерін талқылаушы екенін баяндаңыз. Баяндаушы бейнесі туралы м.Бахтин пайымдарын сипаттаңыз
- •16. Эпостың көркемдік тұтастықта суреттеуін сипаттаңыз
- •19. Р.Нұрғалидың драма жанрларын жіктеуін пайымдаңыз
- •20. Лирикада жеке адам сана-сезімінің бейнеленуін сипаттаңыз.
- •21.22.Лирикалық көңіл-күйдің тек сөйлеушіге тәуелді еместігін пайымдаңыз
- •27.Тұрсын Жұртбайдың Абай ,Құнанбай эсселері
- •28. Лирикалық «меннің» полисубъектілігін байыптаңыз.
- •29. Эссеистиканың лирикамен үндестігін және жетекші салаға айналуын баяндаңыз.
- •30. З.Ахметовтің, б.Кәрібаеваның еңбектеріндегі лирика мәселелерін баяндаңыз.
- •31. Жанр әдеби дәстүрдің белгісі екенін пайымдаңыз.
- •Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясын сипаттаңыз.
- •36.Эпикалық жанрдың үш туріндегі характерлер жайын сипаттаныз
- •37. Зерттеуші м. Атымовтың композицияның үш түрі туралы принциптерін пайымдаңыз
- •38. Жанрлық мазмұн және жанрлық форма ұғымдарын пайымдаңыз
- •39. Әңгіме жанрының ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •40. Ғ. Мүсіреповтің «Өмір жорығы», «Қыран жыры» әңгімелерінің жанрлық сипатын талдаңыз
- •41.Сонет,ода жанрларына анықтама
- •42. Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалардың ерекшеліктері
- •45.46) Романның бірегецй концепциясының тұтастығы және роман теориясын байыптаңыз
- •47) Классицизм эстетикасындағы және романтизм дәуіріндегі романның бағалануын сипаттаңыз
- •49) Х. Есенжановтың «Ақ Жайық» романындағы Хакім Жүнісов бейнесін сипаттаңыз
- •50) Роман – синтетикалық жанр екенін байыптаңыз
- •52." Жанр кононы" ұғымын сипаттаңыз
- •53. Жанрлық жүйе және жанр канонизациясы туралы пайымдаңыз
- •55.Әдеби жанрдың шындық өмірмен байланысын сипаттаңыз
- •57. С.Сейфуллин Тар жол, тайғақ кешу шығармсының жанрлық ерекшелігін талдаңыз
- •Повесть жанрының тарихын сипаттаңыз.
- •Абай өлеңдеріндегі уақыт пен кеңістік ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Баллада жанрының табиғатын сипаттаңыз.
- •73) Ғ.Мұстафиннің Дауылдан кейін романының жанрлық сипатын анықтаңыз
- •77. Ә. Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романындағы баяндау.
- •83. Сонет үлгілеріне мысал келтіріңдер.
- •84. Ш.Мұртазаевтың «Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір» романдарындағы баяндау үлгілеріне мысал келтіріңіз.
- •85. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы мәтін астары және тұйық психологизм ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз.
- •86. С. Мұқановтың «Ботагөз» романындағы мезгілдік пейзаж ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •87. Психологиялық роман табиғатын сипаттаңыз.
- •90. Ә.Кекілбаев, м.Мағауин, т.Әбдіков, д.Амантай, р.Муканова шығармаларындағы постмодернизм сипаттарын айқындаңыз
39. Әңгіме жанрының ерекшеліктерін сипаттаңыз
Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.
Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын,кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды.
40. Ғ. Мүсіреповтің «Өмір жорығы», «Қыран жыры» әңгімелерінің жанрлық сипатын талдаңыз
“Өмір жорығы” мен “Қыран жыры” да – символдық әңгімелер. Өмір, болмыс, тағдыр жайында сыр шерткен бұл әңгімелер – автор ой-тұжырымдарының қорытынды түйіні. Әңгіме жазушының қоғамдық өмірге, табиғатқа көзқарасы тұрғысынан баяндалған. Ол адам, қоғам жайын су асты балық, көк тәңірі қырандар өмірі арқылы жеткізеді. Символмен бейнеленген философиялық бұл туындылар осы жанрды түрі жағынан да байытты.
