- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
- •1.Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
- •2.Математиканы оқыту әдістемесінің дербес мәселелері
- •Әдебиеттер тізімі
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер
- •1.2. Математиканы оқытудың әдістемесі
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Дәріс сабақтарының мазмұны і Модуль Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері.
- •Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •Іі модуль. Математиканы оқытудың ғылыми-теориялық әдістері
- •Ііі модуль. Математикалық ұғымдар.
- •Іү Модуль Математикалық есептер.
- •Ү Модуль Математиканы тереңдетіп оқыту мәселелері.
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Оқу бағдарламасы- силлабус
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •3. Пән туралы мәліметтер
- •6. Курстың саясаты мен реті Студенттерге қойылатын талаптар:
- •7. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •8. Пәннің құзіреттілігі:
- •10. Практикалық сабақтарының мазмұны
- •15 Практикалық сабақ тақырыбы
- •11.Өзіндік жұмысын тапсыру және орындау кестесі
- •12. Оқытушымен студенттің өзіндік жұмысының жоспары
- •13. Емтихан бойынша кеңес
- •14.Курстық жұмыстың тақырыбы, мәнжазба
- •15. Студенттердің білімі, дағдысы және іскерлігі төмендегіше бағаланады.
- •Ағымдағы және қорытынды бақылау нәтижелері үшін ағымдық бақылау орташа мәні
- •16. Әдебиеттер тізімі
- •1. Негізгі әдебиеттер тізімі
- •2. Қосымша әдебиеттер тізімі
- •17. Емтихан сұрақтары
- •2. Пәннің оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны мен тізбесі
- •2.1. Пән бойынша тапсырмалардың тапсыруы және кестенің орындалуы
- •2.3 Дәрістердің тезистері
- •Математикалық оқыту теориясы мен әдістемесі пәні, мақсаты міндеті
- •Математиканы оқыту әдістері.
- •Мотә екі бөлімнен тұрады.
- •Математиканы оқытудың мақсаты.
- •Оқытудың әдіс тәсілдері.
- •Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін дамытудағы өзектік мәселелер.
- •Мектеп математика курсының мазмұны, қағидалары және әдістемелік аспектілері
- •Сабақтастық және пәнаралық байланыс
- •Математиканы оқыту методикасының басқа ғылымдармен байланысы.
- •3.Математиканы оқытудың ғылыми-зерттеу әдістері.
- •Проблемалық оқыту әдісі.
- •Бақылау мен тәжірибе
- •Салыстыру мен лнллогия
- •Жалпылау жәнке нақтылау.
- •Математиканы оқыту әдістері және формалары
- •Көрнекілік принципті оқытудың техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру
- •Математика сабағында компьютер мүмкіндіктерін пайдалану
- •Оқытудың дәстүрлік әдісі.
- •Практикалық және лабораториялық жұмыстар.
- •Математиканы интерактивті оқыту әдістері.
- •Нақты практикалық ситуацияларды талдау.
- •Теореманы дәлелдеу әдістері.
- •Математикалық оқытудағы индукция мен дедукция
- •Педагогикадағы дидактикалық принциптер:
- •Енді математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері жайлы айтар болсақ:
- •Матаематика сабағында компьютерді қолдану.
- •Математиканы оқыту процесінде оқушыларға тәрбие беру.
- •Есептің математиканы оқытудағы орны және міндеттері.
- •Есеп шығаруға қойылытын негізгі талаптар
- •Оқушыларды есеп шығаруға үйрету
- •Есептің шешуі.
- •Есепті шығарудың мақсаты мен ролі.
- •Математиканы оқытудың әдістемесінің дербес мәселелері.
- •Шәкірттерге өз бетінше істейтін жұмыстарды ұйымдастыру.
- •Оқушылрдың математикалық қабілеттерін дамыту
- •Математикадан факультативтік сабақтар.
- •Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және оның негізгі түрлері.
- •Математикалық олимпиада туралы.
- •Математикалық экскурсия.
- •Орта мактепте математикалық кеш өткізу.
- •Сабақта талданатын педагогикалық және психологиялық аспектілері. Сабақты талдаудың педагогикалық аспекті.
- •Сабақты талдаудың әдістемелік аспектілері
- •Сабақты талдаудың ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
- •Педагогикалық практика туралы
- •Оқу жұмысы Бүгінгі күнгі сабаққа қойылатын талаптар
- •Сабаққа дайындық және өткізу.
- •Сабақ жоспары құрылымының үлгісі
- •Сабақты талдауға әдістемелік ұсыныстар
- •Сабақты қысқаша талдаудың нұсқасы
- •Сабақтың психологиялық педагогикалық толық талдауының нұсқасы
- •Сабақты аспектілі талдаудың нұсқасы
- •Оқушылардың математикалық даярлығына қойылатын талаптар.
- •2. Қосымша әдебиеттер тізімі
Енді математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері жайлы айтар болсақ:
Ғылыми принципі;
Математиканы оқытудағы көрнекілік принципі;
Математиканы оқытудағы саналық және белсенділік принципі;
Математиканы оқытудағы жүйелік және реттілік принципі;
Математиканы оқытудағы түсініктілік принципі.
