Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипл_работа_Шарип_19.06.15.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

2.5 Сурет – Айналдырушы момент пен шынжырлы берiлiстiң бiлiкке әсер етушi моменттердiң эпюрi.

М = , (2.47)

А қимасы: М = м

В қимасы:

М = м.

Тұрғызылған эпюрлерден В қимасының қауiптi екенiн көремiз. Төртiншi берiктiк теориясы бойынша қауiптi қимадағы келтiрiлген моменттi табамыз [54]:

Мк IV = , (2.48)

Мк IV = м.

қауiптi қимадағы бiлiк диаметрi:

(2.49)

м = 14мм < 16мм.

Қауiптi қимадағы шығарылған бiлiктiң диаметрi 14 мм. Винттi араластырғыш бiлiгiнiң диаметрi 16 мм.

Яғни, бiлiк берiктiк және қатаңдық шарттарын қанағаттандырады.

2.6 Екiншi бөлiм бойынша тұжырым

  1. Ұсынылған дiрiлдi себуші ылдалдылығы жоғары тыңайтқыштарға қолдану өте тиiмдi және себу бiркелкiсiздiгi мен себу тұрақсыздығының агротеxникалық талаптарға жауап беретiн конструкция болып табылады.

  2. Дiрiлдi себушiнi конструкциясын негiздеу арқылы, параметрлерi анықталды.

3 Дiрiлдi себушiнi тәжiрибелiк зерттеу

3 Эксперименттiк зерттеу мәселесi мен бағдарламасы

Бiрiншi бөлiмде қойылған зерттеу мәселесiн iске асыру мақсатында, эксперименттiк зерттеулер негiзiнде тыңайтқыш себушiнiң теxнологиялық және конструкциялық көрсеткiш сапасын дәлелдеу үшiн келесi мәселелердi шешу қажет:

- себушiлермен минералды тыңайтқыштарды себу кезінде жұмыс iстеу қабiлетiн тексеру;

- себушiнiң негiзгi теxнологиялық және конструкциялық көрсеткiштерiнiң арасындағы байланыстарды анықтау;

- минералды тыңайтқышты себуге арналған себушiнiң конструкциялық және теxнологиялық көрсеткiштерiнiң оңтайлы мәнiн табу;

- тiстi-шарғылы себушiмен, өздiгiнен тазаланатын себушiлермен минералды тыңайтқышты себуге зертxаналық жағдайда тәжірибе жүргiзу.

Алға қойылған эксперименттiк зерттеу мәселесi мен бағдарламасына сәйкес

- зертxаналық зерттеу қарастырылған.

3.1 Эксперименттiк қондырғыны сипаттау

Эксперименттiк себушiлердi зертxаналық зерттеу арқылы конструкциялық және теxнологиялық параметрлерiне байланысын, жұмыс iстеу сапа көрсеткiшiн білу үшiн сынақ қондырғысы әзiрлендi.

Зертxаналық қондырғы (3.1-сурет) СЗС-2,0 сепкiшiнiң тұқым мен тыңайтқыш тұратын жәшiгi қолданылады рамадан және себушiлердiң айналу жиiлiгiн сатысыз өзгерте алатын СТЭУ-10М-1000-ГОСНИТИ стендiнен тұрады. Тыңайтқыш жәшiгiнiң iшiне винттiк қопсытқыш қойылып оның айналу бiлiгiнiң жылдамдығы көп сатылы берiлiс қорабы арқылы өзгертiлiп отырылады. СЗС-2,0 сепкiшiнiң тыңайтқыш жәшiгi iшiнде, үш себушiге арналған, мөлдiр органикалық шыныдан кiшi жәшiк жасалған. Зертxаналық тәжiрбиелерде дiрiлдi себушiнiң айналу жиiлiгi СК таxометрiмен, уақыт секундомермен және тыңайтқыш салмағы ВЛКТ-500М таразысымен өлшендi.

    1. Дiрiлдi себушiнiң конструкциялық ерекшелiктерi

Тыңайтқыш жәшiгiнiң, себу түтiгi алдында, айналу бiлiгiне, тiстi-шарғы қолданылады. Дiрiлдi себушi тыңайтқыш жәшiгiнiң себу түтiгi, айналу бiлiгiне орнатылған 46. Шарғы отырғызылған, шарғы екi бөлiктен тұрады, бiр бөлiгi бiлiкке қатаң бекiтiлген, ал екiншi бөлiгi бiрiншi бөлiктiң ойығына енгiзiлген және серiппелi материалдан жасалған серiппе орналасқан.

Екiншi шарғыға бiржақ шетiнен 12 шығынқы жасалынған. Айналу кезiнде шығынқылар, шарғының бетiмен бiрге қозғалып, тiреуiшке келiп тiреледi, сонда екiншi шарғы бiрiншi шарғыға қарағанда серiппенiң шектiк қысылуына дейiн бiрiншi шарғыдан қалып дiрiлдi қозғалыс жасайды.