- •ҰҢғы өнімдерін жинау және дайындау ПәнІнің
- •2012 - Оқу жылы
- •1 Апта.
- •Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Апта.
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •4 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Мұнай эмульсиясының жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Апта.
- •7 Апта.
- •Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі
- •Ұңғы өнімдерін өлшеудің жаңа әдістері
- •8 Апта.
- •5.3.Сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы.
- •Мұнайдағы су мөлшерін анықтау
- •1 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
- •9 Апта.
- •10 Апта.
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Сағалық қыздырғыштың техникалық сипаттамасы:
- •11 Апта.
- •Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
- •Кжбқ -1600/100 қондырғысының техникалық сипаттамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Апта.
- •13 Апта.
- •(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Газды дайындау қондырғысы
- •Төменгі температуралы айыру
- •Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру
- •Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан тазалау
- •Бақылау сұрақтары
- •15 Апта.
- •Блокты шоғырланған сорапты станциялар (бшсс)
- •Химреагенттерді мөлшерлеп беру блоктары (рб)
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
Бақылау сұрақтары
Мұнай эмульсиясының тығыздығын қалай анықтайды?
Мұнай эмульсиясының тұтқырлығы қалай анықтайды?
Эмульсияның инверсия нүктесі деп нені айтамыз ?
Эмульсияның дисперстігі дегеніміз не, ол қандай шамалармен сипатталады.
6 Апта.
№ 11 Дәріс. Тауарлы мұнайды алудың негізгі технологиялық сұлбасы. Мұнайды, мұнай газын және суды жинаудың технологиялық сұлбасы, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Мұнай өндіруші аудандардағы мұнай, газ және суды жинау мен дайындау комплекстерінің жетілдірілген жүйелерін осы саладағы соңғы жетістіктер мен ғылыми зерттеу жұмыстарына талдау жасап және толықтырулар негізінде, сонымен қатар мұнай кен орындарын жобалау, тұрғызу және пайдаланудағы отандық пен шет елдік тәжірибелерге сүйене отырып Гипровостокнефть және ВНИИСПТнефть институттары жасады.
Осы жоғарыда аталған барлық жүйелер жетілдірілген технологиялық сұлба түрінде берілуі мүмкін. Бұны, берілген кенорнының арнайы ерекшеліктерін ескере отырып мұнай кенорнын тұрғызуды жобалау кезінде қолданады және келесі шарттар қарастырылады:
мұнай, газ және суды жинау мен тасымалдау үрдістерінің толық саңылаусыздығы;
ұңғылар өнімінің АТӨҚ-да газ бен сұйыққа бөлінуі және әрбір ұңғы бойынша олардың мөлшерін өлшеу;
суланған және суланбаған мұнайды бірге немесе бөлек тасымалдау;
ұңғы өнімдерін дайындау және оны одан әрі өңдеу үшін мұнай жинау коллекторларын пайдалану;
мұнайдан газды сапалы түрде айыру;
ақаба (сточный) суды дайындау және оларды ҚҚҰ жүйесіне беру;
мұнайды тауарлы сапаға дейін дайындау (сусыздандыру және тұзсыздандыру);
тауарлы мұнайдың мөлшері мен сапасын дәл автоматты өлшеу;
Игерудің нақтылы жағдайында қандайда болмасын технологиялық үрдістерді қолдану
жобалаушы мекеменің технологиялық және экономикалық есептерімен негізделеді.
4.8. суретте Ұңғы өнімдерін жинау және дайындаудың жетілдірілген технологиялық сұлбасының негізгі варианты ұсынылған.
Мұнайды дайындауға (МДҚ) арналған құрылымдар жиынтығы:
А-1 (С-1) – 1-ші сатылы айырғыш;
А-2 (С-2) – 2-ші сатылы айырғыш;
А-3 (С-3) – 3-ші сатылы ыстық айырғыш (яғни, соңғы айырғыш);
Т-1 (О-1) – алдын-ала сусыздандыру тұндырғышы;
Т-2 (О-2) – тереңірек сусыздандыру тұндырғышы (көбінесе А-2 мен
Т-2 бір аппаратта Т,А-2 орналасады);
П-1 – эмульсияны қыздыруға арналған пеш;
ТТ – тамшы түзгіш;
А – сусызданған мұнайды алдын-ала тұзсыздандыру үшін оны тұщы сумен араластыруға арналған араластырғыш;
Э – тереңірек тұзсыздандыруға арналған электродегидратор;
Р-1 – тауарлы мұнайды қабылдауға арналған резервуарлар;
А – мұнайдың мөлшері мен сапасын өлшеуге арналған автомат;
МС – мұнайды айдауға арналған сораптар.