“Өмір жорығы” әңгімесіндегі су асты балықтар арқылы адамдар өмірін көреріміз анық. Әңгіменің аты айтып тұрғандай, балықтар жорығы – өмір жорығы. Ұрпақ өсіру, ұрпақ алмасу өмірдің, табиғаттың заңы болса, осы заңдылықты балықтар тіршілігінен де байқаймыз. Мұндағы Көкқасқа, Азат-мая, Миногалар (Минго – балық аты) ата-тегі бір, бір нәсіл иелері. Бірақ, олардың істеген істері, арман-мақсаттары, ниет-пиғылдары, көздеген мұраттары әр басқа. Көкқасқа – ұрпақ қамын ойлап, оның болашағы үшін басын өлімге тіккен атабалық. Ол – халық алдында өз борышын абыроймен атқарар ел азаматтарының бейнесі. Ал, Минога – жылпос, зымиян, залым. Көлеңкемен күн көріп, “күріш арқасында күрмек боп су ішіп”, қара бастың құлқынынан басқаны ойламайтындар адамдар арасында да жетерлік. Көкқасқа мен Миного – бір-біріне қарама-қарсы (контраст) бейнелер ретінде бірін-бірі толықтырады. Қақ-соқпен ісі жоқ әділдік пен адалдықты жақтаған адал жандардың бейнесі – Азат-мая. Адамдар секілді балықтарда да күндестік бар, барға мастанумен қатар оларда да жалқау, жайбасар, еріншектер жетерлік. Өмірдің өзі күрестен тұрса, балықтар да өмір сүру үшін күресе біледі екен.
“Қыран жыры” әңгімесінде де автор адамдардың өмір тіршілігін қырандар арқылы көрсеткен. Мұндағы негізгі кейіпкер – Сарбалақ. Ал, Тасқара – “шен беріп, биік тұғырға отырғызсаң, қандай орынға болса да ұялмай-ақ отыра кететін”, тақ, мансап қуып, шен-шекпен іздеген жандардың бейнесі. Тартыс Сарбалақ пен Тасқара арасында өрбиді. Сарбалақтың аңсаған “Бостандық сағынышы, азаттық жыры, аспан жыры өн бойын өртеп бара жатқандай” деп келтірілген бостандығы кешегі Кеңес одағы тұсындағы қазақ халқының егемендікті аңсаған күйіндей елес береді. Сондай-ақ қыранның ыстық пен суыққа төзімді болуын сөз еткенде де автор Азияны тегін атамайтын сияқты. Жас ұрпақтың қамын жеген әке-шеше, ана қыранның қырық күн тапжылмай отыруы адамдар өмірінен алынғандай. Аналықтың балаларына деген аналық махаббаты, әкесінен қызғануы, балаларға әке ызғарының керектігі – бәрі де адам өмірінің бір қыры. “Қанша уақыт бөстегін былғап отыра берген мешеу едік қой. Дауыл көтеріп аспанға шығарды емес пе? Енді осылай шарықтай беретін шығармыз. Арман деген осы да, Қуаныш деген осы да!” – деген кейіпкер ойы – қазақтың кешегісі мен бүгінін көрсетер астарлы ой, сиқырлы сурет. Қорқу, үрку дегенді білмейтін қарлы боран, қара дауылда қанат қаққан балапандар кешегі неше алуан дауылды көріп өмірмен күресе білген аға буын өкілдерін көрсетсе, оларды мақтан тұтқан ата-ана, қоғам, Отан деп түюге де болады. Әңгіменің негізгі идеясы – тіршілік, өмір үшін күрес болса, ұрпақ ауысуы – өмір, табиғат заңдылығы. Ғ.Мүсірепов бұл әңгімелерінде параллелизм мен контрасты шебер пайдалана білді. Бұл – кейіпкер бейнесін сомдауда бірден-бір негізгі қызмет атқарар әдіс-тәсіл.
