Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипл_работа_Шарип_19.06.15.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

3.3 Сурет – Түйiршiктелген нитроаммофос тыңайтқышының

ылғалдылығына байланысты себу мөлшерi

Дiрiлдi себушiнiң себу тұрақсыздығы түйiршiктелген нитроаммофос тыңайтқышының ылғалдылығы 4%-дан 22% - ға өзгергенде және себушiнiң айналу жиiлiгi 50 айн/мин – та 13,7% өзгеріп агротеxникалық талаптардан ауытқымай тұрақты жұмыс атқара алады.

Осы графиктерден көрiнгенi ұнтақ тәрiздi суперфосфат тыңайтқышының ылғалдылығы 4% болғанда, сериялы дірілді себушi 10-50 айн/мин айналу жиiлiгiнде 97,5-425 г/мин себу мөлшерiн көрсетсе, тыңайтқыштың ылғалдылығы 7-8% болғанда 10-50 г/мин-ке төмендейдi, яғни 4 есеге кемидi. Өткенi шарғының тiстерiнiң арасына ылғалды тыңайтқыштар жабысып, ол «цилиндрлiк барабанды мөлшерлегiшке» айналады [58]. Осы нәтижелердi қорыта келе сериялы тiстi-шарғылы себушi ылғалды тыңайтқышпен жұмыс iстеу қабiлеттiлiгi төмен деп айтуға болады. Өздiгiнен тазаланатын себушiнi қарастырғанда тыңайтқыштың ылғалдылығы 4-8% аралығында болғанда тұрақты жұмыс атқарады. Ал, тыңайтқыштың ылғалдылығын 9-12% - ға өзгергенде, себушiнiң мөлшерлеуi төмендеп қалады. Дірілді себушi тыңайтқыштың ылғалдылығын 4-19% өзгерткенде, агротеxникалық талаптан ауытқымай тұрақты жұмыс атқарады.

Дірілді себушi тыңайтқыштың ылғалдылығына байланысты себу бiркелкiсiздiгi мен тұрақсыздығы 3-15% аралығынан аспайды, яғни агротеxникалық талаптарға толығымен жауап бередi. Осыған орай ұсынылған өздiгiнен тазаланатын себушiлер арқасында, ылғалданған тыңайтқыштарды себуге және себу сапасын жоғалтпай топыраққа енгiзуге мүмкiншiлiк аламыз. Сондықтан себу сапасына байланысты тыңайтқыштың ылғалдылық шектерi: дірілді себушi үшiн 4-22% аралығында. Ал, сериялы тiстi-шарғылы себушi 4-8% аралығында себу процесiн тоқтатады. Қорыта айтқанда ұсынылған себушiлердi қолдана отырып ылғалдылығы 2,5-4 есе жоғары тыңайтқыштарды, тұрақты және бiркелкi себуге болады [59,60].

Үшiншi бөлiм бойынша тұжырым

1. Дiрiлдi себушiлердi iзденiс зерттеулерiнiң нәтижесiнде:

- себушiлер арасындағы себу бiрқалыпсыздығы мен себу тұрақсыздығына себу саңылауы, серiппенiң қатандығы және себушiнiң айналу жиiлiгi әсер ететiнi анықталды.

2. . Дiрiлдi себушiнiң оңтайлы көрсеткiштерi:

- себу саңылауы δ = 6,4 мм;

- серiппенiң қатаңдығы S = 0,064 - 0,164 Н · мм/рад;

- себушiнiң айналу жиiлiгi К = 34 айн/мин.

3. Зертxаналық сынақтарда дiрiлдi себуші себушiлер арасындағы себу бiркелкiсiздiгi 2,24%, себу тұрақсыздығы 2,36%-ға жеттi.

4. Түйiршiктелген нитроаммофос тыңайтқышының ылғалдылығы 10-12% болғанда сериялы тiстi-шарғылы себушi iс жүзiнде себудi тоқтатады. Дiрiлдi себушiлердi қолданғанда агротеxникалық талап тыңайтқыш ылғалдылығы 2 - 3 есеге асқан жағдайда да орындалады.

4 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

4 Кiрiспе

Қазақстан Республикасында адамдардың еңбегi мен денсаулығы мемлекетпен қорғалады. Еңбектi қорғаудың құқықтық негiздерi елiмiздiң ата заңында көрiнiс тапқан. Яғни, Қазақстан Конституциясының 24–бабының 2-бөлiгiне сәйкес әрбiр азамат қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы бар, ал 29-бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулық сақтауға құқығы бар.

Қоғамдық қатынастардың түрлi жақтарын қамтитын күрделi әлеуметтiк-құқықтық санат бола отырып, еңбектi қорғау тек қана заңгерлермен ғана емес, өзге де теxникалық, медициналық, әлеуметтiк және т.б. салалық ғылымдармен зерттелуде.

Еңбек заңнамасы еңбектi қорғау ұғымына келесiдей анықтама берiп отыр, яғни еңбектi қорғау – бұл құқықтық, әлеуметтiк – экономикалық, ұйымдық-теxникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де iс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi үрдiсiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе.

Еңбек құқығында қалыптасқан «еңбектi қорғау» ұғымы екi түрлi жағынан берiлген – аталған термин екi түрлi мағынада ажыратылған және оны кең де, тар да мағынада талдауға болады. Кең мағынада аталған санат ретiнде құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдастырушылық-теxникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және өзге де шараларды қамтитын еңбектiк қызмет үрдiсiндегi жұмысшы өмiрiнiң, денсаулығының қауiпсiздiгiн және еңбек қабiлетiнiң сақталуын қамтамасыз ету жүйесi түсiндiрiледi.

Қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына жауап беретiн еңбек жағдайына құқық – қызметкерлердiң негiзгi құқықтарының бiрi болып табылады («Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңның 7-бабы 1- тармағының 3-тармақшасы). Еңбек заңнамасы түгелдей еңбектi қорғау мақсаттарына бағындырылған. Заңнама ұлттық саясаттың бұл саладағы негiзгi қағидаларын, өндiрiстегi тосын жағдайлардың, денсаулықтың зақымдануының алдын-алу шараларын, шаруашылық жүргiзудiң барлық түрлерiнде және меншiк нысанына қарамай кез-келген кәсiпорында қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторларды барынша азайтуды қарастырады.

Былайша айтқанда еңбектi қорғау еңбектiң қауiпсiз және қолайлы жағдайларын тудыру мәселелерiн, жұмыс берушiнiң қауiпсiз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, жұмысшының еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде денсаулығына және өмiрiне келген зиян үшiн жауаптылықты сақтау мiндетiн реттейтiн құқықтық нормалардың жиынтығын көрсетедi. Бұл проблемаларды реттейтiн нормалар мен ережелер еңбек құқығының құрамдас бөлiгi болып табылады.

Жеке еңбек шартының талаптары Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.