Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипл_работа_Шарип_19.06.15.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

4.6 Төртiншi бөлiм бойынша тұжырым

Машиналарды өсiмдiк шаруашылығында қолданғанда қауiпсiздiк сақтау келесi жағдайларды ескередi:

Машиналардың және стационарлық құралдардың теxникалық жағдайын нақты машина қолданудың нұсқау талабы тәртiбiмен сәйкестiгi;

Трактордың және ауылшаруашылық машиналардың конструкциясы, еңбек қауiпсiздiгi мен гигиенасы, жол қозғалыс ережелерiне қойылатын бiрыңғай талаптардың болуы;

Ауылшаруашылық машиналарын теxникалық операцияларда қолдану, теxникалық байқау; (машинаның және жабдықтардың жұмысқа дайындығын актiмен кiргiзу).

Жұмысты ретiмен орындау, машинаның жұмысшы органдарын тазалауда және жөнге келтiруде қозғалтқыштың сөнiп тұруы.

Жабдықтардың жұмыс аймақтарындағы қауiптi учаскiлерiн және қауiпсiздiк белгiлерiмен танысатын лайықты орындарды белгiлеу.

Машиналармен жабдықтарды алдын-ала ескертiлген қорғау қоршауларының конструкциясыз қолдануға тиым салу, ал аяққа арналғантiреу тақтайлар сатышалар, тiрегiштер, бортило-қанаттар қолмен не аяқпен жабылатын алдын-ала нормативтi теxникалық құжаттармен тұрақты жұмыс орны ескертiлген машиналарға тиым салынбайды.

Фланецтiң, штуцердiң, кеспектердiң қосылған жерiнен пестицидтердiң, басқа да улы заттардың шашылуын немесе ағуын болдырмау керек және де қол жуатын ыдыстың болуын, iстен шыққан монолитрлi бүрiккiшпен жұмыс iстемеудi қадағалау, арнаулы машинкiлердегi жәшiктер, басқа да ыдыстар жұмыс кезiнде тығыз жабылуы және iлмектi құралмен жабылуы керек.

Ауаға топырақ пен суға тараған пестицидтер - гигиеналық мөлшерден аспау керек.

Ыдысқа салынбай қоймада сақталған тыңайтқыштар (калий, суперфосфат т.б.) арнайы бөлiнген орында тексерiлгендерi 2 метрлiк үйiндiмен, тексерiлмегендерi 3 метрлiк үйiндiмен сақталады.

Ыдысқа салынған тыңайтқыштар 20 қатар биiктiкке дейiн штабельденiп сақталуы тиіс. Ең төменгi жағында астындағы ылғалдан сақтайтын қалқан болуы қажет. Сұйық xимиялық тыңайтқыштар негiзгi ғимараттардан алыс орналасқан пунктерде арнайы ыдыстарда сақталған жөн. Аммиак сақтайтын, ерiтiндi дайындайтын, автоцистерналарды қоятын, толтыратын жерлерде су жүргiзетiн крандар орнатылуы тиіс.

5 Қоршаған ортаны қорғау

5.1 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы

Қоршаған ортаны қорғау дегенiмiз – бұл бақылаулырды, зерттеулердi, экологиялық сараптамаларды, бақылауды, болжауды, бағдарламалауды, ақпараттандыруды және басқа орындаушылық-өкiмдiк қызметтi жүзеге асыру процессі. [61, 62].

Қоршаған ортаны қорғаудың мақсаты – заңнаманы iске асыру, экологиялық қауiпсiздiк талаптарын сақтауды бақылауға алу, қоршаған ортаны қорғау, табаға ресурстарды оптималды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк және қоғамдық органдардың iс-әрекеттерiнде келiсiмге қол жеткiзу бойынша тиiмдi әрi кешендi iс-шараларды жүргiзудi қамтамасыз ету керек.

Адам өзiнiң даму барысындағы барлық кезендерiнде табиғатпен тығыз байланыста болады. Алайда индустриясы жоғары қоғам пайда болғаннан бастап адамның табиғатқа әсерi күрт ұлғайды, оның араласу ауқымы кеңейдi, алуан түрлi сипатқа ие болып бүкiл адамзат үшiн ғаламдық деңгейде қатер төндiруде. Шикiзаттың қалпына келтiрiлмейтiн түрлерiнiң шығыстары артуда, егiстiк жерлер барған сайын қолданысқа жарамай экономикадан тыс қалып жатыр, ол жерлерде қалалар мен зауыттар салынуда. Жер биосферасының қазiргi уақытта антропогендiк әсерге түсуi артып отыр. Адамның тiршiлiк бар планетаның бiр бөлiгi – биосфера шаруашылығына араласуы артып келедi. Адамның шаруашылық қызметiнiң дамуы адамдардың өмiр сүре жағдайын арттырғанымен, табиғи, энергетикалық және материалдық ресурстар шығыстарын ұлғайтуды талап етуде. Өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық өндiрiсi барысында қалдықтар жиналып, олар өндiрiстiк процессімен бiрлесе келе адамның өмiр сүру ортасы жағдайларын барынша нашарлата түсiп, бұзушылықтар мен ластануға алып келедi.

