- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
- •1.Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
- •2.Математиканы оқыту әдістемесінің дербес мәселелері
- •Әдебиеттер тізімі
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер
- •1.2. Математиканы оқытудың әдістемесі
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Дәріс сабақтарының мазмұны і Модуль Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері.
- •Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •Іі модуль. Математиканы оқытудың ғылыми-теориялық әдістері
- •Ііі модуль. Математикалық ұғымдар.
- •Іү Модуль Математикалық есептер.
- •Ү Модуль Математиканы тереңдетіп оқыту мәселелері.
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Оқу бағдарламасы- силлабус
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •3. Пән туралы мәліметтер
- •6. Курстың саясаты мен реті Студенттерге қойылатын талаптар:
- •7. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •8. Пәннің құзіреттілігі:
- •10. Практикалық сабақтарының мазмұны
- •15 Практикалық сабақ тақырыбы
- •11.Өзіндік жұмысын тапсыру және орындау кестесі
- •12. Оқытушымен студенттің өзіндік жұмысының жоспары
- •13. Емтихан бойынша кеңес
- •14.Курстық жұмыстың тақырыбы, мәнжазба
- •15. Студенттердің білімі, дағдысы және іскерлігі төмендегіше бағаланады.
- •Ағымдағы және қорытынды бақылау нәтижелері үшін ағымдық бақылау орташа мәні
- •16. Әдебиеттер тізімі
- •1. Негізгі әдебиеттер тізімі
- •2. Қосымша әдебиеттер тізімі
- •17. Емтихан сұрақтары
- •2. Пәннің оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны мен тізбесі
- •2.1. Пән бойынша тапсырмалардың тапсыруы және кестенің орындалуы
- •2.3 Дәрістердің тезистері
- •Математикалық оқыту теориясы мен әдістемесі пәні, мақсаты міндеті
- •Математиканы оқыту әдістері.
- •Мотә екі бөлімнен тұрады.
- •Математиканы оқытудың мақсаты.
- •Оқытудың әдіс тәсілдері.
- •Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін дамытудағы өзектік мәселелер.
- •Мектеп математика курсының мазмұны, қағидалары және әдістемелік аспектілері
- •Сабақтастық және пәнаралық байланыс
- •Математиканы оқыту методикасының басқа ғылымдармен байланысы.
- •3.Математиканы оқытудың ғылыми-зерттеу әдістері.
- •Проблемалық оқыту әдісі.
- •Бақылау мен тәжірибе
- •Салыстыру мен лнллогия
- •Жалпылау жәнке нақтылау.
- •Математиканы оқыту әдістері және формалары
- •Көрнекілік принципті оқытудың техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру
- •Математика сабағында компьютер мүмкіндіктерін пайдалану
- •Оқытудың дәстүрлік әдісі.
- •Практикалық және лабораториялық жұмыстар.
- •Математиканы интерактивті оқыту әдістері.
- •Нақты практикалық ситуацияларды талдау.
- •Теореманы дәлелдеу әдістері.
- •Математикалық оқытудағы индукция мен дедукция
- •Педагогикадағы дидактикалық принциптер:
- •Енді математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері жайлы айтар болсақ:
- •Матаематика сабағында компьютерді қолдану.
- •Математиканы оқыту процесінде оқушыларға тәрбие беру.
- •Есептің математиканы оқытудағы орны және міндеттері.
- •Есеп шығаруға қойылытын негізгі талаптар
- •Оқушыларды есеп шығаруға үйрету
- •Есептің шешуі.
- •Есепті шығарудың мақсаты мен ролі.
- •Математиканы оқытудың әдістемесінің дербес мәселелері.
- •Шәкірттерге өз бетінше істейтін жұмыстарды ұйымдастыру.
- •Оқушылрдың математикалық қабілеттерін дамыту
- •Математикадан факультативтік сабақтар.
- •Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және оның негізгі түрлері.
- •Математикалық олимпиада туралы.
- •Математикалық экскурсия.
