Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипл_работа_Шарип_19.06.15.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

1.19 Сурет – Украинаның ғылыми-зерттеу институты ұсынған себушi

1-қорап; 2-бiлiк; 3-шарғы; 4-қылшықты делегей; 5-ойық; 6-қалақ.

1.20 Сурет – Қалақты себушi

Кировоград ауыл шаруашылық машина жасау институты шығарған тыңайтқыш себушi (1.21 сурет) жәшiктен 2, қораптан 1, қақпақтан 3, түптен 4, тiстерден 5 және делегей тәрiздi жасалған себу элементтiнен 6 тұрады. Себу элементi тiстердiң 8 көмеiмен бiлiкке 7 бекiтiлген. Себу мөлшерiн реттеудi 9, 10 чашкалар атқарады. Олар айналмалы профильдi жұдырықшалар түрiнде орындалған және кинематикалық түрде 11 реттегiшпен жалғанған. Себушiге кiретiн жұдырықшалардың бас беттерi оларға тыңайтқыштардың жабыспауын болдырмау үшiн қисық логарифмдiк спираль тәрiздi орындалған 27.

Бұл себушiнiң кемшiлiгi – құрылымының күрделiлiгi және жұмыс тұрақсыздығы.

Бүкiл одақтық ауыл шаруашылығын электрлендiру ғылыми-зерттеу институты шығарған дiрiлдi себушi (1.22 сурет) қораптан 1, вертикальды қабырғадан 2, терезе арқылы өткен шарғыдан 3 және тiстерден 4 тұрады.

1-қорап; 2-жәшiк; 3-қақпақ; 4-түп; 5-тiстер; 6-делегейлi себушi;

7-бiлiк; 8-бекiткiш; 9,10-чашкалар; 11-реттегiш; 12-делегей.

1.21 Сурет – Кировоград ауыл шаруашылық машина жасау институты

шығарған тыңайтқыш себушi

1-қорап; 2-қабырға; 3-шарғы; 4-тiстер; 5-сақине; 6-өзекше; 7-орам;

8-төлке; 9-бiлiк; 10-бекiткiш; 11-жұлдызша.

1.22 Сурет – Бүкiл одақтық ауыл шаруашылығын электрлендiру

ғылыми-зерттеу институты ұсынған дiрiлдi себушi

Шарғыға 3 ферромагниттiк материалдан шыққан сақина 5 қатаң бекiтiлген және цилиндрлiк формалы сақина өзекшенiң 6 iшiне кiредi. Орам 7 корпусқа

1 қабырғалардың 2 көмегiмен бекiтiлiп, оған бiлiк 9 қолданылады. Ылғалды тыңайтқышты сепкен кезде орамға 7 кернеу берiлiп, шарғы 3 және сақина 5 өзекше 6 арқылы серпiмдi элементтерге тоқ келiп, ол дiрiлдейдi және шарғы бастапқы жағдайға келiп, оның тазалануына әкеледi 28.

Дiрiлдi себушi (1.23 сурет). Сусымалы және сусымайтын тыңайтқыштар дiрiлдiң әсерiнен бiркелкi, тұрақты себiледi. Бұл себушiнi зерттеуге үлкен көңiл бөлгендер Кудрявцев Н.Е., Антонов Н.В., Настенко П.Н., Сегеды Н.В. 29, 30, 31, 32, 33.

Дiрiлдi себушiнiң кемшiлiктерiне мыналарды жатқызуға болады:

  • кiшкентай түйiршiктi сусымалы тыңайтқыштарды тиiстi мөлшермен себе алмайды;

  • барлық қоректендiргiштер тыңайтқыш ағынын шоғырлап, оны бiр түтiкшеге бағыттайды.

АҚШ-тың "Jоhr Dееrе" мен "Kinsа" фирмаларының М 700 сепкiшiнiң себушiсiнiң (1.24 сурет) жұмыс iстеуi АТП-2 себушiсiне ұқсас. Бiрақ та жұмыс органның сапасын көтеру үшiн бiлiкке құйылған шнек 5 және 6 орнатылған. Шнектiң диаметрi жәшiктiң ортасына қарай кiшiрейедi 31, 34.

Бұл себушiнiң кемшiлiгi – энергияның меншiктi шығынының көптiгi, тыңайтқыштың көп ұнтақталуы және себу материалының үздiк-үздiк таратылуы.

Тыңайтқышты бұл әдiспен тасымалдауда, жәшiктiң iшiндегi тыңайтқыш ұнтақталып, сусымалығын жоғалтады 35, 36, 37.

1- жәшiк; 2- конусты себушi; 3- бiлiк; 4-қарама-қарсы орналасқан орам; 5- мөлшерлегiш; 6- жапқыш; 7- пластина; 8- қалқан.

1.23 Сурет – Горизонтал орналасқан шнектi мөлшерлегiш

1- жәшiк; 2- қақпақ; 3,4- жабу меxанизмi; 5,6- шнектер; 7- түтiкше; 8- бiлiк.

1.24 Сурет – м 700 сепкiшiндегi себушi

1.7 Қойылған мақсатқа жету үшiн шешiлетiн зерттеу мiндеттерi:

1. Минералды тыңайтқыштарды себуге арналған дiрiлдi себушiнiң конструкциясын негiздеп, оның параметрлерiнiң арасындағы негiзгi жолдарын конструкциялық негiздеу арқылы анықтау;

2. Ұсынылған себушiнiң конструкциялық және теxнологиялық параметр-лерiнiң негiзгi байланыстарын эксперименттiк түрде анықтау арқылы себушiнiң жұмыс iстеу қабiлеттiлiгiн және жұмыс сапасын тексеру;

3. Себушiнi сериялы себушiмен салыстыра отырып, салыстырмалық сипаттамаларын анықтау;

4. Себушiнiң теxникалық-экономикалық көрсеткiштерiн анықтау.