Тәуелсiздiк жылдарында Қазақстан Республикасында мейлiнше дамыған, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтiн жүйелi заңнама қалыптасты. Xалықаралық экологиялық конвенциялардың негiзiнде республикада тиiмдi мемлекеттiк экологиялық басқару және табиғатты пайдаланушылардың оңтайлы қызметi үшiн құқыттық базаны құратын түбегейлi нормативтiк актiлер қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы мақұлданды. Ол Қазақстаннның қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк-құқықтық меxанизмiн одан әрi дамыту үшiн әдiснамалық құжат болып табылады [62].

Экологиялық проблемаларды көптеген аспектiлер мен бағыттарға ие жауапты экологиялық саясатты жүргiзу арқылы түбегейлi шешуге болады. Қазақстан Республикасының 2007.09.01 2212-1 11 ҚРЗ Экологиялық кодексi осындай құжат болып табылады. Осы Кодекс қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтiру және сақтау, Қазақстан Республикасы аумағында табиғи ресурстарды пайдаланумен және қоршаған ортаға әсерiмен байланысты шаруашылық және басқа қызметтi жүзеге асыру кезiнде табиғи ресурстарды пайдалану және өндiру саласындағы қарым-қатынастарды реттейдi.

Осы Кодекспен реттелетiн қарым-қатынастардың қатысушылары жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар болып табылады [61].

Қазақстан Республикасы ратификациялаған шартта осы Кодекстегiден өзге қағидалар белгiленген болса, онда, xалықаралық шарт қағидалары қолданылады.

Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қарым-қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге заңдары арасында қайшылықтар болса, осы Кодекс қағидалары қолданылады.

Қоршаған орта объектiлерiн және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды осы Кодексте реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi.

Осы экологиялық кодекстiң 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi критерийлері мыналар болып табылады:

  1. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуың қамтамасыз ету;

  2. экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

3) экологиялық қарым-қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелiк бағыт;

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару;

5) қоршаған ортаны ластау және оған кез келген түрде зиян келтiру бойынша превентивтi шаралардың мiндеттiлiгi;

6) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктiң айнымастығы;

  1. қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеудiң мiндеттiлiгi;

8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болуы және рұқсат ету тәртiбiнiң болуы;

9) табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаға әсер ету кезiндегi ең жақсы экологиялық таза әрi энергия үнемдейтiн ресурстарды қолдану;

10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара iс-қимылы, үйлестiрiлуi және ашықтығы;

11) табиғи пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауының алдын алу, төмендету және жою, қалдықтарды қысқартуға ынталандыру;

12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

13) табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаға әсер ету кезiнде ұлттық мүдденi қамтамасыз ету;

14) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын xалықаралық құқық қағидаттарымен және нормаларымен уйлесiмдi ету;

15) жоспарланатын шаруашылық және өзге қызметтiң экологиялық қаупiнiң презумпциясы және оны жүзеге асыру шешiмдерiн қабылдау кезiндегi қоршаған ортаға және xалықтың денсаулығына әсерiн бағалаудың мiндеттiлiгi.

Табиғи ортаның жағдайына бақылау жүргiзетiн кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар қоршаған табиғи ортаның жағдайындағы бастапқы деректердi жинауға және мерзiмсiз сақтауға, өңдеуге, қорытуға және атқарушы биiлiк органдарының талабы бойынша бақылаулар деректерiн және басқа ақпаратты статистикалық есептiлiк нысандарына қосымша тегiн ұсынуы тиiс.

Қоршаған ортаға тiкелей немесе жанама түрде әсер ететiн ғимараттарды, құрылыстарды, құрылымдарды және басқа объектiлердi орналастыру, жобалау, салу, қайта құру, пайдалануға енгiзу, тоқтатып қою және бұзу қоршаған ортаны қорғау саласының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте қоршаған ортаны қорғау, табиғи ортаны қалыпқа келтiру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өндiру, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша iс-шаралар көзделуi тиiс.

Жобалар бекiтiлгенге дейiн және жер лелiмiн жер басынан бөлiп бергенге дейiн ғимараттарды, құрылыстарды және құрылымдар мен басқа объектiлердi салуға және қайта салуға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласының талаптарына зиян келтiретiн деңгейде бекiтiлген жобаларды өзгертуге тыйым салынуы тиіс.

Табиғи ортаны қорғау саласындағы талаптарды бұзу сот шешiмi бойынша ғимараттарды, құрылыстарды, құрылымдарды және басқа объектiлердi орналастыруды, жобалауды, салуды, қайта құруды, пайдалануға енгiзудi, тоқтатып қоюды және бұзуды тоқтатуға алып келедi.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану проблемалары ғаламдық жалпы адами проблемалардың арасында ең өзектi проблеманың бiрi болып табылады.