- •Орта мактепте математикалық кеш өткізу.
- •Сабақта талданатын педагогикалық және психологиялық аспектілері. Сабақты талдаудың педагогикалық аспекті.
- •Сабақты талдаудың әдістемелік аспектілері
- •Сабақты талдаудың ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
- •Педагогикалық практика туралы
- •Оқу жұмысы Бүгінгі күнгі сабаққа қойылатын талаптар
- •Сабаққа дайындық және өткізу.
- •Сабақ жоспары құрылымының үлгісі
- •Сабақты талдауға әдістемелік ұсыныстар
- •Сабақты қысқаша талдаудың нұсқасы
- •Сабақтың психологиялық педагогикалық толық талдауының нұсқасы
- •Сабақты аспектілі талдаудың нұсқасы
- •Оқушылардың математикалық даярлығына қойылатын талаптар.
- •2. Қосымша әдебиеттер тізімі
Математиканы оқыту әдістері.
1.математиканы оқытудың дидактикалық принциптері. МО процессін ұйымдастыруда оқушыларға білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттарына сай оқыту заңдарын пайдалану тәсілдерін сипаттайтын дидактикалық категорияларды - дидактикалық принциптерді басшылыққа алады. Дидактикалық принциптер оқу мен тәрбие жұмысына қарай қарауды жүзеге асыруды және жетілдіруді қамтамасыз ететін нұсқауларды қамтиды. Педагогикада мынадай дидактикалық принциптер тағайындалған: а) оқу мен тәрбиенің бірлігі. ә) оқытудың ғылымилығы.б) сапалық пен белсенділік в) жүйелік г) түсініктілік ғ) көрнекілік д) оқудың коллективтілік сипаты жағдайларында оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, е) білімнің баяндылығы. Бұл принциптер өзара тығыз байланысты. Әрбір принциптің МО процессінде қолданыс табатын неғұрлым маңызды қырларына қысқаша шолу жасайық. А) оқу мен тәрбиенің бірлігі принципі математиканы оқыту процессінде оқушылардың танымдық қызметін одан әрі дамытуға қолайлы жағдай туғызуды, оларды табиғат құбылыстарын диалектикалық материализм тұрғысында түсіндіруге және өздерін мораль талаптарына сай ұстай білуге үйретуді көздейді. Қысқаша айтқанда, МО оқушыларды тәрбиелеумен, олардың ақыл – ой қабілеттерін дамытумен тығыз байланысты болуы тиіс. Математика тарихынан тиісті мағұлматтарды орынды пайдалануды, табиғаттың, қоғамның және ойлаудың даму заңдарын ғылыми тұрғыдан түсіндіруді жүктейді. ә) оқудың ғылымилық принципі ең алдымен оқу программасында, оқулықтарда және мұғалімге арналған методикалық құралдарда жүзеге асырылады.
Бұл принциптің басты шарттары:
білім мазмұны ғылымның қазіргі деңгейіне сай болуы.
ғылыми танымның жалпы әдістері жайындағы оқушыларда дұрыс түсініктерқалыптастыру
таным процесссінің маңызды заңдылықтарын оқушыларға көрсету болып табылады. Бұл шарттар өзара тығыз байланысты.
І – шарт. Мектеп Математика мазмұнын анықтайтын материалдардың ғылымның бүгінгі деңгейіне барынша сай болуын талап етеді.
ІІ – шарт. Оқып - үйренетін құбылыстардың математикалық модельдерін жасауды міндеттейді. Себебі қазіргі кезеңде табиғаттағы құбылыстардың математикалық модельдерінсіз, оны танып білу мүмкін емес. Сондықтан оқушыларға тиімді тәсілдермен М. Моделдеуді оқыту талап етіледі.