Суды дайындайтын (СДҚ) және шламды дайындауға (ШДҚ) арналған құрылымдар жиынтығы:
ТБ (БО) – МДҚ-нан келетін суды тұндыру блогы;
АМҚБ (БОН) – ауланған мұнайды қабылдау блогы;
МГЦ – Ағынды (сточный) сулардан (әсіресе жауын-шашын суларынан) механикалық қоспаларды бөлуге арналған мультигидроциклон;
АҚБ (БОС) – буферлі сыйымдылықтан ағындарды қабылдайтын және айдайтын блок;
ШС (ЕШ) – шламға арналған сыйымдылық;
СГБ (БДВ) – суды газсыздандыру блогы;
СШӨТ (УЗРВ) – су шығынын өлшейтін торап;
Р-2 – таза қабат суларының резервуары;
СС (НВ) – таза қабат суларына арналған сораптар.
Құбырларды белгілеу:
М1 – айырғыштың бірінші сатысынан өткен мұнай;
М2 – айырғыштың екінші сатысынан өткен мұнай;
М3 – кондицияланбаған (яғни сапалық дәрежеге жетпеген) мұнай;
М4 – тауарлы мұнай;
Г1 - айырғыштың бірінші сатысынан өткен газ;
Г2 - айырғыштың екінші сатысынан өткен газ;
Г3 - айырғыштың үшінші сатысынан өткен газ;
Г4 – свечаға жағылатын газ;
Г5 – тауарлы мұнай газы;
СУ |
|
Су – тұщы су;
Су1 – СДҚ-нан кейінгі тазартылған су;
Су2 – алдын-ала сусыздандырудан кейінгі су;
Су3 – тереңірек сусыздандырудан және тұзсыздандырудан кейінгі су;
Су4 – ластанған ақаба (сточный) суларды (әсіресе жауын-шашын суларын) тазартуға жіберу;
Ш – шламды өткізу құбыры.
Бұл бөлімде қарастырылған саңылаусыз жинау жүйесі келесідей артықшылықтарға ие:
мұнайдың жеңіл фракцияларының жоғалуына жол бермейді;
ұңғы өнімін есептеу автоматты түрде жүзеге асады;
құбырлар қабырғасында парафиннің түзілуін және жиналуын азайтады;
металл сыйымдылықтарын азайтады;
жүйеге қызмет көрсетудің пайдалану шығындарын азайтады;
жинауды, дайындауды және тауарлы мұнайдың сапасы мен мөлшеріне бақылауды толықтай автоматтандыру мүмкіндігі;
ұңғылар сағасындағы қысымның есебінен мұнай, газ және суды тасымалдау мүмкіндігі.
Бірақта мұнайды жинау және дайындаудың осы айтылған жүйесінің кейбір кемшіліктері де бар:
жекелеген ұңғылар бойынша мұнайдың және судың шығымдарын өлшеу дәлдігі төмен;
сораптық пайдалану кезінде плунжер мен цилиндр арасындағы саңылауда сұйықты жоғалту шамасының көптігі;
фонтандық пайдалану кезінде сағадағы қысымды жоғары ұстап тұруға байланысты фонтандаудың мезгілсіз тоқтауы;
компрессорсыз және компрессорлы пайдалану тәсілі кезінде құбыр сыртындағы кеңістікке газ айдауды (20-40%) ұлғайту қажеттілігі туындайды, егер ұңғы сағасындағы әдеттегі 0,3-0,4 МПа қысымды 1-1,5 МПа қысым деңгейінде ұстап тұрсақ та, мұнайды көтеру мөлшері бұрынғыдай сақталады.
Бақылау сұрақтары
Ұңғы өнімдерін жинау және дайындау схемасы неге байланысты болады ?