Осы принциптердің ішіндегі математиканы оқытудағы көрнекілік принципі, ол оқушылардың оқу материалын қабылдау, талдау және жалпылау үрдісінің мәнінен туындайды. Оқу барысында әр түрлі кезеңдерінде көрнекілік түрліше функциялар орындайды. Математиканы оқыту практикасы бұл принципті жүзеге асыруға бағытталған арнайы құрал жабдықтар жасауды қажет етеді (геометриялық фигуралардың моделдері, кестелер, оқу диафильмдері, кинофильмдер, теледидар, микрокалькуляторлар және т.б.).
Ескертетін бір нәрсе, көрнекілікті қалай болса солай қолдана бермей, тек қажеттілігіне, тиімділігіне қарай пайдалана білудің маңызы зор. Мысалы, стереометрияның алғашқы сабақтарында фигуралардың әртүрлі моделін көрсету оқушылар үшін пайдалы болады деп, кейінірек олардың кеңістік қиялын дамытуға кері әсер етуі мүмкін, яғни стереометрияны үйретуде нақты көрнекілік біртіндеп «абстрактылық көрнекілікке (жазық сызбаларды қарастыру) орын беруі тиіс» [1].
Оқытудың техникалық құралдарының ең маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін асырмау қажет. Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқытатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай аламыз. Компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құблыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық- дыбыстық құралдар көмегімен оқу материалын ғылымы ақпараттық тұрғыдан бере аламыз. Сонымен компьютер мен оқытудың техникалық құралдары төмендегі мәселелерді қамтиды:
Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттырады;
Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
Оқушылардың тиімділігін жоғарлатады және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қалыптастырады;
Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасвайды;
Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Оқыту құралдарын белгілеріне қарай мынадай түрлерге жіктейміз:
Ондағы қолданылатын материалдарға байланысты(сөздік және бейнелік);
Қабылдау түрлеріне орай (көру, есту, көру- есту);
Материалды беру тәсіліне қарай (техникалық аппарат көмегімен немесе техника көмегінсіз, дайын кестелер, диакадр, кинотаспа);
Онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру формасына қарай (демонстрациялық құрал негізінде фронтальді және үлестірмелі бейнелік материал негізінде жеке қолдануға арналған).
Оқытудың техникалық құралдарының ішінде қабылдауға арналғандары жиі қолданылады. Олар:
Оқытудың экрандық құралдары;
Оқытудың экрандық- дыбыстық құралдары.
Ал, компьютерлік техника (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдары) оқытудың басқа құралдарына қарағанда өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар, қолдану мүмкіндігі де кеңірек.
Экрандық оқу құралдарына диапозитив, транспаранттар, диафильмдер, эпиобъектілер, сондай- ақ үнсіз көрсетілетін киноүзінділер мен кинофильмдер жатады.
Оқу диопозитивтері- оқу және тәрбие мақсатында қолдануға арналған бейнелер топтамасы. Оларды фотографиялық тәсілмен түссіз материалға (шыны немесе таспаға) түсіреді. Сөйтіп, диапроектор көмегімен бейнені жазықтыққа (экранға) түсіріп көрсетеді.
Транспаранттар- полиграфиялық және фотографиялықжолмен түсірілген түссіз таспадағы бейнелер. Транспоранттар графопроектор көмегімен демонстрациялап көрсетеді.
Эпиобъекті-экранға жарық көмегімен проекцияланатын жазық объектілердегі бейнелер (сызбалар, суреттер, фотографиялар, мәтіндер және т.б).
Оқу диафильмдері- оқу ақпаратын алдын- ала тізбектей көрсету үшін кадр түрінде ені 35 мм түссіз таспаға фотографиялық жолмен әзірленген бейнелер топтамасы.
Оқытудың дыбыстық құралдары. Әртүрлі радиоқабылдағыштар мен дыбыстық жазбалар (магниттік жазбалар, грампластиналар). Оқытудың экрандық- дыбыстық құралдары оқу кинооқулықтар, оқу теледидар хабарлары, бейне жазбалар, дыбыстық диафильмдерін біріктіреді. Кинооқулық- бұл кинотаспадағы дыбыстық түрде берілетін жылжымалы объектілердің позитивтік фотографиялық бейнесі. Оқу кинооқулық қорына кинофильмдер, киноүзінділер жатады. Бейне жазбалар- бұл арнайы магниттік таспа бейнемагнитафон мен теледидар камерасы көмегімен жазылған бейне және дыбыс. Теледидар экранда бейнелеу үшін қолданылады [4].
Енді, математика сабағында компьютер мен оқыту құралдарын кешендік пайдалану әдістемесіне тоқталайық. Оқыту құралдарының кешені деп оқу бағдарламасының қандай да бір тақырыбын оқуға арналған қажетті және жеткілікті құралдар жинағын түсінеміз. Кешендік оқыту құралдарын арнайы бір құрылыммен, яғни оқу үрдісінде қажетіне қарай, дидактикалық мүмкіндігіне орай, оларды бір- бірімен сабақтастыра отырып, өзара байланысты біртіндеп тізбектей қолдану өте қажет. Оқыту құралдарын қолдану үшін оларды таңдаған кезде ең алдыменескеретін жәйт олардың дидактикалық мүмкіндігі, сабақ тапсырмалары мен нақты шарттарын ескеру керек. Әрбір кешендік оқыту құралшдарын пайдаланар уақытта бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс.