ІІІ – шарт. Математика сабақтарында абстракциялау , нақтылау, анализ және синтез, индукция және дедукция, аксиоматикалық әдіс және т.б. таным заңдылықтарын жүзеге асыруды жүктейді. Жүзеге асыруға математика пәнінің мүмкіндігі мол. Ғылымилық принцип оқытудың түсініктілік принциптерімен бірге жүзеге асырылады. Б) саналық және белсенділік принципі мұғалімге сабақты оқушылар әрдайым белсенді және инциативті әрі өзбеттерімен жұмыс істейтіндей етіп ұйымдастыруды міндеттейді. Сонымен бірге математика сабақтарында оқушыларды білімді саналы меңгеруге үйрету мұғалімнің бұл жұмыс міндеті.
Оқыту процесссіндегі саналық пен белсенділік оқу материалының түсінікті әрі тиянақты болуын, математикалық сөйлемдермен дәлелдеулердің мәнін түсінуді математикалық теориялардың парктикалық қолдануын игеруді талап етеді. Сондықтан оқу процессі оқушылар сабақ үстінде барынша белсенді және өздігінен жұмыс істейтіндей, оқу материалын өздігінше талдап, өз еңбектерін басқалардікімен салыстыра алатындай етіп ұйымдастыруы керек.
Мұғалмнің маңызды міндеттерінің бірі - оқушылардың өз жанынан сұрақ қоя білуге үйрету. Мысалы, белгілі бір есепті шығару үстінде оқушы қандай теореманы пайдаланғаны, неге пайдаланғанын білу керек. Егер оқушы өзіне - өзі сұрақ қоя алмаса онда ол, есепті жете түсінбей шығарған.
в) жүйелілік және бірізділік принципі мектеп математикасының логикалық желісі арқылы анықталады.
Математиканы оқытудағы жүйелілік дегеніміз пәнді өзінің құрылымы мен ішкі логикасына сай белгілі бір тәртіппен оқыту және оны негізгі ұғымдармен қағидаларын біртіндеп игеру деген сөз.
Математиканы оқытудағы бірізділік дегеніміз оқыту процессі
қарапайымнан күрделіге
түсініктен ұғымға
белгіліден белгісізге
білімнен іскерлікке , одан машыққа ұласады деген сөз.
Мұғалім оқу материалын мүлтіксіз жүйемен әрбір соңғы ғылыми қағиданы алдынғыларға сүйеніп, ал алғашқы қағидаларды кейінгілерге өрістетіп, ескі материалмен жаңа материалды сабақтастырып отырса, оқушылар білімді әрі саналы, әрі баянды меңгереді. Егер оқу процесіндегі жүйелік пен бірізділік бұзылса онда оқушылардың білім алуы екіталай
Мұнда ескеретін бір жайт мұғалім оқу материалдарының ішінен өзекті мәселелерді іріктеп, оқушылардың санасына сіңіре білуі керек. Оқушылардың алған білімін жүйелеу үшін терулер бойынша оқу матеиалын ұдайы қайталап отыру қажет. Білімді жүйелі меңгеру үшін оқушылар пәннің логикалық құрлымын түсіндіру керек.
Г)Түсініктілік принціпі. Оқылатын материалдардың мазмұнын, көлемі және оқыту әдістері жағынан оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық денгейіне, танымдық мүмкіндіктері мен шама-шарқына сай болуын қамтамассыз етеді. Бірақ бұл принціптің мақсатты жетуі материалдарды ғана оқытып қиын тақырыптарды алып тастау емес, ол педагогиканың қарапайымнан күрделіге; оңайдан қиынға; белгіліден белгісізге; нақтылықтан абстрактілікке деген қағиданың берік сақталуын көздейді.
Сондықтан, мұғалім оқу материалын өңдеуде, оқытудың әдістері мен түрлерін таңдағанда ерекше творчествалық қажырлылық көрсетуі тиіс.
Оқу материалының түсініктілігі оның сапалылық және саналық көрсеткіштеріне де байланысты.
Оқу материалының түсініктілігі оның күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшеліктері мен дайындық денгейіне , білімді саналы меңгеруі көмектесетін оқыту әдістері мен құрамдарының орынды қолданылуына байланысты.