Саңылаусыз жетілдірілген технологиялық сұлбаның артықшылығы мен кемшілігін айтыңыз ?
Жетілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған ?
Келесі қысқартуларды МДҚ, СДҚ, ГДҚ сипатта.
№ 12 Дәріс. Мұнай кен орындарының өлшемі мен пішініне байланысты жинау жүйелері
Мұнай кен орындары ауданы бойынша үлкен (30х60), орташа (10х20) және кіші (10 км2 -дейін) болып келеді. Пішіні бойынша бұл кен орындары созылған, шеңберлі немесе элипс тәрізді болуы мүмкін. Көрсетілген факторлар мұнай, газ және суды жинау жүйесіне елеулі әсер етеді. Олардағы жабдықтар, төселген құбырлар және құрылым-жасақтарының жиынтығы бірдей, бірақ олардың алаңға орналасуы әртүрлі.
Алып жатқан ауданы бойынша үлкен, созылған кен орындарында, ауданның өс бойына орналасқан бірнеше мұнайды дайындау қондырғысы (МДҚ) қолданылуы мүмкін, оларға топтық қондырғылар (ТҚ) қосылған. Тауарлы мұнайды жинау ортақ тауарлы парк ақылы жүзеге асады.
Ауданы бойынша шағын, пішіні шеңберлі болып келетін кен орындарында орталық жинау пунктін (ОЖП) кен орны ауданының ортасына орналастырады, ұңғы өнімдері топтық қондырғыдан (ТҚ) өз қысымы арқылы мұнайды дайындау қондырғысына (МДҚ) келіп түседі. Мұнда мұнайды тауарлы сапаға дейін толық дайындау жүзеге асады.
Алып жатқан аудан көлемі үлкен, пішіні элипс тәрізді кен орындарында ұңғы өнімін орталық жинау пунктінде (ОЖП) дайындау тиімді болады, бірақ топтық қондырғылардың (ТҚ) едәуір қашықтықта орналасуына байланысты топтық қондырғылар территориясында орналасқан сығымды сорап станциясын (ССС) пайдалануымызға тура келеді. Кен орнын игерудің соңғы сатысында бұл жерге суды алдын-ала шығаруға арналған тұндырғыштар орналасады.
|
4.2.Сурет. Ауданы бойынша үлкен, қатты созылған кен орындарындағы жинау жүйесінің схемасы |
|
Сурет. Ауданы шағын, шеңбер пішінді кен орындарындағы жинау жүйесінің сұлбасы. |
|
4.4. Сурет. Ауданы бойынша үлкен, пішіні элипске жақын кен орындарындағы жинау жүйесінің сұлбасы.
|
Жергілікті жер бедеріне байланысты саңылаусыз жинау жүйесі
Жергілікті жер бедері тегіс болып келетін кен орындарын игеру кезінде қолданылатын жинау жүйесі алдыңғы бөлімдерде қарастырылған. Егерде жергілікті жер бедері ойлы-қырлы, төбелі болып келсе, онда сондай жасақтар жиынтығындағы жинау коллекторлары өзгеріске ұшырайды. Диаметрі үлкен бір коллектордың (құбырдың) орнына, ауданы мен өткізу қабілеті бойынша осы үлкен құбырға шамалас келетін екі параллелді құбырды қатар төсеу қарастырылады. Үлкен диаметрлі құбырларда ағын жылдамдығы аз болады (0,2-0,3 м/с), сондықтан оларда газдың бөлінуі жүріп құбырлардың көтерілген участігінде “газды қапшықтар” (газовый мешок) түзіледі. (Сурет- 4.5). Бұл мұнайды жинау және дайындау жүйесінде едәуір бүлкілдеудің (пульсацияның) болуына әкеледі.
|
4.5.Сурет. Үлкен және кіші диаметрлі жинау коллекторларындағы газдысұйық қоспасы ағынының құрылымы. |
Бақылау сұрақтары
Ауданы бойынша мұнай кен орындары қалай бөлінеді ?
Қандай жағдайда бірнеше МДҚ-ның құрылысы жүргізіледі ?
Қос параллелді құбырды қандай жағдайда төсеген орынды.
