Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипл_работа_Шарип_19.06.15.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

1.12 Сурет – Тiстi-шарғылы себушi

Тарелкалы себушiлер делегейлi, қырғыш, табаншалы болып келедi. Олар себу және отырғызу машиналарында, жазық тiлгiштерде, көп қатарлы өсiмдiк қоректендiргiштерде, түйiршiктелген және ұнтақ тәрiздес минералды тыңайтқыштарды жалпылай енгiзуде қолданылады. Тарелкалы-делегейлi себушi тыңайтқыш тұратын жәшiктен 1 (1.14 сурет), тарелкадан 3, жетекшi бiлiкке 6 бекiтiлген екi делегейлi лақтырғыштан 8 және бөлгiш түтiкшеден 7, қорап пен қалқаншадан 4, реттегiш тұтқадан 2 тұрады. Тарелканың бiр жартысы жәшiктiң астында ал, екiншi жартысы жәшiктен шығыңқы орналасқан. Делегейлi лақтырғыш тарелканың қабырғасына қатынасты 1 мм саңылауда бір-біріне қарама-қарсы орналасқан. Екеуiнiң арасына қырғыш-бағыттағыш 5 қолданылады.

Жәшiктен тыңайтқыш тарелканың түбiмен қақпақтың арасындағы саңылауға түсiредi. Айналған лақтырғыш екi бөлiкпен тыңайтқышты бөлгiш түтiкшеге бағытталады 18.

1-кронштейн; 2-түтiкше; 3-шарғының бiлiгi; 4-терезе; 5-қақпақ; 6-жәшiк;

7-шнек бiлiгi; 8-шарнир; 9-қорап; 10-қақпақ; 11-шынжырлы берiлiс.

1.13 Сурет – спч – 6м сепкiшiнiң науалы-шарғылы себушiсi

Тарелкалы-қырғышты себушi (1.15 сурет) мақта, жүгерi сыдыра жыртқыштарында, өсiмдiк қоректендiргiштерде және сепкiштерiнде қолданылады. Тыңайтқыш жәшiгiнiң 6 түбiнiң қызметiн тарелка 3 атқарады және конусқа тәж (венец) 5 қолданылады. Тарелкамен жәшiк түбiнiң арасында цилиндрлiк реттегiш 1 және шеңбер саңылау бар. Одан тыңайтқышты тарелка алып шығады және қырғышқа 2 жеткiзедi. Жиналған тыңайтқыштар тарелканың қырымен түтiкшеге 4 барады. Машинаны тасымалдау жағдайына келтiргенде себушiлер автоматты түрде тоқтайды.

Делегейлi себушi түйiршiктелген және ұнтақ тәрiздес минералды тыңайтқыштарды көп қатарға енгiзуге қолданылады. Оның iшiнде делегейлi- қырғышты тыңайтқыш себушi АТД-2. Ол өсiмдiк сепкiштерiнде, айдалатын егiстер сепкiштерiнде - жүгерi, күнбағыс, бақша дақылдарында және өсiмдiк қоректендiргiш сыдыра жыртқыштарда, терең қопсытқыш тыңайтушы ГУН-4 және 2 КПГ-2,2 машиналарында қолданылады 19.

1-жәшiк; 2-реттегiш тұтқа; 3-тарелка; 4-қалқанша; 5-қырғыш-бағыттағыш;

6- бiлiк; 7- түтiкше; 8- делегейлi лақтырғыш.

1.14 Сурет – Тарелкалы-делегейлi себушi

1-цилиндрлiк реттегiш; 2-қырғыш; 3-тарелка; 4-түтiкше;

5-конустық тәж; 6-жәшiк

1.15 Сурет – Тарелкалы қырғышты себушi

Бұл себушiнiң конструкциясына тыңайтқыш жәшiгi (1.16 сурет), себушi делегей 4, араластырғыш 6, себу мөлшерiн реттегiш, тыңайтқыш деңгейiн көрсеткiш 10, берiлiс меxанизмi және бағыттағыш түтiкше 7, қалқанша 2, тыңайтқыштың өзi себiлуiн болдырмайтын терезе болады. Терезеге бағыттағыш қырғыштар 8 бекiтiлген. Тыңайтқыш жәшiгiне бөтен заттар түсiп, себушiнiң бұзылуын болдырмау үшiн муфта 5 қолданылады. Араластырғыш саусақтары қырғыш-бағытаушының үстiңгi жағынан және қалқанның астыңғы жағынан себу терезесiне, қырғышқа, қалқанға жабысқан тыңайтқышты тазалап өтедi. Араластырғыштың жоғарғы саусағы 9 күмбез (свод) болудан сақтайды. Тыңайтқыштың деңгейiн көрсету, жәшiктегi тыңайтқыштың мөлшерiн және биiктiк бойынша тыңайтқыш қабатын тегiстеп тұрады. Себу мөлшерi тұтқа 3 арқылы реттеледi.

Тарелкалы және делегейлi себушiнің жұмыс сапасы делегейдiң айналу жылдамдығына, бөлiктердiң өлшемiне және себу терезесiнiң көлемiне байланысты 20.

Осы себушiлердiң кемшiлiктерi – дүркiн-дүркiн себуi, түйiршiктелген аз сусымалы тыңайтқыштарды себуге жарамсыздығы 21.

1-жәшiк; 2-қалқанша; 3-жапқыш тұтқа; 4-делегей; 5-муфта; 6-араластырғыш; 7-түтiкше; 8-қырғыш; 9-қырғыш саусақтары; 10-деңгей көрсеткiш